Главная страница
Навигация по странице:

  • Көрнекіліктер

  • Екі топқа тақырыптық байқау.

  • Қария

  • Жас жігіт

  • Ойланайық, пікірлесейік.

  • «Махаббатсыз дүние бос...» тақырыбында постер қорғау.

  • Қорытынды. Мұғалім

  • _Бәрінің бастауы махаббат_ ашық тәрбие сағаты. Таырыбы Бріні бастауы махаббат


    Скачать 25.53 Kb.
    НазваниеТаырыбы Бріні бастауы махаббат
    Дата07.11.2022
    Размер25.53 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла_Бәрінің бастауы махаббат_ ашық тәрбие сағаты.docx
    ТипДокументы
    #774100

    Тақырыбы: «Бәрінің бастауы - махаббат»

    Мақсаты: Оқушылардың әлемге деген сүйіспеншілігі мен мейірімділік сезімдерін ояту; бауырларына, туған –туысқандарына, достарына, қоршаған ортаға деген махаббатын оятып, дамыту.

    Көрнекіліктер: тақырып жазылған плакат, ұлағатты сөздер, шарлар, гүлдер т.б;

    Барысы.

    Мұғалім: Адамзатпен бірге жаратылып, адамзатпен бірге өлетін мәңгі тақырып –ұлы махаббат туралы миллион рет жазылған шығар. Жер бетінде қанша миллиард адам болса, солардың әрқайсысында өзінің дара махаббаты бар. Махаббат –адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі.

    Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келгеннен бастап сезіп –көре бастайды. Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында, олардың аялы алақанын сезіне жүріп өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көріп- көрмеуі екіталай. Әйтсе де адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық.

    Оқушылар: Дүниені ұстап тұрған – ыстық махаббат,

    Махаббат бар жерде ғана өмір бар. (М.Ганди)

    Махаббат демімен үрленбесе,

    Тіршіліктің шырағы жанбас болар. (Махтымқұлы)

    Мүмкін сен бұл өмірде жай ғана адам шығарсың, ал біреу үшін бүкіл әлемнің өзісің. (Маркес)

    Махаббат адамды танымастай ғып өзгерте алады. (Теренций)

    Махаббат сыртқы құбылыс емес, ол үнемі біздің ішімізде.

    (Луиза Хей)

    Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділікпен, баяндылықпен өлшенеді. (Цицерон)

    Мұғалім: Бәрінің бастауы махаббат,

    Жаныңа нұр құйған махаббат.

    Еңбектің рахатын сездірген,

    Гүлдерге құлпыртып түр берген,

    Сәбидің шырағын жандырған,

    Бұлағы мейірін қандырған,

    Шуағы жылытқан жүректі,

    Жаңғыртып айтамын қайталап,

    Бәрінің бастауы махаббат!
    Махаббаттың 25-ке тарта түрі бар екен. Осы махаббаттың қайсысы сіздің бойыңызда бар?

    - Ананың махаббаты (сенің табаныңа кірген шөңге менің маңдайыма қадалсын)

    - Әке махаббаты (жауға қарсы кеткен ұлын мойнына бұрша салып, соқыр көзінен жас парлап күткен әкенің махаббаты)

    - Бауырға махаббат (басына іс түскенде «Әйел жолда, бала белде, бауырды қайдан табасың?» дегізген бауырмалдық махаббат)

    - Отанға деген махаббат (туған жерден, атажұрттан алыстап бара жатып бір уыс топырақты түйіп әкеттірген махаббат)

    - Достық махаббат

    - Өмірге махаббат

    - Табиғатқа деген махаббат

    - Екі адам арасындағы т.б

    Қатысушыларға таратып беріп, түсінік бергізу

    Ержан: Адамзатты аялаған ақ арман,

    Барлық ғалам махаббаттан жаралған.

    Өмір- өзен сан тарапқа ақса да,

    Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.

    Махаббаттың тоймай ішіп дәміне,

    Адамзаттың талмай айтар әні ме?

    Өзіңді де, өзгені де сүйе алсаң,

    Жете аларсың махаббаттың мәніне.

    Анар: Әкем- біреу, анам да біреу менің,

    Мен жығылсам, сүйенер тіреулерім,

    Олар барда мереке, көрген емен

    Қабақтарын шытқанын, түнергенін.

    Әке -білек, саусағы- балалары,

    Қантамырмен жалғасқан аралары.

