|
терап 12. Таырыбы Балалар жасындаы стоматология практикасында жергілікті анестезияа кмектесу Орындаан Байжирен А. абылдаан Газизова К. Г. Стк603 Жоспар
Тақырыбы: Балалар жасындағы стоматология практикасында жергілікті анестезияға көмектесу
Орындаған:Байжирен А. Қабылдаған:Газизова К.Г. СТК-603
Жоспар: - Кіріспе
- Негізгі бөлім:
-Балалар организмінің анестезиологиялыќ аспектідегі анатомиялық және физиологиялық ерекшелiктерi
-Балалар стоматологиялық емханасында жансыздандырудың негізгі міндеттері
-Жансыздандыру түрлері
а)Заманауи жансыздандырғыштардың классификациясы
в) Инелі жансыздандыруға арналған заманауи препараттар
г) жергілікті жансыздандыру үшін керекті препараттарды клиникада таңдау.
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер
Балалар организмiнiң физиологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, М.М.Соловьев (1982) осы мәселенi "ауру сезiмi және қорқыныш сезiмiн шешу мәселесi" деп айтуды ұсынады - Балалар ауру сезiмiне өзiндiк реакция бередi және бұл реакция айқын болады да белсендi қозғалу компонентiмен қатар жүредi.
- Балаларда өзiн-өзi ұстау компонентi әлсiз, олар өздерiнiң эмоцияларын ұстай алмайды және әр ауру сезiмге бiрдей қарқынды жауап бередi.
- Балалар бұл процедураның өте қажет екенiн түсiнбейдi, яғни тiстi емдеу немесе жұлу қажеттiлiгiн түсiнбейдi.
- Балаларға қорқыныш сезiмi тән. Олар ата-анасыз қалуға қорқады, дәрiгер мiндеттi түрде ауыртады деп қорқады, себебi ол құрдастарынан тiстi "егелеген" кезде қатты ауыртады деп естидi. Сонымен қатар көршi креслода отырған пациент мазасызданып отырса, ал дәрiгер жағынан кiшкентай пациентке мейiрiмдiлiк болмаса бұл қорқыныш сезiмiн күшейтедi.
Балада ауру сезiмi неден пайда болады? - Бұрын тiс емдеу кезiнде ауру сезiмiнiң болғандығынан
- Басқалардан ауру сезiмiн байқаған кезде (басқа баланың жылауы, айқайлауы)
- Дәрiгердiң балаға деген қатынасы (сондықтан қорқытуға болмайды)
- Қан тиген және басқа да құралдарды көрген кезде
- Басқа балалардың немесе үлкендердiң дәрігер туралы әңгiмелерiнен
- қажетті ұзақтылықтағы толыққанды анестезиямен қамтамасыз ету;
- психоэмоциональды қысымды жою;
- баланың бір қалыпты мінез-құлығы;
- жансыздандыруды бақылау;
- қанмен, құсықпен, бөгде заттармен – жұлынған тістер, пломбалық және үлгілік материалдармен аспирацияны болдырмау;
- балаға токсикалығы аз анестетикті немесе наркотикті таңдау;
- бала организмінің функциональды бұзылыстарының алдын алуын қамтамасыз ету;
- тез реабилитациялау;
- білікті стоматологиялық көмек көрсету;
- балалар стоматологының жұмысы үшін максимальды жағдайды қамтамасыз ету;
- әртүрлі ілесе жүрген соматикалық ауруларына қарамастан, анестезиологиялдық қамтамасыздыққа мұқтаж балаларға қандай-да бір стоматологиялық көмекті көрсету;
- балалар емханадан кеткеннен кейін асқынулардың пайда болу қаупін азайту.
Анестезиялаушы заттар /грек тілінен аударғанда anaesthesia-сезімсіз,жансыз(an-теріс,жоқ; aesthesis-сезім) жергілікті сезімталдықтың жойылуын шақырады. Олар бірінші кезеңде ауыру сезімін жояды,сондықтан оларды негізінен жергілікті жансыздандыру үшін қолданылады. Анестезияны тереңдеткенде температуралық және сезімталдықтың басқа да түрлері жойылады,соңғы кезекте тигізгендегі және басқандағы рецепция жойылады.
Стоматологиядағы жансыздандыру әдісі болады:
Жергілікті жансыздандыру Жалпы жансыздандыру.
