Главная страница

Педиатрия-3 занятие. 3-Педиатрия. Таырыбы Дифтерия. Ккжтел. Эпидемиялы паротит. Скарлатина. Орындаан Ережімбетова А. Т


Скачать 2.12 Mb.
НазваниеТаырыбы Дифтерия. Ккжтел. Эпидемиялы паротит. Скарлатина. Орындаан Ережімбетова А. Т
АнкорПедиатрия-3 занятие
Дата26.02.2022
Размер2.12 Mb.
Формат файлаpptx
Имя файла3-Педиатрия.pptx
ТипДокументы
#374175

Тақырыбы: Дифтерия. Көкжөтел. Эпидемиялық паротит. Скарлатина.

Орындаған: Ережімбетова А.Т.

Тексерген: Алимханова Қ.Н.

Тобы: 13-001-01

Факультет: ҚДС

Курс: 4

Жоспар:


Кіріспе

Негізгі бөлім
  • Дифтерия
  • этиологиясы
  • эпидемиологиясы

  • 2. Көкжөтел
  • этиологиясы
  • эпидемиологиясы

  • 3. Менингококк
  • этиологиясы
  • эпидемиологиясы




  • Дифтерия – коринебактериялар тобының Леффлер бактериясымен қоздырылатын, ағзаның улану белгілерімен және мұрын, жұтқыншақ шырышты қабықтарының фибринозды қабынуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.


  • Этиологиясы. Күл ауруын бактериялардың токсигенді штаммдары туғызады, олар экзотоксин түзеді.

Дифтерия

Қабылдағыш ағза

Әлсіз балалар, вакцинамен егілмеген балалар, егілу статусы белгісіз адамдар

Берілу механизмі - аэрогенді

Берілу жолдары

Берілу факторлары

Қоздырғыш көзі

Науқас адам

C.diphteria токсигенді штамы бактериясын тасымалдаушылар

Ауа – тамшылы

Ауа – шаң

Тұрмыстық жанасу (сирек)

Зарарланған ауа

Тұрмыстық заттар

Дифтерия қоздырғышын жұқтырушылардың 5 түрін ажыратады

транзиторлы тасымалдаушылық (қоздырғыш сыртқа ортаға 1-7 күн бөлінеді)

қысқа мерзімді (7-15 күн)

орташа ұзақтық (15-30 күн)

ұзаққа созылатын (6 айға дейін)

созылмалы (6 айдан артық)

Клиникалық формасы

Псевдомембрана

Мойын ісінуі

1.Локализденген

Бадамша және мұрынмен шектелген

жоқ

2.Аралық

Жұтқыншақпен көмейге таралған

жоқ

3. Ауыр (токсикалық)

Шектелген не жайылған

Шамалыдан айқынға дейін

Күл ауруының жіктелуі (ДДСҰ, 1996жыл)

бактериологиялық

бактериоскопиялық

серологиялық

биологиялық

шұғыл әдістер

гендік диагностика

Зерттеу әдістері
  • Эпидемиялық көрсеткіштері бойынша: ауру анықталғаннан 24 сағат ішінде науқаспен қатынаста болған жақындарын бір реттік тексеру.
  • Профилактикалық мақсатпен: бала бақшаға, балалар және ересектер психоневрологиялық стационарына қайталап түскен науқастарды бір реттік тексеру.


  • Күл ауруымен ауыратын науқаспен қатынаста болған күннен бастап 7 күн ішінде жүргізіледі.
  • Күнделікті бақылау: аранын қарау, температураның өзгеруін, жаралар мен терілік зақымдануларды анықтау.
  • Контактіде болғандардан бірінші күні мұрыны мен аранынан жағынды алады, терілік зақымдануды бактериологиялық зерттеуге жібереді.
  • Токсигенді штаммаларды тасымалдаушылар анықталғаннан кейін стационарда емдеу үшін оқшаулайды.
  • Антибиотикопрофилактиканы контактіде болған адамдардан бактериологиялық зерттеуге мұрыны мен аранынан жағынды алған соң мына түрде тағайындайды: бицциллин-1-ді бірреттік бұлшықеттік инъекция түрінде 6 жастағы балаларға — 600,000Б және 6 жастан асқан балаларға -1,2 млн.Б

