Главная страница
Навигация по странице:

  • Пәннің аты:әдебиеттік оқу Сабақтың атауы ҚойСабақ мақсаты

  • Оқытудың нәтижелері

  • Сабақтың түрі

  • Психологиялық ахуал

  • Қызығушылықты ояту Үй тапсырмасын тексеру . Тақтадан ертегі түрлеріне байланысты суреттер көрсету. Суреттер арқылы ертегі түрлерін ажырату . «Доп лақтыру » оқыта үйрету әдісі

  • Мағынаны тану

  • Сұрақтарға жауап береді. Қойдың қандай пайдасы барҚойдың пірі қалай аталадыҚойдың төлі қалай аталады3. Топтық жұмыс

  • Ой толғаныс «Сандықша » оқыта үйрету әдісі

  • « Ой толғау» стратегиясы

  • 1 апта. Таырыбы Халы ауыз дебиетібалалар дебиетіні бастауы Баылау сратары


    Скачать 61.32 Kb.
    НазваниеТаырыбы Халы ауыз дебиетібалалар дебиетіні бастауы Баылау сратары
    Дата11.12.2021
    Размер61.32 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 апта.docx
    ТипДокументы
    #300158

    Тапсырма 1.

    Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.Мысал келтіру

    Тақырыбы:

    Халық ауыз әдебиеті-балалар әдебиетінің бастауы

    Бақылау сұрақтары:

    1. Халықтық бесік жырларының мазмұнын ашу.(Мысал арқылы)

    Бесік жырларын мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі Бесік жырлары және суырып салма Бесік жырлары деп екі топқа бөлуге болады. Дәстүрлі бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: “Әлди, әлди , ақ бөпем, Ақ бесікте жат бөпем!” деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шұмақтарға ұласады. Сырлы сөз бен сазды әуен астасып келетін Бесік жыры халық педагогикасының бастау бұлағы ғана емес, қазақ әйелінің жан дүниесін танытатын, кезеңдік ел тұрмысынан мол мағлұмат беретін шалқары кең жанр. Бесік жырын мазмұнына қарай уату жыры, ұйықтату жыры деп те екіге бөліп қарастыруға болады.



    Әлди, әлди, ақ бөпем,

    Ақ бесікте жат бөпем.

    Жылама, бөпем, жылама,

    Жілік шағып берейін...

    деп кете береді. Бұл нәрестенің уату жыры ғана емес, ана махаббатының, мейірінің кіршіксіз нәрестеге арналып жүрегінен шымырлап шыққаны көрініп тұр. Ал ұйықтату жырының да мазмұны терең, ана немесе әже нәрестеге барлық

    нәрсе арнайды және әлемдегі ең бағалы, асыл затқа теңейді.

    Көзімнің ағы қарасы,

    Жүрегімнің панасы,

    Уайым, қайғы ойлатпас,


    1. Төрт түлік мал туралы өлендер арқылы балаларды қоршаған ортамен таныстыру.(ҚМЖ жоспар)

    Пәннің аты:әдебиеттік оқу

    Сабақтың атауы

    Қой

    Сабақ мақсаты: Оқушыларға төрт түлік және қой туралы жан- жақты мағлұмат беру, ерекшеліктері, пайдасы туралы 
    түсінік қалыптастыру .
    Оқытудың нәтижелері:
    1 Оқушылар төрт түлік туралы мәлімет алады. Өлеңді мәнерлеп оқи алады, өз сөздермен мағынасын айта алады.
    2. Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
    3. Шығармашылық қабілеттері артады.

    Сабақтың түрі : аралас сабақ
    Көрнекіліктер: интертақта ,
    Әдіс –тәсілдер : «Доп лақтыру » оқыта үйрету әдісі,«Сандықша » оқыта үйрету әдісі , « Ой толғау» стратегиясы .
    Психологиялық ахуал

    Біз қандаймыз, қандаймыз,

    Шұғылалы таңдаймыз.

    Күлімдеген күндейміз,

    Ренжуді білмейміз.

    Қуанамын мен де,

    Қуанасың сен де,

    Қуанайық достарым,

    Арайлап атқан күнге!.

    2) Топқа бөліну
    - Балалар бүгін біз сабақта топпен жұмыс жасаймыз.

