Гипертензивті криздер презентация. Гипертензивті криздер. Таырыбы Гипертензивті криздер Тексерген Калхожаева Ж. А
Скачать 0.82 Mb.
|
Тақырыбы: Гипертензивті криздерТексерген : Калхожаева Ж. АДайындаған: Бекбенбетова Б. С.Факультет: Жалпы медицинаТоп: 502 «Б»МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КАФЕДРАСЫ Алматы 2021-2022 оқу жылы Жоспар
Анықтамасы
Классификациясы
1. Нейровегетативті.2. Сулы-тұзды.3. ҚұрысқақтыАсқынған ГК ми, коронарлық, бүйрек қан айналымының нашарлау белгілерімен бірге жүреді және парентеральды препараттардың көмегімен алғашқы минуттар мен сағаттарда қан қысымын төмендетуді қажет етеді.Гипертензиялық криздердің асқынуы1. Цереброваскулярлық:- ми қанайналымының жіті бұзылысы (инсульт, субарахноидальдық қан құйылу);
2. Кардиальдық:- жүрек функциясының жіті жеткіліксіздігі;3. Аортаның жіті қатпарлануы, аорта аневризмасының жыртылуы.4. Жіті бауыр жеткіліксіздігі.5. Көз торқабығына қан құйылуымен жүретін жіті ретинопатия.Қауіп-қатер факторларыГипертониялық криз дамиды:1. Гипертониялық ауру.2. Симптоматикалық артериялық гипертензия.3. Реноваскулярлық артериялық гипертензия.4. Диабеттік нефропатия.5. Феохромоцитома.6. Жіті гломерулонефрит.7. Жүкті əйелдер эклампсиясы.8. Дəнекер тіннің бүйректі қоса зақымдауымен жүретін диффузиялы ауруы.9. Симпатомиметик заттектерді пайдалану (жиірек кокаинды).10. Бас жарақаты.11. Ауыр күйіктер жəне басқалар.Гипертензиялық криздердің дамуына жиі шалдықтыратын себептер:1. Гипотензиялық дəрілік заттектерді қабылдауды тоқтату.2. Психоэмоциялық стресс.3. Сұйықтық пен тұзды артық пайдалану.4. Физикалық жүктеме.5. Алкоголь ішу.6. Метеорологиялық ауытқу.ДиагностикаАсқынбаған гипертензиялық криз диагностикасының критерилері.- кенеттен басталуы;- пульстің жиілеуімен қоса систолалық қысымның жоғарлауы;- қалтырау, қозу, тітіркенгіш, қорқу сезімі;- тері жабындысының ылғалдылығы мен қызаруы;Гипертензиялы криздің нейровегетативтік түріне тəн:- шөлдеу;- бас ауыру;- жүрек айну;- көз алды қарауыту немесе бұлдырау;- тахикардия;- криздің соңында – ашық түсті зəрдің жиі жəне көп мөлшерде шығуы.ДиагностикаГипертензиялық криздің сулы-тұзды түрінде байқалады:- жітілігі шамалылау болып біліну;- пульстің сиректеуімен қоса диастолалық қысымның жоғарлауы;- енжарлық, ұйқышылдық;- бозғылттық;- ісінген;- бас ауыру;- жүрек айну, құсу;- парестезиялар;- аяқтардағы қысқа мерзімді əлсіздік, гемипарездер, афазия, диплопия.ДиагностикаГипертензиялық криздің құрысқақты түрінде байқалады:- систолалық жəне диастолалық қысымның күрт жоғарлауы;- психомоторлық еліру;- бастың қатты ауыруы, бас айналу;- жүрек айну, қайта-қайта құсу;- соқырлыққа шалдықтыратын - көру бұзылыстары, қосарланып көріну жəне басқалары.- естен тану;- клонустық-тонустық құрысулар.ДиагностикаАсқынған гипертензиялық криз диагностикасының критерилері:- салыстырмалы түрде кенеттен басталуы;- артериаялық қысымның өзіндік жоғары деңгейі (диастолалық қан қысымы 120-130 мм.сн.б.) жоғарлайды;- ОНЖ функциясының бұзылу симптомдары - (диффузиялы түрдегі иетенсивті бас ауыру, баста шуыл сезіну, жүрек айну, құсу, көру нашарлауы, құрысулар, ұйқышылдық, естің айқын бұзылыстары болуы мүмкін) жəне жергілікті симптоматикалары - (бет, ерін, қол саусақ ұштарының парестезиялары аяқ-қолда əлсіздік сезіну, көздегі қосарлану, сөйлеу бұзылуы, гемипарез, энцефалопатия;- нейровегетативтік бұзылыстар – (шөлдеу, ауыздың құрғауы, ішкі ағзаларда діріл сезінуі, жүрек қағуы, қалтырау тəрізді тремор, гипергидроз)- субъективтік жəне объективтік əйгіленістермен əртүрлі дəрежеде айқындалатын кардиальдық дисфункциялар;- айқын офтальмологиялық белгілер (субъективті белгілер мен көз түбіндегі өзгерістер – күрт артериолалардың айқын тарылуы, венуланың кеңеюі, көру нерві емізігінің ісінуі, қан құйылу, торқабықтың ажырауы).