аскорту. Асқорыту жүйесі, эндокрин жүйесі. Таырыбы Бауыр ауруларыны патологиялы анатомиясы. Таырыпты негізгі сратары
Скачать 24.97 Kb.
|
Тақырыбы: Бауыр ауруларының патологиялық анатомиясы. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Бауыр ауруларының жіктелуі: гепатоз, гепатит, цирроз. Бауырдың токсикалық дистрофиясының морфологиясы. Вирусты гепатиттердің жіктелуі мен морфологиялық сипаттамасы, оның асқынуы мен нәтижесі. Алкогольды гепатиттің морфологиясы. Бауыр циррозының жіктелуі мен морфологиясы, асқынуы, өлім себептері. Макропрепараттарды талқылау (кіші топтардағы жұмыс): а) Бауырдың токсикалық дистрофиясы. Сипаттау керек: ағзаның көлемін, тығыздығын, сырткы беткейінің қалпын, капсуласының жағдайын, тіннің кесіндідегі түрін. Аурудың кезеңін және шамамен даму мерзімін белгілеп, қандай аурулар кезінде дамитынын атаңыз. Аурудың нәтижелері мен асқынуларын, өлім себептерін атаңыз. б) Бауырдың порталық циррозы. Көңіл аударыңыз: ағзаның көлемінің кішірейгеніне, тінінің тығыздалуына, диафрагмалық және висцералдық беткейлерінің біркелкі еместігіне, капсуласының қалпына, бауыр тінінде қалыптасқан көлемі әр түрлі түйіндерге. Аурудың себептерін, нәтижелері мен асқынуларын, сонымен қатар өлім себептерін атаңыз. Микропрепараттарды қарап, суретін салу: а) Жедел вирусты гепатит (Г-Э бояуы). Табу қажет: гепатоциттерде дамыған дистрофияның түрін, бауыр бөлікшесінің анағұрлым зақымданған жерін, коагуляциялық некроз ошақтары мен Каунсильмен денешіктерін, қабыну сіңбелерінің орналасқан жерін. б) Бауырдың порталық циррозы (Г-Э бояуы). Сипаттаңыз: бауырдың бөлікшелік құрылымын; жалған бөлікшелердің сипатын; дәнекер тіннің сипаты мен орналасуын; порталық жолдардағы лимфоцит-гистоциттік сіңбелерді. Тақырыбы: Асқазан және өңеш ауруларының патологиялық анатомиясы. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Өңештің қабынулық аурулары – морфологиялық көрінісі, салдары мен асқынулары. Гастриттің жіктелуі, патологиялық морфологиясы, нәтижелері, асқынулары. Асқазан мен онекіелі ішектің жара ауруының өршу мен ремиссия кезіндегі морфологиялық өзгерістер. Асқазан мен онекіелі ішектің жара ауруының нәтижелері және асқынулары. Макропрепараттарды талқылау (кіші топтардағы жұмыс): а) Асқазанның жедел жарасы. Сипаттау керек: асқазан қабырғасындағы жараның пішінін, өлшемін, жиектері мен түбінің қалпын. Тереңдігіне назар аударып, мүмкін болатын асқынуларын және салдарын атау керек. б) Асқазанның созылмалы жаралары. Сипаттау керек: асқазан қабырғасындағы жаралардың пішінін, өлшемін, жиектері мен түбінің қалпын. Тереңдігіне назар аударып, мүмкін болатын асқынуларын және салдарын атау керек. Микропрепараттарды қарап, суретін салу: а) Асқазанның созылмалы жарасы (г-э бояуы). Көрсету керек: жараның кардиалды және пилорикалық бөлімдеріне қараған жиектердің қалпын, жара түбінің қабаттарын: некроз қабаты, грануляциялық тін қабаты, фиброзды қабаты. Аурудың кезеңін атау керек. б) Созылмалы атрофиялық гастрит (г-э бояуы). Анықтау керек: асқазанның шырышты қабығының жұқаруын, бездер санының азаюын және де олардағы ішектік метаплазия белгілерін, стромада өскен дәнекер тінді. Сонымен қатар, стромадағы қабыну сіңбелерін, олардың жасушалық құрамын және қабыну үрдісінің белсенділігін. Тақырыбы: Аш және тоқ ішек ауруларының патологиялық анатомиясы. