Психология 13 апта. Таырыбы Ебек жымындаы конфликтіні реттеуді механизмдері жне тсілдері
Скачать 16.77 Kb.
|
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Тақырыбы: Еңбек ұжымындағы конфликтіні реттеудің механизмдері және тәсілдері.Факультет: (6В01507) Химия-Биология Орындаған: Айдарова Алина Тексерген: Оспанова Динара Болатхановна Өскемен 2021 1. Қақтығыстағы мінез-құлықтың негізгі стратегиялары (К. Томас бойынша). 2. Әлеуметтік өзара әрекеттегі маңызды қайшылықтарды шешудің негізгі жолдары мен тәсілдері Психологияда конфликт кері эмоционалды қобалжуларға байланысты, кері қақтығыстарға бағытталған, адамдардың топтық немесе индивидтің тұлғааралық қатынасы, бір-біріне сәйкес келмейтін тенденциялар ретінде анықталады. Конфликт — жауын жеңгеннен рахат алу немесе жасырын ұрып-соғулар, қатал, қатты дау-дамайлар құралы мен орны жақсы маскіленген дау-дамайлар. Конфликтіге қарағанда қақтығысу- бұл адамдар арасында қатынас кезінде жиі кездесетін форма. Қақтығысу кей жағдайларда күрес туған жағдайда жауын қарулансыздыру жағдайынан болады. Бұған біреуге жала жабу кезінде дау-дамайларды шығару жағдайында болатын мысалды келтіруге болады. К.Томас және Р.Килменн конфликт жағдайындағы келесідей бес негізгі мінез-құлық стилдерін белгілеген: жол беру; ауытқу, бас тарту ; противоборство; серіктестік; компромисс. Конфликтіні шешу бірнеше деңгейде болу мүмкін, бірақ солардың маңыздыларына конфликтіні басқару мен конфликтіні шешу болып табылады. Конфликтіні басқару- бұл конфликт қатысушыларының мінез-құлықтарын коррекциялау мен мақсатқа бағытталған себептердің әсерін қалыпқа келтіру. Конфликтіні шешу- конфликт қатысушыларының мақсаттарының өзгеруі, немесе, толықтай не бір-бірден себептерін шектеу. Конфликтіні төмендетудің бірнеше әдістері бар: Құрылымдық, яғни, ұйымшылдық конфликтілерді шешу әдісі; Тұлғааралық әдістер; Тұлға ішілік , яғни, жеке тұлғаға әсер ету әдістері. Құрылымдық әдіс қабылданған стимулдардың жүйесі, еңбек ұйымын, қате өкілеттіктерді бөлуден болатын, ұйымшылдық конфликтілерге әсер ететін әдіс. Тұлғааралық әдіс. Тұлғааралық әдістер ең алдымен конфликт кезінде пайда болатын эмоцияларды жеңуге бағытталған. |