- алғаш пайда болған немесе бүйрек функциясының нашарлауы.Диагностикалық алгоритм1. Тіршілік үшін маңызды ағзалармен жалпы жағдайына баға беру: есі ауған (есеңгіреген,ессіз), тынысы ( тахипноэ болуы).2. Көзбен көріп бағалау:- науқастың қалпы (жатыр,отыр, ортопноэ);- тері жабындысының түсі (бозғылт,қызарған, цианоз) жəне ылғалдылығы;- мойын веналары (вена ісінуі,пульсацияның көрінуі);- шеткейлік ісінулердің болуы.3. Пульсті зерттеу (дұрыс,дұрыс емес), ЖЖЖ өлшеу (тахикардия, брадикардия).4. Əр 15-30 минут сайын екі қолдағы АҚҚ өлшеу.5. Перкуссия: салыстырмалы жүрек тұйықтығының солға щекарасының ұлғаюымен көрінуі.6. Пальпация: жүрек ұшы түрткісінің бағасы,оның бағасы.7. Жүрек аускультациясы: үндеріне баға беру, шуылдар, аорта тұсында 2 тонның акценті жəне қосарлануы.8. Аорта (аортаның қатпарлануына немесе аневризманың жыртылуы күдіктену) жəне бүйрек артериясының аускультациясы (олардың тарылуына күдіктену).9. Өкпе аускультациясы: екі жағынанда əр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар болуы.10. Көрудің нашарлауын,құсу,тырысу,стенокардия,ентігуді болуды анықтау.11. Неврологиялық статусты зерттеу:есінің деңгейінің төмендеуі,көру нүктесінің ақауы, дисфагия, аяқ қолдарында қозғалыс қызметінің бұзылуы, статиканың жəне жүрістің бұзылуы, зəрді ұстамауы.Инструменталдық зерттеу - 12 жалғамалы ЭКГ тіркеуі: ырғаққа, ЖЖЖ, өткізгіштікке баға беруҚосымша диагностикалық іс шаралар:1. Қандағы глюкоза деңгейінің экспресс анализі.2. АҚҚ тəуліктік бақылануы (көрсетілім бойынша).Емдеу тактикасыМедициналық жəрдем көрсету тактикасыМақсаты: Тіршілік үшін маңызды ағзаның функцияларын тұрақтандыру.Асқынбаған гипертензиялық криз:1. Науқастың қалпы – басын жоғарылау етіп жатқызу.2. Əр 15 минут сайын ЖЖЖ,АҚҚ бақылау.3. Соңынан біртіндеп АҚҚ 15-25% немесе 12-24 сағат ішінде ≤160\110 мм с.б.б. төмендеуі.4. Ішкізу арқылы берілетін гипотензивті дəрілерді заттар қолданады (бір препараттан бастайды): нифедипин, каптоприл, пропранолол, бисопролол, метопролол).5. Мидың шеткі қантамырлар өрімінің кедергісін азайту жəне тұрақтандыру үшін-винкамин 30 мг.- Пропранолол (селективті емес ß адреноблокатор ) - ішкізуге10-40 мг;- Клонидин (препарат орталыққа əсер етеді) – тіл астына 0,075-0,150 мг.Диастолалық артериялық қысым басым жоғарылағанда немесе систолалық артериялық қысым мен диастолалық артериялық қысым бірдей жоғарылаған кезде:- Каптоприл ( АПФ ингибиторы) – тіл астына 25 мг;- Нифедипин (кальций каналының II типінің блокаторы, дигидропиридиндер) – тіл астына 10-20 мг.Асқынған гипертензиялық криз:1. Тыныс жолдарын санациялау.2. Оксигенотерапия.3. Венаға ену.4. Дамыған асқынуды емдеу жəне гипотензивті препараттарға салыстырмалы таңдау жасау.5. Антигипертензиялық терапияны парентеральдық препараттармен жүргізеді.6. Тездетіп АҚҚ төмендету (соңынан 1 сағат ішінде 15-20%, содан соң 2-6 сағатта 160 жəне 100 мм с.б.б. (дəрілерді ішкізу арқылы беруге, ауыстыруға болады).Миокардтың жіті инфаркты немесе коронарлық синдроммен асқынған гипертензиялық кризМақсаты: ауру ұстамасын тию, миокардтың қоректенуін жақсарту, АҚҚ төмендету.1. Нитроглицерин 0,5мг тіл астына, аэрозолде немесе спрейде (0,4 мг, немесе 1 доза), қажет жағдайда əр 5-10 минут сайын қайталайды, немесе көктамырға 10 мл 0,1% ерітіндіні 100 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен бірге тамшылатып құяды (2-4 тамшы минутына) АҚҚ мен ЖЖЖ бақылай отырып; 2. Пропранолол (селективті емес β-адреноблокатор ) – көктамырға баяу шүмектете құяды 1 мл 0,1% ерітінді (1мг), осы