    1-топ: Қошақан

    2-топ: Ботақан

    3-топ: Құлыншақ

    Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

    Қызығушылықты ояту

    Үй тапсырмасын тексеру . Тақтадан ертегі түрлеріне байланысты суреттер көрсету. Суреттер арқылы ертегі түрлерін ажырату . «Доп лақтыру » оқыта үйрету әдісі

    1-топ: Жан-жануарлар туралы ертегілерге қандай ертегілер жатады ?(Қасқыр мен түлкі, Аңқау арыстан )

    2-топ: Қиял-ғажайып ертегілерге қандай ертегілер жатады ? (Ұр , тоқпақ, Шибұт , Қылмойын , Қарынбас )

    3-топ: Шыншыл ертегілерге қандай ертегілер жатады ?(Сақина , Байлық пен ақыл )

    Мағынаны тану

    1.Жаңа сабақ . Жұмбақ жасыру

    А)Өзі момын Шопан ата баласы
    Жүні жұмсақ, сойсаң тәтті еті бар.
    Аппақ қана сүті бар, шағаладай құрты бар,
    Бұл қай жануар баласы?

    Ә) Кішкентай ғана бойы бар ,

    Айналдырып киген тоны бар. (Қой )

    Күн ретін жазу .

    2. Сұрақтарға жауап береді.

    Қойдың қандай пайдасы бар?
    Қойдың пірі қалай аталады?
    Қойдың төлі қалай аталады?

    3. Топтық жұмыс
    - Қойдың пайдасы туралы постерге түсіру

    1 –топ: «Қошақан» Жүнінен жасалалатын заттар
    2 –топ: «Ботақан » Терісінен жасалатын заттар
    3 – топ: «Құлыншақ » Сүтінен әзірленетін тағамдар

    4.Оқулықпен жұмыс

    1 тапсырма 
    - мақал-мәтел оқу, мағынасын ашу.
    2 тапсырма 
    - өлеңді оқу, оқыту, тізбектеп оқу, ырғақпен оқу, тауып оқу.

    Ой толғаныс

    «Сандықша » оқыта үйрету әдісі

    1. Өзі үлкен жануар,
    Үстінде үлкен тауы бар. (Түйе)
    2. Өзі жуас, өзі момын,
    Бір шешпейді тонын. (Қой)

    3. Екеу елеңдеп келеді,
    Төртеу төбелесіп келеді. (Жылқы).

    4. Туа сап жүріп кеткен
    Енесін қуып кеткен. (Құлын)
    5. Қамыс құлақ, тастаған тұяқ
    Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы)
    6. Екі айнасы бар,
    Екі найзасы бар,
    Төрт жылтырмағы бар
    Екі шыбыртқысы бар. (Сиыр)
    « Ой толғау» стратегиясы
    - Қой дегенде не елестейді көз алдыңдарыңа?

    Жоңышқа, жаңқа, жусан
    Еті, жүні, сүті, терісі, Шопан ата .


    1. Өтірік өлеңдегі өмірдің шындығы.(Мысал келтіру)

    Жануарлар бақшаға
    Жеміс жеуге келіпті.
    Суда өскен жүзімді,
    Жылқы мен есек теріпті.

    Қарағаштың басына
    Қауын - қарбыз өсіпті.
    Түйе мен сиыр қызығып,
    Қыста жейміз десіпті.

    Сарымсақ, сәбіз бөлмеде
    Өскенін көп ел көріпті.
    Қой мен ешкі төлдерге
    Тамақ жасап беріпті.

    1. Эпостық жырлардың ерекшелігін атап көрсетіңіз.Сюжеті мен композициясындағы ерекшеліктерін айқындаңыз. (мысал арқылы)

    Лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар - лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылады. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. Лиро-эпостық жырларларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі. Оларда реалистік және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс басым жатады. лиро- эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, карапайым адамдар. Екі жастың бір -біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе -ата- аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы , иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі.
    Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру)-көркем шығарманың құрылысы.

    Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.

         Сюжет композицияның осындай өзара бола тұра олардың бір-бірінен өзгешелігі де болады.

         Екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.

         Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.

         Сюжеттің басталуы (латынша-дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі-ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тәікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге меңзеу, дерек, дәйек түрінде ғана қалды.

         Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.

         Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты. Шебер суреткердің қолынан шыққан ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер шарықтау шегіне жетеді.

    1. Ертегілердің тілінде, көркемдігіне талдау жасаңыз.


    написать администратору сайта