Презентация. Таырыбы Бронх демікпесі Орындаан темрат А. Ж. Топ 6251к факультет жтд тексерген Капарова К. М. Алматы 2016
Скачать 4.55 Mb.
|
Тақырыбы: Бронх демікпесі Орындаған: Өтемұрат А.Ж. Топ: 625-1К Факультет: ЖТД Тексерген: Капарова К.М. Алматы 2016
КіріспеСоңғы жылдары бронх деміпесі біздің елімізде, сонымен қатар шет елдерде кеңінен тараған аурулардың бірі болып есептеледі. Оның негізгі себебі: өкпенің созылмалы ауруларымен науқастардың санының көбеюі, қоршаған ортаның ластануының күшеюі, урбанизацияның әсері, тұрмыста және ауыл шаруашылықта әртүрлі химиялық заттарды қолдану, антибиотиктер, вакцина, иммуноглобулиндер, ферменттер және т.б. дәрі-дәрмектердің көбеюі, организмнің иммундық жүйесінің әлсіреуі. Бронх демікпесі: кеше, бүгін, ертең...
Бронх демікпесі – аллергия ықтимал адамдарда болатын семіз жасушалардың, эозинофильдердің, Т-лимфоциттердің, аллергия мен қабыну медиаторларының нәтижесінде дамитын бронхтың обструкциясымен сипатталатын тыныс жүйесінің созылмалы қабыну процесі. Бронх обструкциясы демікпемен, жөтелмен. Әсіресе түнде айқындалады. Бронх тармақтарындағы созылмалы қабыну процесі бронх обструкциясының 4 компонентінен құрады: жедел обструкция – бұлшықеттердің жиырылуынан; жеделдеу обструкция – шырышты қабаттың ісігінен; созылмалы обструкция – бронхтың шеткі бөліктерінің қою секретпен бітелуінен; қайтымсыз (склеротикалық) – ұзақ және ауыр ағымның нәтижесінде бронх қабырғасында склеротикалық өзгерістердің дамуынан. Этиологиясы Тұқым қуалаушылық. П.К.Булатов пен Г.Б.Федосеев бойынша бронх демікпесіне бейімділік 46,3 % адамдарда кездеседі. С.Г.Чучалин бойынша егер ата-ананың біреуінде ғана бронх демікпесі болса, 20-30%-де байқалуы, ал егер екеуінде де болса, 75 %-де кездесуі мүмкін. Бронх демікпесіне бейімдеуші генетикалық маркер –НLА-антиген. Адамдарда бронх демікпесіне бейімдеуші негізгі ген Б және 11 хромасоманың құрамында болады. Бронх демікпесінің генетикалық негізгі генетикалық атопиялық дамуы мен бронхтың реактивтілігінің артуына генетикалық бейімділікте жатыр. Атопия. Атопия – айналымдағы аллгергендерге өрасы организмнің көп мөлшерде JgЕ-ні синтездеуі. Атопия бронх демікпесімен науқастарда және олардың туысқандарына жиі кездеседі. Құрамында JgЕ көп науқастарда оң терілік сынамалары байқалады және анамнезінде аллергиялық белгілер анықталады. Бронхтың реактивтілігінің артуы. Бронхтың реактивтілігінің артуы – бронхтың тітіркендіруші факторларға қарсы әсерге жауап. Осы жауаптың әсерінен бронхспазм болуы да болмауы да мүмкін. Реактивтілік тұқым қуалайды. Бронх демікпесіне әкелетін факторлар (ықпалдар). Триггерлер – бронх демікпесін тудыратын ықпалдар. Оларға жатады: аллергендер, респираторлы инфекциялар, ауаның ластануы, аллергендік тағамдарды қолдану, физикалық күштеме, метеорологиялық факторлар (ауаның атмосфералық қысымының өзгеруі, төмен температура, ылғалдылықтың күшеюі, желді ауа-райы, жердің магниттік полюсінің өзгеруі, дауыл), дәрі-дәрмектер. Бронх демікпесінің жіктелуі. Бронх демікпесінің клиникасы бойынша: 1. жеңіл ағымды 2. орташа ағымды 3. ауыр ағымды Бронх демікпесінің фазасы бойынша: 1. қабыну 2. тұрақсыз ремиссия 3. ремиссия 4. тұрақты ремиссия (2 жылдан көп) Асқыну бойынша: 1. Өкпелік: өкпе эмфиземасы, ателактаз, пневмоторокс, өкпелік жетіспеушілік және т.б. 2. Өкпелік емес: өкпелік жүрек, жүрек жетіспеушілігі.