дозаны ЖЖЖ минутына 60 жеткенде АҚҚ мен ЭКГ бақылай отырып əр 3-5 минут сайын қайталауға болады; жалпы ең жоғарғы доза 10 мг;3. АҚҚ жоғары деңгейден түспеген жағдайда: эналаприлат (АПФ ингибиторы) 5 минут ішінде 0,625-1,250 мг баяу көктамырға жібереді, шамамен 20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісіне ерітеді;4. Морфин (есіріткі анальгетик) 1 мл 1% ерітіндіні 20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісіне араластырып жəне 4-10 мл бөліп (немесе 2-5мг) əр 5-15 минут сайын, ауырсыну сезімі мен ентігу басылғанша, немесе жанама əсерлері пайда бүлінгенге дейін (гипотензия, тыныстың тежелуі, құсу) көктамырға құяды;5. Варфарин 2,5 мг, немесе ацетилсалицил қышқылы –160-325 мг шайнайды.Жедел солқарыншалық жеткіліксіздікпен асқынған гипертензиялық кризМақсаты: өкпе ісінуін жою,АҚҚ төмендету.- Эналаприлат (АПФ ингибиторы) 0,625-1,250 мг 5 минут ішінде көктамырға баяу құяды, шамамен 20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісіне ерітеді;
Жіті гломерулонефритпен асқынған гипертензиялық криз:1. Нифедипин 10-40 мг ішкізуге.2. Фуросемид 80-100 мг.Қолқаның жіті қатпарлануы немесе қолқаның аневризмасының жыртылуымен асқынған гипертензиялық криз:Мақсаты: тез арада АҚҚ 100-120 немесе 80 мм с.б.дейін төмендету (немесе соңғысынан 25% 5-10 минутта, ал кейінгісін көрсетілген санға дейін), миокардтың жиырылғыштығын азайту.
Гипертензиялық энцефалопатиямен асқынған гипертензиялық криз:АҚҚ ТЕЗ жəне АБАЙЛАП төмендету.1. Эналаприлат (АПФ ингибиторы) 0,625-1,250 мг 5 минут ішінде шамамен 20 мл 0,9% натрий хлориді ертіндісіне ерітіп көк тамырға баяу ертіндісіне.2. Құрысу синдромы кезінде – диазепам бастапқы дозасы 10-20 мг көк тамырға, келесісін қажеттілік кезінде - 20 мг бұлшықетке немесе көк тамырға тамшылатып құяды.3. Ми қанайналымы жедел бұзылуы немесе субарахноидальдық қан құйылумен асқынған гипертензиялық криз.АҚҚ төмендету БАЯУ жүргізіледі.1. Эналаприлат (АПФ ингибиторі) 0,625-1,250 мг шамамен 20 мл 0,9% натрий хлориді ертіндісіне араластырап, 5 минут ішінде көк тамырға баяу құяды.2. Преэклампсиямен немесе эклампсиямен асқынған гипертензиялық криз.3. Магний сульфаты 400-1000 мг бірден көк тамырға құяды, осы кезде алғашқы 3 мл 3 минутта немесе 200 мл 0,9% натрий хлориді ертіндісіне араластырып тамшылатып құяды.4. Нифедипин (II типті кальций каналының блокаторы, дигидропиридиндер) - 10-20 мг тіл астына.Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:1. *Нифедипин 10 мг, табл.2. *Эналаприл 1,25 мг 1 мл, амп.3. *Варфарин 2,5 мг, табл.4. *Натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл, фл.5. *Морфин 1% - 1,0 мл, амп.6. Каптоприл 12,5 мг, табл.7. *Пропранол 0,1% - 10 мл, амп.8. *Нитроглицерин 0,0005 г, табл.9. *Нитроглицерин 0,1% 10 мл, амп.10. *Фуросемид 40 мг, амп.11. *Верапамил гидрохлориді 80 мг – 2,0 мл, амп.12. *Диазепам 10 мг 2,0 мл, амп.13. *Магний сульфаты 25% 5,0 мл, амп.14. *Винкамин 30 мг, капс.Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:1. *Эналаприл 10 мг, табл.2. Ацетилсалицил қышқылы 500 мг, табл.3. *Натрий хлориді 0,9% - 5,0 мл, амп.4. Бисопролол фуморат 5 мг, табл.5. Клонидин 75 мкг, табл.Ем тиімділігінің индикаторлары: ағазаның өмірге маңызды қызметтерін тұрақтандыру.* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттарАуруханаға жатқызуШұғыл госпитализациялау үшін көрсетімдерАсқынбаған гипертензиялық криз, жедел медициналық жəрдем көрсету кезінде тыйылмауы – терапия немесе кардиология бөлімшелеріне госпитализацияланады.Асқынған гипертензиялық криз – шұғыл госпитализация асқыну дамуымен қоса науқасты тасымалдауы жатқызу күйінде жүргізіледі.Пайдалынылған әдебиеттер
|