Балаларда қолданылатын жергілікті жансыздандыру түрлерінің жіктелісі
Инфильтрациялық жансыздандыру (сүйектысы үсті)
Аппликациялық жансыздандыру
Интралигаментарлы жансыздандыру Интралигаментарлы жансыздандыруды өткізу әдістемесі АУЫЗ ҚУЫСЫ МҮШЕЛЕРІ МЕН ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ АУРУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРДА ОПЕРАЦИЯ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛІСІ - Ауытқулар және орталық нерв жүйесінің аурулары (эпилепсия, олигофрения және т.б.).
- Жақ-бет аймағының жедел қабыну процесстері.
- Жергілікті анестетиктерді көтере алмау.
- Психоэмоциональды қозудың жоғары болуы (емдеу алдындағы қорқыныш).
- Компенсация сатысындағы жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі.
- Бронхиальды астма.
- Жергілікті анестезияның тиімсіздігі (оперативті кірісу деңгейінің үлкен болуы).
- Ата-анасының талабы.
- 5 жасқа дейінгі жас мөлшері.
- Тістердің көптеген тіс жегісі және т.б.
Жергілікті жансыздандырудың классификациясы:
Әсерінің ұзақтығы бойынша:
1.Қысқа әсер етушілер
Новокаин, Артикаин
2.Ұзақтығы орташа әсер ететіндер
Лидокаин, Мепивакаин, Тримекаин, Прилокаин
3.Ұзақ әсер ететіндер
Бупивакаин, Этидокаин
Химиялық құрамы бойынша :
Күрделі эфирлер тобы
-Бензокаин (анестезин). -Тетракаин гидрохлориды (дикаин). -Леокаин. -Прокаин (новокаин).
Амид тобы
-Артикаин (Арткаин ИНИБСА, Альфакаин, Брилокаин, Примакаин, Септонест, Ультракаин, Убистезин). -Лидокаин (Байкаин, Дентакаин. Ксикаин, Ксилодонт, Ксилокаин, Ксилонест). -Тримекаин (Мезокаин). -Мепивакаин (Карбокаин, Мепивастезин, Мепидонт. Скандикаин, Скандонест). -Этидокаин (Дуранест).-Прилокаин (Ксилонест, Цитонест). -Бупивакаин (Анекаин, Маркаин, Карбостезин, Дуракаин). - Лидокаин (ксилокаин, лигнокаин) – новокаинға қарағанда белсенділігі екі есе жоғары. Инфильтрациялық анестезияда жансыздандыруды сәтті жүрзізу жиілігі 90-95% , ал өткізгіштік 70-90% құрайды. Препараттың аллергиялық қасиеті төмен (1,2%). Еседехлор сутекті тұз.Ақшыл-сары кристалды ұнтақ.Суда,спиртте жақсы ериді. Новокаиннен 2.5 й күшті анестетик,әсері ерте басталып ұзақ жалғасады. Оны қолданғанда анестезия өте терең,әрі ұзаққа созылады.
- Кемшілігі: адреномиметиктермен жұптастырғанда новокаин ұзақтығы шамамен 1.5-2сағ,ал лидокаин-2-4сағ/0.5% ерітінді/анестезия шақырады.Лидокаинді адреналинмен бірге қолданған жөн/уыттылығы төмендейді және ане стезияның ұзақтығы ұлғаяды.Стоматологиялық практикада лидокаиннің 1% және 2% ерітінділері қолданылады және бір рет қолданылатын дозасы 50 және 20 мл ғана болуы керек.Катехоламиндердің мұндай қасиеті жүрек – тамыр аурулары, тиреотоксикоз, қант диабеті, глаукамасы бар науқастарға, жүктілерге қолдануға болмайды. Лидокаинді вазоконстрикторсыз қолданғанда анезтезияның ұзақтығы 10-15 минуттан аспайды.
- Лидокаинмен уланғанда ұйқышылдық,көру қабілетінің бұзылуы,лоқсу,дірілдеу ,тырысу байқалады
- ЭТИДОКАИН - ЛИДОКАИННІҢ ЛИПОФИЛЬДІ ГОМОЛОГІ. СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ПРАКТИКАДА 0,5% ЕРІТІНДІ КҮЙІНДЕ ВАЗОКОНСТРИКТОРЛАРМЕН ҚОЛДАНЫЛАДЫ. ТОКСИКАЛЫҚ ДОЗАДА ҚОЛДАНГАНДА ЖҮРЕК АРЕТМИЯСЫН ШАҚЫРУЫ МҮМКІН. ОПЕРАЦИЯДАН КЕЙІНГІ ЖАНСЫЗДАНДЫРУДА ЕҢ ТИІМДІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
- Препарат кемшілігі: жиі пайда болатын жергілікті реакциялар ( инъекция кезінде және инъекциядан кейінгі ауру сезімі, ісіну, инфильтрат, инъекция аймағындағы іріңді – некрозды көріністер, ауызды қиындықпен ашу). Нәтижесінде, препарат қазіргі уақытта көп қолданылмайды.
