Главная страница
Навигация по странице:

  • Болмыс мәселесінің үш қыры мен сыры бар.

  • Болмыстың негізгі түрлері: 1.Заттар (денелер), процестер болмысы

  • 3. Рухани болмыс

  • Материя қозғалысының негізгі формалары

  • Таырыбы Болмыс. Материя. Сана ымдары


    Скачать 37.58 Kb.
    НазваниеТаырыбы Болмыс. Материя. Сана ымдары
    Дата08.03.2021
    Размер37.58 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла170320_095407_bolmys-lekciya.docx
    ТипЛекция
    #182782

    Лекция

    Тақырыбы: Болмыс. Материя. Сана ұғымдары

    1. Болмыстың негізгі түрлері.

    2. Материя ұғымы.

    3. Қозғалыс, кеңістік пен уақыт.

    4. Сана.



    1. Болмыстарихи қалыптаскан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық 9ғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философияльқ толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.

    Адамның дүниеге катынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы - болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолда-ры және сан алуан құндылықтар - бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нөрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол - болу.

    Философия тарихында  таза болмысты абсолюттік ақиқат ретінде алғаш жария етіп, дәлелдеуге тырысқан Парменид(б.д.д. VI-V) болатын. Оның айтуынша дүниеде болмыс қана бар, одан басқа ешнәрсе жоқ, болмыс - бір-тұтас, ол жіктелмеген, бөлектенбеген.

    Болмыс мәселесінің үш қыры мен сыры бар.Болмытың бірінші қыры мен сыры мынадай сұрақтар мен жауаптар тізбегіне келіп тіреледі. - Не өмір сүреді? Дүние. Қайда өмір сүреді? Осында және барлық жерде. - Ол қалай ұзақ өмір сүреді? Қазір де жене әрқашан дүние болған, бар және бола береді, ол түпкілікті. - Жеке заттар, организмдер, адамдар, олардың тіршілік қызметі қалай ұзақ өмір сүреді? Олар шектеулі, өткінші. Дүние болмысы мен жеке заттардан құралатын нәрселердің болмысының арасында айырмашылық бар. Сөйте тұра, дүниенің өмір сүруінде ажырамас бірлік, әмбебап тұтастық тұнып тұр.

    Болмыстың екінші қыры:табиғат, коғам, адам, ойлар, идеялар - бәрі де, тұтас алғанда, тең өмір сүреді. Ал өмір сүрулерінің формалары жағынан алуан түрлі. Бар болып отырғанның бәрінің өмір сүруі және олардың бола бе-ретіндігі дүние бірлігінің алғышарты болып есептеледі. Әрбір жекелеген адамның өмір қызметі — басқа адамдар үшін және өзі үшін де іс жүзіндегі нақтылы шындық. Мысалы, кәсіпкер адамдар өндірісті дамытып, тұтыну-шылар үшін тауар шығарады, сонда өздері де пайда алады. Адамдардың санасы, ақыл ойы, кеңіл күйі, ішкі сезімі - бәрі де болмыс.

    Болмыстың үшінші қыры- дүниеде өмір сүретіннің бері - нақты шындық, бұл шындыңтың өмір сүруінің, дамуының іштей логикасы бар, ол адам санасынан нақты түрде бейнесін таба алады. Адамдар сол нақты шындық-пен санаспаған кезде, шындық оларға қарсылығын керсетеді. Мысалы, экологиялың мәселелер адамның шындықпен санаспауынан шығады.

    "Болмыс" категориясы, философияның басқа категориялары сияқты дүние мен оның нақты керіністерінің өзара байланыстарын, бірлігін талдап, қарастыруға мүмкіндік береді.

    Болмыстың негізгі түрлері:

    1.Заттар (денелер), процестер болмысы:

    а) бірінші табиғат;

    б) екінші табиғат.

    2. Адам болмысы:

    а) заттар дүниесіндегі адам болмысы;

    б) адамның өзіндік болмысы.

    3. Рухани болмыс:

    а) жеке адамның рухани болмысы;

    б) қоғамның рухани болмысы.

    4. Әлеуметтік болмыс:

    а) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысы;

    б) қоғам болмысы.

    Тарихи тұрғыдан келгенде адам кызметінің, өмір тіршілігінің негізі - табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат - ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б. Кейін адам Жер табиғатына куатты да кең әрекет етуші болып алды. Бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай-күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны "Екінші табиғат" деп атады. "Екінші табиғатқа" жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін). Ол жасанды табиғат. Қазіргі заманда "екінші табиғат", өзі "бірінші табиғаттың" туындысы болса да, басымды болды.

