Главная страница
Навигация по странице:

  • Фотогамметрия қасиеттері

  • Фотограмметрия негізгі үш бағытқа бөлінеді 1. Аэрофототопография

  • Фототопография

  • 2. Жер бетіндегі фотограмметрия

  • Аэрофототопографиялық түсіріс әдістерінің классификациясы .

  • Танубелгілерін марклеу

  • Векторизация

  • Аэрофототүсіріс жұмыстарын ұйымдастыру

  • ФОРМАТ СНИМКА UltraCam X

  • - Бір маршруттық – сызық объекттерін суретке түсіру (жол, өзен)

  • - бірталды (одинарная) – үлкен емес жергілікті жер участкесін бірталды аэрофотосуреттермен суретке түсіру.

  • Аэрофототүсірістің негізгі параметрлерінің есептері.

  • ф

  • Аор=(Аmax+Amin)/2 Ортаңғы жазықтықта рельефтің максималды тербелісі: h max = A max – A cр;

  • СӨЖ-1 Тақырыбы.

  • Тапсырманың берілуі

  • 1-лекция. Таырыбы Фотограмметрия жайлы жалпы мліметтер. Аэрофототсіріс


    Скачать 2.77 Mb.
    НазваниеТаырыбы Фотограмметрия жайлы жалпы мліметтер. Аэрофототсіріс
    Дата16.09.2022
    Размер2.77 Mb.
    Формат файлаppt
    Имя файла1-лекция.ppt
    ТипДокументы
    #680664

    1-Дәріс


    Оқытушы Жантуева Ш.А.


    Тақырыбы: Фотограмметрия жайлы жалпы мәліметтер. Аэрофототүсіріс.


    Фотограмметрия және аэроғарыштық суреттерді дешіфрлеу пәні


    Фотограмметрия- кеңістікте (пространство) объекттің формасын, размерін және жағдайын анықтау мақсатымен суреттердің геометриялық қасиеттерін оқытатын ғылым.


    Фотогамметрия қасиеттері:
    - жоғарғы дәлділік;
    - жоғарғы жұмыс өнімділлігі (объекттің өзі өлшенбейді ал суретте оның бейнесі өлшенеді);
    - тез және баяу жылжыйтын объекттердің, сонымен қатар тез ағатын немесе жай өтетің процесстерді өлшенген мәліметтердің толық анықтылығы, себебі объекттің бейнесі фотограмметриялық тәсілмен алынады;
    - объекттің жағдайы жайлы мәліметтерді қысқа мерзімде алу мүмкіндігі;
    -объекттерді дистанционды әдіспен зерттеу.


    Фотограмметрия негізгі үш бағытқа бөлінеді


    1. Аэрофототопография түсіріс самалетте немесе вертолетте орнатылған аэрофотоаппаратпен жергілікті жерді суретке түсіру қарастырылады. Фототопография – жергілікті жердің бөлек нүктелердің координаталарын анықтайды және суреттер бойынша топографиялық карталарды құрады.


    3. Ғарыштық фотограмметрия – ғарыштық суреттер бойынша кеңістікте жер беті жағдайын анықтау мақсаттарының есептерін шешеді.


    2. Жер бетіндегі фотограмметрия (Наземная фотограмметрия) Жер бетінің нүктесінен жергілікті жерді сканермен суретке түсіру негізделген.
    Қолданбалы фотограмметрия – жобалау есептерін орындайды және инженерлік құрылыстарды қамтамасыз етеді. Мысалы тоннелдің деформациясын бақылайды.


    Аэрофототопографиялық түсіріс әдістерінің классификациясы .


    Объекттің формасын, размерін және жағдайын анықтау үшін объекті 2 нүктеден суретке түсіру қажет. Жергілікті жердің А және В нүктелері S1 мен S2 суретке түсіру нүктесінен аэрофотосуретте а1, в1, а2, в2 нүктелері болып бейнеленеді.
    Р1, Р2 – қос суреттер. а1 S1 мен а2 S2,
    в1 S1 мен в2 S2 сәулелер қиылысатын болады. Соған байланысты объекттің моделі пайда болады.
    В суретке түсіру базисінің қашықтығын өзгертіп модельді қандай да болсын керекті масштабта алуға болады.
    суретке түсіру базисі В = S1 S2 тең болады.


