Главная страница
Навигация по странице:

  • Кіріспе

  • Келесі факторлар АА даму қаупін арттыруы мүмкін: АА 2 түрі бар

  • АА кеш басталуы.

  • Клиникалық сипаттамасы және симптомдары :Ауру ретімен төрт кезеңде дамиды.I кезең – деменция алды

  • II кезең – бастапқы деменция

  • III кезең – қалыпты деменция

  • IV кезең – ауыр деменция

  • 4.Диагностика

  • №35 Атагозелов С. Таырыбы Альцгеймер ауруы. Диагностика, емі, профилактикасы. Жоспары


    Скачать 29.4 Kb.
    НазваниеТаырыбы Альцгеймер ауруы. Диагностика, емі, профилактикасы. Жоспары
    Дата29.03.2022
    Размер29.4 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№35 Атагозелов С.docx
    ТипДокументы
    #425690

    Тақырыбы: Альцгеймер ауруы. Диагностика, емі, профилактикасы.


    • Жоспары

    • Кіріспе

    • Негізіг бөлім

    1. Мазмұны

    2. Себептері

    3. Симптомдары

    4. Диагностикасы

    5. Емдеу

    6. Болжамы

    7. Алдын алуы

    8. Пайдаланылған әдебиеттер!



    • Кіріспе

    • Альцгеймер ауруы - деменцияның ең кең таралған түрі, 1906 жылы неміс психиатры Алоис Альцгеймер тарапынан сипатталған нейрогенеративті сырқат. Әдетте 65 жастан асқан адамдарда кездеседі.

    • Бұл патология егде жастағы адамдарда дамиды және бұл кәрілік демецияның прогрессивті түріне жатады. Салдары когнитивтік зақымдануға әкеледі.

    • Жасыұлғаякелекейбірадамдарұмытшақболабастайды. Қартая келе тіпті бала сияқты болып кететіндер де кездеседі. Қариялардағы бұл құбылысты біз «алжыды» деп жатамыз. Ал медицинада ол Альцгеймер ауруы деп аталады.

    • 1.Мазмұны

    • Деменция – түрлі ауруларда пайда болатын мидың қызметін жоғалтуы. Ол есте сақтауға, ойлауға және мінез-құлыққа әсер етеді.

    • •      Даму қаупі 60 жастан кейін артады – 5% жуығы АА зардап шегеді. АА аурушаңдығы әлем бойынша 2016 ж. 44 млн. адамды құраған.

    • •      Дамыған елдерде  (мысалы, Ұлыбритания) АА ерлердің арасында өлім-жітім себебі бойынша жүрек ауруларының алдына, бірінші орынға шыққан.

    •  

    • 2.Себертері

    АА нақты себебі белгісіз. Зерттеулер  көрсеткендей, АА дамуына мидағы белгілі бір өзгерістер апарады.

    АА дамуына келесі топтың адамдары бейім келеді:

    •    Жасы ұлғайған шақта. АА дамуы организмнің қалыпты қартаюына жатпайды.

    •    Туғандары, мысалы, бір туған бауырлары, немесе ата-анасы АА шалдыққан болса.

    • АА байланысты белгілі бір гендері бар болса.

    • Келесі  факторлар АА даму қаупін арттыруы мүмкін:

    • АА 2 түрі бар:

    • АА ерте басталуы. Аурудың симптомдары  60 жасқа дейін көрініс береді. Аурудың бұл түрі сирек кездеседі, тез ушығады. АА ерте басталуы тұқым қуалайтын ауруларға жатады. Аурудың дамуына жауапты белгілі бір гендер анықталған.

    •  АА кеш басталуы. Бұл аурудың жиі кездесетін түрі. Симптомдары 60 жастан асқан адамдарда басталады. Кейде тұқым қуалау бейімділігі болуы мүмкін, бірақ, аурудың дамуындағы гендердің ролі аз.

    Клиникалық сипаттамасы және симптомдары:

    Ауру ретімен төрт кезеңде дамиды.

    I кезең – деменция алды

    Симптомдары

    • Қысқа мерзімді есте сақтау қабілетінің бұзылуы. Қысқа уақыт бұрынғы ақпаратты еске түсірудың қиындауы.

    • Жаңа ақпаратты қабылдаудың қиындауы

    • Назар салудың қиындауы

    • Бұрын білетін сөздің немесе сөйлемнің мағынасын түсіндіре алмау, еске түспей қалу

    • Абстрактілі ойлаудың қиындауы

    • Көңіл-күйдің түсуі, апатия

    II кезең – бастапқы деменция

    Бұл кезеңде есте сақтау қабілетінің бұзылуы күшейеді. Ұзақ мерзімге есте сақтау қабілеті жайында, ал қысқа мерзімді есте сақтау толықтай бұзылады. Агнозия (көру, сезу, естудің бұзылуы) пайда болады. Сөйлеу қабілеті бұзылады. Сөздік қор азаяды. Жазу қабілеті де төмендейді. Бұл кезеңде науқасты қараусыз қалдыруа болмайды.

    III кезең – қалыпты деменция

    Бұл кезеңде парафразия пайда болады (сөздерді шатастырып алу). Оқу және жазу мүмкіндігі жоғалады. Координацияның шұғыл бұзылыуынан,  науқас киіну, есікті кілтпен ашу және т.б. сияқты күнделікті істерді атқара алмай қалады. Науқас өз туыстарын танымайды, өйткені ұзақ мерзімге есте сақтау қабілеті бұзылады. Ол бұрын есінде жақсы сақталған жастық шағын ұмытып қалады.

