жылу жуйелерин жобалау. Жылу жүйелерін жобалау. Станцияларды
Скачать 1.84 Mb.
|
Жобалаудың даму кезеңдеріЖобалаудың басы кезеңі 1920–1930 жылдарға жатады. 1921 жылы елде небары 0,5 млрд. кВт-сағ электрэнергиясы өндірілді, электростанциялардың ең үлкен қуаты 57 МВт, ал ең үлкен агрегаттың қуаты 10 мВт құрады. Халықтық шаруашылықтарды электрлендіру үшін 1920 жылы ГОЭЛРО жоспары жасалды. Алғашқы электр станциялары импортты жабдықтарда жобаланды. Энергетикалық құрылыстардың техникалық құжаттамасын қамтамасыз ету үшін, 1924 жылы «Главэлектро» құрамында жобалау бөлімі ұйымдастырылды. 1933 жылы ол, Орталық, Ленинградтық және Харьковтік үш бөлімшелі Теплоэлектропроект (ТЭП) трестіне айналды. Осы кезден бастап жылу электр станцияларының, жылулық және электрлік желілердің орталықтандырылған жобалауы өріс алды. 1931-1940 жылдардағы кезең. 1931 жылы қуаттары 11 МВТ екі агрегатты алғаш жылу электрстанциясы – Брянск ГРЭС-і қолданысқа берілді. 1940 жылына қарай бірлік қуаты 100 МВт агрегаттар игерілді. Типтік жобаларды жасау саласындағы ізденістер және стандарттар мен нормаларды құрастыру басталды. 1941–1945 жылдары. Соғыс жылдары КСРО территориясындағы 60 ірі және көптеген жалпы белгіленген қуаттылығы 5800 МВт кіші электрстанциялар қиратылды. Бұл елдегі шамамен өндірілетін қуаттың жартысына тең еді. Елдің батыс бөлігінде орналасқан көптеген электрстанциялардың құрылғылары эвакуацияландырылды. Эвакуацияланған құрылғылардың негізінде тез арада энергетикалық қуаттарды енгізуді қамтамасыз ету керек болды. Соғыс уақытындағы жобаларда, құрылыстық-монтаждық жұмыстардың көлемін барша қысқартуға және құрылыс уақытын күрт төмендетуге әкелген шешімдер қабылданды. 1945-1956 жылдары. Халық шаруашылығын қайта келтіру мәселесін жаңа техника базасында ғана шешуге болды: жылу электрстанцияларындағы (ЖЭС) бу параметрлерін жоғарылату, агрегаттардың бірлік қуаттарын арттыру және т.б. Жобаларда жобалау уақытын қысқартуға және электрстанцияларын қолданысқа беруін жеделдетуге септігін тигізген жаңа техника мен жаңа прогресшіл жобалық шешімдер көрініс тапты. Барлық негізгі элементтерді унификациялау мен типтендіру жұмыстары жүргізілді. Қайталанбалы жобалардың қолданылуының және типтік жобалаудың мүмкіндігі туып, АЭС жобалаудың негізі қаланды. |