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Тоқішектің қабыну аурулары – морфологиялық көрінісі, салдары мен асқынулары. Ащыішектің қабыну аурулары – морфологиялық көрінісі, салдары мен асқынулары. Аппендициттің қабыну аурулары – морфологиялық көрінісі, салдары мен асқынулары. Макропрепараттарды талқылау (кіші топтардағы жұмыс): а) Флегмоналы аппендицит. Сипаттау керек: өсіндінің өлшемін,серозды қабығы мен шажырқайының түсін. Мүмкін болатын асқынуларын және нәтижелерін атау керек. б) Крон ауруы. Сипаттау керек: мықынішектің күрт қалыңдауы мен ісінуін; «таспен қаланған жол» сияқты өзгерген шырышты қабықты. Осы салыстыру неге байланысты айтылғанын түсіндіріңіз. Сонымен қатар, шырышты қабықта орналасқан жаралардың орналасуы мен тереңдігін. Аурудың асқынулары мен нәтижелерін атаңыз. Микропрепараттарды қарап, суретін салу: а) Флегмоналы-жаралы аппендицит( г-э бояуы). Көрсету керек: шырышты қабықтың ойылған жерін, өсінді қабаттары мен қуысына жиналған экссудаттың түрі мен оның таралу деңгейін. б) Спецификалы емес жаралы колит (г-э бояуы). Көрсету керек: шырышты қабықтың көптеген жерлерінің ойылып жаралануын, ішектің басқа жерлерінің полиптер тәрізді өзгеруін (шашақ тәрізді жалған полиптерді). Ойық-жаралардың түбі мен тереңдігіне көңіл аудару керек. Сонымен қатар, крипталарда жиналған нейтрофилдерді, яғни крипт-абсцестерді табу керек. 1. Тақырыбы: Қантты диабеттің патологиялық анатомиясы. 2. Мақсаты: Тәжірибелік сабақтақантты диабет кезіндегі морфологиялық өзгерістерді бекіту. 3. Оқыту міндеттері: Студентті үйрету: Ішкі бездер ауруларының ерекшеліктерін ажырата білуге және олардың жіктелу қағидаларын түсіндіре білуге. Қантты диабет кезінде ұйқыбезде, ішкі ағзалар мен қантамырларда дамыған өзгерістердіаң сипатын анықтай білуге. Диабеттік макро- және микроангиопатияның маңызын бағалайбілуге. 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Қантты диабеттің себептері мен түрлері. 2. Қантты диабеттің I және II типтеріндегі ұйқыбезінің морфологиялық өзгерістері. 3.Диабеттік макро- және микроангиопатияның патологиялық анатомиясы. 4. Қантты диабеттің асқынулары. 5. Оқу және оқыту әдістері: 1. Сабақ тақырыбын талқылап, ауызша сұрастыру. 2. Макропрепараттарды талқылау (кіші топтардағы жұмыс): а) Ұйқыбездің атрофиясы мен липоматозы. Анықтау керек: - өлшемдерін, консистенциясын – строманың және Лангерганс аралшықтарының жағдайын – негізгі клиникалық симптомдарын атаңыз – қантты диабеттің өлімге әкеп соқтыратын асқынуларын атаңыз. б) Диабеттік гломерулосклероз. Анықтау керек: бүйрек өлшемдерінің кішіреюін, консистенциясының тығыздалуын, беткейінің «кедір-бұдырлы» болуын, кесіндісінде – қыртысты қабатының жұқаруын. 3. Микропрепараттарды қарап, суретін салу: а) Қантты диабет кезіндегі ұйқыбез(Г-Э бояуы). Анықтау керек: а) атрофияланған және склерозданған Лангерганс аралшықтарын, б) аралшықтардың компенсациялық гипертрофиясын, в) ұйқыбез стромасының липоматозы мен склерозын. 4. Ішкі ағзалар мен тіндердегі патологиялық өзгерістерді 3D - модельдеу. «Вирхов» патологияның 3D конструкторы бағдарламасы көмегімен: «Қантты диабет кезінде ұйқыбездің атрофиясы, фиброзы мен липоматозы», «Бауырдың майлы дистрофиясы», «Тоқішек гангренасы» патологияларын модельдеу. 