Анатомия лекция. 24.11.2020 Анатомия, физиология Әрінтай Ә.Қ. Ст бездері анатомиясы лшемі мен пішіні Жктілік жне лактация кезеіндегі згерістер Ккіректі лшемі мен пішінінжасандыжолмензгерту. Даму аномалиялары. Еркектерді ст безі. Анатомиясы
Скачать 31.45 Kb.
|
СҮТ БЕЗДЕРІ СҮТ БЕЗДЕРІ Анатомиясы Өлшемі мен пішіні Жүктілік және лактация кезеңіндегі өзгерістер Көкіректің өлшемі мен пішінінжасандыжолменөзгерту. Даму аномалиялары. Еркектердің сүт безі. АНАТОМИЯСЫ 1 — кеуде қабырғасы; 2 — көкірек бұлшық еттері; 3 — сүтті бөліктері; 4 — емшек ұшы; 5 — ареола; 6 — сүт өзегі; 7 — майлы тін; 8 — тері Сүтбезі (лат. glandula mammaria немесе mamma) — жұп ағза, апокринді тері бездерінің түріне жатады. Жынысы жетілген әйелдердің сүт бездері алдыңғы көкірек аймағының үшінші және алтыншы немесе жетінші қабырға аралығында орналасады. Әрбір без өзінің үлкен бөлігімен үлкен көкірек бұлшық еттіне барып жалғасады (m. pectoralis major) және жиі алдыңғы тісшелі бұлшық етте (m. serratus anterior). Сыртқы жағынан сүт бездерінің арасында иілу бар, бұл қойнауды (sinus mammarum) деп атайды. Әрбір көкіректің ортасынан сәл төмен, шамамен төртінші немесе бесінші қабырғалық деңгейінің бетінде үлкен емес шығыңқы— көкірек емізігі (papilla mammae) болады. Босанбаған әйелдерде ол конус тәрізді формада болады, ал босанған әйелдерде цилиндрлі болады. Ол диаметрі 3—5 сантиметр болатын ареоламен қоршалған. Емізік және ареола басқа терілердің түсінен өзіндік пигментациясымен, яғни каралау болып ерекшеленеді. Босанбаған әйелдерде — қызғылт немесе қара- қызыл, ал босанғандарда — қою қара. Жүктілік кезінде пигментацияның интенсивтігі артады. Жыныстық қозу кезінде, сонымен қатар овуляция фазасында, оның эректильдігі және сезімталдығы артады. Емізік эрекциясы бұлшық ет талшықтарының тарылуынан, қанайналымына және клитор эрекциясына қатыссыз жиырылады. Емізік дөңгелегінің айналасында үлкен емес рудиментарлы сүт бездері Монтгомер бездері (glandulae Montgomerii), Емізік терісі майда әжімдермен жабылған. Емізіктің ұшында үлкен емес тесік болады — сүт поралары (pori lactiferi), олардың соңы сүт жолы (проток) (ducti lactiferi), сүт бөліктеріне баратын (lobi mammae). Сүт жолдарының диаметрі 1,7 ден 2,3 мм дейін болады. Кейбір сүт жолдары бір бірімен айқасып жатады, сол себептен көп жағдайда сүт тесіктері, сүт жолдарына қарағанда аз болады (олар 8 ден 15дейін болады). Сүт безі (glandula mammaria), әйел кеудесінің негізі және сүт безі денесі (corpus mammae), тығыз дене, дөңестік дискті денесі бар, майлы қабатпен қапталған (capsula adiposa mammae). Сүт безінің денесі 15—20 жеке конус тәрізді бөліктерден тұрады, көкірек емізігін айнала орналасқан. Әрбір бөлік, өзіндік кезегімен үлкен және ұсақ бөліктерден тұрады (lobuli mammae). Сүт безінің қанмен қамтамасыз етілуі негізінен ішкі кеуде (a. Thoracica interna) және кеуде қырындағы (a. Thoracica lateralis) артериялармен қамтамасыз