Главная страница

жылу жуйелерин жобалау. Жылу жүйелерін жобалау. Станцияларды


Скачать 1.84 Mb.
НазваниеСтанцияларды
Анкоржылу жуйелерин жобалау
Дата21.12.2022
Размер1.84 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖылу жүйелерін жобалау.docx
ТипДокументы
#856728
страница3 из 25
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Заманға сай электр станцияларды жобалаудың ерекшеліктері



Бұгінгі күнде бұдың аса критикалық параметіне (24 МПа) сай құрылғылыр игерілді. Келесідей энергетикалық қондырғылар мен электрэнергияны алудың жаңа әдістері алынды: қуаттылығы 200 МВт газтурбиналық қондырғылар, 250 МВт төменгі қысымды бугенераторлы бу- газдық қондырғылар, магнитті гидродинамикалық қондырғылар (МГҚ), МГҚ-мен үйлестірілген бу-газды қондырғылар, қайта қалпына келетін энергия көздерін – гидравликалық, күн, жел және геотермалдық энергияны қолдану.

Блоктардың бірлік қуаттылығы келесі мәндерге жетті: конденсациялық– 80-1200 МВт; жылуфикациялық– 250 МВт; атомдық– 1000 МВт; гидроагрегаттарда– 650 МВт және одан жоғары. Осыған сай, кей бір электрстанцияларының белгіленген қуаттары өсті: конденсациялық (КЭС) 4000-6500 МВт дейін, жылуэнерго орталық (ЖЭО) 1400 МВт дейін, атомдық (АЭС) 8000 МВт дейін, су электр станциялар (СЭС) 6500 МВт дейін. Энергожүйедегі электрстанцияларының жұмысы да осыған ұқсас өзгерді.

Орталықтандырылған есеп бұл– құрылыс, реттегіш және басқа да мүдделі ұйымдардың шақырылуымен өткізілетін, жобалау институттарының тақырыптық немесе электрстанцияларының тексеру жиынтықтарының бас мамандарының жыл сайынғы мәжілісінде қаралуы.

Индивидуалды есеп бұл электрстанциясының қолданыс процесстері кезінде алынған мәліметтерді жинау мен өңдеу. Индивидуалды есептің ең жетілген формасы объектіні өтпелі жетекшілік ету, оның төрт кезеңін қарастырады:

  1. Жобалантылатын объектегідей жабдықтыры бар электрстанцияларды алдын- ала тексеру және қолданыс тәжірибесін есепке алу.

  2. Жобалау кезеңінде мүдделі ұйымдармен өндіруші зауыттар, ғылыми-зерттеу институттар, монтаждық-реттегіш ұйымдар, эксплуатациялық қызметкерлермен кеңестер өткізу.

  3. Объектінің құрылыс кезеңіндегі бақылауын жүргізу.

  4. Объектіні іске қосу мен пайдалану кезіндегі бақылауды жүргізу. Жобалау келесі нормативтік материалдарды негізінде жүргізіледі:

  1. Электрқондырғыларының құру ережелері (ЭҚЕ), электрстанцияларының және желілердің техникалық қолданылу ережелері (ТҚЕ), Электрстанциялардың және қосалқы станциялардың қолданысы кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері.

  2. Жылу электр станцияларының және жылу желілерінің технологиялық жобалау нормалары (ТЖН), гидроэлектрстанцияларының ТЖН, атомдық электрстанцияларының ТЖН, жоғарғы кернеуі 35–750 кВ төмендеткіш қосалқы станциялардың ТЖН.

  3. Қысқа тұйықталу токтарын есептеу, қысқа тұйықталу шарттарына сай аппараттар мен өткізгіштерді таңдау мен тексеру, энергожүйенің дамуын жобалаудың, 35-500 кВ электр станциялары мен қосалқы станцияларының найзағай тиуі мен найзағай толқындарынан қорғаудың және т.б. басқару нұсқаулары.

  4. Жабдықтардың, құрылғылардың, терминдер мен анықтамалардың, әріптік атаулардың және т.б мемлекеттік стандарттары (ГОСТ).

Түрлі электрстанцияларда қайталанатын, оның алдында жасалынып қойған франгментерді жобалауда. Ол үшін қайталанатын элементтерді бірыңғайлату керек.

