Главная страница

Анемия. ТАырыбы Анемиялар (теміртапшылыты, В12тапшылыты, гипопластиялы, гемолитикалы анемиялар)


Скачать 23.12 Kb.
НазваниеТАырыбы Анемиялар (теміртапшылыты, В12тапшылыты, гипопластиялы, гемолитикалы анемиялар)
Дата01.03.2022
Размер23.12 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАнемия.docx
ТипДокументы
#377960

ДӘРІС №11

ТАҚЫРЫБЫ: Анемиялар (теміртапшылықты, В12-тапшылықты, гипопластиялық, гемолитикалық анемиялар).

ДӘРІС МАҚСАТЫ:

  • Анемиялар (теміртапшылықты, В12-тапшылықты, гипопластиялық, гемолитикалық анемиялар) этиологиясын есте сақтау;



  • Клиникалық көрінісін суреттеу, ағымын түсіндіру, диагностикасын таңдау, асқынуын есте сақтау;



  • Емдеу принциптерін жоспарлау.

Білімділік (оқыту): білім беру, оқу-машықтану дағдыларын қалыптастыру, алған ақпараттарды нақтылау, студенттің жаңа білімді игеру, қабылдау жолдарын жетілдіру және т.б.

Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту, сыни тұрғыдан логикалық және клиникалық ойлау дағдыларын дамыту, топтың белсенділігін арттыру, өзін-өзі жетілдіруге үйрету. Түрлі жағдаяттар мен қосымша сұрақтар арқылы студенттердің нақты білімділігін айқындау.

Тәрбиелік: студенттердің адамгершілік, қөзқарасын, эстетикалық қасиетін, өз пікірін қорғауды, тәртіп пен еңбекқорлық қабілеттерін дамыта отырып тәрбиелеу.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

  1. Анемиялар, анықтамасы, жіктемесі.



  1. Теміртапшылықты анемия, анықтамасы, этиологиясы, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі.



  1. Цианокобаламинтапшылықты анемия, анықтамасы, этиологиясы, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі.



  1. Гемолитикалық және гипопластиялық анемиялр туралы түсінік.



  1. Анемиямен науқастың күтімі.

ДӘРІС МАЗМҰНЫ:

Анемия немесе қан аздық – қан гемоглабинінің (Нв) және эритроциттер санының азаюымен қосарланатын патологиялық күй.

Анемияның критерийлері:әйелдерде Нв 120 г/л , эритроциттер саны 4 х1012 /л, еркектерде Нв 140 г/л , эритроциттер саны 4,5 х 1012 /л ден аздығы.

Анемиялардың жіктемесі. Анемиялар даму тегіне қарай үш топқа бөлінеді:

І. Қан жоғалтудан дамитын.

  1. Жедел постгеморрагиялық анемия.



  1. Созылмалы постгеморрагиялық анемия.

ІІ. Эритроциттердің және гемоглобиннің түзілу бұзылысынан дамитын.

1.Темір тапшылықты анемия.

  1. В12 –витамин және фолий қышқыл тапшылықты анемия.

ІІІ. Эритроциттердің шамадан артық ыдырауынан дамитын (гемолиздік) анемиялар.

  1. Туа пайда болған.

Теміртапшылықты анемия (ТТА) – қан сарысуында, сүйек миында, деполарда темірдің жетіспеуінен дамитын анемия.

Темір тапшылықты анемия – жер бетінде кең тараған патологиялық процесс, оның саны барлық анемиялардың 80-95% құрайды. Онымен ауратын көбіне әйелдер, мәселен жүкті әйелдердің және 16-17 жастағы қыздардың 60-65% осы ауруға шалдығады.

Этиолгиясы.

  1. Қан жоғалтуға әкелетін жағдайлар:ас қорыту жолдарының аурулары ( эррозиялар, жаралар, гемморой),әр түлі қан кетулер ( мұрыннан, өнештен, жатырдан, асқазаннан, өкпеден), донорлық (400-500 мл қан тапсырғанда онымен 250 мл темір кетеді), гельминтоз.



  1. Темір сіңірілуінің бұзылысына әкелетін жағдайлар:ас қорыту жолының аурулары (жіңішке ішектің резекциясы, созылмалы энтерит, панкреатит); қою шайға әуесқойлық (шайдың құрамындағы танин темірдің сіңірілуі бөгейді); гипотиреоз.