3% прилокаин ерітіндісі 1:1850000 қатынастағы фелипрессин (октапрессин) вазоконстикторымен бірге қолданылады. Сондықтан, препаратты катехоламин-вазоконстрикторларына қарсы көрсеткіш болғанда пайдалануға болады. Препараттың кемшілігі: 400 мг дозадан көп қолданғанда метгемоглобиннің түзілу қаупі бар. Осыған байланысты, жүктілікте және туа пайда болған немесе идиопатиялық метгемоглобинемиясы бар науқастарға қарсы көрсетілген. - Мепивакаин – эффективтілігі бойынша лидокаинмен бірдей, аллергиялық қасиеті төмен. Р Препараттың ерекшелігі: ең минимальді вазодилитациялық әсер (Анисимова Е.Н. и др., 1999, Столяренко П.Ю., Кравченко В.В., 2000), ал B . Bornkessel (2000) мағлұматы бойынша тамыр тарылтқыш әсері де бар.
- Сондықтан, вазоконстрикторды қолдануға қарсы көрсеткіш болғанда 3% ерітіндісін пайдалануға болады. Анестезияның ұқақтығы 20-40 минутқа жетеді.
- Артикаин – жоғары эффективті заманауй жергілікті анестетик. Вазодилитациялық әсері төмен, сол үшін 1:100000 және 1:200000 қатынаста адреналинмен бірге қолданылады. Маңызды қасиеті: жартылай шығу кезеңінің ұзақтығы қысқа (шамамен 20 минут) (Oertel R . et al., 1997) және (90-95% ға дейін) сарысу ақуыздарымен байланысу пайызы жоғары. Яғни, кездейсоқ тамыр ішілік енгізгенде уыттылық әсері төмен болуы мүмкін. Сонымен қатар, артикаин үшін жұмсақ тіндер мен сүйекке диффузиялануы жоғары, сәйкесінше инъекциядан кейін анестезияның түсуі де тез. Осы қасиеттерінің арқасында артикаин терапиялық, хирургиялық және ортопедиялық іс –шараларды жүргізуде кеі қолданыс тапты.
- Бупивакаин (маркаин) и Этидокаин (дуранест) - ұзақ әсер ететін (4 сағ дейін) жергілікті анестетиктер.
- Кемшілігі: жоғары уыттылық және стоматологиялық іс-шараларды жүргізгеннен кейінгі науқасқа дискомфорт тудыратын жұмсақ тіндердің ұзақ парестезиясы.
- Препаратты хирургиялық стоматологияда және ұзақ операциядан кейінгі аналгезтя қажет болғанда адреналинмен 0,5%дық ерітіндісі 1:200000 қатынаста және вазоконстрикторсыз жоғары концентрацияда (1,5%) қолданылады.
Заманауй карпулалық анестетиктер. Күнделікті қолдануға сенімді жансыздандырғыштардың бірі. Убестезинге ұқсас,бірақ күрделі операциялық араласуларда қолданылады.
Заманауй карпулалық шприцтер және инелер. Аллергиялық ауруларда; • ентікпе; • жүктілік және емізулі кезінде қолданылады. Аппликациялық жансыздандыруға қолданылатын жергілікті анестетиктер: Дикаин (тетракаин) 0,5-4% ерітінді мен мазь ретінде. Дикаин новокаиннан 10 есе улы. Сондықтан, 10 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды. Ересектер үшін максимальді бір реттік доза- 20 мг. Анестезин (бензокаин) 5-20% ерітінді (майда немесе глицеринде) және мазь, паста, сонымен қатар присыпка түрінде шығарылады. Ересектер үшін максимальды бір реттік доза – 5 г. - Лидокаин 5-15% аэрозольді ерітінді және 2-5% мазь және гель түрінде шығврылады. Ересектер үшін максимальды бір реттік доза – 200 мг (0,2 г.).
- Пиромекаин (бумекаин) 5% мазь және 2% ампуладағы ерітінді. Құрылымы бойынша тримекаинге ұқсас амидті анестетик. Анестезияның тереңдігі мен ұзақтығы бойынша дикаинмен бірдей, бірақ улылығы төмен. Ересектер үшін максимальды бір реттік доза – 400 мг (0,4 г.) .
