Бегім Ж.Т БХ эс1. Студентті атыжні Бегім Ж. Т таырып аланша безді тапсырмасы
Скачать 0.56 Mb.
|
Студенттің аты-жөні:Бегім Ж.Т Тақырып: Қалқанша бездің тапсырмасы (жемсау) ТС тапсырмасы Микропрепараттың сипаттамасы 1. Қандай органның тіндері ұсынылған 2. Құрылымның өзгеруі 3. Процестің таралуы 4. Қорытынды
Есеп 1 Науқас Л., 38 жаста, дене салмағының біртіндеп төмендеуі, тітіркену мен шаршаудың жоғарылауы, терлеу, жүрек соғысы туралы шағымдармен ауруханаға түсті. Экзофтальм, қан қысымының жоғарылауы, тахикардия байқалады. Диффузды үлкейген қалқанша безі анықталады. Сұрақтар: Диагноз қойыңыз. Базед ауруы не болмаса көп жағдайда уытты жемсау деп аталынады Бұл аурумен не жүреді? Греф симптомы – адам төмен қараған кезде үстіңгі қабақ пен көздің қасаң қабығының арасында ақ жолақ пайда болады; Штельваг симптомы – сырқат адам кірпігін сирек қағады; Мобиус симптомы – қадалдыра қаратқан затты көзінің алдына біртіндеп жақындатқанда, қарашықтар бір нүктеге түйісе алмай, көбіне жалт етіп, ауытқып кетеді; Жоффруа симптомы – науқас жоғары қарағанда маңдай терісі қыртыстанбайды. Науқас көзін жұмып, қолын созса, онда саусақтарының дірілдегені байқалады (Ромберг симптомы). Уытты жемсауда зақымданбайтын ағза қалмайды. 3. Қалқанша безінің фолликулалары микроскопиялық түрде қандай пішінді болады бұл ауру кезінде бездер және оларда қандай коллоид бар? Цилиндр және кубпішінді сонымен қатар Сандерсон жастықшалары түзіледі. 4. Бұл ауру кезінде жүректің атауы? Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі және жүрек бұлшықетті қабаты қалыңдап(гипертрофия)орын алады. 5. Жемсауды алып тастау операциясы кезінде не дамуы мүмкін? Бүйрекүсті безінің жедел жеткіліксіздігі байқалады. Есеп 2 12 жасар бала зейін қойып тыңдамау, мектеп үлгерімінің төмендеуі қиындықтарға байланысты педиатрға жіберілді. Педиатрдың жазбасына сәйкес, бала алдыңғы жолыққан жағдайдан 6 ай бұрын 2,5 кг салмақ жоғалтты. Қарау кезінде: бойы-150 см, салмағы-30 кг, астендік дене бітімі, тері жамылғысы жылы ылғалды. Жүрек үндері ырғақты, қатты; Боткин нүктесінің аймағында систолалық шу. Жүрек соғу жиілігі-минутына 110 соққы. АД-130/50 м. сын. бағ. Қалқанша без тексеру кезінде байқалады, мойынның алдыңғы бетін деформациялайды. Пальпация кезінде: екі бөлігімен арасындағы байланыс ұлғайған, без диффузды жұмсақ-эластикалық консистенциялы. Ромберг позасында - мелкоамплитудты дірілдеу қол саусақтарының. Ең ықтимал диагноз. Токсикалы диффузды жемсау Қалқанша безінің макроскопиялық өзгерістерін сипаттаңыз. Без көлемі үлкейіп,консистенциясы тығыз,түсі қоңыр қызыл. Қалқанша безінің микроскопиялық өзгерістерін сипаттаңыз. Фолликулдардың призмапішінді эпителийцилиндрпішінді эпителийге айналады,эпителий көбейіп ,фолликулдардың ішінде тарамдалған бүрлер түзіледі,коллоид сұйылып ,құрамында йод азайып ,көпіршіктеніп ,боялу сипаты өзгереді. Осы науқаста жоғарыда сипатталған клиникалық көріністердің пайда болу механизмін түсіндіріңіз. Гипертиреоидизм синдромы ең айқын бейнелі ауру,сондықтан оны гипертоксикозды жемсау деп те атайды.Оның даму себебі-аутоиммундану,тиреоциттердің жасушалық рецепторлары антидененің әсерінен жанданады. 5. Мүмкін болатын асқынуларды тізімдеңіз. Жалпы бұл аурумен әр түрлі ішкі организмнің бұзылыстары қатар жүреді. Қанда тироксин, әсіресе зат алмасуына ықпалды үш – йод – тиронин көбейеді. Сөйтіп, зат алмасу дәрісі ұлғаяды. Тиреоидтық гормондар ақуыздың ыдырауын жылдамдататындықтан, қанда азот пен амин қышқылдары көбейіп, зәрмен амиак, фосфар, несеп қышқылы сыртқа тым көп шығарылады. Тироксин мен үш – йод – тиронин көмірсулардың майға айналуын тежейді. Майлар шапшаң ыдырап, олардың денедегі қоры азаяды, науқас тез жүдеп кетеді. Диффузды гормондардың әсерінен тотығу дәрісі тежеліп, ағзада энергия қоры азаяды. Ыдыраудан пайда болған энергия ағзаларының қызметіне жұмсалады, соның салдарынан негізгі зат алмасу дәрісінің деңгейі жоғарылап, дененің қызуы көтерілуі мүмкін. Әсіресе жүрек – тамыр жүйесінің жұмысының бұзылуы нағыз айқын орын алады. Науқас жүрегі лүпілдеп, шаншып ауыратынына шағымданады. Ауа жетпей алқынады. Науқастың денесін сипағанда, терісі дымқыл болады. Мойынның күре тамыры қатты соғады. Жүрек соғуы жиілеп, тахикардия білінеді, жүрек соғуы минутына 120 – 140 қа дейін болады. |