Келесілер жобаланып-жасалды: типтік 500 МВт блокты 4000 МВт ГРЭС, турбоагрегаттардың алуан отын түрлері мен қуаттары бар КЭС пен ТЭЦ универсалды жобалары, 800 МВт атомдық жоба, 800 МВт энергоблоктары бар ГРЭС жобалары, ВВЭР-1000 типті реакторлы АЭС жобалары және т.б.

Кешендік құрылғылар тарату құрылғылары, тарату щиттері мен 1000 В төменгі құрылғылар, бірыңғайландырылған құрылыстық және архитектуралық детальдар, яғни фундаменттік блоктар, колонналар, қабырғалық және шатырлық панельдер және т.б. кең таралды.

Жобалау кезінде қоршаған ортаның қорғанысын қамтамасыз ету сұрақтарын қарастыру керек.

Ұшқыш күл, күкіртті ангидрид, азот тотықтары және т.б атмосфераға шығарылуы, ТЭС-тің барлық стационарлық ластау көздерінің 25% құрайды. Бұған, сонымен бірге, техникалық сумен жабдықтаудың қалдықтарының шығарылуын, ластанған ағын сулардың шығарылуын, күл тастау орындарын қосуға болады. Атомдық ЭС ТЭС қарағанда қоршаған ортаны азырақ ластайды, бірақ, онда радиоактивті қалдықтарды көму мәселесі туындайды.

Қуатты ТЭС пен АЭС құндылығы төмен, ауылшаруашылығына жарамсыз жерлерде орналастырылады. Арнайы күлді ұстап қалатын қондырғылар құрылады. Азот тотықтары мен күкіртті ангидриттеріне қарсы күрес жүргізіледі. Шашырату үшін биіктігі 250, 400 м дейінгі түтін мұржаларын салады. Күл төгілетін орындарда күлдің шашырауына қарсы арнайы шаралар жүргізеді. Жиынтық жылу утилизациясына арналған жолдар іздестірілінеді.

Бүгінгі күнде жобалық-конструкторлық жұмыстарды толық автоматизациялау мұмкін емес. Демек электрқұрылғыларын таңдау және есептеуге арналған, жүйелер мен қосалқы жүйелердің беріктілігін есептеу, сонымен бірге электр станцияларының басқа да параметрлерін есептеуге арналған бірқатар программалар жасалынып, қолданылуда.
  1. ші дәріс. Жобалау кезеңдері және жабдықтарды жайғастыру қағидалары



Дәрістіңмазмұны: жобалау кезеңдері және жабдықтарды жайғастыру.

Дәрістіңмақстаты:жобалау бойынша жұмыстар мазмұны мен жабдықтарды жайғастыру қағидаларымен танысу

    1. Жобалау кезеңдері және жұмыстарының мазмұны



Жобалаудың таспсырмасы бастапқы сыртқы мәліметтерден–орналасу орны, типі, станцияның және оның негізгі бастапқы параметрлерінен; отын және сумен жабдықтау көздері; станцияның жұмыс режимдері, оның жүктемесі мен энергожүйедегі жүктеме графигіндегі орны; станцияның энергожүйеге қосылу сұлбасы, энергожүйе мәліметтерден тұрады. Тапсырманы жобаның тапсырыс берушісі техника-экономикалық негіздеу (ТЭН) негізінде береді.

Техникалық жоба дегеніміз жобаланатын станцияны сипаттайтын мәліметтерді беретін құжаттар жиынтығы.

Техникалық жобаның құрамына келесілер кіреді: паспорт; ТЭД; смета және технология, электротехника, гидротехника, құрылыс жөніндегі жобалық құжаттар, сонымен қоса, станцияның бас планы, көлік пен құрылысты ұйымдастыру материалдары.

Жұмыс жобасы бұл монтажды-құрылыс жұмыстары орындалатын есептеулер мен жұмыс сызбалары бар түсіндірме хаттамалардың жиынтығы.

    1. Жобалау жұмыстарының мазмұны





  1. Бастапқы мәліметтерді дайындау. Мәліметтердің сыртқы көзі жобалаудың тапсырмасы болады. Ішкі мәліметтер жобалау кезінде басқа қосалқы жүйелерді жобалайтын секторларден келеді.