    Қос суреттерді қолдану негізінде объекттерді өлшеу әдісі стереофотограмметриялық деп аталады.


    Бір суреттің қасиеті негізінде объекттерді өлшеу әдісі фотограмметриялық деп аталады.


    Топографиялық картаны құрудың негізгі процесстеріне кіретін жұмыстар


    Тірек торабын теңестіру


    Техникалық жоба. Аэротүсіріс параметрлерін есептеу.


    Танубелгілерін марклеу


    СФС жобаны түрлендіру


    Пландық-биіктікті негіздеу


    РСМ құру


    Цифрлық ортофотопланды құру


    Тірек торабын фотограмметриялық жиілету


    Баспаға шығару


    Аэрофототүсіріс


    Камералды дешифрирлеу


    Векторизация


    Аэрофототүсіріс.


    Аэрофототүсіріс (АФТ) – ұшақтан жер бетін түсіретін процесс. АФТ-ң жүргізу жағдайы – АФТ метерологиялық жағдайға байланысты және АФТ құрал-жабдықтарына , техникалық талаптарға байланысты жүргізіледі. Бұл пәннің мақсаты АФТ жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру , практикалық және теориялық негіздерді біліп тану болып саналады. Сонымен қатар АФТ құрал-жабдықтарын пайдалану және зерттеу жүргізіледі. Аэрофототүсіріс жұмыстарын ұйымдастыру
    Қазіргі кезде АФТ-і ТМД территориясында арнайы мемлекеттік, азаматтық, авиация кәсіпорындарында жүргізіледі. АФТ жұмыстарын жүргізу үшін келесі АФТ құралдарының техникалық комплекстары қажет. Оларға :
    АФТ мақсаты үшін қайта өңделген және арнайы құрылған әуесудналары.
    АФТ құралдары : АФА (камера, жетекші пульт, командалық прибор), гироплатформалар, арнайы приборлар-радиовысотомер, статаскоп; фоторегистраторлар.
    ГОСТ талаптарымен АФТ материалдарының сапасына қатысты бақылау жүргізу үшін арналған фотограмметриялық құрал-жабдықтар.


    ФОРМАТ СНИМКА UltraCam X:
    Панхроматический снимок 430 * 9420 пикселей
    7.2 мкм – размер пиксела
    Мультиспектральный снимок (Red-Green-Blue-Nir)
    4810 * 3140 пикселей


    Аэрофотоаппараттың негізгі оптикалық осьінің және тіктеуіш сызық арасындағы бұрыштарға байланысты аэрофототүсіріс:
    - пландық (бұрыштары 3° аспайды), Аэрофототүсіріс (АФТ) – ұшақтан жер бетін түсіретін процесс. АФТ-ң жүргізу жағдайы – АФТ метерологиялық жағдайға байланысты және АФТ құрал-жабдықтарына , техникалық талаптарға байланысты жүргізіледі. Бұл пәннің мақсаты АФТ жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру , практикалық және теориялық негіздерді біліп тану болып саналады. Сонымен қатар АФТ құрал-жабдықтарын пайдалану және зерттеу жүргізіледі.
    - перспективті (бұрыштары 5°). бөлінеді.
    Топографиялық мақсаттар үшін тек қана пландық аэрофототүсірісті қолданады.
    Жергілікті жерді суретке түсірeлетін участкесіне қойылған талаптары мен размерлеріне байланысты аэрофототүсіріс түрлері:


    - Бір маршруттық – сызық объекттерін суретке түсіру (жол, өзен),


    - көпмаршрутты немесе алаңдық – жергілікті жер аланың екі немесе бірнеше параллельді маршруттармен суретке түсіру.


    - бірталды (одинарная) – үлкен емес жергілікті жер участкесін бірталды аэрофотосуреттермен суретке түсіру.


    Суретке түсіру масштабына байланысты топографиялық түсірістің 3 түрі бар.
    - ірімасштабты аэрофототүсіріс, 1:10000 масштабқа дейін орындалады.
    - ортамасштабты аэрофототүсіріс, 1:11000 - 1:35000 масштабта орындалады.
    - ұсақмасштабты аэрофототүсіріс, 1:35000 масштабтан ұсақ масштабта орындалады.
    Қолданылатын аэрофотопленка түріне байланысты аэрофототүсіріс ақ-қара, түрлі-түсті және спектрозональды болады.