    Адам болмысы екіге белінеді:

    - Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты –оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, "сүйек пен еттен жаралған пенде". Сонда адам денесі - табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші  жан, иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтылғының ұлғаю мүмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық заңдарына-бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі жөне оның ынтызарлыгы, қуаныш-реніші, психикалық жай-күйі, ойы, мінез-құлқы, ерік жігері, іс-әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі іздестіреді.

    Рухани болмыс сана мен санасыздық процестерін қамтиды.

    Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет-тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары емір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилықка бөлуге болады.

    Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар - кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б.

    Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде және жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс - ол жалпы ұғым, оның даму заңдары болады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылыңтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстылығын байқаймыз.

    2. Материятуралы адамдардың ойлары өз заманындағы қоғамдык тәжірибенің, жалпы мәдениеттің көрінісі. "Материя" деген терминді қолданбаған бірде-бір философиялық мектеп немесе бірде-бір философ жоқ. Сондықтан, түрлі кездерде және түрлі мағынасы мен маңызы болғандығы таңданарлық нәрсе емес.

    Ұзақ тарихи замандарынан бері адамзат ойы материяны зат деп түсінді, яғни материя дегеніміз - зат. Бірақ заттардың сан алуан түрлері бар. Жансыз зат, жанды зат, т.т. Материяны затпен барабар деп қараудың біршама ұзақ тарихы бар. Ежелгі грек философиясында барлық саналуан заттардың түпкі тегі белгілі бір зат деген көз қарас болған. Ол ең қарапайым зат. Ерте заманғы материалистер дүниенің алғашқы негізі, түпкі бастамасы деп су­ды алған, екіншілері - ауаны, үшіншілері отты алған; сөйтіп, бәрі де судан, ауадан немесе оттан пайда болады да, қайтадан бәрі де солардың өзіне айналады деп есептеген. Мысалы, Фалес үшін ол - су, Анаксимен үшін - ауа, Гераклит үшін - от, Демокрит үшін - атом ("бөлінбейтін" деген сез), Пифагор үшін - сан, т.т.. Күрделі заттардың барлығы қарапайым заттардан шыққан, солардың құрамасы, құрамды заттар сондықтан да тұрақсыз, өзгере береді. Күрделі заттар бұзылғанда алғашқы қарапайым заттарға бөлінеді. Ал қарапайым біртекті заттар тұрақты.

    Мұнан кейін философтар заттай нәрсенің бәрі атомдардан - өзгермейтін және бөлінбейтін, бос кеңістікте мәңгі-бақи қозғалып жүретін өте ұсақ материялық бөлшектерден құралады деген данышпандық болжам айтты. Сонансоң табиғаттың алуан түрлі заттары мен қүбылыстарының мөңгі-бақи өмір сүретін жалпы негізін материя деп түсіне бастады. Материя осы кезеңнен бастапақ матери­алисте бағытта бүкіл космостың түпкі негізі, бүкіл әлемнің бір тұтастығының шығатын тегі ретінде қаралады. Олар үшін әлем әртүрлі заттардың кездейсоқ косындысы ғана емес. Әлем біртұтас нәрсе.

    Жаңа дәуір философиясында (XVII-XVIII ғ.ғ.) қоғамдық өндіріс пен ғылымның дамуы, қоғамдық еңбек бөліністің тереңдеуі материяны механикалың заттармен, дәлірек айтқанда, заттардың механикалық қасиеттерімен теңгеруге жол ашады. Материалистік ой енді мате­рияны заттардың белгілі бір түрмен емес, олардың барлығына тән ортақ қасиеттері мен байланыстыруға бейім.

    Ал XIX ғ. Фейербах болса материя барлық заттардың қосындысы деген көзқарасқа ойысады. Маркске дейінгі материалистік философия мен жаратылыс тану ғылымында материя жөніндегі осы сияқты кезқарастар болды. Мұнда талас: материяны барлық заттардың табиғи себебі. деп есептеуге бола ма, әлде онан басқатағы бір "бастапқы себеп" бар ма, материялың объектілердің тоқтаусыз қозғалыста болатын себебіне және қозғалыстың шығатын көзінеде, материя бір түрлі болып табыла ма және сезім аркылы аңғарылатын нақты заттардан өзгеше мате­рияны дәл сол өзіндей деп ойлауға бола ма деген мәселелер жөнінде болды. Бұл ретте материяны барлық заттардың алғашқы негізі деп танып білу үшін атомдар қозғалысының заңдарын ашса болғаны деп есептелді. Сонымен қатар көптеген ғалымдар физикалық немесе химиялық процестерді атомдардың механикалық жылжып ауысуына апарып саюға тырысты.

