Т ілді шыуы
Скачать 0.74 Mb.
|
Т ілдің шығуы - адамзат қоғамының пайда болуымен байланысты, алғашқы адамдамың сөйлеу мүшелерімен дыбыстарды бірінен соң бірін ажырата айтуы арқылықарымқатынас қажеттілігінің етелуі. Тіл қоғамда пайда болды, оны дамытатын - қоғам, халық. Тілсіз қоғам, қоғамнан тыс тіл болмайды. Тілдің шығуы практикалық қызмет үстіндегі кернекі ойлаумен тығыз байланысты, өмір сүру үшін күрес, еңбек процесінде, практикалық мәселені шешу үстінде пайда болды. Дыбыстап сөйлеудің шығуына дыбыс шығару қабілеті тікелей әсер етті. Тілдік қарым-қатынастың пайда болуы қоғамдық сананың қалыптасуымен орайлас. Адамды адам еткен - тіл. Тілдің шығуы - адамның әлеум. тіршілік иесіне айналуының алғы шарты. Дыбыстапсөйлеудің пайда болуы адамға тән екінші сигнал жүйесін қалыптастырды (сөз тітіркендіргіш қызметін атқарды, реакция туғызды). Сөздің пайда болуы адамдар арасындағы қатынасты жетілдіріп, қоршаған орта құпиясын ашатын ойлаудың жаңа сатысын туғызды. Тілдің шығуы мен жекелеген тілдердің пайда болуын шатастыруға болмайды. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі тілдің саны 5 мыңнан асады. Бірақ олардың бәрінің субстраты - біреу, ол - адамды қоршаған орта, міндеті де біреу, ол қарым-қатынас құралы қызметін атқару. Тілдің шығуы теориялық тұрғыдан алғанда, қазіргі адамның (һомо сапіенс) пайда болумен түспа-тұс келеді.[1] • Тілдің алғашқы негіздерін адамның пайда болуы процесімен байланыстыра қараған дұрыс екеніне көз жеткізуге болады. Ендеше тілдің қалыптасуы да адамның қалыптасуы тәрізді миллиондаған жылдарға созылған процесс. Және оның қалыптасуы адамның түр ретінде қалыптасуымен бірге жүріп, бұл жолда жетекшілік қызмет атқарғаны да рас. Тілдің пайда болып қалыптасу процесі глоттогенез деп аталады. Тіл білімі ғылым ретінде пайда болудан көп замандар бұрын тілдің және ойлаудың шығуы туралы мәселе әр түрлі ойшылдардың назарын аударған болатын. Ғасырлар бойында бұл мәселе туралы философтар мен социологтар , психологтар мен лингвистер түрлі-түрлі пікірлер мен жорамалдар айтып , сан түрлі байымдаулар жасап келді. Тіл қоғамдыққұбылыс . Сондықтан оның тарихы мен дамуы қоғамның тарихы мен дамуына тікелей байланысты болады. Осыдан тілді және оның даму заңдарын сол тілді иеленушілердің тарихы мен тығыз байланысында қарастыру міндеті келіп туады. Тілдің пайда болуы мен эволюциясы туралы теориялар Өрнек тілінің пайда болуы адамзат қоғамындағы тілдің пайда болуына және дамуына қатысты теорияларға жатады. Ғ асырлар бойы көптеген теориялар алға қойылған және олардың барлығы дерлік шағымданып, дисконтталған және күлкілі болды. 1866 жылы Париждің лингвистикалық қоғамы кез-келген тақырыпты талқылауға тыйым салады: «Қоғам тілдің пайда болуына немесе жалпыға ортақтіл қалыптастыруға қатысты ешқандай мәлімдеме қабылдамайды». Қазіргі заманғы лингвист Робинз Бёрлинг былай дейді: «Тілді меңгеру туралы әдебиетте кеңінен оқыған кез келген адам париж лингвистері тарапынан жасырын ойламайды. Адамзат тілінің қазіргі күйінен алдындағы тілдің түрін «диффузды тіл» деп атайды. Бұл тілдің дыбыстық ажыратылмайтын кезеңін білдіреді. Бұл тілде сөздер мен дыбыстардан гөрі мағына білдіруде интонациялар және ымдаулар маңызды орын алған. Бізді қазір үй жануарлары немесе кішкене сәбилер (екі-үш айға дейінгі) қандай да бір жолмен (сол диффузды түрде, яғни дауыс әуеніне, көзге, қимылдарға қарайды) «түсінеді». Жалпы тілдің ең бастау көздерін жануарлар әлемі мен инстинктілерден іздеу үрдісі қазір басты қағидаларға өзек болуда. Тілдің пайда болуы, дамуы, әдеби тілдің қалыптасуы, стильдік тармақталуы туралы мәселелер де тіл және қоғам түсінігіне орайласады. Бұл бағыттағы барлық мәселелермен тіл білімінің қомақты саласы болып табылатын социолингвистика ғылымы айналысады. Пайдаланылған әдебиеттер: Ә.Алдамұратов “Жалпы психология”Алматы 1996ж С.Бап-баба “Жалпы психология”Алматы 2005ж Қ.Б.Жарықбаев “Жантану негіздері”1996ж Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А., 1995. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1978 Google.com Yandex.ru |