12-сабақ. Азот қышқылы.. Таырыбы Азот ышылы. 9 сынып
Скачать 1.91 Mb.
|
Тақырыбы: Азот қышқылы. 9 сынып 9.1.4.7 -азот қышқылының молекулалық, формулаларын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру; 9.2.1.18-азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру 9.2.1.19-азот қышқылының басқа қышқылдармен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу Азот қышқылына тән қасиеттерді ажыратады; Азот қышқылының химиялық қасиеттерін өрнектеп жазады Оқу мақсаты Бағалау критерийлері Сенің білетінің - - Азот қышқылы -азоттың маңызды қосылыстарының бірі; Азот қышқылы-күшті қышқыл,күшті электролит; Сенің меңгеретінің: Азоттан – азот қышқылын алу реакция теңдеуін құрастыру; - Азот қышқылының химиялық қасиеттерін білу. Азот қышқылының молекулалық формуласы Азот қышқылы – азоттың маңызды қосылыстарының бірі, азот +5 тотығу дәрежесін көрсетеді. Азот қышқылында атомдардың арасындағы байланыс-ковалентті полюсті. 5 Азот қышқылының физикалық қасиеті Азот қышқылы - тұншықтырғыш иісті, түссіз сұйықтық. Ылғалды өте жақсы сіңіреді, буы ауадағы су тамшыларымен қосылып тұман түзетіндіктен, ауада түтінденеді. Сумен кез келген қатынаста араласады. -41,6 ℃-та кристалдық күйге көшеді, -82,6 ℃ -та қайнайды. Азот қышқылының алынуы Зертханада азот қышқылын калий немесе натрий нитратына концентрлі күкірт қышқылымен әсер етіп алады: NaNO3+H2SO4(конц) = NaHSO4+HNO3 Өндірісте азот қышқылын амиакты ауадағы оттекпен өршіткі қатысында тотықтырып алады. 1.Амиак пен ауа қоспасын 800℃-та платина өршіткісі арқылы тотықтырып алады. 4NH3+5O2=4NO+6H2O 2.Салқындатқанда NО әрі қарай NO2-ге дейін тотығады. 2NO+O2=2NO2 3.Түзілген азот (Ⅳ) оксиді артық мөлшерде суда еріп, HNO3 түзіледі. 4NO2+2H2O+O2 =4HNO3 https://bilimlad.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/azot-qyshqyly-nitrattar?mid=f5f35d90-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe Азот қышқылының химиялық қасиеті Азот қышқылының судағы ерітіндісі күшті электрлит. Индикаторлардың түсін өзгертеді: HNO3 = H++NO3- Лакмус-қызыл, метилоранж-күлгін, фенолфталеин- түссіз болады. 2. Азот қышқылы концентрлі және сұйылтылған болып бөлінеді. Сұйылтылған азот қышқылымен металдар әрекеттескен кезде сутек бөлініп шықпайды. Бұл азот қышқылының басқа қышқылдардан ерекшелігі. 3Cu+8HNO3=3Cu(NO3)2+4H2O+2NO↑ Концентрлі азот қышқылымен Fe, Cr, Al металдары әрекеттеспейді. Азот қышқылының химиялық қасиеті 3.Негіздік және екідайлы оксидтермен әрекеттеседі: 2HNO3+CaO = Ca(NO3)2+H2O 4.Негіздермен әрекеттеседі: Al(OH)3 +3HNO3=Al(NO)3+3H2O 5.Әлсіз және ұшқыш қышқылдардың тұздарымен әрекеттеседі: Na2CO3+2HNO3 =2NaNO3+H2O+CO2↑ https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/azot-qyshqyly-nitrattar?mid=f5f35d90-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe Азот қышқылының қолданылуы https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/azot-qyshqyly-nitrattar?mid=f5f35d9e-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe Бекіту тапсырмасы 1-тапсырма Дұрыс реакция теңдеулерін таңда. Дұрыс жауап саны: 4 Al + 6HNO3 (конц) = 2Al(NO3)3 + 3H2 (г) CuO + 2HNO3 = Cu(NO3)2 + H2O Zn + 2HNO3 (сұйылт) = Zn(NO3)2 + H2 (г) Ni + 4HNO3 (конц) = Ni(NO3)2 + 2H2O + 2NO2 (г) Na2SO3 + 2HNO3 = 2NaNO3 + SO2 (г) + H2O Au + 4HNO3 (конц) = Au(NO3)2 + 2H2O + 2NO2 (г) 4HNO3 = 4NO2 (г) + O2 (г) + 2H2O Дұрыс жауабы CuO + 2HNO3 = Cu(NO3)2 + H2O Na2SO3 + 2HNO3 = 2NaNO3 + SO2 (г) + H2O 4HNO3 = 4NO2 (г) + O2 (г) + 2H2O Ni + 4HNO3 (конц) = Ni(NO3)2 + 2H2O + 2NO2 (г) Бекіту тапсырмасы 2-тапсырма Азот қышқылына тән қасиетті тап. Дұрыс жауап саны: 3 Суда жақсы ериді Бірнегізді оттекті қышқыл Азотты қышқылдан алынады Зертханада күкірт қышқылының көмегімен алынады Суда аз ериді Агрегаттық күйі – сұйық Азот қышқылындағы азоттың тотығу дәрежесі +4 Дұрыс жауабы Суда жақсы ериді Бірнегізді оттекті қышқыл Аграгаттық күйі-сұйық Оқу тапсырмасы Азот қышқылының: А) алюминий гидроксидімен Ә) кальций оксидімен Б) кальций карбонатымен В) аммиакпен әрекеттесу теңдеулерін жазыңыз |