Студентті 5 здік жмысы (жазбаша). Таырыбы 100 жаа есім
Скачать 16.89 Kb.
|
Студенттің №5 өздік жұмысы (жазбаша). Тақырыбы: «100 жаңа есім» жобасы. Постерлік баяндама. Жұптық жұмыс. Постерлік баяндама – конференцияларда, семинарларда ақпарат берудің қажетті түрлерінің бірі, соның арқасында қысқа уақыт ішінде үлкен көлемді әртүрлі жоспарлы мәліметтерді жеткізуге болады. Бұл жұмыстың визит карточкасы болып саналады. Стендтік баяндама- бұл ең көп көрнекі ақпарат және ең аз көлемді мәтін. Жұмыстың орындалу мерзімі: 1ай Жұмыстың мақсаты: жоба жеңімпаздарының озық идеялары және ашылымдарымен таныса отырып, білімге, ғылымға деген ізденісін арттыру; болашағына мақсат қоя білетін білімді, отаншыл тұлға қалыптастыру. ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: 1 Шрифтің ұсынылатын өлшемдері: Постердің тақырыбы – 16 кегль; автордың аты жөні – 14 кегль; баяндаманың негізгі мәтіні – 14 кегль. Тақырыпқа байланысты иллюстративті материалдар (графика, сурет, сұлбалар, фотосуреттер, кестелер және т.б.) постерде болуы міндетті. 2 Постерлік баяндама құрылымы: тақырыбы; қатысушылардың аты-жөні; баяндаманың мақсаты; баяндаманың мазмұны, нәтижесі (мәтінмен бірге графика, таблица, кесте, сурет және т.б болуы мүмкін); қорытынды; сілтемелер және т.б. – баяндаманың қағаздағы нұсқасын А4 форматында шығарып, тапсыру керек. Постерлік баяндамаларды талқылау барысында қатысушы берілген сұрақтарға толық жауап беруі тиіс. Тапсырма: Өзіңізге ұнаған, үлгі тұтқан жаңа есімді алып. постерлік баяндама жасау. Үлгісі төменде келтірілген сілтемеде берілген. https://yadi.sk/d/Tz6K-RD2VwglnQ |