3ds max срс. Таырыбы 3ds max интерфейсін баптау. Жоспар
Скачать 40 Kb.
|
Тақырыбы:3ds max интерфейсін баптау. Жоспар: 1. 3ds мах бағдарламасының интерфейсі 2. Интерфейсті баптау Кез келген программа, әсіресе Мах сияқты күрделі құрылымды программа басқару әдістерімен танысу үшін және қолданушының жұмыс жасау ортасы- интерфейстітүзету үшінбелгілі уақытты талап етеді. Мах ортасының интерфейсінің элементтерінің негізгі типтерін талдайық. Бұл терезе Windows операциялық жүйесінің стандартты терезесі болып табылады, сондықтан ол барлық экранға жайылып тұруы, жиналып тұруы немесе өшіріліп тұруы мүмкін. Сонымен қатар толық экрандық емес режимде тышқанмен оның шекараларын өзгертуге болады. Бірақ мәзір, тақталар және басқару батырмаларының саны соншалықты көп, онда жұмыс жасау үшінWindows жұмыс столыныңөлшемі толық экрандық режимде 1152x864 өлшемінен кіші болмау керек. Интерфейстің негізгі элементтерін талдамас бұрын, оларды құрап тұрған атрибуттарға тоқталайық: · Батырма- Мах ортасында команданы немесе диалогты шақыру үшін қолданылатын басқару элементі. Оны шақыру үшін тышқанның сол жағын басу керек. · Жалауша- бедерлі квадрат суырып алу түріндегі басқару элементі. Ол екі күйдің біреуін қабылдайды: егер қосылған болса, онда белгі болады, ал егер өшірілген болса, ешқандай белгі болмайды. · Ауыстырып қосқыш- бірін- бірі жоққа шығаратын екі немесе одан да көп пункттерден тұратын, бедерлі дөңгелек суырып алу түріндегі басқару элементі. · Есептегіш(счетчик)- сандық мәліметтерді теруге арналған бедерлі тікбұрышты өріс түріндегі басқару элементі. Есептегіштің мәндерін тышқанның көмегімен өзгерту үшін оң жақ бөлігінде екі батырма- бағыттауғыш орналасқан. Жол- символдық мәліметтерді енгізуге арналған тікбұрышты немесе жазық өріс түріндегі басқару элементі. · Тізім- мағыналық белгілері бойынша біріктірілген бірнеше жол. Жолдардың әрқайсысы, кей жағдайларда бірнеше жол тышқанның шертілуімен таңдалына алады. · Параметрлер тобы- мәзірлерде және бедерлі жиектердің тақташаларында орналасатын, логикалық түрде біріктірілген басқару элементтерінің жинағы. · Батырма- жалауша- бедерлі батырма. Оны басқанда сары түсті батырмада көрініп тұрғандай жұмыстың басқа режиміне ауысады. Басылған Батырма- жалаушаныңәрекеттін болдырмау үшін, оған тышқанның сол жақ батырмасын қайтадан шерту керек. · Модальды батырма- батырма- жалаушаға ұқсас келетін басқару элементі. Оның әрекетін өшіру үшін басқа модальды батырманытаңдау керек. · Батырмалар тізімі- бұл батырманы басып ұстап тұрғанда басқа батырмалар жинағынан тұратын тақташа құрылады. Тізімнің кез келген элементін таңдау үшін, тышқанның батырмасы басулы күйде керекті элементке апарып жібере салу керек. · Орам- топтарға біріктірілген және жеке- жеке орналасқан басқару элементтерінен тұратын ашылатын тақташа. Орам, жиналған түрінде бас жағында «+» белгісі бар, қырынан жатқан жіңішке бедерлі батырмаға ұқсас. Жазылғаннан кейін орам, тақырыпшасының бас жағында «-» белгісі бар, бедерлі жиекті тақташа күйін қабылдайды. Интерфейстің сипатталған атрибуттарынан Мах программасының Басты терезесін анықтайтын элементтер құрылды. · Құламалы мәзір- басты терезенің жоғарғы бөлігінде орналасқан, топтарға біріктірілген, Мах командалар тізімінің негізгі жолы. Тышқанның сол жағын шерту арқылы таңдалатын бұл менюдің әр пункті төменге қарай ашылады. · Диалогтық терезе- қолданушы енгізетін мекемелердің негізгі элементтерінің бірі. Бұндай терезелер өзгертуге болатын жалғыз параметрлерден және сондай- ақ топталған параметрлер және түзетулер жиынынан тұра алады. Диалогтық терезелермодальды және модальды емес болып бөлінеді. Модальды типті терезелерді шақырғанда басты терезенің қалған басқару элементтерімен жұмыс жасау мүмкіндігі өшіріледі. Екінші тип жұмыстың бұндай режиміне рұқсат етеді. · Саймандар тақтасы-барлық командалары функционалдық батырмалар түрінде жасалған құламалы мәзірдің баламалы түрі. Әр батырмада орындау мақсатына байланысты сызба суреті (немесе пиктограммасы) бар. · Командалар тақтасы- Мах ортасында жобаны құру және өзгерту құрылғыларының жинақтарының, анимация параметрлерін түзетудің және қызмет құралдарының жиыны: |