1. Тақырыбы: Қалқанша без ауруларының патологиялық анатомиясы. 2. Мақсаты: Тәжірибелік сабақта қалқанша без ауруларының морфологиялық ерекшеліктерін бекіту. 3. Оқыту міндеттері: Студентті үйрету: 1. Ішкі бездер ауруларының ерекшеліктерін ажырата білуге және олардың жіктелу қағидаларын түсіндіре білуге. 2.Қалқаншабез аурулары кезіндегі морфологиялық өзгерістерді анықтай білуге. 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Жемсаудың себептері мен түрлері. 2. Қалқаншабез функциясының артуы мен төмендеуінің морфологиялық белгілері. 3.Жемсаудың жеке мтүрлерінің морфологиялық сипаттамасы. 5. Оқу және оқыту әдістері: Макропрепараттарды талқылау (кіші топтардағы жұмыс): а) Диффузды токсикалық жемсау. Анықтау керек: - ағзаның көлемін, -консистенциясын, - кесміндісіндегі түрі мен түсін. Жемсаудың макроскопиялық түрін және оның мүмкін болатын атипиялық орналасуын атаңыз. Диффузды жемсау кезіндегі қалқаншабездің функциялық белсенділігін анықтап, ең маңызды клиникалық симптомдарын атаңыз. Бұл аурудың ауыр түріндегі ішкі ағзалар (жүрек, бауыр) және басмидың өзгерістерін атаңыз. Өлім себептерін, сонын ішінде қалқаншабезді алып тастаған жағдайдағы өлім себебін атаңыз. Диффузды токсикалық жемсаудың мүмкін болатын этиологиялық факторларын атаңыз. б) Коллоидтыжемсау. Анықтау керек: - жемсаудың макроскопиялық түрін, -өлшемдерін, консистенциясын, кесіндісіндегі түсі мен түрін,- «эндемиялық жемсау» ұғымын түсіндіріңіз, -эндемиялық жемсаудың макроскопиялық түрлерін атаңыз. Йод жеткіліксіздігі кезінде гормондық гомеостазды сақтауға бағытталған организмнің компенсациялық-бейімделу реакциясының механизмін түсіндіріңіз, бұл жағдайдағы жемсау қалай аталады? Жемсау нәтижесінде қалқаншабез тінінде дамитын өзгерістерді сипаттаңыз. Жемсаудың клиникалық-морфологиялық түрлерін атаңыз. Микропрепараттарды қарап, суретін салу: а) Диффузды токсикалықжемсау(Г-Э бояуы). Анықтау керек: а) жұлдызша пішінді фолликулаларды б) фолликулалар эпителиінің жағдайын (эпителий жасушаларының биіктігін, эпителийлік емізікшелердің пайда болуын), в) фолликулалар ішіндегі коллоидтың жағдайын (сұйық болуын, резорбциялық вакуольдердің пайда болуын), г) стромасы мен қантамырлар жағдайын (қантолу, жасушалық инфильтраттың болуы, оның құрамын). Эпителийдің түрі, фолликулалар пішіні және коллоидтың жағдайы бойынша функциялық белсенділігін анықтаңыз. б) Коллоидты жемсау (окр. Г-Э). Анықтау керек: а) қалқанша без фолликулаларын, б)фолликулалар эпителиінің өзгерістерін, в) стромасындағы лимфо-гистиоциттік инфильтраттарды. Сурет салу және схема бойынша сипаттау: а) фолликулалар өлшемдерін, б) олардың пішінін, в) коллоидтың консистенциясын, г) гем/э бояу кезінде коллоидтың тинкториалды қасиеттерінің өзгеруін, д) эпителий түрін және патологиялық өзгерістердің сипатын, е) жемсаудың гистологиялық түрлерін атаңыз, ж) эпителийдің жағдайы, фолликулалар өлшемдері және коллоидтың жағдайы бойынша функциялық белсенділігін анықтаңыз, з) «базедовифицираланған коллоидтыжемсау» терминін түсіндіріңіз. 4. Ішкі ағзалар мен тіндердегі патологиялық өзгерістерді 3D - модельдеу. «Вирхов» патологияның 3D конструкторы бағдарламасы көмегімен: «Түйінді коллоидты жемсау», «Диффузды токсикалық жемсау» патологиясын модельдеу. |