СТУДЕНТКЕ МІНЕЗДЕМЕ. Студентке мінездеме алматы аласы, аза лтты ыздар Педагогикалык университетіні
Скачать 13.48 Kb.
|
СТУДЕНТКЕ МІНЕЗДЕМЕ Алматы қаласы, «Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалык университетінің» «Филология» институтінің 1 курс студенті Курбан Айна Абдырахманқызы 23.01.2023-13.05.202ж жыл аралығында үздіксіз оку (танысу) практикасынан өтті. Үздіксіз оқу (танысу) практикасында Курбан Айна өзін жақсы қырынан керсете білді. Айна практиканың алғашқы күнінен бастап оқушылармен тез тіл табысып, оларды өзінің мәдениеттілігімен, өзін-өзі ұстай білу қабілетімен, қарапайымдылығымен өзіне баурай білді. Өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай алды. Білім беру, оқыту құжаттарын лезде түсініп, ұғып алды. Сабақ барысында әр түрлі әдіс-тәсілдермен, көрнекіліктермен жұмыс істей алатындығын көрсете білді. Сабақтарында ойындар, сергіту жаттығулары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Болашақ маман ретінде ізденімпаз, жаңалыққа жаны құштар, тәрбие мен білімнің негізін түсіне алатындығын көрсетті. Окушылармен жақсы қарым-қатынас жасады, білгенін үйретуге деген ынта-жігері көрініп тұрды. Сабақ беру барысында сабақ жоспарын кұруды, критерийлер бойынша тапсырмаларды құрастыруды, оқушыларды бағалау әдістерін колдануды үйреніп, тәжірибе жинақтады. Мен, Айнаның болашақта өз ісінің шебері, нағыз маман бола алатынына және жан-жақты, саналы, тәрбие мен білімді бойына сіңірген оқушыларды тәрбиелей алатынына сенімім мол. Жетекшінің бағасы_________________ Қолы _________________________________ |