    Психикалық-эмоциялық өзгерістер анық байқалады. Науқас қаңғыбастылыққа салынады, эмоциялық тұрақсыздық пайда болады. Ашушаң, ренжігіш, жылауық келеді, себепсіз агрессивті күй кешеді. Науқаста сандырақтау байқалады. Кейбір науқастарда несеп ұстай алмаушылық болады, алайда бұл оларды мазаламайды. Өйткені оларда гигиена сақтау қабілеті толықтай жоғалады.

    IV кезең – ауыр деменция

    Альцгеймер ауруының бұл кезеңінде науқастар толықтай көмекке зәру, оларға күтім қажет етіледі. Сөйлеу қабілеті толықтай жоғалады, кейде қысқа сөйлемдер мен сөздер сақталады.

    Эмоциялық өзгерістерден агрессиялық күй кейде қайталанып тұрады, бірақ әдетте апатия мен эмоциялық әлсіреу басыңқы келеді. Науқастың қимыл-қозғалысы азаяды, салдарынан бұлшықеттер атрофияға ұшырайды. Науқастар тіпті төсектен тұра алмайды. Мұның салдары басқа өмірге қауіпті аурулардың асқынуына әкеледі.

    • 4.Диагностика

    Тәжірибелі дәрігер АА келесі іс-шараларды өткізу арқылы анықтайды:

    •   Дәрігерлік толық тексеру, оның ішінде, неврологиялық

    • Науқастан оның ауруының тарихы және симптомдары туралы сұрау арқылы

    • Функционалдық  психологиялық тестілерді өткізу арқылы (психологиялық статус)

    АА диагнозы кейбір симптомдардың болуы және деменцияның басқа себептерінің болмауының негізінде қойылады.   
    Әдетте, тексерулер деменцияның келесі мүмкін себептерін ескеру үшін өткізіледі:

    • Анемия

    •   Мидың ісігі

    • Созылмалы инфекциялар

    •   Дәрілік препараттармен уыттану

    • ауыр депрессия

    • мида сұйықтықтың артық мөлшерінің жиналуы (Гидроцефалия, ликвордың қалыпты қысымымен )

    • Инсульт

    • Қалқанша бездің аурулары

    • Дәрумендер тапшылығы.

    • Деменцияның мидың ісігі мен инсульт секілді себептерін анықтау үшін мидың КТ немесе МРТ, кейбір жағдайда АА ескеру үшін ПЭТ тағайындалады.

    • АА анықтаудың жалғыз сенімді тәсілі – өлімнен кейін ми тінінің үлгісін зерттеу.

    • 5.Емдеу

    Аурудан толық сауығу мүмкін емес. Алайда аурудың асқынуын баяулатып, науқастың өмір сапасын жақсартуға болады. Ол үшін келесі емдеу тәсілдерін қолданады:

    Дәрі-дәрмектер

    • Мидағы қан айналымды жақсартатын дәрі-дәрмектер

    • Ноотропты дәрі-дәрмектер

    • Нейромедиаторлар

    • Дофамин рецептрінің стимуляторлары

    • Апетилхолинэстераз ингибиторлары

    • аминоқышқылдар

    Науқас күтімі

    Дұрыс тамақтану. Науқасқа мына тағамдар пайдалы:

    • балық

    • бауыр

    • әртүрлі жармалар

    • жеміс-жидектер мен көкөністер

    • сапалы өсімдік майы

    • аскөктер

    • жаңғақтар

    Психотерапия

    Иппотерапия

    Музыкатерапия

    Арт-терапия



    • 6.Болжамы

    • Аурудың ушығу жылдамдығы әр түрлі. АА тез дамыса, аурудың ушығуы да тез болады.

    • АА шалдыққан адамдар өмірден ерте кетеді, әдетте, диагноз қойылғаннан кейін 3-20 жыл ішінде.

    • Отбасылар жақын адамға болашақ күтімді  жоспарлауы тиіс.

    • Аурудың ақтық сатысы бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін.

    • Бұл кезде адам толығымен еңбекке қабілетсіз болады. өлім әдетте, инфекциядан немесе көп ағзалық жеткіліксіздіктен болады.

    • 7.Алдын алу

    АА алдын алудың дәлелді тәсілі болмаса да, аурудың алдын алуға немесе бәсеңдетуге кейбір шаралар көмектесе алады:

    •   Майдың мөлшері шектеулі емдәм және Омега-3 май қышқылдарына бай тағамды тұтыну

    • Дене белсенділігін ұстанатын өмір салты

    •   Ақыл-ойды және әлеуметтік белсенді статусты қолдау

    • Бассүйек-ми жарақатының алдын алу мақсатында қауіпті іс-шаралар кезінде басқа арнайы қорғаныс бас киімін (шлем) кию.

    8. Пайдаланылған әдебиеттер!

    • 1. Психиатрия и медицинская психология: учебник / И. И. Иванец и др. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2014

    • 2. Психиатрия / Цыганков Б.Д., Овсянников С.А. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2012.

    • 3. Психиатрия / Незнанов Н.Г. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010.

    • 4. Клиническая психология / Сидоров П.И., Парняков А.В - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010.

    • 5. Психиатрия : Национальное руководство. Краткое издание / Под ред. Т.Б. Дмитриевой, В.Н. Краснова, Н.Г. Незнанова, В.Я. Семке, А.С. Тиганова ; отв. ред. Ю.А. Александровский. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2015.

    https://ppt-online.org/496610

    https://medkenes.kz/zhuike/altsgejmer-auruy


    написать администратору сайта