-шырышта қабаттағы жансыздану тереңдігі 1-3 мм. Жансыздану эффектісі1-2 минуттан кейін болады. - Қолдану формасы: сулы ерітінді,спиртті ерітінділер, полиэтиленглицерин және глицерин,маз,гел. Коммерециялық перепараттар ға сонымен қатар анестетиктер қосады: хлоргексидин, фурациллин, цетримид және басқалар - Қолдануға көрсеткіштер -ине енгізген жерді жансыздандыру -сүт тіс және қозғалмалы тұрақты тістерді жұлу үшін беткей жансыздандыру -жасанды сауыттар мен көпір тәрізді пратезді кигізігенде -қызылиектің гипертрофиялық аймақтарын жою кезінде -тіс тасын жою,шырыш асты абцесстерді ашу кезінде -қалып алу кезінде құсу рефлексін төмендету үшін -жасанды сауыттарды кигізгенде - рентгенография жасағанда -гингивостоматит емдеу кезінде
- 1)жергілікті жансыздандыруға аллергия
- Анамінезінде аллергия болса ол абсолютты қарсылық көрсеткіш болады
- 2) метаболизм және шығару жүйесінің жетіспеуі
- 3)жастық шектеуі
Клиникалық жағдайға қарай анестетиктерді таңдау - Жүрек-қантамыр аурулары бар науқастарда психоэмоциональді күйзелісін төмендету керек. Мұндай науқастарға анестетиктердің аз мөлшердегі вазоконстрикторларды (1:200 000) бәріненде анестетиктерді вазоконстрикторсыз (мепивакаин) қолдану керек. Стенокордия ауруы бар науқасқа 5 минут алдын нитроглицирин 0,3 тілдің астына салуды кеңес беру керек. Креслоны отырған қалыпта жайғастыру керек.
Артериялық гипертензия - Мұндай науқастарға анестетиктер мен төменгі мөлшердегі вазоконстрикторларды қолдануға болады. Стоматологиялық көмек көрсету кезінде, шамалау қауіп қатер топқа байланысты психоэмоциональді күйзеліз кезінде лайықты дәрі-дәрмекті тағайындау керек. Бензодиазепинді қатардағы дәрі-дәрмекті – седуксен, реланиум.
Ревматизм - Ревматизммен келген науқастарда стоматологиялық араласуда бактериялық эндокарт дамуға ие,сондықтан көбісі бактериемиемен қоса беріледі. Сондықтан хирургиялық, эндодонтиялық және пародонтиялық манипуляцияда науқасқа антибактериальді бициллин-аспиринді алдын алу керек.
Қант диабеті - Вазоконстрикторды науқасқа ең кіші мөлшерде қолдану керек. Науқас мұндай ауруда инсулинмен емделеді, анестетикті 1,5 – 3 сағаттан кейін қолданған дұрыс бір қалыпты таңғы ас ішкен соң және қант диабетіне қарсы препарат қолданған соң. Табиғи вазоконстриктор қандағы қант мөлшерін жоғарылатады сол себепті вазоконстрикторсыз анестетик қолдануға кеңес береді.
Қорытынды - Қорытынды
жансыздандыру дәрігер –стоматологтың науқастардың ауру сезімінсіз байыпты жұмыс істеуіне көмектеседі. Сонымен қатар науқастардың сеніміне ие болады жансыздандыру және бор машынасының даусы адамдарың стоматологтың кабинетінен қашыуына себепші болатын екі негізгі элемент. Сол себепті сапалы жансыздандыра білуі сапалы әрі ауру сезімсіз емнің кілті болып табылады. Қолданылған әдебиеттер: 1.Анисимова Е.Н. Клиническое обоснование выбора средств для местногео обезболивания при амбулаторных стоматологических вмешательствах: Автореф. дис. … докт. мед. наук. / ММСИ. – М., 1998. – 32 с.Анисимова Е.Н., Зорян Е.В., Рабинович С.А. Мепивакаин в практике врача – стоматолога // Клиническая стоматология. – 1999. - №4. - С. 36-39. 2.Анисимова Е.Н., Зорян Е.В., Шугайлов И.А. Особенности действия карпулированных местных анестетиков и их сочетаний с вазоконстрикторами // Стоматология. – 1997. - Т. 76, №6. - С. 25-29. 3.Бизяев А.Ф. Обезболивание у больных с сопутствующей патологией при проведении операций в условиях стоматологической поликлиники: Автореф. дис. … докт. мед. наук. / ММСИ. – М., 1989. – 30 с. 4. «Практическая терапевтическая стоматология» А. И. Николаев, Л. М. Цепов, Москва, «МЕДпресс-информ» 2003. 5.«Хирургическая стоматология» под редакцией Т. Г. Робустовой, Москва, «Медицина», 2000. 6. http://subscribe.ru/archive/science.health.stomatology1/200909/22170447.html |
|
|