Тыйым сөздер. тәрбие тыйым сөздер. Таырыбы азаты ырым тыйым сздері Масаты
Скачать 25.28 Kb.
|
Тақырыбы: Қазақтың ырым – тыйым сөздері Мақсаты : Оқушыларды қазақ халқының салт – дәстүрін сақтауға , ырымдар мен тыйым сөздер арқылы жаман әдеттен , теріс мінезден сақтануға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ырым – тыйым сөздер. Әдісі : ойын әдісі , топтық жұмыс. Барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім: Қазақ халқы бала тәрбиесіне мән беріп, оның ырым – тыйымдарын , салт – дәстүрін ерекше сақтаған. Ырым – жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалатын әрекет. Ал, тыйым рәсімдері жас ұрпақты , аруақты сыйлауға , табиғатты қорғауға, әдепті болуға , қарапайымдылыққа , инабаттылыққа баулиды. Халқымыздың әдет – ғұрпын , салт- санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындай білу – әрбір перзенттің борышы . Ол – мәдениеттің белгісі. 1. «Құнды сөз» ойыны Берілген тыйым сөздерді толықтыру. Дастарқанды ------------------баспа. (тамақты) Үйді айнала ----------------------жүгірме. Тізеңді ------------------құшақтама Құстың ------------------бұзба (ұясын) Жұрт көзінше ----------------кекірме , керілме. Ойынның қорытындысы бойынша осы тыйым сөздердің құндылығы бар екенін дәлелдейді. 2. «Ұлағатты ұғымдар» бөлімі Үш, бес , жеті сандарына байланысты тірек сөздер беріледі. Әр топ сөздерінің санына байланысты ұлттық ұлағатты ұғымдар айтады. Берілген тірек сөздер: 1-топ (3 саны). Үш дана (Абай, Шоқан , Ыбырай). Үш бәйтерек (Сәкен, Ілияс, Бейімбет). Үш жақын (Жан, мал, жер). Үш арсыз (Ұйқы , күлкі , тамақ). 2-топ (5 саны). Бес асыл , бес дұшпан (Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі). Бес қатер (От , жау , борыш, ауру , сөз). Бес жаратылыс (Күн, ай , жұлдыз, күндіз, түн). Бес қару (Садақ, мылтық, найза , қылыш, айбалта). 3-топ (7 саны). Жеті қазына (Ер жігіт. Сұлу әйел. Ақыл. Білім. Жүйрік ат. Қыран бүркіт. Берен мылтық. Жүйрік тазы). Жеті жұт (Құрғақшылық , жұт мал қырылу . Өрт . Оба. Соғыс. Топан су . Зілзала). Жеті ата (бала , әке, ата, арғы ата, баба, Түп ата, Тек ата). Жеті күн(Дүйсенбі , сейсенбі , сәрсенбі , бейсенбі , жұма , сенбі , жексенбі). Қосымша 3,5,7 санына байланысты тірек сөздер. Үш жұрт (Ағайын жұрт, Нағашы жұрт, Қайын жұрт) Үш байлық (Бірінші байлық – денсаулық, Екінші байлық – ақжаулық, Үшінші байлық – қорадағы бес саулық) Үш би (Үйсін Төле би. Арғын Қаздауысты Қазыбек би. Алшын Әйтеке би) Үш қат (Жоғарғы қат аспан, Орта қат жер үсті, Төменгі қат жер асты ) Үш қуат (Ақыл, жүрек , тіл) Үш ғайып (Ажал , Қонақ , Несібе) Үш дауасыз (Мінез , кәрілік , ажал) Үш қадірлі (Ырыс , бақ , дәулет) Үш қадірсіз (Жастық шақ, денсаулық, Жақсы жардың қадірін білмейді) Үш ақиқат (Қымбат – шындық. Арзан – өтірік . Дауасыз - кәрілік) Үш қуаныш (Алғыс алу , Өзіңді көптің іздеуі, Ісіңнің өшпеуі) Үш биік (Билік , дәулет , даналық) Үш асыл (Көз, тіл, көңіл) Үш кедейлік (Кежірлік , Еріншектік , Ұйқы) Үш қасиет (Өліде – аруақ, малда – кие, аста - кепиет). Бес намаз (Таң, Бесін, Екінді, Ақшам, Жашиақ намазы) Бес борыш (1. Аллаға , пайғамбарға байланысты борыш. 2. Адамның өзіне байланысты борыш. 3. Мемлекет пен халыққа борыш. 4. Үй – іші , жақындарға борыш. 5. Адамгершілік әлеміне борыш). Бес ақыл , бес дұшпан (1. Бес нәрседен қашық бол. Бес нәрсеге асық бол Адам болам десеңіз... Еріншек , бекер мал шашпақ- Бес дұшпаның білсеніз, Талап , еңбек , терең ой , Қанағат , рахым ойлап қой , Бес асыл іс көнсеңіз(Абай)) Бес өсиет (Топасқа сенбе , Жауға иілме , Әрқашан сақ жүр, Аш үйге қонба , Жарлыдан сый алма.) Жеті жарғы (Әз Тәукенің заңдары) Жеті жетекші (1. Адамның басшысы – ақыл 2. Жетекшісі – талап 3. Жолдаушысы – ой 4. Жолдасы – кәсіп 5. Қорғаны – сабыр 6. Қорғаушысы – мінез 7. Сынаушысы - халық). Жеті жоқ (1. Жерде өлшеуіш жоқ, 2 . Аспанда тіреуіш жоқ. 3 . Таста тамыр жоқ . 4. Тасбақада талақ жоқ . 5. Аллада бауыр жоқ. 6 . Аққуда сүт жоқ. 7.Жылқыда өт жоқ). Жеті жетім (Тыңдамаған сөз жетім , Киюсіз тозған бөз жетім, Иесіз қалған жер жетім , Басшысыз жоқ ел жетім, Аққу – қазсыз көл жетім, Жерінен айырылған ер жетім, Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім). Жеті амал (Күннің тоқырауы , қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матуы, қыс тоқсан, ай тоғамы). 