  1. Темірдің көп мөшерде жұмсалуына әкелетін жағдайлар:уланулар, ісіктер, жүктілік және лактация, организмнің тез өсуі.



  1. Темірдің туа біткен тапшылығы: көп балалы темір тапшылығы бар анадан туылу.



  1. Темірдің тамақпен аз түсуі: ет тағамдарын тұтынбау( вегетариандықтар, дұрыс тамақтануға материалдық жағдайы келмейтіндер, тісі жоқ қариялар).

Клиникалық көрінісі. Анемияға шалдыққан науқастардың көбінде әлсіздік, бас ауруы, бас айналуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ұйқышылдық пайда болады, шаршағыш, көз алдында шыбын -шіркей тәрізді көлеңкелер көрінеді. Мидың есте сақтау, зейін қою қасиеттері төмендейді. Ауасы жеткіліксіз жағдайда немесе төсектен тез тұрған кездерде науқастар кейде талып қалады. Бұл белгілер бас миының гипоксиясы мен гипоксемиясынан болады. Дәм, иіс сезуінің өзгеруі, сондықтан топырақ, бор, күл жеуге, бензин, ацетон басқада иістерді иіскеуге құштарлық.

Объективті: Терінің құрғауы, түлегіштігі; шаштың түсуі, ерте ағаруы, жылтырын жоюы, үзілгіштігі; тырнақтардың жұқалығы, сынғыштығы, көлденең сызықталуы, бұлынғырлануы; тырнақтар ортасының қасық тәрізді ойықталуы – койлонихия; парадонтоз бен кариестің тез дамып өрістеуі. Қуық сфинктірінің әлсіздігінен зәр шығарудың жиіленуі, күлген, жөтелген, түшкірген кездерде зәрдің еріксіз шығып кетуі; түнгі ұйқы кезінде зәрді ұстай алмау (энурез).

Асқорыту жолы кілегей қабығының атрофиясы, осыдан атрофиялық гастриттің, энтериттің дамуы. Иммундық жүйенің әлсізденуінен жедел респираторлы-вирустық, өзге инфекциялық-қабыну процестерге шалдығуға және инфекцияның созылмалыға ауысуына бейімділік.

Анемия болғанда жүрек –тамыр жүйесіне күш түседі. Осыдан тахикардия, ентікпе, жүректің қағу сезімдері пайда болады, жүрек біршама ұлғайады. Анемияның ауыр және ұзаққа созылған түрінде анемиялық миокардиодистрофия дамиды.

Диагностикасы.

  1. Қан анализінің өзгерістері:

Гемоглобин концентрациясының азаюы;

Түс көрсеткішінің төмендеуі (0,7-0,5)

Эритроциттердің кішіреюі (микроцитоз)

Эритроциттердің көлемі мен пішінінің әртүрлігі (пойкилоцитоз, анизоцитоз)

  1. Темір алмасуының бұзылыстары келесі биохимиялық зерттеулермен анықталады:

Қанның сарысуындағы темірдің мөлшері. Қалыпты көрсеткіші 12,5-30,4 мкмоль; темір тапшылығында 1,8-5,4 мкмоль/л дейін төмендеуі мүмкін.

  1. Анемияның себебін анықтау мақсатымен жасалатын зерттеулер:

ФЭГДС;

Нәжісті ішек құрттарына тексеру;

Нәжісті жасырын қан кетуге зерттеу;

Асқорыту жолының рентгенологиялық зерттеулері (ісіктерді, диафрагманың жарығын т.б. анықтау мақсатымен);

  1. Тік ішекті тексеру (геморройды, ісікті, жаралы колитті анықтау үшін);



  1. Гинекологтың көмегімен мено-,метрорагияның себебін анықтау.

Емі. Барлық жағдайларда қан жоғалтудың себебін тауып, оны жою қажет.

Емдік дәм. Тағамдар темірге бай болуы тиіс. Темірге бай өнімдер: сиыр еті, балық, бауыр, өкпе, бүйрек, жұмыртқа; бұршақ, қарақұмық жармалары; алма, шабдалы, қара өрік, т.б.