Дифтериялық инфекция ошағында эпидемияға қарсы жүргізілетін шаралар

Дифтерияның алдын алуының басты әдісі – дифтерияға қарсы иммунизация шараларын жүзеге асыру.  Еліміздегі егу күн тізбесінің орындалу мерзімі келесідегідей: біріншілік вакцинация АКДС вакцинасымен 2 айлық балаларға, 1 ай  интервалымен жүргізіледі. Бірінші ревакцинация баланың 18 айлығында қайталанады. Вакцинаның коклюштік компонетіне аллергия болса, онда АДС анатоксинді қолдану қажет, ол 3 рет енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста АДС препаратымен 16-17 жаста АДС-М препаратымен жүргізіледі.

 

Алдын алу шаралары

Көкжөтел
  • Көкжөтел – циклді ағыммен және ұстама тәрізді спазматикалық жөтелмен сипатталатын жедел инфекциялық ауру.
  • Этиологиясы. Көкжөтелдің қоздырғышы Bordetella pertussis – грам теріс таяқша. Вирулентті В. Pertussis термолабильді цитотоксин бөледі. Көкжөтелдің қоздырғыштары сыртқа ортаға онша төзімді емес.

Қабылдағыш ағза

Әлсіз балалар, вакцинамен егілмеген балалар, егілу статусы белгісіз адамдар

Берілу механизмі - аэрогенді

Берілу жолдары – ауа тамшылы

Берілу факторлары – зарарланған ауа, ірі дисперсті аэрозольдер

Қоздырғыш көзі

Науқас адам

Атиптік белгілері бар науқас адам

Типті көкжөтелдің ағымында төрт кезеңді бөліп қарастырады:
  • инкубациялық
  • катаральды
  • спазматикалық жөтел
  • шешілу кезеңі

  • Көкжөтел кезінде инкубациялық кезең 3-20 күнге дейін созылады, орташа ұзақтығы 5-8 тәулік.

Көкжөтел классификациясы

Типі боыйнша

типті

атипті

Ауырлығы бойынша

жеңіл

орташа

ауыр

Көкжөтелдің тырысу алды периодындағы тіректік-диагностикалық белгілері:

Көкжөтелмен ауыратын науқаспен немесе ұзақ жөтелетін науқаспен контактыда болу (баламен, ересекпен);

Аурудың біртіндеп басталуы;

Дене температурасы қалыпты;

Жалпы жағдайы және баланың өзін-өзі сезінуі қанағаттанарлық;

Құрғақ, жабысқақ, біртіндеп күшейетін жөтел;

Симптоматикалық емнің жүргізілуіне қарамастан, жөтелдің күшеюі

1
    • Жалпы қан анализі;

2
    • Жалпы зәр анализі;

3
    • Мұрын-жұтқыншақтан Борде-Жангу және Bordetella parapertussis №2 таяқшасына жағынды алу;

4
    • Жоғарғы тыныс жолдары бөліністерінен себінді алу (ұстамалы жөтел кезінде) «жөтелдік пластинка» әдісі;

5
    • Қанды серологиялық зерттеу (РПГА) көк жөтелдік және паракоклюштік антигенмен – аурудың басталуы кезінде және динамикада 7-10 күннен кейін.

Лабораторлы диагностика:

Госптализацияға көрсеткіштер:
  • Баладағы ауыр және асқынған формаларыме;
  • 2 жастағы балалар;
  • Көкжөтелге қарсы екпе алмаған балалар;
  • Жабық балалар колективіндегі балалар.

Этиотропты ем

катарльды период кезінде және ағымы 3-4 аптадағы спазмдық жөтел периодында тағайындалады;

бастериальды асқыну кезінде антибактериальды ем соңғы кезеңінде тағайындалады;

ем курсы 7-10 күн

макролидтер (сумамед, ровамицин, рулид, эритромицин), II қатардағы цефалоспориндер (цефуроксим), ампициллин, левомицетин жасына сай дозировка;

Профилактикасы:

Әдейіленген профилактика - көкжөтел-дифтерия-сіреспе вакцинасымен /АКДС/ бала 2,3,4,18 айға толғанда өткізіледі 0,5мл б/е.

Әдейіленбеген профилактика – ауру ошағында эпидемияға қарсы шараларды уақтылы және дұрыс өткізу.

