Главная страница

эссе. шыгарма. Туелсіздік мгілік елді тыры Бір ата, бір ананы тлегіміз


Скачать 13.55 Kb.
НазваниеТуелсіздік мгілік елді тыры Бір ата, бір ананы тлегіміз
Дата23.02.2022
Размер13.55 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлашыгарма.docx
ТипДокументы
#371324

«Т-әуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры»

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! –

Тәуелсіз елім Қазақстаным. Алтайдан Алатауға дейін ұлан-ғайыр жерді мекен еткен ата-бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанов сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Бұл - қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алып қарасақ, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен де, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осы жолмен жүріп келеміз.


написать администратору сайта