Бека. Таырыбы анны кораныс ызметтері Лейкоциттер. Иммунитет. Гемостаз Хаттама растыру Тапсырма. Кестені толтыру Лейкоциттер ызметтері
Скачать 26.16 Kb.
|
Тақырыбы: Қанның корғаныс қызметтері: Лейкоциттер. Иммунитет.Гемостаз Хаттама құрастыру: 1. Тапсырма . Кестені толтыру «Лейкоциттер қызметтері».
№ 2. Тапсырма 2. Кестені толтыру «Лейкоцитарлы формула»; лейкоцитарлы формуланың жылжуы Лейкоцитарлы формула дегеніміз : Лейкоцит түрлерінің проценттік арақатынасын айтамыз немесе оны лейкограмма деп атайды. Лейкограмма лейкоцит атының бірінші атымен белгіленіп,көбінесе кесте ретінде көрсетіледі
Лейкоцитарлы формуланың жылжуы Оңға-егер сегмент ядролы лейкоциттер саны көбейіп,жас нейтрофилдер азайса,лейкокрамманың оңға жылжығаны.Бұл лейкопоэздың нашпрлағанын көрсетеді. Солға-қанда метамиелоциттер пайда болып жас нейтрофилдер көбейсе,лейкограмманың солға жылжығаны.Бұл лейкопоэздың күшейгенін көрсетеді. Қан түзуші жүйе физиологиясынан БӨЖ тапсырмалары Хаттама құрастыру: Тақырыбы: Гемостаз № 1. Тапсырма .Тромбоциттер, қызметтері. Тромбоциттер дегеніміз – Тромбоциттер-қан пластинкалары түріндегі қан жасушалары, олардың негізгі қызметі – қанның ұюына қатысу. Олар сүйек кемігінде пайда болады және денені қан кетуден қорғайды, сонымен қатар қан ұйығыштарын қалыптастыру арқылы тамырлардың зақымдалуына жауап береді. Тромбоциттер саны: №1 Жаңа туған сәбидің қанында орта есеппен 150-350 мыңға жуық тромбоциттер болады №2 1 жасқа дейінгі балаларда 15 мыңнан 424 мыңға дейін жетеді №3 1-16 жасқа дейін 1 мкл қандағы орта саны 300000 №4 20-40 жаста 31000 , одан әрі қарай шамамен 114 мыңнан 335 мыңға дейін Тромбоциттердің қызметтері 1.Ангиотрофикалық қан тамырды қоректендіру . Тромбациттер ағып жатқан қанды сорып алады да әлсін әлсін , эндотелиймен түйіскен кезде оған беріп отырады . Сондықтан тромбоцит эндотелийдің « асырап сақтаушысы » деп айтылады 2. Адгезивті агрегациялық ( жабысып үйінді құру ) қызметі . Қан тамыры жарақаттанса , тромбоциттің пішіні өзгереді . Оның пайда тромбоциттің пішіні өзгереді.Оның протоплазмасында жалған аяқтар болады.Олар жабысқақ келеді, эндотелий жарақаттанған жердегі негізгі мембранаға бекиді де, бір - бірімен жабысып 10-20 тромбоциттен тұратын үйінді құрады. Агрегация тамырдың ішкі бетінде ғана емес қанның ішінде де пайда болады. Агрегаттар қантамырының қабырғасында жабысқан тромбоциттермен қосылып тығынға айналады . 3.Ангиоиензивтік (қан тамырларын тарылту) қызметі қан тамыры бақылауын тарылтады. Бұл жарылған тромбоциттерден босап шыққан серотиннің әсері. № 2. Тамырлы –тромбоцитарлы гемостаз.
№ 3. Коагуляциялық гемостаз.
№ 4. Фибринолиз.
