Главная страница
Навигация по странице:

  • Дайындаңыз

  • Ескерту

  • СТЕРИЛЬДЕУ

  • Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері

  • I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды дезинфекция Мақсаты

  • IІ кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу

  • АЗОПИРАМ БАЙҚАУЫ Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді

  • Реакция оң болады, егерде бояну болса (1 минуттан кейін)

  • стерильденген қолғапты кию (5). Стерильденген олапты кию Масаты


    Скачать 31.53 Kb.
    НазваниеСтерильденген олапты кию Масаты
    Дата25.05.2023
    Размер31.53 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файластерильденген қолғапты кию (5).docx
    ТипДокументы
    #1158193

    стерильденген қолғапты кию
    Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    • Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді.

    • Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді.

    • Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерінтөмендетеді.

    Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медициналық қызметкерлердің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулер және манипуляциялар кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық зертханаларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде.

    Дайындаңыз: стерильденген ораудағы қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Стерильденген қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.

    2. Антисептиксіз деңгейде қолыңызды тазартып, антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.

    3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз.Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.

    4. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

    5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

    6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.

    7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.

    8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

    9. Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

    10. Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және3-ші саусақтар көмегіменқолғаптын бүгілген шетінің астына қарайтартыңыз.


    Ескерту: егербір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты даауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес.


    Қолғапты шешу
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз.

    2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз.

    3. Сол қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

    4. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз.

    5. Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкіжағынан ұстаңыз.

    6. Оң қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

    7. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.


    Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп ретқолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатынбұымдардан өңделеді.


    Таңғыш материалдарды СТЕРИЛЬДЕУ қорабына (бикске) салу
    Мақсаты: автоклавта стерильдеу үшін салу және регламенттеу уақыты бойынша сақтау процесінде стерильділікті сақтау.

    Дайындаңыз: дезинфекциялау ерітіндісін, «бикстерге арналған» таңбалы шүберекті 2 дана, шүберектерді, дезинфекциялауға арналған ыдыстарды, қолғапты, дем пердесін, бикстің ішкі бетіне төсеуге арналған салфетканы(үлкен бязден жасалған), дәкелік қаптардағы таңғыш материалдарды (сүрткілердітурундаларды, мақта шариктерін және т.б.).Әрбір бикске 3 данадан залалдық индикаторын, бөлімшесі (кабинеті) көрсетілген бирканы, бикстің ішіндегізаттарды, салу және стерильдеу күнін және босколонканы мейірбикелердің қолын қою үшін, салуды жүргізуші және стерильдеуге жауапты, фильтрі бар немесе фильтрсіз стерильдеу қораптарды әртүрлі ыдыстар мен түрлерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Антисептиксіз деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

    2. Бикстін (қораптын) бүтіндігін тексеріңіз.

    3. Қолғапты, дем пердесін киіңіз.

    4. Бикстін ішін және сыртын тізбектілікппен 2 рет, әртүрлі шүберекпен дезинфекциялау ерітіндісімен тазартыңыз.

    5. Шүберекті дезинфекциялауерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    6. Қолғапты, дем пердесін шешіңіз.

    7. Қолыңызды жуып, құрғатып сүртіңіз.

    8. Бикстерге салу нормасымен және салу түрлеріне(түрлік, мақсаттық және универсалды) сәйкесті таңғыш материалды салуға дайындаңыз.

    9. Бикстің торын ашыңыз(фильтрсіз).

    10. Фильтрсіз бикстің түбіне және шеттеріне салфетканы төсеңіз, олбикстің 2/3биіктігінен салбырап тұруы қажет.

    11. Бикстің түбіне (бақылау нүктесіне) залалдық индикаторын орнатыңыз.

    12. Таңғыш материалды қабаттап салыңыз:

    • сектормен (шеңбердін бөлім арасы),

    • тік (қақпағына перпендикулярды),

    • бос қопсытып.

    1. Бикстін ортанғы бөлігіне залалды индикаторды орналастырыңыз.

    2. Барлық салынған материалды бикстің шетінде салбырап тұрғансалфеткамен жабыңыз.

    3. Бикстің қақпағынын астына залалды индикаторды салыңыз.