3. Қазақ ырымдары: (Әр топ ырымдарды айтып мағынасын түсіндіреді) Ит ұлыса, жамандық болады. Баланың желкесінен сүйсе, қырсық болады. Қазақ үйіне келген адамға дәм таттырып шығарады. Түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды , т.б. 4. Тыйым сөздер: (Әр топ тыйым сөздерді айтып мағынасын ашады) Босағаны керме , құшақтама. Жұлдызды , адамды санама . Тұзды , күлді шашпа. Бейуақытта жылама, ұйықтама . Жағыңды таянба т.б. Қорытынды: Қазақ халқының әдет – ғұрпын, салт – санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындау – әр перзенттің борышы. Ендеше , асыл қазынамыздың құндылығын арттыра берейік! деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз! Тақырыбы: «Қазақ халқының ырым – тыйымдары» Мақсаты: Ырым – тыйым сөздерінің мән – мағынасын түсіндіру; Тәрбиелік мәні: Ойшылдыққа, әдептілікке, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу; Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту; Көрнекілігі: Қазақтың ырым – тыйымдары туралы сөздер, слайдтар. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: (амандасу, сабақ мақсатымен таныстыру, ) Кіріспе: Ырым – тыйымдар туралы түсінік беру; Негізгі бөлім: І. «Кім көп біледі?» (оқушылар өздерінің қаншалықты тыйым сөздер білетінін айтып жарысады) ІІ. «Білгенге маржан» (тыйым сөздердің мағынасын ашу, стопкадр әдісі арқылы) ІІІ. «Сөз мәйегі» (тыйым сөздерді жалғастыру, шыбын ұру әдісі) Кіріспе сөз: (слайд арқылы) Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ халқы кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырған. Қазақ халқының қанына сіңген тектігі, адамгершілігінің жоғары болуы, әртүрлі келеңсіз көріністерден, әбес қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы, яғни бала бойына ертеден сіңірген. Біз сол ата – әжелеріміздің тыйымымен өсіп, өніп келеміз. Тыйым сөздер ел ішінде өте көп тараған. І. «Кім көп біледі айдары?»: Оқушылар өз білгендерін ортаға салады. ІІ. «Білгенге маржан» 1)Абай Құнанбаевтың Ғылым таппай мақтанба өлеңін стопкадр әдісі арқылы тоқтатып, сол өлеңдегі тыйым сөздерді тауып, мағынасын түсіндіреді. ІІІ кезең. «Сөз мәйегі»(3 оқушыдан шығып берілген тыйым сөздерді алма – кезек жалғастырады)Шыбын ұру әдісі Нанды бір қолмен…………..(үзбе) Жағыңды……………………….(таянба) Су шашып……………………….(ойнама) Кемтар адамға………………..(күлме) Пышақты шалқасынан……..(қойма) Бас киіммен……………………. (ойнама) Адамды……………………………(айналма) Малды……………………………..(теппе) Отпен……………………………….(ойнама) Түнде суға…………………………..(барма) ) Бос бесікті тербетпе ІҮ кезең. «Сыр сандық (көрініс көрсету) Халқымыздың дәстүрлі ырымдарының арасында жас балаларға арналған немесе балаларды тәрбиелеуге байланысты кездесетін ырым – тыйымдар қатары мол. Соның бірі қазақ қонақ келгенде де ырым – нанымдарын бала тәрбиесінде қолданып отырған. Осы жөнінде көрініске назар аударайық Үй ішін ана аластап жүреді. Қасында баласы жүреді.(Ортаға екі аяғын ашып, жол қарап тұрған бала тұрады. Оны байқап қалған анасы: – Оу үйге қонақ келе жатыр ғой. Мына балам менің жол қарады ғой,- дейді анасы. (Осы сөзді айтып бола бергенде екінші ұлы үйге жүгіріп келе жатып: – Апа, үйге қонақтар келе жатыр (дей бергенде табалдырыққа келе құлайды). Оны баласын анасы көтеріп жатып: Үйге береке, ырыс келеді деген ырым бар. Айналайын. Еш жерің ауырып кеткен жоқ па? Кел мен сені мына төр көрпеге аунатып алайын. Біссіміллә – біссіміллә. Олжа келді, олжа келді. Олжасын көтере алмай келе жатыр, төрге, төрге жұқсын Осы сәтте үйге топырлай біраз қонақтар кіреді. Армысыздар. Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын, Ырыс – несібелі жыл болсын!- деп бір – бірімен көрісіп жатады. Жоғарылаңыздар, төрге шығыңыздар!- дейді. Қорытынды: Міне, балалар Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырғанын біз жоғарыда айтқандай. Халқымыздың қанына сіңген тектілігі, адамгершілігінің жоғары болуы, әртүрлі келеңсіз көріністерден, әбес қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы, яғни бала бойына ертеден сіңіргеннен. Түсінген адамға тіпті қазақтың әрбір сөзінің өзі – ұрпағына қалдырған үлкен қазынасы. Өкініштісі, оның мағынасына терең бойламаймыз. «Алтынның қолда бар да қадірі жоқ» – дегендей атадан келе жатқан ырым мен тыйымдар – балаға мұра болып келе жатқан осы бір салт – дәстүрлерінен қол жазып қалмай тұрғанда келер ұрпаққа аманат қылайық – деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. |