Қосымша сұрақтар 1.Гемоглобин дегеніміз не? Эритроциттегі құрғақ заттардың көбі ( 90 % ) гемоглобиннен , ал қалғаны ( 10 % ) басқа органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады . Әрбір эритроцитте 300 млн - дай гемоглобин молекуласы болады. Гемоглобин химиялық құрылымы жағынан- хромопротеид , м . с . 68000. Гемоглобин 1 молекула глобиннен және 4 гем молекуласынан тұрады . Әрбір гем молекуласында екі валентті темір атомы бар. Гемоглобиннiң бiр молекуласы оттегінің 4 молекуласымен әрекеттеседі . Гемоглобиннiң бiрнеше түрі бар . Ересек адамнын канын да А гемоглобині , ал эмбрионда ұрық ( феталді ) HBF - ci көп . Эмбрион гемоглобині оттегімен лезде реакцияға түседі , ол екеуінiң тартқыштық дәрежесі күшті . Оның ерлер мен әйелдерде қалыпты мөлшері. Адам денесінде 5 литр қан , ал мұнша қанда 700-800 гр гемоглобин бар . Эритроцит саны әйелге қарағанда ер адамда көбірек , осыған орай ер адам қанында гемоглобин көбірек болады . Ер адамның 1 л қанында 130,0-160,0 г , әйелде 120,0-140,0 г в бар . Гемолиздің биологиялық және физиологиялық түрін сипаттаңыз. Физиологиялық гемолиз- денедегі ескі эритроциттер жарылып, орнына сүйек кемігінен шыққан эритроциттер қанға түседі. Эритроцит 120-130 күн жасайды.Ескілері бауырда және көкбауырда гемолизденеді. Биологиялық гемолиз- ішек құрттары мен жануарлар бөліп шығаратын не өсімдіктерден алынатын улы заттар –гемолизиндердің әсерінен болады. 2.Гранулоциттердің қызметтері. Протоплазмасында түйіршігі бар лейкоцит гранулацит, ал түйiршiксiз лейкоцит агронулоцит деп аталады . Гранулоциттер түйіршіктері бояуының түріне қарай базофиль , эозинофиль , нейтрофиль болып үшке бөлінеді . Базофильдің түйіршіктері сілтілі бояумен көк түске , эозинофиль түйіршіктері қышқыл бояу- эозинмен қызғылт түске болады, ал нейтрофиль түйіршіктері сілтілі және қышқыл бояумен боялады , сондықтан оның түсі қызғылт не көкшіл немесе бейтарап келеді , түйіршіктері ұсақ болады . Лейкопоэз кезінде нейтрофиль ядроларының пiшiнi өзгереді. Жас клетканың ядросы C , S латын әріпіне ұқсайды , сондықтан оны таяқша ядролы нейтрофиль деп атайды .Нейрофиль даму жолында есейген сайын ядросы көптеген сегменттерге бөлінеді. Мұны сегмент ядролы нейтрофиль деп атайды. Кейде қанда таяқша ядролы нейтрофилдерден де ірілеу жас метамиолоциттер пайда болады, олардың ядросы үлкен бұршаққа ұқсайды. Олардың қанда пайда болуы лейкопоэздің күшейгенін көрсетеді. Нейтрофиль қызметі Организмді микробтар мен улы заттардың залалды әсерінен қорғайды.Оларды қоршап жұтады және ферменттер арқылы ыдыратып жояды.Мұнымен бірге залалды заттармен әрекеттесетін белоктар және вирустарға қарсы интерферон бөледі.Нейтрофилдердің қимылы басқа лейкоциттерге қарағанда өте тез,сондықтан олар лейкоциттерден бұрын залалды әсерлерге жауап қайтарады. Базофиль қызметі Гепарин бөліп шығарады,олар гепариноциттер деп аталады.Гепарин-қанды ұйытпай сұйық қалпында сақтайтын зат.Базофилдер капиллярлар кенересін селдірететін,сөйтіп басқа заттардың өтуін жеңілдететін зат-гистаминді бөліп шығарады. Эозинофиль қызметі Гистаминді ыдырататын гистаминаза ферментін бөліп шығарады және құрамында гистамині көп өлі базофиль түйіршіктерін қармап алып қорытады.Сондықтан да эозинофилдердің саны аллергиялық реакция кезінде көбейіп кетеді және қанда гистамин көбейеді.Эозинофиль белоктан тұратын уытты заттарды залалсыздандырады,антидене қалыптастыруға қатысады,плазмоген жасайтын затты бөліп шығарады. 3.Тромбоциттердің пішіні:Тромбоциттер олар адамда клетка емес, клетканың бөліктері сияқты, сондықтан қан пластинкалары деп аталады.Тромбоциттердің клетка емес екендігі анық, пішіні тұрақсыз, ішкі ортаның жағдайына сезімтал келеді Саны:Адамның қан пластинкасы өте кішкене 2 -3 мк, оның есесіне олардың саны өте көп 1 мм-де 150000 -300000. Пайда болуы және өмір тоқтату жерлері:Қызыл сүйек кемігінде қалыптасады.Пластиналар түріндегі пішін. Бауырда немесе көк бауырда жойылады 4. Қанның резустығы мен 3-ші қан тобын құю ережелері. Қанның резустығы:Ландштейнер мен Винер (1940 ж.) macacus rhesus маймылының қанын қоянға құйып тәжірибе жасау кезінде эритроциттер мембранасында АВО жүйесіне жатпайтын тағы да бір агглютиноген бар екенін анықтады, ол агглютиноген резус (Rh) фактор деп аталды. Резусы - оң қан (Rh+) – резус-фактор агглютиногені бар. Резусы - теріс қан (Rh-) – резус-фактор агглютиногені жоқ. Резус агглютиногенге табиғи агглютинин (антирезус-агглютинин) болмайды, бірақ олар резус-конфликт кезінде пайда болады. 3-ші қан тобын құю ережелері.