    Алайда, XX ғасырдың бас кезінде ғылым шешілместей болып көрінген қиыншылықтарға кездесті. Атомдардың бөлінбейтіндігі жөніндегі, материялың белшектердің кейбір басқа да қасиеттері жөніндегі, энергия женіндегі сол кезде үстем болып Жүрген түсініктерді жоққа шығарған ірі-ірі жаңалықтар ашылды. Физика микро-дүниеге, яғни атом құбылыстарының дүниесіне тереңдей еніп, материялық бөлшектерің таңғажайып қасиеттері мен энергияның жаңа түрлеріне тап болды.

    Ғылымда жаңадан ашылған табыстар материя мен оның қасиеттері жайындағы ескі метафизикалық түсініктерге мүлде қайшы келді. Физикада дағдарыс туды. В.И.Ленин "Материализм және эмпириокритицизм" де­ген кітабында ғылымда туып отырған жағдайды талдай келіп, физикадағы дағдарыстық себептерін ашып берді, идеализм қалыптасып қалған ұғымдардың күйреуінен туған ғылымдағы қиыншылықтарды пайдаланып, сол ғылымның жетістіктерін бұрмалап отыр деп көрсетті.

    1909 жылыВ.И. Ленинның материяға берген анықтамасы:

    "Материя дегеніміз- адамға оның өзінің түйсігі арқылы көшірмесі, суреті, сөулесі түсетін объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория". Әр деуірдің материяны қалай түсінетіндігі ғылымның, танымның ғана нәтижесі емес. Материя тура­лы адамдардың ойлары өз заманындағы өздерінің дүниеге қатынасының, жалпы мәдениеттің көрінісі. Адамдардың материалдың дүниені каншалыкты дәрежеде игерді, сол игерген мазмұнда, күштерден қаншалыкты дәрежеде өзінің әлеуметтік дүниесін жасады - міне материя ту­ралы ең алдымен қоғамдың санада туатын көзқарастар осы жағдайларға байланысты. Адамзат бүгінгі күнге дейінгі тарихында іс жүзінде материяны зат түрінде біледі. Ол заттың әртүрлі қасиеттерін меңгерді, заттан көптеген құралдар жасады, т.т., яғни ол заттар дүниесінде тіршілік етеді. Өзі де сол заттар дүниесінің, жанды тіршіліктің бірі. Адамдар табиғатта бар заттардан басқа, онда тіпті болмаған және адамсыз болуы мүмкін емес заттар жасайды. Адамдар өздерін белгілейтін заттармен өзін қоршаған.

    Жалпы алғанда, материяньң түрлері: зат пен өpic, метагалактика мен биосфера. Материяныц алуан түрлілігінің шексіздігін мынадай факті керсетеді: материя тек зат түрінде ғана ("элементарлық" белшектерден құралатын құм түйіршіктерінен бастап зор аспан денелеріне дейінгі айналамыздағы заттардың бәрі) емес, сонымен қатар өpic түрінде де (электромагнит ерісі, ядро ерісі, тартылыс өрісі) емір сүреді. Материяның осы негізгі екі түрі өзара тығыз байланысты және өзара бір-біріне айналып түруға қабілетті келеді.

    XX ғ. 80-ші жылдарында материяның құрылымы осындай болып көрінеді: Метагалактика (оған галактикалар, макро-микро-денелер, молекулалар, атомдар, элементарлық бөлшектер жатады) және Биосфера (оған қоғам, биоценоз, көпклеткалық организмдер, клеткалар, ДНК, РНК жатады). Дәуір өткен сайын, адамның өндіріс қызметі жан-жақты күрделі процеске айналған сайын, адамдардың қызметтері саналуан болып кетті. Материя тура­лы адамзаттың түсініктері заманына сай өзгере береді.

    Материя үшін заттың форма оның негізі емес, негізгі форма - қозғалыс. Бұл қорытынды тек адамның дүние-де болу формасына ғана емес, ол жалпы болмыстың барлык формаларына қатысты.