Негізгі ішкі мәліметтер: қуаттар, негізгі энергетикалық жабдықтардың– қазандық, реактор, турбиналар және т.б., саны, типтері және параметрлері; технологиялық сұлбалардың мінездемесі (мысалы, ТЭС блокті немесе көлденең байланысты) және қосалқы жұмыс машиналарының параметрлері; агрегаттардың іске қосылу жылдарының реті.

  1. Электр станцияның энергожүйеге қосылу сұлбасын нақтылау.

  2. Бас сұлбаны жобалау.

  3. Өзіндік мұқтаждық (ө.м.) электр қондырғысын жобалау.

  4. ТҚ конструкциясын жобалау дегеніміз электротехникалық құрылғыларды жайғастыру, тоқ күшінің артуынан қорғау мен жерге тұйықтау.

  5. Тұрақты ток қондырғысын жобалау.

  6. Басқару қондырғыларын жобалау, бақылау, РҚ және А.

  7. Электрлік жарықтандыруды жобалау.

  8. Қосалқы қондырғылар мен құрылыстарды жобалау: майлы, ауа және сутектік шаруашылықтар, шеберханалар және т.б.

Қосалқы станциялардың электротехникалық бөлімі жайлы түсіндірме хаттамаға келесілер кіреді: қтариосалқы станцияның паспорты, қосалқы станцияның энергожүйеге кіруі мен электрлік жүктемелерді есептеу, қосылудың бас сұлбасы және өздік мұқтаждықтар сұлбасы, қ.т. токтарының есептелуі және электрлік апараттар мен өткізгіштердің таңдалуы, қолданысты ұйымдастыру және басқару мен тексеру, релелік қорғаныс пен автоматика, ТҚ құрылымы, ауа желілерінің ажырату, ток күшінің артуынан қорғау мен жерге тұйықтау, электрлік жарықтандыру.

    1. Құрылыстар, инженерлік коммуникациялар және оларды орналастыру



Электрлік станциялардың өз құрамында көптеген ғимараттар, құрылыстар және инженерлік коммуникациялар бар болғандықтан, оларды орналастыруға да үлкен аудан қажет: КЭС үшін 0,04-0,06 га/МВт, ТЭЦ үшін 0,01-0,03 га/МВт. Құрылыстың бір бөлігін–отын қоймасын, жүктеме түсіретін қондырғылары бар қабылдағыш темір жол станциялары, күл мен шлак тастау орындарын және т.б. құрылыс алаңының сыртында орналастырады.

Күл мен шлак тастау орындарына электрстанцияның жұмысын кем дегенде 25 жылға қамтамасыз ететіндей аудандар береді.

ТЭЦ алаңын жылулық жүктемесінің центріне орналастыруға тырысады, себебі жылу энергия тасушысының ТЭЦ-тен беру радиусы шектелген. Ыстық суды 35 км дейінгі қашықтыққа, ал буды 8-12 км дейін тасымалдайды.

Кесте 2.1 көрсетілгендей, ТЭС алаңдары санитралы-қорғау нормаларына сай өлшемді, тұрғын аудандарынан қашық болуы керек.

2.1 кесте - Санитарлы-қорғау зоналарының нормалары, м

Отынның күл мөлшері

Күлдің 70% ұстап қалғанда

Күлдің 90% ұстап қалғанда

Жұмыс

массасының %

Отынның шартты шығыны, т/с




50—100

100-230

50-100

100-200

200-300

15 дейін

500

500

300

500

500

15-20

500

1000

300

500

1000

20-25

1000

1000

300

500

1000

25-30

1000

1000

500

1000

1000

30-45

1000

Сәйкес органдармен келіскенде

500

1000

1000

АЭС салу ауданын таңдағанда, отын базасының алшақтылығы маңызды рөл атқармайды. Қазіргі кезде, АЭС органикалық отын қоры аз, ал электроэнергияға деген мұқтаждық жоғары жерге орналастырады.

Конденсациялық электрстанциялары (КЭС) көп мөлшердегі отын мен техникалық суды (ең алдымен турбиналардың пайдаланылған буды конденсациялау үшін ) талап етеді. Осы станцияны салу орнын таңдағанда, ең алдымен табиғи су айдындарының орналасуын ескереді.

Сумен қамтамасыз ету жүйесін таңдағанда, табиғи су айдындарын қолдануға тырысады, ал олар жоқ болса, қолдан суытқыш-айдыны бар суыту немесе градирня жүйесін жасайды.