Сонымен қатар өзге микроэлементтер де қажет (мыс, марганец, кобальт, мырыш). Аталған микроэлементтер мал өнімдерінде, дәнді дақылдарда (сұлы, арпа, бидай, бұршақта) мол.

Дәрмектік ем. Ферротерапияны қолдану. Темір дәрмектерін тамақтан 1 сағат бұрын немесе 2 сағат кейін ішкізеді. Темірдің сіңірілуін жақсарту үшін темір дәрмектерімен бірге ацидин-пепсин, тұз қышқылын, табиғи асқазан сөлін, аскорбин қышқылын суға ерітіп және құрамында фруктоза болатын тағамдарды ішкізеді.

Ферротерапияның әсерін арттыру үшін антиоксидант болып табылатын Е витаминді 1 капсуладан 2 рет/күніне, 1 ай ішкізеді.

Кең қолданылатын темір дәрмектерінің сипаттамасы.

Дәрмектің аты Бір таб-дағы F++мөлшері(мг) Тәулікті дозасы

1.Фенюльс (150мг темір сульфаты + вит) 45 мг 1-2 капс.

2.Ферроплекс (50 мг темір сульфаты+ аскорбин қышқылы 30 мг) 11 мг 8-9 таб.

3.Ферроградумет – 105 мг. 105 мг 1 таб.

  1. Тардиферон (темір сульфаты+ мукопротеза) 200 мг 1 таб.



  1. Гино-тардиферон (256 мг темір сульфаты+ 350 мг фолий қышқылы + 30 мг аскорбин қышқылы) 80 мг 1-2 капс.

6.Сорбифер Дурулес (темір сульфаты+ 60 мг аскорбин қышқылы) 100 мг 2 капс.

  1. Гемсинерал-ТД (темір фумараты 200 мг+ цианокобаламин 15 мкг+фолий қышқылы 1,5 мг) 100 мг 1-2 капс.

Парентеральдік дәрмектерді арнайы көрсеткіштер болса қолданады.

(Анемияның ауыр түрі, пероральды іше алмаса)

Эктофер – 2 мл ампулада (темірдің мөлшері 100 мг), 1рет/т 2 мл б/етке енгізеді.

Фербитол – 2 мл ампулада (темірдің мөлшері 100 мг), 1рет 2 мл б/етке енгізеді.

Ферум-лек – ампулада 2 мл (темірдің мөлшері 100 мг), бұлшықетке күн ара енгізіледі.

Осы препараттардың вена ішіне енгізілетін түрлері ампулада 5 мл (темірдің мөлшері – 100 мг), 1-ші күні 2,5 мл, 2-ші күні 5 мл, 3-ші күні 10 мл қосып вена ішіне баяу енгізеді.

Ағзада темірдің қорын толықтыру. Гемоглобин деңгейі қалпына келген соң, темірдің қорын толықтыру үшін дәрмектің дозасын 2-3 есе азайтып, емді әрі қарай 3 айға жалғастырады.

Рецидивке қарсы (сүйемдеуші) ем. Қанның жоғалтылуы қайталанатын жағдайларда, мысалы етеккірге байланысты, темір дәрмегін әр айда 7-10 күн ішкізеді, ал анемия қайталанса, емді 1-2 айға созады.

Витамин В12 – тапшылықты анемия – В12 витаминінің жетіспеуінен дамитын патологиялық жағдай.

Этиологиясы: Витамин В12 – тапшылықты анемияның басты себебі –В12 витаминінің жетіспеушілігі. Витамин В12 жетіспеушілігі келесі себептерден болады.

  1. Гастромукопротеин синтезінің аздығы: атрофиялық гастрит, асқазанның резекциясы, асқазан рагы, ішімдік.



  1. Жіңішке ішектің бойында В12 витамин сіңірілуінің бұзылысы: созылмалы энтерит, жаралы колит, жіңішке ішектің резекциясы,



  1. Витамин В12 – нің конкурентті пайдалануы: гельминтоз, ішектің ауыр дисбактериозы.

Клиникалық көрінісі. Көбіне 40-50 жастан асқан адамдарда кездеседі. Ауру жасырын басталып, біртіндеп өрістейді. Ағымы бойынша бір өршіп, бір бәсеңсейді. Ауру асқорыту жүйесі зақымдану белгілергінен басталады. Науқастың тәбеті төмендейді, кейбір тағамдардан, мәселен еттен, наннан жиіркенеді, тілдің ұшы, қызыл иек, еріндер, тік ішек күйдіріп, ашып ауырады. Тілдің беті лакталғандай жалтырайды және түсі таңқурай тәрізді күрең қызыл болады.