5. Иммунитет. Туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет. Иммунитеттің ортаңғы және шеткі мүшелері. Вакцина дегеніміз не? Вакцинаның қандай түрлері бар? Иммунитет-ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу қабілеті. Оның 2 типі бар: жасушалық, гуморалдық. Жалпы иммунитеттің типтерін зерттеген-И.Мечников пен П.Эрлих. Жасушалық иммунитет негізі-фагоцитозды И.Мечников зерттесе, гуморалдық иммунитет негізі-антиденелерді П.Эрлих зерттеген. Фагоцитоз-жалған аяқтары арқылы қатты денелерді ұстап алу. Фагоциттер-<фагоцитозға қабілетті>, микробтарды ерітетін обыр жасушалары. Қан ағысына қарсы тұра алатын, қан тамырлар арасына шыға алатын жасушалар. Зиянды бөлшектерді жалған аяқтарымен қоршап, жасуша лизосомасы арқылы қорытады. Фагоциттерге: микрофагтар-моноциттер, микрофагтар-нейтрофилдер, Т-лимфоциттер. Гуморалдық иммунитет негізі антиденелер-лимфоциттердің кейбір түрлерін бөгде заттардың енуіне жауап ретінде бөлініп шығатын ерекше нәруыз. Олар микроағзаларды өзіне жабыстырып, жояды. Улы заттарды бейтараптайды. Иммунитет 2-ге бөлінеді: табиғи, жасанды. Табиғи иммунитеттің 2 түрі бар: туа пайда болған, жүре пайда болған. Туа пайда болған-тұқым қуалайды. Барлығына бірдей, адамдар ауырмайды, тек жануарлар ауырады. Жүре пайда болған- бір аурумен ауырған кейін пайда болатын тұрақты иммунитет. Шешек, қызылша, гепатит, паротит сияқты аурулармен ауырғаннан кейін пайда болады. Жасанды иммунитеттің 2 түрі бар: белсенді, әлсіз. Белсенді-екпе, вакцина арқылы жүзеге асады. Тірілігі жойылған ауру қоздырғышы. Екпеден кейін тұрақты иммунитет пайда болады. Әлсіз- емдік сарысу арқылы жүзеге асады. Сарысу-ауырған адамның немесе ауру жұқтырылған жануар қанынан алынады. Сарысу антиденелері аз уақыт ішінде әсер етеді. Иммундық жүйенің шеткі және ортаңғы мүшесі болады. Ортаңғы мүше-айырша без, кемік майы. Шеткі мүше-бадамша без, лимфа түйіндері, соқырішек, көкбауыр. Кемік майы-сүйектерде, қабырғаларда, омыртқада, жіліктің шеміршек ұшында кездеседі. Кемік майынан қан жасушалары түзіледі. Кемік майы қысқа және жалпақ сіңірлерде қызыл түсті, жіліктің ішкі қуысындағы сары түсті болып келеді. Айырша без-бұл жерде кемік майынан түскен микроэлементтерді қамтамасыз ететін Т-лимфоциттер орналасқан. Бадамша без-жұтқыншақтың сілемейлі қабығында орналасқан. Лимфа сақинасы деп атайды Вакцина-микроорганизмдерден алынатын, адам мен жануар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың алдын-алу мақсатында салынатын препараттар. Азиялық көшпелілер ежелден-ақ адам мен жануарға шешекті, сиырға алаөкпені, ешкіге кебенекті егу арқылы қауіпті аурулардан сақтанып отырған. Вакцинаның тірі, өлтірілген, химиялық, ассоциялық дейтін түрлері бар. Тірі вакцина-микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру қоздырғыш қасиетін жояды, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологі Л.Пастер 1881 жылы түйнемеге, 1885 жылы құтыру ауруына қарсы вакцинаны қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А.Кальмет пен К.Гереннің ашқан тірі туберкулез вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакцинаны туляремия, оба, шешек, құтыру арруларына қарсы пайдаланды. Өлтірілген вакцина-микроорганизмдерді физикалық(қыздыру әдісі арқылы) және химиялық(фенол, ацетон, спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қасиеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болып келеді, сондықтан бірнеше рет салынады. Химиялық вакцина-микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі ауруларға қарсы пайдаланылады. Анатоксиндер-улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет Г.Рамон атты француз ғалымы ашты. Анатоксиндер дифтеря, ботулизм, сіреспе ауруларына қарсы қолданылады. Ассоцияланған вакцина-2-3 ауруға бірден қолданатын вакциналар. Мысалы, сиырлардағы қараталақ пен қарасан ауруына қарсы вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әртүрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне тырнап енгізсе, полиомелитке қарсы вакцинаны ауыздан, тұмаудың танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы белсенді иммунитет 2-3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады. Орындағанстудент:Базарбеков Бекзат |