етіледі. ӨЛШЕМІ МЕН ПІШІНІ. Көкіректің өлшемі және пішіні әр түрлі болады. Оның әр түрлі болуы тері асты майлы қабаттың пішіні қалыңдығына байланысты болады. Көкірек пішіні тік немесе салбыраңқы болады, ол сүт безінің байланыстырушы тіннің капсуланың серпімділігіне және шымырлығына байланысты. Бала емізу қасиеті көкіректің пішініне де, өлшеміне де қатысты емес. Бірақ ол сексуальді қызығушылық үшін маңызды. Көкірек өлшемі терминдер (бюстгальтер) бойынша көрінеді. Көкіректің орташа статистикалық өлшемі қоршауы бойынша 80 см бастап болады. Әдетте сол көкірек оң жақ көкірекке қарағанда үлкен болады. Менструальді цикл кезінде сүт бездері циклдік өзгерістерде болады, бірақта көптеген өзгерістер жүктілік кезінде болады. Әдетте сүт безі көлденеңнен орташа 10—12 см, қалыңдығы 2—3 см болады. Бездің салмағы босанбаған қыздарда шамамен 150—200 г болады. Жүктіліктің екінші айында көзге көрінетіндей өзгерістер болады. Емізік аралық шеңбер ұлғайып және қарайады. Бездің ішінде өзгерістер болады, босанғанға дейін без біртіндеп ұлғайып, қайта құрылып жатады. Лактация кезеңінде сүт безінің салмағы 300—900 г дейін жетеді. Жүктілік кезінде без біртіндеп «молозиво» бөле бастайды, ол жүктіліктің дамуына байланысты құрамы сүтке ұқсай бастайды. Босанғаннан кейін бірінші күні өтпелі сүт (colostrum puerperarum), қою және сары түсті болады. Қалыпты жетілген әйел сүті (lac femininum) — бұл таза ақ немесе көкшіл-ақ иіссіз, әлсіз тәтті дәмді сұйықтық, майлылығы шамамен 4 % болады. Ана сүтіде тұздар және микроэлементтер болады, ол жаңа туған баланың өсіп- жетілуіне, дені сау болып өсуіне қажет және пайдалы. Лактация кезеңі аяқталғаннан кейін без көлемі кішірейеді, бірақ жиі бастапқы сатысына келмейді (жүктілікке дейінгі өлшеміне). КӨКІРЕКТІҢ КӨЛЕМІМЕН ПІШІНІН ЖАСАНДЫ ӨЗГЕРТУ. Кейбір әйелдер өздерінің көкіректерінің көлемі мен пішініне қанағаттанбастан көкіректерін жиі үлкейтуге, сирек кішірейтуді қалайды. Түрлі операциялардан кейін көкірек өлшемі мен пішінін қалпына келтіргілері келеді. Замануы технологиялар бұл мәселелердің түрлі шешу әдістерін ойлап табуда — арнайы бюстгальтерлерден бастап «push-up, пластикалық хирургияға дейін. ДАМУ АҚАУЛАРЫ. Амастия — сүт бездерінің атрофиясы , бір жақты немесе екі жақты , өте сирек кездеседі. Макромастия — шектен тыс ( 30 кг дейін) сүт безінің ұлғаюы, әдетте екі жақты. Полимастия — қосымша сүт безі, жиі қолтықасты шұңқырында кездеседі. Полителия — қосымша емізік ұштарының болуы. Жалпақ немесе шығып кеткен емізік ұштары, ол емізген кезде қиындық туындатуы мүмкін. СҮТТІҢ ТҮЗІЛУ МЕХАНИЗМІ. АНА СҮТІ. Ананың сүті – жаңа туған нәрестені бірден – бір қоректендіретін және кез келген жұқпалы аурулардан қорғайды.Оның құрамында болатын қоректік заттардың пропорциясы толықтай қалыптасып үлгермеген сәби ағзасының қалыпты деңгейде өсуі және қорғалуы үшін дәлме – дәл мөлшерленген.