Главная страница

текст для тезиса. Таамды оспалар шырын німдеріне дм, консистенция, тс, иіс, сырты трі сияты белгілі бір сапаны беру мен сатау мерзімін зарту шін олданылатын синтетикалы химиялы немесе табии заттар


Скачать 16.82 Kb.
НазваниеТаамды оспалар шырын німдеріне дм, консистенция, тс, иіс, сырты трі сияты белгілі бір сапаны беру мен сатау мерзімін зарту шін олданылатын синтетикалы химиялы немесе табии заттар
Дата22.02.2022
Размер16.82 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлатекст для тезиса.docx
ТипДокументы
#370151

Тағамдық қоспалар – шырын өнімдеріне дәм, консистенция, түс, иіс, сыртқы түрі сияқты белгілі бір сапаны беру мен сақтау мерзімін ұзарту үшін қолданылатын синтетикалық химиялық немесе табиғи заттар. Бастапқыда қоспалар ретінде табиғи шикізаттан жасалған табиғи ингредиенттер пайдаланылды. Химия өнеркәсібінің дамуымен тағамдық қоспалар жасанды түрде шығарыла бастады. Олар бояғыштар, консерванттар, қоюлатқыштар, тұрақтандырғыштар, антиоксиданттар сияқты синтетикалық қоспалар сусындар өндірісінде кең қолданысқа ие болды. Бұл өз нәтижесінде өнімнің қауіптілік деңгейінің жоғарлануына, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан сусын өнімдеріне қойылатын гигиеналық және микробиологиялық қауіпсіздік талаптары КО ТР 023/2011 «Жемістер мен көкөністерден алынған шырын өніміне арналған техникалық регламентімен» реттелуі тиіс.

Қазіргі уақытта тағамдық қоспалардың, атап айтқанда шырын өнімдеріндегі консерванттардың мониторингі шырын өнімдерінің сапасына және олардың қауіпсіздігіне кешенді бағалау жүргізу үшін аналитикалық зерттеулердің міндеті болып табылады. Сынама дайындау консерванттарды анықтауда жақсы сандық нәтижелерге қол жеткізудің маңызды кезеңі болып табылады. Заманауи қатты фазалы микроэкстракция (ҚФМЭ) - тағамдық химия мен қауіпсіздігі, консерванттар, хош иістер, сусындар сияқты салаларда ең көп қолданылатын экстракция әдісі. Сонымен қатар, әдістің қарапайымдылығы мен сенімділігі үлгіні алдын-ала дайындаудың басқа дәстүрлі әдістеріне балама.

Қазақстан нарығында өндірілетін шырын өнімдерінде консерванттар ретінде қолданылатын сорбин және бензой қышқылдарын бір мезгілде және жасыл анықтау үшін ГХ-МС әдісімен ұштастырылған қарапайым, қолжетімді аналитикалық ҚФМЭ әдісі әзірленді. Тұтынылатын өнімнің қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін консерванттардың болуына 18 сусын үлгісінің қауіпсіздігіне бағалау жүргізілді. Ұсынылған әдістің аналитикалық ерекшеліктері және алынған нәтижелер жасыл химия қағидаларына сәйкес келеді және өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шырын өнеркәсібіндегі консерванттарды бақылаудың пайдалы құралына айналады.


написать администратору сайта