1. Ауырған баланы булықпа жөтел басталғаннан бастап 30 күнге оңашалау, немесе ауру басталған күннен бастап 40 күнге оңашалау.

2. СЭС-ке №58 формамен хабар беру.

3. Ауру баламен қарым-қатынаста болған, бұрын көкжөтелмен ауырмаған 7 жасқа дейінгі балаларға 14 күнге карантин белгіленеді. Карантин кезінде балаларды бақылап, жаңадан балалар қабылдауға тиым салынады.

4. Көкжөтелмен ауырған адам болған бөлме дымқыл шүберекпен сүртіліп жуылады, ауасы барынша тазартылады.

5. Санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.

Эпидемияға қарсы шаралар

Менингококк
  • Менингококты инфекция – ауа-тамшылы механизммен тарайтын, назофарингит және генарализденген түрлерінде өтетін клиникасында қызбамен, интосикациямен, экзантемамен және ми қабаттарының зақымдалуымен сипатталатын антропонозды бактерияды жедел инфекциялық ауру.
  • Этиологиясы

  • Қоздырғышы – Neisseria, meningitidis ( Neisseriaceae тұқымдасы, Neissera туысы) Менингококк-клетка ішінде тіршілік ететін, грамм теріс боялатын, капсула түзетін L-түріне айналатын, эндотоксин және нейромидаза өндіретін сыртқы ортада тұрақсыз диплококктар. Антигендік құрамы бойынша 12 серотобы белгілі: А, В, С, Д, V, Z т.б.-оның ішінде А,В,С типтері жиірек кездеседі.

Қабылдағыш ағза

көбінесе балалар (1-5 жастағы балалар 70-80%)

Берілу механизмі - аэрогенді

Берілу жолдары – ауа тамшылы

Берілу факторлары – зарарланған ауа, ірі дисперсті аэрозольдер

Қоздырғыш көзі

Науқас адам

Бактерия тасымалдаушылар

Таралуы: кең

Маусымдылығы: қыс-көктем айлары (ақпан, мамыр)

Кезеңділігі: 20-30-40 жыл аралығында

Инфекция қабылдаушылық деңгейі - балалар ортасында бірталай жоғары, ересектер арасында орташа.

Иммунитет: аурудан кейін тұрақты және ұзақ

Менингококкты инфекцияның клиникалық жіктелуі (В.И.Покровский, 1965)

Біріншілік - локальды
    • Менингококк тасымалдаушы
    • Жедел назофарингит

Гематогенді - жайылған
    • Менингококкемия
    • Менингококк
    • Менингоэнцефалит

Сирек түрлері
    • Эндокардит
    • Артрит
    • Пневмония
    • Радикулит

Ағымы бойынша:
  • жеңіл
  • орташа

  • 3. ауыр

    Инкубациялық кезеңі 1-10 күн (орташа 2-4 тәулік).



    Асқынулар:
  • инфекциялық – токсикалық шок
  • жедел бүйрек үсті безі жетіспеушілігі
  • жедел бүйрек жетіспеушілігі
  • мидың ісінуі
  • екіншілік инфекцияның қосылуы



Диагностика:

Менингококты инфекция клиникалық белгілердің, эпидемиологилық және лабораторлық мәліметтердің көмегімен анықталады:

мұрын жұтқыншақтың бөлінісін, қанды, ликворды т.б. бактериалогиялық тексеру жүргізіледі;

серологиялық тексеру (РПГА) жүргізіледі.

Емі комплексті:

тәртіп және диета (клиникалық формаға байланысты)

этиотропты ем

патогенетикалық, дезинтоксикациялық, дегидратациялық (менингит және менингоэнцефалитте), гормонотерапия (көрсеткіш бойынша)

симптоматикалық ем

оксигенотерапия

Ауруханадан шығару тәртібі:

Науқастар клиникалық және бактериологиялық сауығудан кейін шығарады (мұрыннан жағындыны бактериологиялық тексеруде теріс нәтиже берсе).

Диспансеризациясы:

2 жыл ішінде жүргізіледі (менингит және менингоэнцефалиттен кейін) невропатологпен бірге.

Профилактикасы:

Науқастарды уақытында анықтау және изоляциялау, ошақта басқа да эпидемияға қарсы шаралар өткізу

Вакцинациялау (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша).

Назарларыңызға рахмет!


написать администратору сайта