Төменгі сортты көмірді тасымалдау 150-200 км қашықтықпен шектелген. Шаңды-көмірлі КЭС салуды жоспарлағанда, отын базасының орналасуын да, сумен жабдықтау көзінің орналасуын де ескереді.

СЭС орналасу орны өзен жармасының мінездемесімен және суды суару кеме қатынасы, балық шаруашылығы, сумен қамтамасыз ету, және т.б. мақсаттарына кешенді қоланылуының талаптарымен анықталады.

Бұл жерде СЭС су қоймасының орналасуы үлкен рөл ойнайды, ал ол көбінесе үлкен аудандардың су басуын және ауыл шаруашылық жерлерден алыстатуды талап етеді.

Жер асты суларының деңгейі салынған жертөле мен жер асты комуникацияларынан кем дегенде 3–4 м төменірек орналасуы керек. Құрылыс алаңдарын лай көшкіні жиі болатын, батпақты және тым ылғал грунтты аймақтарда орналастыруға болмайды.

Сел, қар көшкіні, жерсілкінісі (8 баллдан жоғары) және т.б. қауіптерді ескеру қажет. Аймақтың рельефі салыстырмалы түрде біртекті болуы дұрыс.

Құрылыстың мүмкіндігін анықтау үшін және алаңдардың орналасу нұсқаларын салыстыру үшін келесідей инженерлі қарастырулар жүргізіледі: инженерлі-геологиялық (аймақтың рельефін, 50–100 м тереңдіктегі байырғы және төртінші сатылық шөгінділердің құрамын және сулы қабаттардың мінездемелерін анықтау, физико-геологиялық процесстер мен құбылыстарды зерттеу); топографиялық-геодезистік (станция салынатын болжамды орынның картасын жасау); гидрологиялық (су ресурстарының есебі, техникалық сумен жабдықтауының болжамдық көздерінің мінездемелерін анықтау); метеорологиялық (климаттық мәліметтер мен сейсмикалық жағдай).

СЭС-тің су торабы құрылыстарын таңдаудың өз ерекшеліктері бар. Бұған – тіреуіш құрылыстарының жармасын таңдау, кеме жүретін және су өткізетін құрылыстар трассаларын таңдау, станциялық алаңды таңдау және де су қоймасының зонасын анықтау кіреді.

Электр станциясы алаңында көптеген ғимараттар мен құрылыстар салынады және инженерлік коммуникациялар (желілер) тұрғызылады.

Инженерлік коммуникациялар қатарына келесілер кіреді: технологиялық байланыстар (құбырлар, су таратқыштар, каналдар, науалар, көліктік отын және т.б.); электрлік байланыстар (ток сымдары, кабельдер және т.б.); көліктік жолдар мен ортақ міндетті коммуникациялар; су құбыры

мен канализация; жылыту желісі, электр жарықтандыру желілері, байланыстар, сигнализациялар.

Негізгі өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар: негізгі және қосалқы жабдықтар орналастырылатын бас корпус; генераторлық және жоғарлатылған (35 кВ және одан жоғары) кернеуді тарату құрылғылары (ТҚ); өздік мұқтаждық ТҚ; циркуляциялық су құрылғылары насостық, градирнялар, шаршырататын хауыз; отын шаруашылығының құрылыстары– қабылдағыш және еріткіш қондырғылар, көмір ұнақтатқыш, шаң зауыты; радиоактивті қалдықтарды жою мен дизактивациялауға арналған арнайы құрылыстар.

2.4 Жайғастырудың жалпы принциптері



Жайғастыру деп бір алаңда негізгі және қосалқы құрылыстарды өзара орналастыруды түсінеді.

Негізгі және қосалқы құрылыстар мен коммуникациялардың орналасуын көрсететін алаңның планы бас план деп аталады.

Жайғастыру жобалаудың ең күрделі мәселелерінің бірі. Жайғастыру кезінде климатты, аймақтың рельефін, табиғи су айдындарының орналасуын және жел тармақтарын ескереді.

Электрстанцияның жайғастыру нұсқаларын жасағанда, келесі принциптерді басшылыққа алады:

  1. Табиғи су айдындарына қатысты оңтайлы бағдарлау.

  2. Сыртқы коммуникациялардың ыңғайлылығы.

  3. Ішкі инженерлік коммуникациялардың ыңғайлылығы.

  4. Қосалқы шаруашылықтардың ғимаратттарын орналастыру.