    Материя үнемі қозғалыста болады. Болмыстың ішкі табиғаты - қозғалыс. Сондықтан да бұрынғы материалистер де мұны белгілі бір дәрежеде болжаған. Философия да көп ойшылдар қозғалыссыз материя жоқ деген пікіpre ойыстаған. Бірақ  қозғалысты әртүрлі түсірген. Қозғалыс: табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қозғалыстың ішкі өзіне карама-қарсы бір сәті - тыныштық. Тыныштық қозғалыстан бөлек, оған бөгде nәpсе емес. Тыныштық - қозғалыстың белгілі өткінші қалпы. Дәлірек айтсақ, тыныштық – қозғалыстың біршамбір сәткі тұрақтылығы.

    Материя қозғалыстың бір формасынан екіншісіне ауысып отырады. Бірақ ол денелер жерге қатынасында тыныштық қалпында. Қозғалыс негізгі, себебі барлық тіршіліктің формалары шын мәнінде қозғалыс. Тіпті тыныштықтың өзіде - қозғалыс немесе қозғалыстың біршама тұрақты қалпы дедік. Сондықтан тыныштық относительдік (салыстырмалы) нәрсе. Тыныштық белгілі бір қатынаста ғана тыныштық, басқа барлық қатынастарда  қозғалыс. Материя қозғалысының негізгі формалары: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік. Механикалық  қозғалысқа  әр түрлі денелердің кеңістіктегі орын ауыстыруы: аса ұсақ бөлшектердің қозғалысы, атомдар мен молекулалардың орын ауысты­руы кіреді. Физикалық өзгерістерге жылу процестері, ядро мен атомның ішінде болатын өзгерістер, "элементарлың" бөлшектердің өзара әрекеттері, т.б. кіреді. Қозғалыстың химиялық  формасына атомдардың молекулалар болып қосылу және молекулалардың ыдырау процестері, заттардың органикалық және органикалық емес табиғатта болып жататын құралу және бұзылу процестері кіреді. Қозғалыстың биологиялық формасы дегеніміз -тіршіліктің алуан түрлі көріністері, тірі организмдердің өзара және олі табиғатпен арадағы қарым-қатынастары. Қозғалыстың әлеуметтік (қоғамдық) формасы өндіріс              саласындағы өзгерістерді, таптық және үлттық қатынастарды қоса алғанда қоғамда болып жататын алуан түрлі процестердің материалдық және рухани мәдениеттің да­му процестерін, қоғам мен табиғаттың өзара жасайтын әрекеттерін қамтиды. Қозғалыстың жеке формалары жөніндегі козқарастар ғылымның дамуына байланысты өзгеріп отыра бермек. Ол жеке ғылымдардың айналысатын мәселесі. Себебі фи­лософия материяны, оның формаларын ойлауға кеңірек аукымды алғанда - адамға қатыссыз, одан оқшау алып зерттемейді дедік. Бұлай зерттеу жеке ғылымдардың міндеті. Қозғалыс табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды.

    3. Материяның  қозғалыстан шығатын келесі негізгі формалары - кеңістік пен уақыт.Қозғалыс өзін кеңістік пен уақыт формасында айқындайды. Олар қозғалыстың көріну формалары деуге болады немесе оның сыртқы өл-шемдігі. Қозғалысты біз кеңістік пен уақыттың арақатынасы арқылы елшей аламыз. Кеңістік- қозғалыстың әр сәттегі орналасу қалпы. Кеңістік пен уақыт материя қозғалысының сандық айқындығы. Кеңістік деген ұғым материялық объектілердің қатар өмір сүруін және олардың озара орналасуын білдіреді. Оның өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, процестерге де тән.

    Уақыт - қозғалыстың формалары мен құрамды бөліктерінің (не элементтердің) бір-бірінен туындап ұласу фор­масы. Уақыт деген ұғым материялық процестердің бірінен соң бірінің кезектесіп келуін, заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзақтығын білдіреді. Уақыт заттың емес, тек процестің сипаты. Уақыттың айнымайтын белгілі бір бағыты болады. Ол өткеннен болашаққа қарай жылжиды және оның қайтып оралмаушылық қасиеті бар. Өткенді өзгертуге болмайды, өткенге қайта оралуға болмайды. Уақыт бір өлшемді.