    Ана- тамыр бойымен бәріне де

    Тіршіліктің жылуы таралады.

    Гүлдана: Табиғат –алтын күнім, асыл айым,

    Шашылған жұлдыз меруерт жастанайын.

    Үңілем таңнан тұрып терезеге,

    Ашық па, жабық па деп қас –қабағың.

    Табиғат –көркем жырым, асқақ әнім,

    Сен ана, мен қашанда жас баламын.

    Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп,

    Тіліңді түсінуге тырысайын.

    Ислам: Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,

    Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

    Бүгінде бар әлемге даңқын жетті,

    Тәуелсіз Қазақстан –елім менің.

    Ғажап қой сұлу көктем, жазың әні,

    Тындарсың оң жүректің сазын әлі.

    Шіркін-ай жер жетпейді бір өзіңе,

    Қойнауың тұнған байлық, қазыналы.

    Сен неткен Отан –Анам ғажап едің,

    Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

    Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

    Жайнай бер, Ұлы Отан-Қазақ елім!

    Мұғалім: Кешегі тарихқа бір сәт ой жіберсек, халқымыздың інжу- маржаны, сөз қазынасы ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан- ұрпаққа жеткен Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Ләйлі мен Мәжнүн, т.б Махаббат тақырыбы әдебиетте, соның ішінде шығыста сонау заманнан бері жырланып келеді. Қанша мол жазылып, көп жырланғынымен, махаббаттың сырлы шежіресін ешкім де жазып тауысқан емес.

    -Қазіргі заман әдебиетіндегі махаббатың жыршысы деп кімдерді айтар едіңіздер?

    Екі топқа тақырыптық байқау. Екі топқа мынадай тірек сигналдары таратылады сол бойынша өлең немесе эссе, пікір жазу.

    І топқа «Армансыз адам болмайды» 1.Қиялым. 2.Үмітімді үзбедім. 3.Іздей-іздей шаршадым.

    ІІ тоқа «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» 1.Адам құдіреті. 2.Лаулаған сезім. 3.Ғашық болып. 4.Сенім артқан ерекше еді-ау

    Әлемге танымал ғашықтар туралы әңгімелеу.

    «Махаббат шуағы»

    1-көрініс

    (Сахнаға қария мен жас жігіт шығады)

    Қарияның рөлінде Бақытжан А, жас жігіттің рөлінде Жазықбай А, қыздың рөлінде Уахитова А.

    Қария: Мынау үлкен ғаламда адамзат баласының жүрек қылын шертетін, тәтті қиял-ғажайыптарға бөлейтін ұлы сезім бар. Ол сезім махаббат деп аталады.

    Жас жігіт: Ұлы сезім дейсіз бе, ата?! Мен сол сезімді неге сезбеймін? Жүрегім менің неге ол сезімнің ләззатына бөленбейді? Айтыңызшы. Әлде ол сезім көптің уысына түсе бермейтін, әркімнің дегеніне көнбейтін, сусыз ми далада шөлдейтін, алыстан мұнарлатып маған кел дейтін сезім бе?

    Қария: Ей, қарағым, бұл сезімнің дәмін татпаған, рахатына бөленбеген, қызығына қанықпаған, шыжығына күймеген жан жоқ шығар жер бетінде. Сен де бір күні сол сезімнің шырмауына арбаласың. (Екеуі шығып кетеді)

    2-көрініс

    Жас жігіт: Махаббат қандай ғана сезім едің, сен үшін әлем жерді кезіп едім. Қария, қанша жерге жол тартып, қанша елге сапар шексем де сіз айтып тамсандырған тәтті сезімді кезіктіре алмадым.

    Қария: Қарағым, алты қырдан ассаң дағы, жеті қырды кезсең дағы махаббат сезімін таба қоймассың. Ол әлде бір күш сияқты. Кенеттен ойламаған жерден жүрегіңе ғашықтың ыстық тамшысы еніп, сол тамшыдан махаббат деп аталатын тәтті сезімнің ұлпасы түзіледі. Оның орны тек жүректе. Жүректен жүрекке өтетін сезім ғой бұл.

    3-көрініс

    Қария: Махаббат, ғашықтық, сүйіспеншілік бәрі –бір-бірімен байланысқан асау аттың шабысындай ешкімге дес бермейтін адам бойындағы баға жетпес құнды дүние. Оны ешқандай ақшаға, ешқандай алтынға сатып алуға болмайды. Қазіргі заманның жастарының махаббатты аяққа таптағанына ішім ашиды. Осындай ұлы сезімді аяламаған жастарға не дерсің?! Қадіріне жетіңдер махаббатың. Оның киесіне қалмаңдар, шырақтарым!