  5. Алаңның мүмкіндігінше аз ауданы.

  6. Кейінгі ұлғаю мүмкіндігі.

Жайғастыру ғимараттар мен құрылыстардың минималды мүмкін ара қашықтығына сай жүргізіледі.

Жеке ғимараттар мен құрылыстар және қондырғылар арасында өрт сөндіру алшақтықтары мен өтпелері болуы қажет.

Станцияның айналасында биіктігі тор көзді болат немесе темірбетонды қоршау салынады. Қоршаудың ішкі жағынан ені 5м зонаны құрылыстан бос қалтырады.
  1. ші дәріс. Электр станцияларын және қосалқы станцияларды жайғастыру



Дәрісмазмұны:электр станцияларын және қосалқы станцияларды жайғастырудың принциптері.

Дәрісмақсаты:электр станцияларын және қосалқы станцияларды жайғастыру принциптерімен танысу.

    1. Көлденең байланысты ЖЭО жайғастыру



3.1 Суретте көрсетілгендей шаң-көмірлі ЖЭО-тің негізгі технологиялық құрылыстарына жатады: турбоагрегаттар 2орналасатын бас корпус 1; қазандықтар 3және олардың қосалқы жабдықтары; градирнялар 4және циркуляциялық су суөткізгіштері 5; отын қоймасы 6; жүктемені түсіретін құрылғылары бар отын беру 7; конвейрлер галереясы 8,ұнтақтау корпусы 9;түтін мұржалары 10.



    1. сурет- ЖЭО-тің көлденең байланысты бас жобасы


Негізгі технологиялық құрылыстардың жанынан олардың қосалқы құрылыстарын тұрғызады: химиялық су тазарту, мазут шаруашылығы 12, механика шеберханасы 13, отын қоймасы мен бас корпус арасында орналасқан материялдық қойма 14,жүйе мен байланыс трансформаторларының қатарын 16бойлай салынған теміржол тарауының жанында орналасқан трансформатор шеберханасы 15.Май шаруашылығын 17

негізгі құрылыстардан бөлек, шеттте орналастырады. Құрамына ЖЭО негізгі және қосалқы жабдықтарымен технологиялық байланысы жоқ қызметтер кіретін басқару корпусы 18, бас ғимараттың тұрақты кесік жағында, территорияға кіретін бас жолға қарсы орналасады.

Электрлік жабдық пен құрылыстардың жайғасуы құрылымдық электр сұлбасына сай келеді: генераторлар 2, генераторлық кернеулі ТҚ (ГТҚ) 19, генераторлар мен ГҚТ арасындағы электрлік байланыстар 25, байланыс трансформаорлары 16, жоғарлатылған кернеулі ТҚ 20, электр қуатын берудің ауа желілері 21. Басқарудың бас қалқаны (ББҚ) ГТҚ-ға оның тұрақты кесігі (торец) жағынан жанастырылған. ГТҚ мен бас корпус арасында жер асты және жер үсті технологиялық коммуникацияларды орналастыруға керек 20-30 м қашықтықты ескереді. Өздік мұқтаждық (ө.м.) тарату құрылғыларын бас корпустың ішінде орналастырады. Байланыс трансформаторлары 16 мен (ө.м.) трансформаторларын 23ГТҚ екі жағынан орналастырады. Трансформаторларды жөндеу үшін бас корпустың монтаждау алаңын 24қолданады. Қуатты трансформаторларды (байланыс трансформаторлары) монтажды алаңға, өздерінің тележкаларында, темір жол арқылы тасымалдайды. Төменгі қуатты трансформаторларды автомашина арқылы тасымалдайды.

    1. КЭС жинақтау



Бас корпус пен ТҚ және сыртқы су қоймасының (өзендер, шашырататын хауыз және т.б.) өзара орналасуы үлкен рөл ойнайды. ТҚ, әрқашан машина залының жағындағы бас ғимараттың қабырғасының алдында орналасатын, блокты трансформатормен ішкі электрлік байланыста болады. 3.2-сурет көрсетілгендей, ТҚ орналасуының төрт ерекше жағдайы болуы мүмкін. Бас корпусының су қоймасына максималды жақын орналасуы, ең қысқа әрі арзан суытатын суды тартуға кететін жылдық ең аз шығынды гидротехникалық коммуникацияларды алуға мүмкіндік береді.

