Главная страница
Навигация по странице:

  • Барлық оқушылар

  • Кейбір оқушылар

  • 3-сынып-28.09. Сз артында сз Педагогты атыжні


    Скачать 0.61 Mb.
    НазваниеСз артында сз Педагогты атыжні
    Дата11.10.2022
    Размер0.61 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла3-сынып-28.09.doc
    ТипДокументы
    #727879

    Қысқа мерзімді жоспары

    Бөлім

    Сөз артында сөз

    Педагогтың аты-жөні

    Караева Дана

    Күні

    28.09.2022

    Сабақтың тақырыбы:

    Қозғалыс командаларын жоба құруда қолдану

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

    3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану

    3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру

    3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою

    Сабақтың мақсаты:

    Барлық оқушылар:

    Мәтінді пішімдеу ұғымы туралы анықтамасын біледі

    Көптеген оқушылар:

    пішімдеу командаларды орындайды

    Кейбір оқушылар:

    мәтіндік редакторда форматтау мәзір панелінің атауын сәйкестендіреді


    Сабақтың барысы:


    Сабақтың кезені/ уақыт

    Педагогтың әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    1.Оқушылармен амандасу.

    2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

    3.Сәргіту сәті.

    Саусақ-жаттығулары.

    .



    1.Мұғаліммен амандасады.

    2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

    3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

    4.Жаттығуларды орындайды







    Сабақтың ортасы

    Жаңа тақырыпты түсіндіру.

    WordPad программасында мәтіннің үзінділерін тінтуірдің көмегімен апару (тасымалдау) және көшіру әдістерімен немесе меню командалары арқылы көшіруге және жылжытуға болады.

    Апару және орналастыру әдісі- бұл мәтіннің үзіндісін бөліп алып, тінтуірдің сол жақ батырмасын басып тұрыңдар да, бөліп алған үзіндіні іліп алып, қажетті орынға апарып орналастырыңдар.

    WordPad-та жұмыс істегенде кейбір кездерде мәтіннің белгілі бір бөліктерін құжаттың ішінде бір орыннан басқа орынға, тіпті басқа мәтінге, немесе WordPad-тың басқа құжаттарының арасында, сондай-ақ басқа қолданбалардың құжаттарының арасында ауыстырып апаруға және көшіруге тура келеді. Бұл мақсатта жылжытатын ақпаратты уақытша сақтауға арналған жад алмасу буфері пайдаланған жөн.

    Көрсетілім.

    Ерекшеленген мәтінді қалай көшіруге, қоюға және қиып алуға болады?




    Осы командаларды орындау барысында бізге қажетті мәтін немесе сурет жойылып кетпей, алмасу буферінде сақталады. Ақпарат жаңа нысандарды көшіргенге дейін сақталып, компьютер өшкенде ғана жойылады.

    Алмасу буфері- Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын компьютер жедел жадысының арнайы аймағы.
    Жеке жұмыс. 1- тапсырма.

    Мәтінді тер. Пішімдеу командаларды орында.

    Мәтін«Ұшты-ұшты»
    Дескриптор:

    - WordPad мәтіндік редакторды іске қосады;

    - мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді жазады;

    -пішімдеу командаларды орындайды;

    -Мәтіндік құжатты сақтайды.
    ҚБ: жұлдыз
    Жеке жұмыс. 2-тапсырма.

    Дескриптор:

    • пиктограмма бойынша құрал-саймандар атауын сәйкестендіреді;

    • қиып алу құралын сәйкестендіреді;

    • сақтау құралын сәйкестендіреді;

    • көшіру құралын сәйкестендіреді;

    - болдырмау құралын сәйкестендіреді;

    • қою құралын сәйкестендіреді.


    ҚБ: жүлдыз

    Мұғалімді тыңдайды

    1-тапсырманы орындайды

    2-тапсырманы орындайды


    Жұлдыз

    Жұлдыз



    Интербелсенді тақта/ компьютер

    Карточкалар

    Сабақтың соңы

    1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

    2.Кері байланыс:



    Өзін-өзі бағалау.







    Үй тапсырмасы

    § 8, жұмыс дәптері 20-21-бет













    Мәтін «Ұшты-ұшты».
    Ойынның аты- «Ұшты-ұшты».

    Ойынға қатысушылар бастауышының сөзін қалт жібермей бағып отыруы шарт. Ұшатын нәрсе айтылса, қолдарын жоғары көтереді. Ұшпайтын нәрсе айтылса, тырп етпей отырады.

    Бастауышы ойынды былай жүргізеді;

    -Ұшты-ұшты, қыран ұшты!

    -Ұшты-ұшты, экран ұшты!

    -Ұшты-ұшты, кептер ұшты!

    -Ұшты-ұшты, экскалатор ұшты!


    написать администратору сайта