    Жас жігіт: Егер менің жүрегімде ғашықтық сезімі болса, қария, сізге уәде берем: ол сезімді аялап өтемін.

    (Сахнаға қыз шығады)

    Қыз: Сәлеметсіз бе, ата. Қал-жағдайыңыз қалай?

    Қария: Амансың ба, балам, танымадым ғой?

    Қыз: Ата, мен ауылдағы Ахат есімді ініңіздің Бану атты қызы боламын.

    Қария: А-а, қарағым, енді есіме түсті. Сен жастайыңнан өнер-білім қуып қалаға кетіп едің ғой.

    Қыз: Иә, ата, сол арманыма жетіп, қалаған мамандығымның тізгінін ұстап, оқу-білімді жалғастырып жатқан жайым бар. Ауылымның көктемгі жұпар иісін сағынып, табиғат аясында серуендеп жүрген жайым бар.

    Қария: Дұрыс айтасың, қызым, ауылдың жанға дауа, шипа ауасына не жетсін. Шырағым бойыңда ақындық қабілетің бар еді.

    Қыз: Ақындық өмірімнің мәні, қиналсам да, қуансам да ойымды өлең арқылы бөлісемін. Табиғат аясында тұрып бойымдағы шабытымды шыңдап тұрмын.

    Қария: Олай болса, балам, шабытыңның жемісін біз де көорейік.

    (Қыз өлең оқиды)

    (Кейін шығып кетеді)

    Жігіт: Ата, айдай сұлу мына қыз періште ме, пері ме? Қайдан ғана келе қалды жеріме? Жүрегімді әлдеқандай бір белгісіз сезім билеп, күш-қуатым тасып бара жатқандай. Ата, бұл қандай сезім? Маған не болды?

    Қария: Әй, балам, айтып едім ғой, махаббат –мезгілсіз келетін дерт. Арбалдың сен де сол сезімнің шырмауына.

    4-көрініс

    (Жігіт қолында қағаз бен қаламы бар сахнаға шығады. Сезімін дәптерге жазуда)

    Ғашықпын, мен ғашықпын сол адамға,

    Мен болмасам болмайын, сол амнба?

    Ғайптан періштедей пайда болған

    Сол қызды енді қайтіп көре алам ба?

    (Осы кезде сахнаға қыз шығады)

    Жігіт: Қарындас, сәл кідіре тұрыңызшы.

    Қыз:Иә, жігітім қандай шаруаң бар?

    (Екеуі бірге сахнадан шығып кетеді)

    Ән: «Қайықта»

    (Қыз бен жігіт қосылып)

    Махаббаттың туын ұстап жарқырап,

    Қос аққудай жүзейік біз қалықтап.

    Аялайық ғашық сезім пәк гүлін,

    Бір кешейік бұл өмірдің шаттығын.
    Мұғалім: «О, махаббат!»

    Берілген парақтарға махаббат түрлері жазылады, оқылады. Пікірлеседі.

    Махаббат түрлері: мөлдір махаббат, баянды махаббат, ессіз махаббат, қорғансыз махаббат, есепті махаббат, пәк махаббат, алғашқы махаббат, бала махаббат, жауапсыз махаббат т.б.

    Ойланайық, пікірлесейік.

    • Адамға махаббат не үшін қажет?

    • Адамда махаббат сезімі болмаса не болар еді?

    • Махаббат пен сүйіспеншілік ұғымдарын қалай түсіндіресіздер?

    • Адамның шын ықыласпен істеген іс-әрекеттері қандай сезім тудырады?

    • Махаббат неліктен адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді?

    • Махаббат адам бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектесе ала ма?

    • Махаббаты аңызға айналған қазақ сазгері- Естайдың сүйіктісіне арнаған әні

    • Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?

    • Махаббатта қызғаныш болу мүмкін бе?

    • Махаббатқа деген тұрақтылық неден көрінеді?

    • Достық түбі махаббатқа ұласа ма? Екеуінің арасындағы айырмашылықты қалай түсінесің?

    Тренинг «Асық»

    «Асық» ұғымына не айта аласыз?

    Өмір сүруге асық!
    Жақсылық жасауға асық!

    Бақытты болуға асық!