ТҚ бас корпусының тұрақты кесік жағынан орналастырғанда, ТҚ мен блоктік трансформатор арасындағы байланыс ұзын әрі қымбат болып шығады.
    1. АЭС жинақтау



Радиоактивті қалдықтарын жою мақсатында АЭС келесідей қосымша құрылғылар және құрылыстармен қамтамасыз етеді: арнайы технологиялық вентиляция, арнайы канализация, дезактивация мен жолдарды көму жүйесі.

Вентиляция жүйесіндегі ауа фильтрлар арқылы тазартылып, сорғыш мұржа арқылы атмосфераның жоғарғы қабаттарна шығарылады.

Сұйық радиоактивті қалдықтарды шығару үшін ішкі арнайы канализация салынады. Қатты радиоактивті қалдықтар, сонымен бірге, қойыртпақ (пульпа), концентрлі ерітінділерді көмуге арналған арнайы сақтау орындары ескеріледі.

АЭС құрылыс алаңын онда санитарлы-қорғау зонасын ұйымдастыруға болатындай етіп таңдайды.




1 — бас корпус; 2 —жоғарғы кернеулі ТҚ ; 3 — орташа кернеулі ТҚ ; 4—су қоймасы ; 5 — насостық станция; 6— түтін мұржасы; 7—отын қоймасы; 8—энергоблоктың трансформаторы; 9байланыс автотрансформаторы ; 10—блок трансформаторы мен ТҚ арасындағы электрлік байланыс ; 11 электр қуатын берудің ауа желілері
3.2- сурет КЭС құрылыстарын жинақтау нұсқалары

    1. СЭС жинақтау



Аңғарлық САЭС ғимараты бөгетпен теңдес жоғарғы бьефтің (ЖБ) су қысымын көтереді. Блок трансформаторларын жоғарғы немесе төменгі бьеф (ТБ) жағындағы алаңда орналастырылады. Генераторлық кернеулі ТҚ СЭС ғимаратында орналастырады. ОРУ салу алаңын жағалаулық белдеудің рельефіне сәйкес таңдайды. Бөгет қасындағы ГЭС ғимараттарын саңылаусыз бөгет артында салады. Су турбиналарға қысымды құбырлар арқылы беріледі.

СЭС ғимараты мен қысымды құбырлардың үстіндегі бөгеттің арасында қуыс пайда болады, оны трансформаторлық блоктарды және генераторлық кернеулі ТҚ орналастыру үшін пайдалнану ыңғайлы. Жоғарылатылған кернеулі ТҚ аңғарлық ГРЭС-дей жағада орналастырылады.

Деривациялық СЭС жайғастырудың өз ерекшеліктері бар. Бас түйінді өзенде тірек құру мен ағынды деривацияға жіберуге арналған құрылыспен біріктіреді. Оған бөгет, су жинақтайтын құрылғы, су қабылдағышы, тұндырғыш, шаю құрылғылары кіреді.

    1. Қосалқы желілерді жайғастыру



Қосалқы желі алаңында келесілер орналасады: ТҚ, трансформаторлар, реакторлар, синхронды компенсаторлар, ортақ қосалқы станция басқару посты (ОҚБП). Қосалқы ғимараттар (гараж, жөндеу шеберханалары, қойма бөлмелері және т.б.) тек үлкен қосалқы станцияларда салынады.

ОҚБП қызметкерлердің үздіксіз кезекшілігі жоспарланғанда және аккумуляторлық батарея орналастырылатын немесе ЗРУ салынатын жерлерде қаралады.

ОҚБП бөлек бірқабатты ғимарат ретінде немесе 6-10 кВ ЗРУ-мен бірге үйлестірілген ғимарат ретінде жасалады.

Электржабдықтар мен ТҚ екі кернеуі бар ҚС алаңында орналастырылуы құрылымдық сұлбадағы элементтердің қалпына сәйкес.

Электрлік байланыстары түзу әрі қысқа. Үш кернеу кезінде жинақтау күрделеніп, 3.3-сурет сияқты бірнеше түрлі нұсқаларда болуы мүмкін.




