Қан көрсеткіш. 16 стоматит, гельм. Стоматиттер ауызды ойылуы. Этиологиясы
Скачать 21.05 Kb.
|
Стоматиттер – ауыздың ойылуы. Этиологиясы: микробты және вирусты. Стоматит дамуына әкелетін факторлар – жедел инфекциялық аурулар (қызылша, скарлатина, грипп, желшешек т.б).Сонымен бірге стоматиттің себебіне әртүрлі интоксикациялар (сынап, висмут), медикаментозды заттармен жергілікті әсер ету жатады. Клиникасында 4 түрін ажыратады: а) катаральды стоматит б) ойық жаралы стоматит в) саңырауқұлақты стоматит г) герпестік (афтозды) стоматит а) Катаральды стоматитте шырышты қабаттардың гиперемиясы мен ісінуі байқалады.Дұрыс күтім мен емнен кейін ауру толық жазылады. б) Ойық жаралы стоматит, негізінен, ересек жастағы балаларда, кариесті тістері бар балаларда, дұрыс күтім болмаса байқалады.Жалпы интоксикациялық белгілер (дене қызуының 38-39 градусқа көтерілуі), жақасты лимфа түйіндерінің үлкейіп, сілекей бөлінуінің көбеюі байқалады.Иектері ісінулі, ауырсынуы бар, қанағыш, ауыз қуысының әртүрлі бөліктерінде аз көлемді ойық жаралар пайда болады, олар сұр түсті некрозды жабынмен жабылған. Асқынулары – іріңді лимфаденит, тонзиллярлы абсцесс, сепсис. Емі – жергілікті және жалпы.Жергілікті: 1:6000 қатынаста калий перманганаты ерітіндісімен ауыз қуысын өңдеу, 2% бор қышқылымен, 3% сутегі тотығымен, антибиотиктер жергілікті, қажет болса – детоксикациялық терапия. в) Ауыз қуысы шырышты қабаттарының саңырауқұлақтармен зақымдануын шақыратын қоздырғыштар – c.albicans, c.tropicans. Кіші жастағы балаларда сілекейдің қышқыл реакциясы, ішек дисбактериозы т.б әкеледі. Клиникасы: балаларда ауыз қуысының жедел кандидозы (молочница) жиі кездеседі.Оның жеңіл, орташа, ауыр түрлерін ажыратады.Ең негізгі симптомы – ауыз қуысының шырышты қабатында жабынның түзілуі. Жеңіл түрінде шырышты қабаттың шектелген учаскелерінде ірімшікті түйірлер тәрізді жабынның болуы, жеңіл алынады, ауру ұзақтығы – 7 күн, рецидив болмайды. Орташа түрінде – гиперемия негізінде ірімшікті немесе пленкалы жабын түзіледі, жайылмалы түрде ерінді, ұртты, тілді, қатты таңдайды жабады.Ауру ұзақтығы- 10-15 күн, рецидив болуы мүмкін. Ауыр түрінде пленкалы жабын ұрттың шырышты қабатын жабады.Ауру ұзақтығы 1айға дейін созылады. Емі: 1 % анилинді бояғыш ерітінділер, 20 % натрий бораты ерітіндісі, йодинол. Ересек балаларға шырышыты қабаттарды 5 % нистатин, леворин немесе 0,5% декамин мазьдарымен майлайды. г) Жедел герпесті стоматит (афтозды стоматит) – балалардағы ауыз қуысы шырышты қабатының ең кең тараған ауруы. Ауа-тамшылы, ойыншықтар арқылы таралады. Инкубациялық кезеңі – 2-6 күн. Жиі ерте жастағы балалар ауырады. Ауру жедел басталады, жалпы интоксикация белгілері (әлсіздік, тері, бұлшықет гиперестезиясы, бозғылттану, құсу т.б) дамиды, кейін ерін, ұрт, тіл шырышты қабаттарында жеңіл жарылатын көпіршіктер немесе эрозиялар түзіледі, сары-сұр түсті фибринозды жабынмен жабылған, бұл өзгерістер ауырсынумен көрінеді, тамақ ішу мен сөйлеуді қиындатады. Ауру ұзақтығы – 7-10 күн. Афтлар тыртық қалдырмай жазылады, рецидив болмайды.Ауырған баланы шектеп, бөлек ыдыс, қол орамалмен қамтамасыз етеді. Емі:ауру қуысын сағат сайын антисептиктермен өңдейді.Афтларды өңдеу үшін протеолитикалық ферменттер (трипсин, химотрипсин) қолданылады.Тері зақымдалса – 1 % анилинді бояғыш ерітінділер, 0,25 % оксолин, 5 % теброфен, мырышты, 5 % интерферонды, синтомицинді эмульсиялар тағайындалады. Гельминтоздар Гельминттер – адам мен жануарлар денесіндепаразиттік өмір сүретін құрттар. Бұл құрттардың шақырған ауруларын гельминтоздар деп атайды.Гельминтоздардың себебі – гигиеналық режимді сақтамау. (кір қолдың ауруы).Тырнақ астымен, жуылмаған жеміс-жидектер арқылы, кір ойыншықтар арқылы баланың аузына құрттардың жұмыртқалары түседі, ішек пен асқазанға түсіп, жұмыртқалар өсіп жетіледі, өскен құрттар баланың қанымен, ішкен тағамдарымен тамақтанады, өздерінің улы заттарын бөледі. Балаларда, көбінесе, домалақ құрттардың түрі ауру тудырады: Аскаридоз – ұзындығы 25-40 см болатын ақ құрттармен шақырылады.Аскаридалар аш ішекте өмір сүреді.Жұмыртқалары нәжіспен сыртқа шығады. Энтеробиоз – кішкене жұмыр, ұзындығы 2-10 мм ішек құрты острицалармен шақырылады.Острицалар тоқ ішекте өмір сүреді.Аналықтары түнде анустың айналасындағы қатпарларға шығып, жұмыртқа салады. 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп жетіледі.Бала құйрығын қасыған кезде тырнақ астына жиналады да, қол жумай тамақ ішкен кезде бала өзіне-өзі қайта жұқтырады.(аутоинвазия). Клиникалық көрінісі:Баланың іші ауырады, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді, құйрығы қышиды, терісі бозғылт сарғыш түсті, дене салмағын қоспайды, қайта кемиді, тез шаршағыш, жүрек айнып, ішек түбі ауырады, себепсіз іші өтеді немесе іші қатады. Диагнозын анықтау үшін: Нәжісті жылы күйінде үш жерден таяқшамен пенициллин флаконына салып, гельминт құрттарын зерттеуге жібереді, үш рет үш күн ішінде және анустың айналасындағы қатпарлардан қырынды алып анализге жібереді.( соскоб). Емдеу және күтімі: 1.Тырнақтарын қысқа қиып, іш киімін, төсегін жиі ауыстырып, жуып, үтіктеп тұру керек.Іш киімін таңертең ауыстыру керек. 2.Науқас баланың үйіндегі барлық туыстарын тексеріп, анализінде гельминт жұмыртқалары табылған адамды емдеу керек. 3.Гельминтке қарсы дәрі қабылдау қажет: декарис, вермокс, пиперазин, пифантейл. 4.Оттегімен емдеу.(ішекке немесе асқазанға енгізіледі). |