Главная страница
Навигация по странице:

  • Қожа А.Я. атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

  • «Жалпы Дәрігерлік практика №2» кафедрасы

  • Зерттеу сұрағы

  • Экссудативті плевриттің жасына сай кездесу ерекшеліктері

  • Диагностикасы

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • Ждп Тоқтасын Н. плеврит №2. ТАырыбы Экссудативті плеврит


    Скачать 1.45 Mb.
    НазваниеТАырыбы Экссудативті плеврит
    Дата15.02.2023
    Размер1.45 Mb.
    Формат файлаppt
    Имя файлаЖдп Тоқтасын Н. плеврит №2.ppt
    ТипДокументы
    #937666

    ТАҚЫРЫБЫ:Экссудативті плеврит


    Орындаған: Тоқтасын Н. Ғ.
    Қабылдаған: Дарипбекова Қ. Ж
    Топ: ЖТД-624


    Шымкент-2023 жыл


    Қожа А.Я. атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
    Шымкент кампусы
    Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультеті
    «Жалпы Дәрігерлік практика №2» кафедрасы

    Жоспар


    Кіріспе
    Негізгі бөлім:
    Экссудативті плеврит анықтмасы
    Экссудативті плеврит патогенезі
    Экссудативті плеврит клиникалық көріністері
    Экссудативті плеврит диагнстика және емі
    Қорытынды.
    Пайдаланылған әдебиеттер.

    Зерттеу сұрағы:


    Экссудативті плевриттің этиологиясы және емдеу бағыттары;
    Зерттеу мақсаты:
    Экссудативті плеврит келіп шығу себептерін болашақ әріптестеріме ұсыну;

    Экссудативті плеврит


    Экссудативті плеврит- дегеніміз өкпелерді қаптап тұратын және кеуде қуысының қабырғаларын төсеп тұратын жіңішке, эластикалық, шырышты қабықшаның қабынуы, яғни экссудаттың жиналуымен сипатталатын қабыну процессі болып табылады.

    Экссудативті плевриттің жасына сай кездесу ерекшеліктері:

    Этиологиясы


    Экссудативті плеврит көбінесе негізгі аурудың асқынуы ретінде кездеседі, яғни бұл өкпенің басқа ауруларының әсерінен дамиды
    Келесі аурулардың әсерінен экссудативті плеврит дамиды:

    Клиникалық көріністері


    Клиникалык көрінісі негізгі ауруға тәуелді. Мысалы, жедел пневмония мен туберкулезде плеврит жіті дамып, рефлекгорлык кұрғақ жөтелден, ауырсынудан басталады. Экссудаттың мөлшері көбейе келе ауырсыну біртіндеп басылады, онын орнына ентікпе пайда болады.


    Экссудатты плеврит:
    Кеуденің зақымдалған жағына салмақ сезіну;
    Ауырсыну;
    Ентікпе;
    дене қызуының болуы;
    Құрғақ жөтел;
    Сұйықтық көп жиналса – цианоз, мойын веналарының ісінуі байқалады.


    Плевра эмпиемасы:
    Интоксикация симптомдары;
    жүдеу;
    плевра қуысына сұйықтық жиналу симптомдары.


    Құрғақ плеврит:
    кеуде торының ауырсынуы (зақымдаған жағына байланысты ауырсынуы);
    құрғақ жөтел;
    ықылық;
    мойын ауруы;
    тыныс алуы үстірт және жиі;


    Тыңдағанда: түйықтық аймағының бетінен әлсіз тыныс естіледі немесе естілмейді. Кейде тұйықтық шегінен жоғары, фонендоскоппен немесе алақанмен басып түрып демді терең алдырғанда, плевра үйкеліс шуы және ылғалды сырылдар естілуі мүмкін. Гарлянд үшбұрышының бетінде бронхофония күшейген.


    Қүрамына қарай экссудактың серозды, іріңді және серозды-фиб- ринозды, серозды-геморрагиялык, іріңді-геморраігиялык, шірік, хилездік, холестериңдік (созылмалы барысында) түрлерін айырады. Сонымен қатар сүйықтың шөгіндісін цитологиялык зерттеу аса ма-ңызды:
    лимфоциттердің басым көптігі туберкулездік және ісіктік плев- риттерге төн белгі;
    жедел кабыну процесстерінде (пневмония, абсцесс) нейтрофил- дер саны басымырақ, ал олардын әрі карай көбеюі және бұзылған түрлерінін пайда болуы экссудаттың іріндеуін, яғни плевриттің эмпиемаға айналуын куәләйді;


    эозинофилиямен бірге эозинофилдер санынын басымдылығы аллергиялық плевритке немесе коллагеноздарға тән белгі;
    геморрагиялык экссудат мына ауруларға тән: рактык плевритке, плевраның туберкулез түйідерімен закымдануына, пневмоторакска байланысты плевра тамырларынын жарылуына, геморрагиялык диатез- дерге, антикоагулянтгар дозасының асырылуына.

    Диагностикасы:


    Лабараториялық зерттеулер


    Инструментальді зерттеулер


    Эндоскопиялық зерттеулер


    ЖҚА


    Рентгенологиялық зерттеу


    Плевралық пункция


    ЖЗА


    УДЗ




    ҚБхА






    Диагностикасы:
    Негізгі тексерулер:
    Құрғақ плеврит: пальпацияда ауырсынудың болуы; перкуссияда: өкпенің төменгі шетінің қозғалысының шектелгені; аускультацияда: тыныс әлсіреген, плевра үйкелісінің шуы естіледі.
    Экссудатты плеврит: палпацияда – қабырғааралықтарының қарсыластығының жоғары болуы( Потенжер оң белгісі), дауыс дірілінің болмауы немесе өте әлсіз болуы; перкуссияда – сұйықтық үстінде перкуссиялық тұйық дыбыс, жиналған сұйықтық көлемі 400-500 мм кем болмаса  анықтауға болады ; аускультацияда – тұйықтық аймағының бетінен әлсіз тыныс естіледі немесе естілмейді, кейде тұйықтық шегінен жоғары, фонендоскоппен немесе алақанмен басып тұрып демді терең алдырғанда, плевра үйкеліс шуы және ылғалды сырылдар естілуі мүмкін.

    Аспаптық тексерулер:


    Рентгенологиялық әдіс:
    Құрғақ плевритте – диафрагма күмбезінің жоғары тұрғаны, тынысты терең ішке алғанда оның қалыңқы болуы, өкпенің төменгі шеттері қозғалысының шектелгені көрінеді.
    Эксудатты плевритте – жоғарғы жағының қия шекарасы бар гомогенді қарайғандық, көкірекаралығының сау жаққа қарай ығысуы.

    Емі:

    Қорытынды


    Егерде балаларды тыныс жолдарының қандай да аурулары болса міндетті түрде дәрігерлік көмек көрсету керек, өйткені олар әр түрлі асқынуларға алып келуі мүмкін, соның ішінде плевриттің де түпкілікті себебі сол біріншілік аурулар болып табылады. ЭП кезінде еш қандай үй жағдайында емделу пайда бермейді, сол үшін уақытылы дәрігерге қаратып, асқынулар дамымағанға дейін ем жүргізу қажет.

    Пайдаланылған әдебиеттер:


    1. Баранова А.А., ГЭОТАР-Медиа, 768 стр, 2015 год
    3. Н. П. Шабалов. Детские болезни,6-е издание,2011год.
    http://www.eurolab.ua/diseases/2649/
    http://www.vse-pro-detey.ru/plevrit-u-detej/
    http://kazmedic.kz/



    написать администратору сайта