3.3-сурет - Құрылымдық сұлба (а) мен үш кернеулі қосалқы желі құрылыстарының жайғастыру нұсқалары (б, в,г)
    1. Ішкі электрлік байланыстарды орындау



Электрлік байланыстар үшін ашық иілгіш ток сымдары, ашық шиналық көпірлер, комплектілі фаза бойынша экрандалған ток сымдары, кабельдер қолданады. 35-750 кВ ТҚ шиналау иілгіш болат-алюминилік сымдармен жасалынады.

  1. ші дәріс. Технологиялық бөлімді жобалау



Дәрістіңмазмұны:электр станцияларының технологиялық сұлбаларының ерекшеліктері.

Дәрісмақстаты:түрлі типті электр станциялардың технологиялық сұлбаларымен танысу.

    1. Электр станциялардың технологиялық сұлбалары



4.1а суретінде көрсетілгендей моноблокты схема бір турбинаға біркорпусты қазандықтың оналасуымен жасалады. Конденсатордың түтігінің ц.в.д. қазандығынан 2 келетін бу, аралық қазандықтың бөлігін құрайтын бу жылытқышына 3 жіберіледі. Екінші рет қыздырылған бу турбинаның ц.н.д. қайтарылады, онда ол конденсотродың 4 қысымына дейін ұлғаяды.



1—қазандық; 2.—бу турбинасы; 3—буды аралық қыздыртқыш ;

4конденсатор; 5—генератор

    1. – Біртүтас блокті (а) және дубль блокті (б) сұлбалар Конденсатордың түтігінің ц.в.д. қазандығынан 2 келетін бу, аралық

қазандықтың бөлігін құрайтын бу жылытқышына 3 жіберіледі. Екінші рет

қыздырылған бу турбинаның ц.н.д. қайтарылады, онда ол конденсотродың 4 қысымына дейін ұлғаяды.

Дубль блокты сұлба үшін әрқайсысы 50 % екі қазандық және бір турбина қолданылады. Бұл, жаққанда шарт бойынша қазандықтың өнімділігі 500 т/сағ шектелетін, төменгі сортты отынды (торф, тақтатас) қолданғанда рұқсат етіледі. Егер өндірістік бу жүктемесі басым болса, дубль-блоктар қолданылады, ал жылыту жүктемесі басым болса, моноблоктар қолданылады. Будың аралық қыздырылуынсыз болатын ТЭЦ үшін агрегаттар арасындағы бу бойынша көлденең байланыстар қарастырылады.

Аралас түрдегі ТЭЦ үшін 4.2 суретінде көрсетілгендей, қазандықтар арсында (магистраль 6)бу бойынша, турбиналар арасында өндірістік бу бойынша(магистраль 7) және ыстық су бойынша (магистраль 8)байланыстар болады.



1—қазандық; 2.—бу турбинасы; 3—будың аралық қыздыртқышы; 4 —конденсатор; 5—генератор; б—ауыстырып-қосқыш бу магистральі; 7— өндірістік бу; 8—ыстық су; 9—пикті қазандық ; 10 — редукционды-суытқыш қондырғы; 11— желілік қыздыртқыш; 12пикті су жылытатын қазандық; 13

  • желілік насос.

    1. –сурет Аралас түрдегі технологиялық сұлба


Түрлі типті жылыту турбиналардың қосылуының түрлі сұлбалары қолданады: ыстық су алу үшін реттелетін бу іріктейтін Т типі; өндірістік мақсаттар мен су жылыту үшін реттелетін бу іріктейтін ПТ типі; қысым атмосфералықтан жоғары болғанда барлық бу тұтынушыларға берілетін, кері қысымды Р типі.

АЭС құрылымдық схемасының таңдалуы, оның реакторларының түрлеріне (корпустық және каналдық), жылу тасушы түріне, баяаулатқышқа және басқа да факторларға тәуелді. Сұлба бір контурлы, екі контурлы, толық емес екі контурлы және үш контурлы болуы мүмкін.

СЭС технологиялық сұлбасын таңдау, оның типіне тәуелді. Шешімді таңдау, су құбыры сұлбаларының мүмкін ңұсқаларын экономикалық, құрылыстық және қолдану параметрлерін, пайдаланатын өзен бөлігінің табиғи шарттарына және халықшаруашылығының кешенді мақсаттарына сай, салыстыру арқылы жүзеге асырады.

    1. Турбиналарды таңдау



КЭС үшін турбоагрегаттардың бірлік қуаттылығын мүмкіндігінше үлкенірек, жүйенің дамуын қарастыра отырып таңдайды. Агрегаттардың бірлік қуаты, жүйе қуатының 4-10 % құрай алатын, жүйенің авариялық резервінен аспау керек. Турбинаның типі– конденсациялық.

