тақпақ наурыз. Су жылтырап брін ашан жас талдан, Бу брырап атып алан тастардан
Скачать 17.95 Kb.
|
Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан, Бу бұрқырап қатып қалған тастардан. Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан, Бар тіршілік Наурыздан басталған! Ел де тыныш! Жер де тыныш – бұл күні, Көреміз тек қуаныш пен күлкіні. Табысқан жұрт таныс тауып жатады, Жамалғандай жүректердің жыртығы! Саф тыйылып Сарыарқаның бораны, Күн өрлейді күмбезінен жоғары. Наурыздың жиырма екісі толғанда, Тоғысады тоғыз жолдың торабы... Жылғалардан су аққанда сырғанап, Шаң - тозаңнан тазарады нұрлы алап. Толтырады шаңырақтың шаттығын – Наурызбай, Ұлысжандар – іңгәлап?! Жалғасады жақсылықтар – «Иә, сәт!» Қарлығаштар үй сыртына ұя сап – Жүрсе, Бақыт қонатынын хабарлап, Бұлт көшеді ақ жаңбырын құя сап! Наурыз менің елімнің берекесі, Жаңа жылы қазақтың мерекесі. Шаңырағы биіктеп күнге жақын, Ұлаңғайыр керілсін керегесі. Қымбат білген адамға сөз өнері, Бұрқ - сарқ етіп қайнасын көжелері. Жаңа жылда елімнің көркі өсіп, Гүлге толсын көгеріп көшелері. Келдің бе наурыз – жыл басы, Бар құтын жиып өлкенің. Халқың сенің сырласың, Өзіңнен өрбір көркем үн. Туған жер жұпар тұр аңқып, Гүл шашып жатыр бар аймақ. Атады елді қуантып, Көктемнің таңы арайлап. Бақыт қонатын күн дабыл қағатын күн Бүгін ақ тіліктер қабыл болатын күн Бізбен бірге ән сала күнде тұр тамсана Шаттық сыйлайтын күн баршаға [Қайырмасы] Байлығың берекең көңілің көл екен Құтты болсын елім мерекең Пейілің кең екен далаңа тең екен Тарқамасын мәнгі мерекең Шашқан нұр ұшқынын Бәрі туыс бүгін Тұрса бұзылмастан осы тыныш көңіл Биле беделіңде шексіз көңілімде Болсын мереке тек елімде [Қайырмасы] Байлығың берекең көңілің көл екен Құтты болсын елім мереке Пейілің кең екен далаңа тең екен Тарқамасын мәнгі мерекең - Бақыт қонатын күн дабыл қағатын күн Бүгін ақ тіліктер қабыл болатын күн Бізбен бірге ән сала күнде тұр тамсана Шаттық сыйлайтын күн баршаға [Қайырмасы] Байлығың берекең көңілің көл екен Құтты болсын елім мерекең Пейілің кең екен далаңа тең екен Тарқамасын мәнгі мерекең Шашқан нұр ұшқынын Бәрі туыс бүгін Тұрса бұзылмастан осы тыныш көңіл Биле беделіңде шексіз көңілімде Болсын мереке тек елімде [Қайырмасы] Байлығың берекең көңілің көл екен Құтты болсын елім мереке Пейілің кең екен далаңа тең екен Тарқамасын мәнгі мерекең - |