    4. Бикстің қақпағын кілттеп жабыңыз.

    5. Бикстің тұтқасына таңбаны байлаңыз.

    6. Салынған күнін және жауапты адамның қолын қойыңыз.



    Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері

    (ҚР ДСМ № 8 бұйрығы 28.08.2018ж.)
    Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту – дезинфекция, стерилизация алдындағы тазарту және стерилизация жолы арқылы жүзеге асырылады.

    Дезинфекция патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан қүюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.

    Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан қүюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсызсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.

    Стерилизация алдында барлық бұйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындағы тазарту өткізіледі.

    Стерилизация – бұл әдіс залалсыздандырған материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдар және бөлек диагностикалық аппаратуралар түрлері, медициналық құралдар, пайдалану процессінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.

    Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:

    1 кезең – дезинфекция

    2 кезең – стерилизация алдындағы тазарту,

    3 кезең – стерилизация

    I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды дезинфекция

    Мақсаты: жұкпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

    Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін: 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді) қақпағымен, белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес; №1-ыдыс зарарсыздандыру ертіндісімен құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтыктардан жууға тағайындалған; №2-ыдыс зарарсыздандыру ерітіндісімен медицинада заттарды зарарсыздан-дыруға тағайындалған; бирканы (таңбаны); арнайы киімді (халат, маска, қолғап); пайдаланған медицинада тағайындалған заттар; лотоктар.

    Іс-әрекет алгоритмі:


    • арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;

    • 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;

    • ыдыстар мен қақпақ белгіленеді: заттын аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;

    1-ші ыдыста

    • пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардын ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

    • медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;

    2-ші ыдыста

    • медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

    • оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;

    • ыдысты қакпақпен жабыңыз;

    • зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;

    • зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалған құралдарды шығарыңыз;

    • № 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;

    • медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;

    • медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуыңыз;

    • қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

    • медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;


    IІ кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу

    Стерилизациялау алдындағы тазалықты орталық стерилизациялау бөлімінде жүргізіледі.

    Мақсаты: органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медицинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүргізу.

    Дайындаңыз: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ерітіндісі бар ыдысты, сағатты, ершті немесе дәке тампондарын, лотоктарды тазартылған суы бар ыдысты, медицина тағайындаған құралдарды, жұмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышты, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты «Лотос», «Айна», 27,5% су тегі асқын тотығын.

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.

    2. Жуушы ерітіндіні 20-250С ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.


    ЖУУШЫ ЕРТІНДІНІҢ ҚҰРАМЫ

    компоненттің аттары

    ертіндіні даярла-уға арналған компоненттердің мөлшері

    қолданылуы

    • жуушы зат (Айна, лотос)

    5 гр

    қолмен тазартқанда қолданылады

    • ауыз суы (см3)

    1 л

    • сутегі асқын тотығы ерітіндісі 27,5%

    17 мл

    механикаланды-рылған және қолмен тазартқанда (сыр-ғып ағу әдісімен, ерштеу үльтра-звукті пайдалану)

    • -жуушы зат (Айна, лотос)

    5 гр

    • -ауыз суы (см3)

    1 л




    1. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз.

    2. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).

    3. Медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа салыңыз.

    4. Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз.

    5. Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтын сапасына бақылауды жүргізіңіз.

    6. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтін пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат).

    7. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).

    8. Медицинада тағайындалған құралдарды мақтаның немесе сүрткінін үстінен ұстаңыз, аққан реактивтің түсін бақылай отыра.

    9. Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.

    АЗОПИРАМ БАЙҚАУЫ
    Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді

    көк-күлгін түске

    егерде заттарда жасырынды қан қалса

    күрең-қоңыр түске

    егерде заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса

    қызғылт түске

    егерде заттарда жуушы зат қалдығы қалсы

    Реакция оң болады, егерде бояну болса (1 минуттан кейін)


    • бояну, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп);

    • қаңға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өндеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;

    • синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды суда шайқау кезеңінен бастап;

    • байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсы өзгермейді.




    1. Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз.

    2. Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы жуыңыз.

    3. Ыстық ауа шкафында t-850С ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.


    написать администратору сайта