Суірді алтысы Сабаты таырыбы Факс жне email арылы жіберілетін жаттар Теория
Скачать 23.73 Kb.
|
Сәуірдің алтысы Сабақтың тақырыбы: Факс және E-mail арқылы жіберілетін құжаттар Теория Факстер және е-mail Факс – байланыстың телефон жүйесі бойынша арнайы аппараттың (телефакстің) көмегімен алынған құжат. Факс ұсынылатын құжаттың көшірмесі болып табылады. Телефакс бойынша құжаттардың кез-келген түрлері және оған қосымшалар жіберіледі: кестелер, сызбалар, схемалар, суреттер, т.б. Факс іскер әріптестермен, ұйымдармен арадағы хат алмасудың бір түрі. Факсті ресімдеу іскерлік хатты рәсімдеуге ұқсас. Аппараттың өзі қоятын қосымша деректері: жіберушіні (кодты) көрсету; ақпараттың берілген күні және уақыты; ақпарат берілген телефакстің (аппараттың) нөмірі; беттердің саны болады. Факсті жіберуші ақпараттың алушыға жеткендігі туралы растау (CONFIRMITION REPORT) алуға тиіс, онда: алушы фирманың коды; факсті алушының нөмірі; күні; ақпаратты берудің уақыты және ұзақтығы; алынған беттердің саны (Р); нәтижесі (RESUL TS) көрсетіледі. Ең басты баған «RESUL TS» болып табылады, егер хабар толық және қатесіз жетсе, оған «ОК» (o key) қойылады немесе факс алу кезінде іркілістер болса, «NG» (негатив) белгісі соғылады. Егер алынған факстердің маңызды ақпараты болса және ол ұзақ пайдалануға арналса, онда олардың көшірмесін түсіріп алады, өйткені факс қағазы ұзақ сақталмайды. Алайда қымбат факс аппараттарын пайдалану кезінде көшірме жасау міндетті емес. Байланыстың бұл түрі жедел ақпарат жіберу үшін қолданылады, өйткені факспен берілген құжаттардың өзінің түпнұсқалығы туралы растамасы болмайды, егер шартта факспен хабар алмасу айтылған болса, онда олардың осындай нысанның өзінде заңдық күші болады. Коммерциялық хат алмасулардың көп бөлігі 3 жыл сақталады және мұрағатқа өткізуге жатпайды. Аса маңызды мәселелер бойынша шетел фирмаларымен алмасқан ақпараттар (экспорт, импорт, кепілдік) 10 жыл сақталады. Электрондық поштамен жіберілген құжаттардың көшірме деген мәртебесі болады және қолы мен мөрі болуға тиіс. Бұл ретте электрондық қолды пайдаланылатын субьект пайдалану құқығына және электрондық қолдарға рұқсат алуға қатысты сақтық пен бақылаудың тиісті шараларын белгілейді. Факс және Е-mail бойынша құжаттар алмасу шарты азаматтық-құқықтық сипаты бар шарттарда айтылуға тиіс. Осындай құжаттарға заңдық күш беру үшін 27.12.94 ж. № 268 – ХІІ ҚР АК-нің 152 бабының және 07.01.2003 ж. № 320-ІІ ҚРЗ-ның талаптары орындалуы тиіс. ЭЛЕКТРОНДЫҚ КӨШІРМЕ (Е-mail) 193.193.238.66 Е-mail Электрондық көшірме (Е-mail) 193.193.238.66 Е-mail Кімнен: Жанәділова Жанымкүл Кімге: OblNK ListMember zdzhanadilova@mqd/kz Жіберілді: 2001 жылдың 11 қаңтары, 18:57 Қосу: АТТ00000hтм КазначМФРК таблица по БК200г.дос; Классиф. сравнит. Тақырыбы: Жіберілді: жаңа БК классификациясын қолдану туралы (01) Бастапқы хабар Кімнің: У.Ш.Тоғауытова Жіберілді: 2020 жылдың 11 қаңтары 18:51 Кімге: Жанәділова Жанымкүл Тақырыбы: Жаңа БК классификациясын колдану туралы Маңызы: Өте жоғары ---Original Message--- From: Торгаутова У.Ш. To: oblnk@mgd.kz Sent: Thursday, January 11, 2020 12:36 РМ Subject: По применению новой БКлассификации Міндетті түрде алғандығы туралы растау қағазын жіберу керек. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Факс деп құжаттың қандай түрі аталады? Факс қандай құжаттың көшірмесі болып табылады? Телефакс бойынша нелер жіберіледі? Факсті ресімдеу қандай құжатты ресімдеуге ұқсас? Аппараттың қандай қосымша деректерді өзі қояды? Ақпараттың алушыға жеткендігі туралы растамада нелер көрсетіледі? Ең басты баған қандай баған болып табылады? Егер хабар толық және қатесіз жетсе, оған қандай белгі қойылады? Факс алу кезінде іркілістер болса, қандай белгі соғылады? Факстердің көшірмесін қандай жағдайларда түсіріп алады? Себебі не? Қандай жағдайда көшірме жасау міндетті емес? Байланыстың бұл түрі не үшін қолданылады? Себебі не? Қандай жағдайда факстің заңдық күші болады? Коммерциялық хат алмасулардың көп бөлігі неше жыл сақталады? Қандай ақпараттар 10 жыл сақталады? Қандай құжаттардың көшірме деген мәртебесі болады? Мұндай құжаттардың несі болуға тиіс? Электрондық қолды пайдаланылатын субьект қандай шараларды белгілейді? Факс және Е-mail бойынша құжаттар алмасу шарты қандай шарттарда айтылуға тиіс? Мұндай құжаттарға заңдық күш беру үшін қандай талаптар орындалуы тиіс? Үй тапсырмасы: ФАКС үлгісін толтырыңдар Кәсіпорынның атауы ____________________ Кәсіпорынның басшысы__________________ Кәсіпорынның мекен-жайы___________________________________________________ __________________________________________________________________________ "___ "_____ 20____ ж. №_____ факс "_____ "___________ 20___ жылғы № ____шот бойынша төлемді кешіктіру туралы Құрметті _________________________________________! "Технократ-105" жабдығының комплектісін жеткізіп беру туралы "___ " ____20___ жылғы №__________шот бойынша төлемнің кешіктірілгенін естеріңізге саламыз. Шотты Сіздерге факс бойынша 10 күн бұрын жібергенбіз. " ___"______ 20____ жылғы №_____ келісім-шарттың 6.4. тармақшасына сәйкес 5 банктік күннен кейін кешіктірілген төлем үшін өсімақы есептеледі. Біз Сіздер тез арада мәселені шешеді деп сенеміз. Директор қолы_______________ аты-жөні__________________________ Р.S. Бүл ескертпені алған кезде Сіздер төлемді төлеп үлгерген болсаңыздар, біз Сіздерге тек қана алғысымызды білдіреміз. |