    Кеңістік пен уақыт адамдардың санасынан тәуелсіз өмір сүреді және материялық заттар мен құбылыстардың объективті қасиеттері мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Ғылым мен материализмнің тарихында калыптасқан қағидалардың бірі: материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі. Яғни материяның аяқталатын не­месе таусылатын шегі жоқ. Материя таусылмайды. Адамдардың кеңістік және уақыт туралы түйсіктері мен сезімдері өлеуметтік-тарихи процестердің, тарихи дамудың ағымы, оның ішкі ырғақтарын өрі жасайды, өрі бейне-лейді. Сондыңтан кеңістік пен уақытты тек физикалық кеңістік және уақыт деп түсіну қате. Жеке адам санасы бол сын, қоғамдық сана бол сын ондағы кеңістік және уақыт туралы категория (ойлаудың формасы) өлеуметтік кеңістік, әлеуметтік уақыттың нәтижесі. Маркс эконо-микалық еңбектерінде әлеуметтік кеңістік жөнінде көп айтқан. Мысалы, тауар айналымының өрістеуі, оған сәй-кес нарықтың кеңеюі туралыұғымдар бар. Нарықтыңке-ңеюі ол географиялық, не территорияльщ кеңею емес. Сол бір территорияның ауқымында айырбас қатынаста-ры жан-жақты орістейді. Яғни физикалық кеңістік өзгер-мейді, бірақ соның көлемінде адамдар қатынастарының шеңбері кеңиді. Түпкі табиғаты бір болғандықтан, кеңіс-тік пен уақыт бірінің функциясын екіншісі атқара ала-ды. Бұл өсіресе даму процесінде, соның ішінде қоғамдық дамуда козге түседі. Яғни, уақыт дамуда түрған кейбір қүбылыстар үшін кеңістіктің рөлін атқарады. Адамның дамуы кеңістіктен гөрі уақыттьщ шеңберінде өрістейді. Адамдар, әрине, өздеріне дейінгі қалыптасқан табиғат-тағы физикалық, т.б. кеңістік пен уаңытты өз тәжірибе-сінде игереді өрі дамытады. Соның негізінде кеңістік пен уақыттың әлеуметтік формасын жасайды. Ол формалар да тарихи өзгеріп отырады.

    Қазіргі жинакталған этнографиялық деректер, адам­дар ойлауының әр замандағы ерекшеліктері туралы зерттеулер олардың кеңістік пен уақыт туралы ұғымдарының соншалықты сан алуан екендігін көрсетеді. Себебі әр заманда олардың әлеуметтік тәжірибесінің өзі бір-біріне ұқсамайды және   соған сәйкес кеңістік басқаша ұйымдастырылып, уақыт та басқаша өтеді екен. Мысалы, көшпелі халықтарға кигіз үй әлемнің моделі болған. Уақыттың өлшемі "көш", "мүшелі" болған. Қазақ тіршілігінің не-гізгі түп қазығы - кең дала, жазық жер. Ұлы Даланы Ал­тай, Тянь-Шань, Орал, Кавказ таулары қоршап түр. Бұл шекара тауларда және одан ері қарай жаубап деген түсінік халық санасына терең ұялаған. Алайда, эпоетық кеңестіктегі тау, өзен сияқты кедергілерді, даланың шекараларын "басқанікі" деп түсіну өзгермелі болды. Әр түрлі тарихи қозғалыстар, этностардың белгілі бір территорияда қалыптасуы, олардыд мекен-жайларын өзгертуі, бас­ка этностардың бүл территорияға енуі, т.б. осы сияқты процестер, "біздікі"-"өзгенікі" оппозициясын түбегейлі озгертуі мүмкін. Биік таулар этностың киелі жеріне, жаудан сақтанып, қуат алатын қасиетті мекендеріне, ал қала көшпелілердің туысқандары тұратын, тіршілік үшін қажетті заттар алатын тұрақ жайға айналуы әбден мүмкін.

