Главная страница

Қаратомар су қоймасы. Су ресурстарыны жадайы


Скачать 20.72 Kb.
НазваниеСу ресурстарыны жадайы
Дата15.01.2019
Размер20.72 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚаратомар су қоймасы.docx
ТипДокументы
#63848

Су ресурстарының жағдайы

Қостанай облысының су объектілері Тобыл- Торғай су алабына жатады. Тобыл және Торғай өзендерінің ұзындығы 500 км астам, оның ішінде ұзындығы 100 км асатын өзендер саны-21, ұзындығы 10 километрден асатын су ағыстары 310 –ға жуық, оның ішінде жартысынан астамы уақытша су ағыстары.

Қостанай облысы аумағында 5000 жуық көл бар, олардың жалпы ауқымы облыс көлемінің 2 пайызын құрайды, көлдердің 20 пайызын облыстың солтүстік бөлігінде, 60 пайзы оңтүстігінде орналасқан. Көлдердің 80 пайызының су айдыны ауқымы 1 шаршы километрге жетпейді. Ең үлкен көлдер- Құсмұрын, Ақсуат, Сарымойын, Сарықопа көлдері болып табылады.

Тобыл өзені ірі су ағыстарына жатады және 2 мемлекет Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аумағымен ағып тұратындықтан, трансшекаралық болып келеді. Ресей- Қазақстан трансшекаралық аумағы болып Тобыл өзені алабынын Қостанай, Челябі, Қорған облыстарында орналасқан бөлігі саналады. Тобыл өзенінің ірі салалары: Сынтасты- Желқуар, Әйет, Үй, Обаған. Осы өзендердің Қостанай облысы аумағындағы су жинау алабы 167520 км2 құрайды.

Шаруашылық іс әрекеттерінің нәтижесінде, Тобыл өзені және оның салалары көптеген тоғандармен және су қоймалармен реттеледі.

Тобыл- Торғай су алабы аумағындағы өнеркәсіпорындарының негізгі бөлігі Жетіқара, Лисаков, Қостанай, Рудный қалаларында, аз бөлігі аудандарда және кенттерде шоғырланған. Тобыл- Торғай су алабы аумағындағы Соколов- Сарбай тау-кен байыту комбинаты, Қашар ТБК, Қоржынкөл кен ошағы, Лисаков қоңыр теміртастар кен орны, Приозерский қоңыр көмірлер ошағын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Су алабында негізгі су тұтынушылар:

  • өнеркәсіп,

  • коммуналдық- тұрмыстық

  • ауыл шаруашылығы.

Қостанай облысында өнеркәсіптік мақсатында қолдану үшін және саябақ қоғамы, шаруа қожалығы, қалаларға шаруашылық ауыз- су қажеттілігін қанағаттандыру үшін 11 су қоймасы қолданыста.

Тобыл өзені бойынша су қоймалардың жобалық көлемі 1485,1 млн. м3 құрайды.

2014 жылы облыстың ірі су қоймаларында су көлемі ұлғайды және соңғы судың аз жылдары жобалау көлемінен судың толымдығы 60-70 пайыз құрайды.

  1. Жоғарғы – Тобыл су қоймасы: жобалау көлемі – 816,6 млн м3, нақты көлемі – 593,37 млн м3, -29,8 млн м3-ге (14пайыз) көлемнің ұлғаюы.

  2. Қаратомар су қоймасы – жобалау көлемі -586,0 млн м3, нақты көлемі -409,5 млн м3, 2011 жылдың көлемі -439,3 млн м3, -29,8 млн м 3 –ге көлемнің азаюы.

2014 жылы Қостанай облысының жер аумағында жер бетіндегі сулардың ластануын қадағалау (Тобыл, Аят, Тоғызақ, Обаған,Ұй өзендері және Қаратомар, Амангельді, Верхнетобольск су қоймасы) 8 су нысанында өткізілді.

Су сапасы келесі түрде бағаланады:

  • Су «шамалы лас» - Аят өзені, Амангельді су қоймасы;

  • Су «лас» - Тобыл, Тоғызақ, Ұй өзендері, Қаратомар, Вернетобольск су қоймалары,

  • Су «өте лас» - Обаған өзені.


2013 жылмен салыстырғанда су сапасы, Аят, Ұй өзендері, Амангельді су қоймасында айтарлықтай өзгермеді; Тобыл, Тоғызақ, Обаған өзендерінде, Қаратомар , Вернетобольск су қоймаларында – нашарлады.

Төтенше ластанудың биік деңгейі Тобыл, Аят, Ұй, Обаған өзендерінде және Амангельді су қоймасында байқалады.


Су нысандарының атаулары (әкімшілік облысы)

Судың ластану индексі (СЛИ)- су сапасының сипаттамасы

2014 жылы РШШ-тан асатын ластанушы заттарды ұстау

2013жыл

2014жыл

Ингредиенттер

Орташа шоғырлануы, мг/дм3

Асып кету қарқыны, РШШ










Мыс

Мырыш

Фенолдар

0,007

0,013

0,007

7 ,0

Қаратомар су қоймасы

1,24 орташа ластанған

3,65 ластанған

Сұйытылған оттегі

БПК5

Сульфаттар

Мыс

Мырыш

Фенолдар







Амангельді су қоймасы

1,36 орташа ластанған

1,46 орташа ластанған

Сұйытылған оттегі

БПК5

Сульфаттар

Мыс

Мырыш

Фенолдар







Жоғарғы Тобыл су қоймасы

1,14 орташа ластанған

2,53 орташа ластанған

Сұйытылған оттегі

БПК5

Сульфаттар

Мыс

Мырыш

Фенолдар








Тобыл- Торғай су алабына байланысты судың негізгі мәселесіне мыналар жатады:

1.Төгінді суларды тазалау тиімсіздігі, оның ішінде Қостанай қаласында қазіргі заманғы күрделі биологиялық тазартуынын болмауы; Қостанай қаласының кәріз жүйесін тазарту құрылыстары карталар түрінде


написать администратору сайта