3 АПТА ТАҒАМ. Таам нерксібінде залалсыздандыру трлері абылдаан Ибрагимова эльмира
Скачать 199.74 Kb.
|
Тағам өнеркәсібінде залалсыздандыру түрлері Қабылдаған:Ибрагимова ЭЛЬМИРА Орындаған : Тағайқызы Ақмарал Тобы : жбт-911 жОСПАРЫ Кіріспе Залалсыздандыру дегеніміз. Негізгі бөлім Залалсыздандыр тәсілдері. Қорытынды Залалсыздандыру Залалсыздандыру, дезинфекция – қоректік орталардағы, субстраттардағы материалдардағы, ыдыстардағы, аспаптар жəне лабораториядағы (өндірістегі) басқа да заттардағы микроорганизмдерді толық жою. Залалсыздандыру тәсілдері 1 Механикалық 2 Физикалық 3 Химиялық Механикалық залалсыздандыру Механикалық залалсыздандыру- жеңіл залалсыздандыру түріне жатады.Мысалы шаң сорғышпен тазалау,сабын сумен сүрту және т.б. Физикалық залалсыздандыру Физикалық залалсыздандыруда ультракүлгін, радиациялық, лазерлік сәулелермен, ультрадыбыспен өңдейді, қайнату, өртеу, бумен немесе ыстық ауамен өңдеу, т.б. пайдаланылады. Химиялық залалсыздандыру Химиялық залалсыздандыруда қышқылдар мен сілтілер, формалин, хлор, хлорлы әк, натрий хлориді, хлорамин, фенол препараттары, тотықтырғыштар, т.б. қолданылады. ТЕРМИЯЛЫҚ ЗАЛАСЫЗДАНДЫРУ Термиялық (автоклавта қөрғақ бумен 100°С - 140°С дейін) немесе құрғатқыш шкафтарда құрғақ ыстықпен (160°С - 200°С) Залалсыздандыру жатады. Жоғарғы температурамен залалсыздандыру кезінде келесі жұмыс фазаларына бөледі: қыздыру уақыты (жұмыс камерасында бастапқы қыздыру уақытынан бастап белгіленген температураға дейін); тепе-теңдік уақыты (жұмыс камерасында стерилденіп жатқан материалдың барлығына белгіленген температураның таралуы); жою уақыты (нұсқауда көрсетілгендей, микробтарды жоюға арналған уақыт). Залалсыздандырудың сенімділігі 50% жою уақытының ұзақтығына байланысты. Ыстық бу қысымымен залалсыздандыру - жылу өткізуші. Ол объектілерге ыстық ауаға қарағанда интенсивті әсер етеді. Таңу материалдарын, медициналық аспатарды, төсек-орындарды Залалсыздандыру кезінде ауаның қатысуынсыз өзіндік стерилдеуді жүргізеді. Ал жабық толған ыдысқа стерилизация кезінде жылу өткізгіштік қызметін атқарады. 1884 жылы Л.Л. Гейндейрех ең алғаш рет автоклавта жоғарғы бу қысымымен залалсыздандыруды жүзеге асырды. Қазіргі уақытта қөрғақ ыстықта Залалсыздандыруға төзімсіз құралдарды, автоклавта жүргізеді. Бұған төсек-орындар, резинкадан жасалған бөйымдар, синтетикалық заттар, жабық ампулалар жатады. Ультрадыбыспен залалсыздандыру Ультрадыбыспен залалсыздандыру - 2*10 (индекс 4) 2*10 (индекс 8) жылдамдығына дейін механикалық тербеліс, адам құлағы тербелісті 1 секунд ішінде қабылдамауы ультра дыбыс деп аталады. Ультрадыбысты жасанды түрде алу үшін аранай құрылғылар қажет. Ультрадыбыс көздеріне пьезоэлектрлік қасиетке ие турмалин, кварц кристалдары жатады. Қайнату – зарарсыздандырудың қиын емес түрі. Инелер, шприцтер, стерилизаторға салып, су құяды. Суға 1-2% натрий бикарбонатын қосқанда судың дезинфекциялық әсері күшейеді және металл өнімдерін қайнатқаннан кейін тоттанудан қорғайды. Күйдіру – (от жалының) ілмектерді, инелерді, пинцеттерді, пробиркаларды, спиртовканы т.б. зарарсыздандыруға пайдаланады. Пастеризация – 70 - 80ºС-қа дейін (30 мин) қыздыру, бактериялардың вегатативті формаларын өлтіреді. Тиндализация - 56°С температурада 5–6 күн күнделікті бір сағатқа жуық қыздыру, бұл кезде споралар да өледі. Ылғалды булы – камераларда киімдерді, төсек орындарды және басқа да жұмсақ заттарды өңдеуге қолданады. Кептіру - көптеген микрооргонизмднрді өлтіреді. Бірақ кейбір бактериялар, сонымен бірге кейбір бактериялардың вегатативті формалары кептіруге төзімді келеді де, ауа аэрозолінде шаңмен бірге оңай таралып отырады. Лиофильді құрғату әдісі бактерияларды зертхана жағдайында концервациялау үшін кеңінен қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер https://kk.wikipedia.org/wiki/Залалсыздандыру https://www.stud24.ru/veterinary/zalalsyzdandyru-sterilizaciya-dster-himiyaly-mehanikaly/514093-2245492-page1.html |