ЖЭО үшін жылыту турбоагрегаттар қуаттылығын мүмкіндігінше үлкенірек, жылулық жүктемелердің өсуін қарастыра таңдайды. Шешуші болып, өндірістік және коммуналды-тұрғын тұтынушыларға кететін қысым және буды іріктеу шығындары саналады. Өндірістік тұтынушылары жоқ, қалалық ЖЭО үшін Т типті жылыту турбиналары таңдалады, мысалы Т-50- 130, Т-100-130 немесе Т-250/300-240. Өндірістік ЖЭО-да ПТ типті турбиналар (мысалы, ПТ-60/75-130) орналастырады. Үздіксіз жылу жүктемелерін жабу үшін кері қысымдық Р типті турбиналарды (мысалы, Р- 100-130) алуға болады. Дамыған өндірістік және комуналды тұрғын жылу тұтыныстары үшін жобаланатын ЖЭО -да, үш типті – Т,ПТ және Р (аралас типті ЖЭО) турбиналарын орнату тиімді болуы мүмкін.

АЭС-да турбина типін реактордың типіне және құрылымдық технологиялық сұлбаға қарап таңдайды: жоғарғы температуралық реакторлар үшін жоғарғы қысымды қыздырылған бу турбиналарын таңдайды; жылутасушысы сұйық металл, газ бен органикалық сұйықтықтар болатын реакторлар үшін орташа қысымды қыздырылған бу турбиналары, ал су жылутасушысы бар реактор үшін орташа қысымды қаныққан бу турбиналар.

СЭС-да гидроагрегаттың қуаттылығын түрлі мөлшерлі агрегаттары бар нұсқаларды техника-экономикалық салыстыру арқылы таңдайды.

    1. Қазандықтарды таңдау



Өндіруші зауыттың жабдықтарының номенклатурасында газда, газ бен мазутта, қатты отында жұмыс істеуге арналған қазандықтар болады, олар: будың аралық қыздырылуынсыз табиғи циркуляциясы бар барабанды Е маркасы (мысалы, Е-420-140) және аралық қыздырылуы бар Еп маркасы (мысалы, Еп-640-140); туратокты аралық бу қыздырылуы бар Пп маркасы (мысалы, Пп-950-255).

Барабанды қазандықтар икемдірек әрі қоректендіретін су сапасына аса сезімтал емес, бірақ металды көп қажет етеді және түзу токты қазандықтардан қымбатырақ келеді. 17 МПа жоғары қысымдарда циркуляция шарттары бойынша, барабандық қазандықтарды қолдануға болмайды, тек түзу токты

қазандықтарды орнату ғана мүмкін. Орташа бу қысмдар аралығындағы (8,8 және 12,7 МПа) бу үшін барабандық та, түзу токтық қазандықтар да орнатылуы мүмкін.

Будың үлкен қолданысы бар өндірістік ТЭЦ үшін, тазартқыш су қосуымен орындалатын конденсатордың елеулі шығындары үлкен рөл атқарады. Сондықтан, мұндай қазандықтардың қоректендіргіш су сапасына қойылатын талаптарының аздығы шешуші рөл ойнайды.

Блокты ТЭС-тің жылулық сұлбасы, блоктың әрдайым қосылуын қамтамасыз ету керек, ол үшін іске қосатын қазандықты немесе басқа да құрылғыларды қарастырады.

    1. Күштарту машиналарды және насостарды таңдау



Сиретілумен жұмыс істейтін қазандықтар үшін күш тартатын машиналар – түтінсорғыш (түтінді газдарды сорып алу үшін) және үрлеу вителяторлары (шаң үрлеу мен оның жануына керек ауаны беру үшін) орналастырады. Бу өнімділігі 500 т/сағ не одан аз қазандықтар мен дубль- блоктың әр қазандығы үшін, бір түтін сорғыш пен бір вентиляторды қарастырады. Одан қуаттырақ қазандықтар үшін, әрқайсысының берілісі 50

% екі түтін сорғыш пен екі вентилятор қарастырылады. Күш тартатын (тягодутьевый) машинаның қуаты шығын және қысыммен анықталады:
PQH,
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


написать администратору сайта