Бронх демікпесінің жіктелуі МКБ-10
Бронх демікпесінің клиникасы бойынша Клиникалық көріністері Аурудың қозуы маусымға байланысты. Бронх демікпесінің ұстамасы 3 кезеңнен тұрады: алғашқы кезең, демікпе ұстамасы кезеңі, қайтадан қалпына келу кезеңі. Алғашқы кезең ұстамаға дйеін бірнеше минут, сағат, анда-санда күндер бұрын басталып, келесі белгілермен сипаттталады. Мұрынның шырышты қабатының вазамоторлық реакцияларымен (сулы секреттің көп мөлшерде бөлінуімен), түшкірумен, көз бен терінің қышуымен, ұстама тәрізді жөтелмен, ентігумен, бас ауруымен, тез шаршағыштықпен, диурездің көбеюімен, көңіл-күйдің өзгерісімен (тітіркенгіштік, депрессия, апатия). Демікпе ұстамасы кезеңі келесі көрінстермен сипатталады: дем жетіспеушіліктің пайда болуы, кеуденің қысуы, дем шығару ентікпесі. Дем алу қысқарып, дем алу 2-4 есе ұзарады, сол кезде алыстан естілетін ысқырықты сырылдар пйада болады. Науқастың бет-әлпеті қорқыныш сезімін білдіреді, сөйлеу қаюілеті нашарлайды. Науқаста ортопноэ болады. Науқас төсектің шетінен немесе столдан екі қолымен ұстап, алға қарай ұмтылып, ауызымен ауны жұтады. Денесі бозғылт көгілдір, тер тамшыларымен жамылған. Мойын көктамырлары толықсаған. Дем алу процесінде қабырға аралық, арқа-іш және иық белдігі бұлшықеттері қосылады. Демікпе кезінде әлсін-әлсін қиын бөлінетін қақырықпен жөтел болып тұрады. Қақырық бөлініп біткен соң, дем алу жеңілденеді. Прекуссия кезінде дыбыс темпаникалық. Өкпе шеттері кеңейген. өкпе серпімділігі шектелген. Аускультацияда везикулярлы тыныс әлсіреген, дем алу және дем шығару кезінде көптеген ысқырықты сырылдар естіледі. Пульс жиілеген, толымсыз. Жүрке тондары бәсеңдеген. Демікпе ұстамасы астматикалық статусқа ұласып, комаға және науқасты өлім жағдайына әкелуі мүмкін. Қалпына келу кезеңігің ұзақтығы әрқалай. Бір науқастарда ұстама тез бітіп асқынусыз, ал кейбір науқастарда бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін дем алу нашарлап, әлсіздік болып тұрады. Демікпеден кейін науқастар шаршап, дем алғысы келеді, ал кейбіреулерінде аштық, полидепсия пайда болады. Лабораторлық және аспаптық әдістер. Жалпы қан анализінде – эозинофилия, ЭТЖ-ның жоғарылауы қабыну кезеңінде. Биохимиялық анализдерде – α2, γ-глобулиндер, фибрин, сиал қышқылы, серомукоидтың гаптоглобулиндердің көбеюі. Иммунологиялық әдіспен– тексергенде иммуноглобулиндердің көбеюі, әсіресе, IgЕ. Жалпы қақырық анализі – эозинофильдердің көп болуы, Шарко-Лейдин кристалдарының пайда болуы (эозинофильдер бұзылған кезде), Куршман спиралдары (мөлдір шырышының бронх бұлшықеттерінің жиырылған кезінде сприлаь түрінде бір-біріне жабысуы). Егер инфекцияға тәуелді бронх демікпесі болса, нейтрофильдерді лейкоциттер көбейеді. Тері сынамаларының оң болуы аллергенге байланысты. Тыныс жүйесі ағзаларының рентгенографиясы – демікпе ұстамасы кезінже диафрагманың төмен ығысуы, өкпе тінінің мөлдірлігі жоғарылайды, қабырғалардың горизантальды түрде орналасуы. ЭКГ-да: жүректің электрлік өсінің оңға ығысуы, оң жақ жүрекшенің оң жақ қарыншаның гиперторфиясы.