Ана сүті,әсіресе,жаңа туған сәбидің ми жасушаларының көбеюін және жүйке жүйесінің дамуын жеделдететін қоректік заттарға өте бай. АНА СҮТІНІҢ ҚҰРАМЫ. Қазіргі заманғы технологияның көмегімен дайындалатын балаларға арналған жасанды қоспалардың (сүттердің) ешбіріде ана сүтінің қоректік және бактерияға қарсы сапасына мүлдем тең келе алмайды.Соңғы жылдары көптеген оқымыстылардың омырау сүтін зерттеу жұмыстары нәтижесінде оның жас сәби ағзасына пайдалы ғажайып құрамымен қасиеттері ашылып жатыр.Зерттеу мәліметтері көрсеткендей,ана сүтін емген баланың тыныс алу жолдары мен асқорыту жүйелері жұқпалы індеттерге қарсы тұра алады. Сүттің құрамында болатын қорғаныш ақуыздары (антитела) жұқпалы вирустар мен бактерияларға тікелей соққы береді. Сәбидің ағзасына қажетті қорғаныш жүйесінің элементтері, яғни қорғаныш ақуыздары мен иммундық жасушалар оған ана сүті арқылы дайын күйде беріледі. Ана сүтінің тағы бір ерекшелігі – ол пайдалы бактериялардың өсуі үшін ағзада қалыпты өмір сүру жағдайын жасайды, ал зиянкес, қауіпті бактериялар, вирустар және паразиттер үшін олар өмір сүре алмайтындай орта қалыптастырып, оларды біртіндеп құртады. Ана сүтінің маңызды қоректік қасиеттерінің тағы бірі оның құрамында жаңа туған сәбидің дені сау болып дамуына қажетті “Омега – 3”деп аталатын майлы қышқылдарының болуы. Омега – 3 қышқылы адамның миы мен көз торының құрамдас элементтері болып табылады. Омега – 3 ми мен жүйке жүйесінің жақсы жетілуі үшін ағзаны құрсақта жатқан кезде және туғаннан кейінде қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Бристоль университетінің дәрігерлері ана сүтімен қоректендірудің адамның болашақ өміріне пайдасын зерттеп көрген. Зерттеу жұмыстары ересек адамдар арасында жүргізілген, нәтижесінде, сәби шағында ана сүтін емгендердің қан қысымы (гипертония) және жүрке – қан тамыр ауруларына өте аз шалдыққандарын анықтаған. Зерттеуді жүргізген ғалымдар мен дәрігерлер ұжымының пікірінше, ана сүтінің қорғаныш және жетілдіру қасиеті оның химиялық құрамына байланысты. ЕМІЗГЕННІҢ ПАЙДАСЫ. Емізгеннің пайдасы өте көп. Емізу арқылы нәрестені төмендегі аурулардан сақтай аламыз: — ішек инфекциялары мен іш өтуден — тыныс алу жолдарының инфекциясынан — зәр шығару жолдарының инфекциясынан — құлақ инфекцияларынан — диабеттен ЕРКЕКТЕРДІҢ СҮТ БЕЗДЕРІ. Еркек сүт безі (лат. mamma virilis) әйелдердің сүт безінің құрылысына ұқсас, бірақ ағзаның қалыпты гормональды баланс кезінде өспейді. Көкірек емізігі (papilla mammae) және емізік аралық шеңбер әйелдерге қарағанда (areola) айтарлықтай кішкентай. Емізік көкіректің бетінен 2—5 мм ғана шығып тұрады. Әдетте емізік бесінші қабырғадан жоғары орналасады, сирек — төртінші немесе бесінші қабырға аралықта орналасады. Үлкен еркектерде без денесі шамамен 1,5 см көлденеңнен 0,5 см қалыңдығы. Бөліктері және тармақтары дамымаған. Гормональді баланс бұзылыс кезінде көкіректің ұлғаюы байқалуы мүмкін (гинекомастия). Кейде полителий жағдайын шақырады. |