Главная страница
Навигация по странице:

  • 1. Бұл жағдайда дәрігерге қандай әрекет жасауға болады

  • Новый текстовый документ. Студент Абдрахман Жантас тобы жм1601 Аралы баылау


    Скачать 7.38 Kb.
    НазваниеСтудент Абдрахман Жантас тобы жм1601 Аралы баылау
    Дата17.07.2021
    Размер7.38 Kb.
    Формат файлаrtf
    Имя файлаНовый текстовый документ.rtf
    ТипДокументы
    #224624

    Студент:Абдрахман Жантас тобы:ЖМ-16-01

    Аралық бақылау

    Ситуациялық есеп 17

    Ауруxанаға туберкулезге күдікпен науқас түсті. Зерттеу нәтижесінде диагноз расталды. Дәрігерлер науқасқа диагнозын түсіндірді.Науқастың жақын туыстарына толық сараптама жүргізу қажет. Алайда, науқас өзінің диагнозын ешкімге жарияламауын талап етті. Олай болмаған жағдайда, науқас медициналық құпиялылық жариялау нәтижесінде оған келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы талап ететінін айтты.

    Сұрақтар:


    1. Бұл жағдайда дәрігерге қандай әрекет жасауға болады?

    2. Науқастың келісімінсіз медициналық құпияны жария етудің себептерін сипаттаңыз.

    1) Міндетті түрде туыстарына және бірге тұратын адамдарына хабар ету керек.Онымен қарым-қатынаста болған адамдардың бәрін тексеру керек.

    2)Бұл жағдай науқастың келісімінсіз медициналық құпияны жария етуге себепші болып табылады. Себебі туберкулез ауа-тамшылы жолмен таралатын және қоршаған ортадағы адамдарға қауіп төндіретін аурулар қатарына жатады.

    ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі 30 тарау 273 бап.Медицина қызметкері құпиясы.

    Медицина қызметкері науқастың келісімінсіз айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар таралу қатері кезінде дәрігерлік құпияны жария ете алады.

    Медициналық құпияны жария етудің басқа себептері:

    1)өз еркіне қабілетсіз,жай-күйіне жауап бере алмайтын және заңды өкілі болмаған жағдайда;

    2)сот істерінде прокурор,адвокаттың сұрауы бойынша;

    3)18 жасқа толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғаға медициналық жәрдем көрсету мақсатында заңды өкіліне хабардар беру үшін;

    4)егер адамда психикалық ауытқу және сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділігі анықталған кезде;

    5)медициналық қызмет көрсету саласына мониторинг жүргізу;

    6) Қарсы барлау қызметінің міндеттерін шешу мақсатында арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша жол беріледі.


    написать администратору сайта