| Стандартизация
| Аккредитация
|
Анықтамасы
| тауарды өндіру, айналысы және тұтыну сферасын реттеу, сонымен бірге оның қауіпсіздігін, үнемділігін және бәсекелестік мүмкіндігін жоғарылату мақсатында ерікті және көп реттік қолдану үшін ережелер мен сипаттамаларын белгілеу бойынша қызмет.
| – аккредиттеу органының өтініш берушінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін ресми тану рәсімі
|
Мақсаты
|
жинақтың түгелдігі, көп сатылылығы және көп буындылығы, материалды ресурстарды үнемді пайдалануы, прогрессивті технологияны пайдалануы.
| Медициналық көмек сапасын стандарттар негізінде жақсарту Денсаулық сақтаудағы интеграция мен басқаруды жақсарту Стандарттарға кімнің және қалай сәйкес келетіні жөнінде салыстырмалы мәліметтер базасын қалыптастыру Жоғары тиімділік/өнімділік есебінен денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындарды азайту Сапаны жақсарту және жақсы тәжірибе жөнінде оқыту мен консультацияларды қамтамасыз ету Қоғамдық сенімді жоғарылату және қауіпті төмендету
|
Міндеттері
| дайын өнімнің сапасына, сонымен бірге оларды дайындауда қолданылатын шикізаттың, жартылай фабрикаттың сапасына қойылатын нормативті талаптарды жасау;
өнімді жасау және жобалау саласындағы нормалар мен талаптарды, оларды сынау және сапасын бақылау құралдары мен әдістерін жасау, қолданылатын өлшеудің дұрыстығын және бірыңғайлығын қамтамасыз ету, қолданыстағы өлшеу бірліктерінің эталондарын жетілдіру және жаңасын жасау;
ғылым мен техниканың әртүрлі саласындағы белгілеулер мен терминология жүйесін жетілдіру;
| аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалардың, аккредиттеу белгісінің нысандарын белгілеуге;
аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
аккредиттеу жөніндегі жұмыстар жүргізу кезінде белгілі болған коммерциялық немесе өзге заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді жариялауға жол бермеуге;
аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізуге;
веб-сайт жүргізуге, оған аккредиттеу субъектілерінің тізілімін ресми жариялауға және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орналастыруға;
аккредиттеу субъектілерінің шағымдарын қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға;
аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу немесе аккредиттеуден кейінгі шарт тоқтатылған жағдайда жұмыс үш күн ішінде жазбаша бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға
|