ФОӘ.СРС11. Срс11 Таырыбы Демонстрациялы экспериментті дістемесі Дайындаан Саматова Аерке Демонстрация
Скачать 17.07 Kb.
|
СРС11 Тақырыбы: Демонстрациялық эксперименттің әдістемесі Дайындаған: Саматова Ақерке Демонстрация - [ лат. demon-stratio – көрсету]. Бір нәрсені көпшілік алдында жариялы түрде көрсету (кинофильм Демонстрация, көрмедегі өнер туындыларының Демонстрация және т.б.); Назар аударту, қолдау немесе қысым көрсету, өз қатынасын білдіру мақсатымен жасалатын әрекет. Демонстрация – бұл оқытушының физикалық құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды көрсетуі. Студенттердің зертханадағы жұмысы арнайы жасалған график бойынша ұйымдастырылады.Зертханадағы әртүрлі заттардың өтілуі кезінде студенттердің қауіпсіздік техникасының барлық талаптарын меңгеруі мен мүлтіксіз орындауына ұдайы назар аудару керек. 1. Физика курсында қарастырылатын барлық демонстрациялық тәжірибелердің физикалық негіздерімен және мазмұнымен білімгер таныс болуы керек. 2. Білімгер жоғарғы оқу орнында физика курсының құрылымын, мазмұнын, қарастырылатын физикалық құбылыстың мағынасын білуі керек. 3. Білімгер физикалық демонстрациялық экспериментті дайындап көрсете алуға, физикалық практикум жұмыстарын көрсетуге нұсқау әзірлеуге, зертханалық жұмыстарды іріктеп, дайындап, оны оқу процесінде ұйымдастырып өткізуге, мектептегі физика кабинетіндегі негізгі приборлар және құрал жабдықтармен жұмыс істей алуға үйренуі керек. Студенттердің физика бойынша алған білімдері едәуір терең және берік болуы үшін және оларда білік пен дағдыны дұрыс қалыптастыру үшін жоғарғы оқу орны физикалық экспериментінің алатын орны ерекше. Өйткені, демонстрациялық эксперимент физикалық құбылыстар мен заңдарды көрнекті түрде көрсету арқылы, олардың дұрыстығына студенттердің көздерін жеткізсе, зертханалық жұмыстар қойылған эксперименталдық мақсатқа өздігімен жетуге тәрбиелейді, іздемпаздыққа және табандылыққа баулиды. Сондықтан эксперименттің қандай түрі болмасын, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, студенттердің ғылыми-техникалық ой өрісін дамытудағы ролі бар. Оқытудың эксперименттік тәсілін тиімді және орнымен пайдалану арқылы студенттердің алған білімдерінің сапасы жоғарылайды, физика мен техникаға деген қызығушылықтары артады. Демонстрациялық эксперимент немесе тәжірибелер сабақ үстінде көрсетіледі, сондықтан ол сабақтың бір бөлігі болып есетелінеді және оқытудың басқа тәсілдерімен бірігіп қолданылады. Олай болса, демонстарциялық эксперимент көрсетпейінше физика сабақтарын сапалы өткізуге болмайды. Сабақ үстінде физикалық тәжірибелерді көбінесе мұғалім көрсетеді, кейде оларды оқушылардың өздеріне де жасатуға болады. Физикалық демонстрациялық эксперименттің әдістемелік құндылығы мұғалімнен мынадай шарттарды орындауды талап етеді: 1)тәжірибе өтіліп жатқан оқу материалымен тікелей органикалық байланыста көрсетілуі керек; 2)демонстрациялық эксперименттің айқын мақсаты болуы тиіс; 3)сабақта көрсетілетін физикалық тәжірибе көп уақыт алмауы керек және барлық приборларды бірден көрсетудің қажеті жоқ; 4)тәжірибенің сәтті шығуы керек; 5)тәжірибе айқын көрінуі керек; 6)физикалық тәжірибелердің негізінен физикалық заңдылықтардың сандық мағынасын дәлелдеуге арналғаны жөн; 7)демонстарциялық эксперименттің эврикалық түрде болғаны жөн, мұндай жағдайда тәжірибенің негізінде оқушылар өздері «жаңалық» ашады немесе тиісті қортындыға келеді; 8)тәжірибені көрсеткенде демонстрациялық үстелде тек керекті құралдар ғана қойылуы тиіс; 9)көрсетілген тәжірибеге қатысты сурет пен схемаларды дер кезінде тақтаға сызу қажет; 10)физикалық экспериментті нәтижелі көрсетуде физика мұғалімінің әдістемелік шеберлігі өте-мөте қажет. |