    4. Дүниеде еңғажап, керемет құбылыс - адамның рухани дүниесі, сана,ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәулім құрылыстар, түрлі техникалың табыстар, өнердін, әдебиет, филосо­фия, ғылым - осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сонда сана дегеніміз не? Ол қайдан, қалай пан­да болады? Санабейнелеудің қасиеті.Бейнелеу- жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші денеге тигізген әсерінің салдары жатыр. Сана да сол әсерінің нәтижесі. "Бүкіл материяның шын мәнінде түйсікке үқсай-тын қасиеті, - детгжазды В.И.Ленин, - бейнелену қасиеті. Бұл пікір тірі материя мен әлі материя арасында табиғи байланыс бар екенін көрсетеді. Бұдан келіп, ең жо-ғары бейнелену - сананың өзі де бірден пайда болмай, бірте-бірте дамудың нәтижесінде шыққанын көреміз. Әлі материяда бейнеленудің екі түрі кездеседі, бірі - изомор­физм, екіншісі - гомоморфизм. Изоморфизмде бейнеленетін объект пен оның бейнесі арасында айнымас ұқсастық болады. Мәселен, нақты ұшақ пен оның кішкентай моделі. Ал гомоморфизм дегеніміз бейнеленетін объект пен оның бейнесі арасындағы ұқсастық дөлме-дәл емес, жоба түрінде болатыны. Мәселен, жер бедерінің картадағы көрінісі.

    Материяның түрлі құрылымдық даму дәрежесіне сәйкес бейнеленуі де әр қилы болып келеді. Өлі материяда ондай бейнелеудің негізінде зат, дене бірте-бірте мүжіліп, үгітіліп, бара-бара жойылып бітеді. Ал тірі материяда он­дай әсерге белсенді түрде бейімделу пайда болады. Мы­салы, өсімдіктердің жарықа созылып, күнге бой тартуы. Бейнеленудің ең жоғары түрі тіршілікке, өмірге байланысты биологиялың формасы. Ал енді тіршілік өмірдегі бейнелену формалары қандай? Ол да түрліше. Ең алғашқы қарапайым бейнеленуге тітіркену жатады. Ол барлық тірі организмдерге тән құбылыс. Орталық жүйке жүйесі бар организмде ол рефлекс тудырады.

    Адам миына сыртңы дүниедегі түрліше ақпараттар қалай келеді? Ол сезім мүшелері арқылы қабылданады. Адамда бес турлі сезім мұшелері бар: көру, есту, иіскеу, дәм, сезу, яғни, тері түйсігі. Бес сезім мүшесі арқылы келген хабарды сезімдік бейнелеу дейміз. Сезім мүшелері адам миын сыртқы дүниемен байланыстырушы. Ол сезімдік формасы омыртқалы жануарларда да бар. Бірақ олардың түйсігі өз тіршілігіне сөйкес сыңаржай дамиды, яғни өзіне қажеттіні ғана қабылдайды. Ал адам сана, тіл арқылы өзінің сезім мүшелерінің мүмкіндіктерін жан-жақты дамытады. Ол сезім мүшелерін ақылға билетеді. Адамға микроскоп, телескоп, сейсмограф сияқты құралдар көмекке келеді. Сөйтіп, адам сезім мүшелері арқылы заттың қасиеттерін біледі. Бірақ заттың қасиеті әртүрлі болады. Затты бүтіндей, толық білу үшін оның қасиеттерін жан-жақты танып, түсіну қажет. Ол үшін таным-түйсіктен бірте-бірте ойлауға көтеріледі. Сана өзінің шығуы жағынан екінші. Бірақ сана емес, белсенді, пәрменді рөлі бар құбылыс. Сонымен, адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мөліметтерді орталық жүйке жүйесі қабылдап оны қорытады, белгілі ой түжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап біреу ғана: ол түйсік мүшелер арқылы объективті шындықты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады. Оған түйсік, қабылдау, ойлау сиякты негізгі элементтердің жиынтығы кіреді.

    Сана дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді, қолдан жасайды. Сана ең жоғары ұйымдасқан материя — мидықфункциясы ретінде бірден пайда болған жоқОл талай дәуірден өтті.

    Сана - адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми жан-жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Оның пайда болуы екі факторға байланысты: бірі - еңбек, екіншісі - тіл. Адам санасы оның еңбек ету процесінде пайда болып, дамыды. Еңбек - еңбек құралын алмасаудан, басқаша айтқанда, белгілі мақсатқа жетуде алғашқы адамдардың тасты қашап одан кесуге болатын, не соғуға болатын құрал жасаудан басталады. Ондай қүралды таби-ғат жасамайды, табиғат заттарын оңдеп, адам жасайды. Ол бір. Екіншіден, сол еңбектенген адамдар бір-бірімен түсінісу үшін тіл керек болды. Тіл де бірден пайда бол­ган жоқ. Оның алдында түрлі дыбыс, қимыл-әрекеттер-мен алғашқы адамдар бір-бірімен ұғысқан.


    написать администратору сайта