    Өзгені бақытты етуге асық!

    «Махаббатсыз дүние бос...» тақырыбында постер қорғау.

    Төменде берілген тапсырмаларды орындап, көпшілікке таныстырып, өз ойларын қорғау.

    1.Махаббаттың сізге белгілі формалары бар ма?

    2. «Махаббат» ұғымына синоним яғни ұқсас ұғымдарды іріктеу.

    3. «Махаббат» ұғымына антоним яғни қарсы ұғымдарды іріктеу.

    4. Бұл сезімнің адам өміріндегі мәні, орны.

    - Махаббат адамға қандай артықшылықтар береді?

    - Махаббат адам бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектесе ала ма?

    - Махаббат та кемшіліктер бола ма?

    - Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?

    5. Адам өз махаббатынан зиян шеге ме?

    Қорытынды.

    Мұғалім: Бүгінгі кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Шуақты нұрмен бірге әр адамның жүрегіндегі махаббат сезімін бағалауға түрткі болған бұл кештен баршаңыз да әсер алдыңыздар деп ойлаймыз. Қай заманда болмасын, қай мамандық иесі болмасын барша адамзатты біріктіретін ұлы сезім –махаббат сезімі. Жас болсақ та, кәрі болсақ та осы бір аялы сезімді ардақтап, бір-бірімізге үлкен сүйіспеншілікпен қарай білейік.


    А. Бақтыгереева «Бар махаббат»

    Сенбе, дос, өз сертінде тұрмағанға,

    Махаббат жалған десе бұл ғаламда.

    Махаббат бомаса егер, дала кезіп

    Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма?!

    Махаббат теңеу емес өлеңдегі,

    Емес ол аңыз болған ел ермегі.

    Махаббат болмса егер, зарлап Жібек,

    Қозы үшін сұлу Баян өлер ме еді?

    Ғасырлап дәуірінен озғанда өлең,

    Мүмкін бе пәк сезімді жазбау деген?!

    Жыр кені –ұлы Абайдың жүрегінде

    Бітпеген бір ән кеткен Тоғжан деген.

    Кей сорлы махаббатқа жолықпайды,

    Оңдайлар қиналмайды, торықпайды,

    Аялап шын қадірлеп көрмегендер

    Қызыл гүл солғанынан қорықпайды.

    Күн біреу нұр төгетін көктен жерге,

    Қызғалдақ бір гүлдейді көктемдерде.

    Шын бақыт екі айналып жолықпайды

    Қол сілтеп, көзін жұмып кеткендерге.

    Ән: Қоштасқым келмейді

    1.Өртенген сезімді

    Қалайша өшірем?

    Балауса сезімді

    Қалайша кешірем?

    Қайырмасы: Алғашқы махаббат

    Жүректі тербейді

    Мәңгілік бақ құсым

    Қоштасқым келмейді

    2.Өмірдің пәктігін

    Жаныма сыйлаған.

    Кештерді қайтейін

    Кетуге қимаған.

    3.Айтпаған әнімді

    Кімге мен арнаймын?

    Үмітім үзілсе,

    Қайтіп мен жалғаймын?
    Естайдың әні «Қорлан»

    Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын,

    Табиғат береген екен күн мен айын.

    Мұратқа іздеген жан бәрі жеткен,

    Дариға арманым көп не қылайын.

    Қайырмасы: Ахау, арман,

    Құсни, Қорлан,

    Екеуі туған екен бір анадан.
    Ән: Қайықта

    Болсақтағы жаңа таныс,

    Жүзсек те алғаш қайықта.

    Ұшқыр қиял кетт ау алыс,

    Бұйырмашы айыпқа.

    Самал болып толғандырған,

    Айдын шалқар көл бетін.

    Сәулем, мені ойландырған,

    Сенің жарқын келбетің.
    Көлдің жүзін нұрландырып

    Тұр ма сенің дидарың.

    Сол бейнеңді тұрған күліп,

    Су бетіне қимадым.

    Ескегіңді берші маған,

    Мен есейін сен еспе.

    Су күлкісі сыңғырлаған,

    Сенің күлкің емес пе?
    Ашылғандай айдын көлде,

    Үлкен өмір есігі.

    Су бетінде қайық бейне,

    Махаббатың бесігі.

    Жылжы қайық, осы көлде,

    Жыр толтыршы жаныма.

    Махаббатың бесігінде,

    Тербелейік тағы да.


    написать администратору сайта