    Аэрофототүсіріс тік сызықты және параллельді маршруттар болып батыс- шығыс, немесе солтүстік-оңтүстік бағыттармен орындалады. Маршруттар үзіллісіз және түсіріс участкі шекарасына параллелльді, ал шеткі маршруттардың осьі участкі шекарасымен сәйкес келеді.
    Әр бір маршрутта көрші аэрофотосуреттер бір-бірімен жабылады, яғни олардың бөліктерінде бойлық жабындының белгіленген процентіне қатысты жергілікті жердің сол бір участкісі бейнеленеді. Соған қатысты көрші маршруттардың аэрофотосуреттері сол сияқты берілген процентіне қатысты көлденен жабындымен жабылады.


    Аэрофототүсірістің негізгі параметрлерінің есептері.


    Суретке түсіру биіктіктерінің түрлері


    Суретке түсіру биіктігі – қажетті бетке дейінгі самолетте орнатылған объективтің түйін нүктесінен тіктеуіш сызыққа дейін өлшенетін ара қашықтық. Беттің таңдалуына байланысты әр түрлі суретке түсіру биіктіктері болады :
    -теңіз деңгейінен абсолютті суретке түсіру биіктігі (А жазықтығы)
    -(В) түсіріс аланының орташа жазықтығынан түсіру биіктігі
    - (С) шынайы суретке түсіру биіктігі .
    Ұшу түсіріс жұмыстарынын алдында аэрофототүсіріс параметрлері есептеледі.
    суретке түсіру биіктігі, түсіру центрлерінің және іргелес маршруттар арасындаы ара қашықтық (базис), бойлық және көлденен жабындылар,
    4) экспозиция арасындағы аралық


    Ең бастысы аэрофототүсірісте қолданылатын жабдықтарға байланысты бастапқы мәліметтер алынады:
    -құрылатын планның масштабын 1:М;
    аэрофототүсіріс масштабы 1:m, түсіріс камерасының фокустық ара қашықтығы f мен кадр форматы;
    Түсіріс аланының шекарасы Lx пен Ly;
    Самолеттің орташа жылдамдығы.
    Суретке түсіру биіктігі Hф : Hф=mf
    Суретке түсірілетін жергілікті жердің ескі топографиялық карта бойынша түсіріс аумағының максималды (Amax), минималды (Amin)
    Жазықтықтың орташа биіктігі Аор=(Аmax+Amin)/2


    Ортаңғы жазықтықта рельефтің максималды тербелісі: hmax =Amax – Acр;


    Суреттің бойлық жабындысы:


    Суреттің көлденен жабындысы:


    Аэросуреттердің көлденен жабындысы – көршілес маршруттар арасындағы 2 суреттің жабындысы .
    Py= 30%


    Бойлық жабынды – бір маршрут бойындағы
    2 көршілес суреттердің арасындағы жабынды
    Px=60%


    Суретке түсіру базисі:


    Жергілікті жердің базисі: Bx=bx *m; By=by *m;


    1-маршруттағы суреттер саны:


    Маршруттар саны:


    Түсірілетін аудан бойынша суреттер саны:


    Бір суреттің ауданы S есептеледі:


    S=Bx *Bу


    Экспозиция арасындағы уақыт интервалы:


    Түсіріс ауданының түгел маршруттар ұзындығы есептеледі:


    Lп=К*Lср


    Түгел объекті түсіруге кететін уақыт есептеледі:


    Бақылау сұрақтары
    1. Фотограмметрия деген не.
    2. Фототопографиялық түсіріс әдістерінің классификациясы
    3. Карта құру тәсілдері.
    4. Суретке түсіру базисі деген не.
    5. Жер фототопографиялық түсіріс немен негізделген.
    6. Суреттерді құрастыру монтажы деген не


    СӨЖ-1
    Тақырыбы. Қазіргі заманғы аэрофототүсірсте қолданылатын самолеттер, вертолеттер, пилотсыз самолеттер және аэрофотоаппараттар мен аэрофотокамералар құрылымдарының түрлері мен айырмашылығы жайлы сипаттама және аэрофототүсіріске қойылатын талаптар жайлы реферат слайд түрінде орындау.
    Тапсырманың берілуі – 2-апта
    Тапсыру мерзімі – 3апта.



    написать администратору сайта