Терінің түсі қуқыл және сарғыш реңді. Парестезия типті бұзылыстар – жансыздану, қол-аяқтың ұюы, шымырлауы, аяқ басының, кейде қол ұшының сезімталдығының жойылуы байқалады. Аяқтардың әлсіздігі, әсіресе баспалдақпен көтерілгенде және жүргенде координацияның бұзылуы.

Диагностикасы. Қанның жалпы анализінде гиперхромдық анемия анықталады: қанда эритроциттердің саны, гемоглобиннің мөлшері азаяды, түсті көрсеткіш 1,15- 1,5 дейін көтеріледі. Сонымен қатар , эритроциттердің өзгеруі – Кебот сақиналары, Жолли денешіктері.

Емі: В12 витаминді енгізу арқылы тапшылықты жою.

Цианокобаламин 500 мкг күн сайын бұлшық етке енгізіледі. Емді шамамен 4-6 апта жүргізеді.

Стационардан шыққаннан кейін диспансерлік тіркеуге алып 1-2 айда қанын тексере отырып, рецидивке қарсы ем жүргізеді.

Гемолитикалық анемия – эритроциттердің көп ыдырауынан (гемолиз) дамитын анемия. Бұл ауру екі топқа бөлінеді: 1) туа пайда болған (ферменттердің жеткіліксіздігі, гемоглобин құрамның өзгерістері); 2) жүре пайда болған (қарсы денелер, механикалқ, химиялық, паразитарлық, токсиндер әсерінен). Жүре пайда болған анемияның клиникасында улану көріністері байқалады. Анемия қалыпты немесе гиперхромды. Көп жағдайларда иммундық өзгерістер пайда болады. Еміне глюкортикодтар қолданлады.

Гиполастиялық анемия – сүйек миы қызметінің төмендеуінен дамитын анемия. Сондықтан эритроциттердің, лейкоциттердің және тромбоциттердің мөлшері азаяды. Себептері: 1) сыртқы факторлар ( иондаушы радиация, цитостатикалық препараттар, химиялық заттар); 2) ішкі факторлар (уремия, гипотиреоз т.б.). Науқастардың тісі боз, кейде қанталаған болады. Жедел басталса қан ағу бегілері және дене температурасы жоғары болады. Қанда нормохромды анемия. Гемоглобин 20-30 г/л, ретикулоциттер, лейкоциттер, тромбоциттер аз. ЭТЖ 30-50 мм/сағ. Емі: 1) теріс әсерін тигізетін химиялық заттарға, дәрілерге тим салу; 2) эритроцитарлық тромбоцитарлық компонеттік массаны құю; 3) қантамырларын жақсартатын препараттар (аскорбин қышқылы, рутин, дицинон), неробол, цитостатиктер, антилимфоцитарлық имммуноглобулин.

Анемиямен науқастың күтімі.

Пациенттің проблемалары Науқасты күтуде мейірбикенің ісі

1.Әлсіздік

2.Шаршағыштық

3.Жүректің соғуы

4.Бас ауру, бас айналу

5.Дәм сезудің өзгеруі

  1. Диспепсиялық өзгерістер

7.Парестезиялар

8.Бұлшық еттерінің әлсіздігі

9.Координацияның бұзылуы

10.Аяқ қолдарының жансыздануы

11.Терінің трофикалық өзгерістері

12.Тырнақтарының сыңғыштығы

13.Шашының түсуі 1.Емдеу-сақтану тәртібін бақылау

2.Қунарлы тамақтануын бақылау

3.Тері қабаттарының жағдайын бақылау

4.Дәрігер тағайындауын дер кезінде, бұлжытпай орындау

5.АҚ өлшеу, пульсті санау

6,Терісін күту

7.Бөлмені тазалауын және желдетуін бақылау

8.Науқасқа координациясы бұзылғанда көмек көрсету

9.Үлкен, кіші дәретін бақылау

10.Анемияның алдын алуы туралы әңгімелесу жүргізу


написать администратору сайта