Емдеу.
Базисті терапияны таңдау
Емдеу принциптері Атопиялық бронх демікпесі. Гипоаллергенді диета. Жоғарғы антигендік қасиеті бар тағамдарды қолданбау. Ол: цитрустар, жұмыртқа, балық, жаңғақ, бал және т.б. Жеңіл ағымды бронх демікпесі кезінде ұстаманы астмопент, алупент, новодрин, салбутамол, бератек, беротуал, интал, дитэк ингаляциясымен басады немесе ұстаманың алдын алу түрінде физикалық жүктеме және аллергенмен контакт болар алдында. Гистаминге қарсы препараттар – диазомил, тавегил, фенкарол, супрастин, кетатифен және т.б. Бронхолитиктер – эуфиллин 2,4%-20,0 көктамырдан, 5%-0,5 мл эфедрин тері астына немесе таблетка түрінде эуфиллин, теофедрин, теопэк. Қақырық түсіретін топтардан– лазолван, бизолван, амбросан, мукалтин және т.б. Орташа және ауыр ағымды бронх демікпесі кезінде науқас ауруханада емделгені жоқ. Гистаминге қарсы препараттар – диазолин, кетатифен, тавегил, супрастин және т.б. ( бұлшықетке және таблетка түрінде енгізіледі. Ингаляция түрінде қабынуға қарсы (интал, ламудан, кромолин, тайлед) натрий хромогликаты немесе кортикостероидты препараттар қолданылады. Қысқа уақыт әсер ететін ßагонистер тәулігіне 3-4 рет (салбутамол, беротек, беродуал, астмопент, алупент және т.б.). Ұзақ уақытты кортикостероидты препараттар фликсотид, ингакорт, будезонидті тәулігіне 2 рет қолдануға болады. Бронхолитиктер – 2,4%-10,0 тамырдан эуфиллин, 5% эфедрин 0,5 тері астына, таблетка түрінде эуфиллин (0,15), теофедрин (0,5), теопэк және т.б. қосымша. Әсер етпесе преднизолон көктамырдан 60-25 мг тамшылатып. 5% глюкоза ретіндісі, физиологиялық ертінді, декстран, натрий бикорбанаты. Ылғалданған оттегімен дем алдыру. Қақырық түсіретін топтар: бизалван, лазолван, амбросан және т.б. Инфекцияға тәуелді бронх демікпесі. Этиологиясы анықталғаннан кейні инфекцяиға қарсы препараттар. Бұл кезде пенициллин тобын, аспирин, беруге болмайды. Гистаминге қарсы препараттар супрастин, тавегил, диозолин, пипольфен және т.б. бұлшықетке немесе таблетка түрінде. Бронхолитиктерден 2,4% көктамырға эуфиллин, 5%-0,5 эфедрин тері астына, таблетка түрінде эуфиллин 0,15, теофедрин 0,5, теопэк. Қақырық түсіруші препараттар: амбросан, солвин, бизолван, лазолван, бронхолитин, мукалтин және т.б. Алдын алу Аллергендердің түрін анықтап, науқасқа түсіндіру мүмкіншілік болғанша сол аллергенмен контакт азайту. Аллерген анықталған жағдайда ремиссия кезінде гипоаллергендік ем алу. Инфекция ошақтарының алдын алу. Бронхолитиктерді қолдану. Аэрозольді кортикостероидтар. Рефлексотерапия, Емдік гимнастика, Физиотерапия (ингаляция, ульдра дыбыс, СВЧ, УВЧ). Санаторлы-курортты ем
|