бож. Таырыбы 4 БЖ бойынша интерндерге тапсырмалар
Скачать 168.06 Kb.
|
Тақырыбы №4 БӨЖ бойынша интерндерге тапсырмалар БӨЖ нұсқалары: 1. Созылмалыпанкреатиттіңөршуіндиагностикалауалгоритмінқұрастыру 2. Созылмалы панкреатиттің өршуін емдеу кестесін құрастыру 3. Созылмалы панкреатиттіңдифференциалды диагностикалау кестесін құрастыру 4. Үйқы без ауруларында аспаптық зерттеулердің диагностикалық мүмкіндіктері 1. Созылмалыпанкреатиттіңөршуіндиагностикалауалгоритмінқұрастыру Диагностика критерилері Физикалық тексеру: 1. Рецидив беретін ауырулық абдоминалды синдром (жиірек құрсақтың алдыңғы қабырғасында, арқаға берілумен, диеталық жүктемелермен, алкоголь қабылдаумен). Ойықжара тəрізді ауырулық синдром, моториканың бұзылуымен сол жақтық бүйректік шаншумен клиниканы еске түсіреді. 2. Дене салмағының төмендеуі (мальабсорбция синдромы). 3. Сыртқы секреторлық функцияның жеткіліксіздігі (стеаторея, гипокальциемия, гиповитаминоз). 4. Ішкі секреторлық функцияның жеткіліксіздігі (глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, қантты диабет). 5. Созылмалы фиброзды-индуративті панкреатит үшін аралық сарғыштану тəн. Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты. Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 1. Зəр, қан амилазасы. 2. Қанның жалпы анализі. 3. С-рективті ақуызды анықтау. 4. АЛТ мен АСТ анықтау. 5. Жалпы билирубин мен фракцияларын анықтау. 6. Сілтілік фосфатазаны анықтау. 7. ГГТП. 8. Қан липазасы. 9. Қан глюкозасы, қанттық қисық. 10. Копрограммаға нəжіс. 11. Ұйқы безі, өт қабын УДЗ. 12. Гастроэнтеролог консультациясы. Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: 1. Зəрдің жалпы анализі. 2. Қан кальциі. 3. Коагулограмма. 4. Жүктемемен қант. 5. Жалпы белокпен фракцияларды анықтау. 6. Құрсақ қуысының шолулық рентген суреті (көрсетімдер бойынша). 7. Құрсақ қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы (көрсетімдер бойынша). 8. Ұйқы безінің биопсиясымен лапароскопия (көрсетімдер бойынша). 9. Эндокринолог, хирург консультациясы (көрсетімдер бойынша). 2. Созылмалы панкреатиттің өршуін емдеу кестесін құрастыру Емдеу ұзақтығы: 14 күн. Емдеу тактикасы Ем мақсаты: ремиссияны қамсыздандыру. Дəрі-дəрмексіз ем: Диета №5. Дəрі-дəрмектік ем: СП асқынуының ауыр дəрежесінде шұғыл жəрдемге кіреді: 1. Ұйқыбездің функционалды белсенділігінің минимумға дейін төмендеуі: аштық, мұрынасқазандық зонд арқылы асқазан ішіндегіні аспирациялау, Н2-блокаторлар (Ранитидин 150-300 мг немесе Фамотидин 40-80 мг/тəу венаіщіне) немесе протондыө помпа ингибиторлары (Омепразол 40-80 мг/тəулігіне, Пантопразол 80 мг/тəулігіне, Рабепразол 40 мг/тəулігіне). 2. Ферменттердің панкреаттық секрециясын басу (Н2-блокаторлар, протондық помпа ингибиторлары, холиноблокаторлар, глюкагон, кальцитонин, 5-фторурацил, соматостатин жəне оның аналогтары октреотид 100 мкг тəулігіне 3 рет). 3. Қан айналымнан қабыну медиаторларын алып тастау (тұзды ерітінділермен инфузиялық терапия). 4. Ауыру синдромын басу – анальгетиктер мен спазмолиттік препараттарды тағайындау. 5. Инфекциялық асқынулармен күресі үшін жəне олардың даму қауіпінде цефалоспорин қатарының антибиотиктерін немесе стандартты дозада синтетикалық пенициллиндерді тағайындау көрсетілген. 3. Созылмалы панкреатиттіңдифференциалды диагностикалау кестесін құрастыру Дифференциалды диагноз Синдром ұқсас ауруларды алып тастау – СП диагностикасының маңызды кезеңі. Синдром ұқсас ауруларға жатады – гастродуоденальді ойықжаралар, ащы ішек аурулары, түбіршектік синдромммен омыртқаның төменгі бөлімінің зақымдануы, сонымен қатар асқазан, ұйқыбез, бүйрек, көлденең ішек карциномасы. ХП пайдасына: - алкгольден кейін немесе ас қабылдағаннан кейін пайда болатын типтік ерте немесе кеш «панкреатогендік» ауырсынулар; - ұйқыбездің ішкісекреторлық жеткіліксіздік симптомы (полифекалия, стеаторея, дене салмағын жоғалту, ферменттік препараттармен салыстырғанда іш өтуді жеңіл түзету); - ауру басындаға оң амилазалық тест; - УДЗ, КТ, ЭРХПГ деректері бойынша без құрылымының жəне оның каналдарының өзгерістері. 4. Үйқы без ауруларында аспаптық зерттеулердің диагностикалық мүмкіндіктері Инструменталдық зерттеулер: 1. Рентгенологиялық белгілер: ұйқы безінің кальцинаттары, екінші бел омыртқасы маңына жылжуы. 2. УДЗ белгілері: көлемнің, эхотығыздылық ұлғаюы, кальцинаттардың болуы, ісіктер немесе киста. Ісікке күдік болса УДЗ КТ толықтырылады. 3. Компьютерлік томография: некроз ошақтары, ұйқыбездің кисталары мен жалған кисталары. Бездің карциномасы кезінде диагностикалық тиімділік 85% жақын, əсіресе қайталамалы зерттеулерде. 4. ЭРХПГ: өзекшелердің деформациясы мен диффузды кеңеюі, дұрыс емес нақты тəрізді түрде, басты өзекшелер мен шеткі бұтақтардың тасы мен стриктураны анықтау. ЭРХПГ көрсетімдер – ҰБ карциномасына күдік, СП жалғанісіктік формасы, ауырсыну синдромы, жүдеу. Негізгі каналдың стриктурасын анықтау үшін жəне оның бүйірлік бұтақтарын кенейту үшін «Алтын». |