Главная страница
Навигация по странице:

  • ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ

  • Жұмыс кезеңі Мазмұны Іс-әрекет Уақыты

  • 1-топ. Ы.Алтынсарин тобы

  • 2-топ А.Байтұрсынұлы тобы

  • «Мұғалім – өзгеріс тетігі». Кроссенс әдісі

  • шебер сынып 2019 жыл карасай. ТАырыбы Ісрекетті зерттеу мектепті басты станымы масаты мен міндеті Кшбасшылы ызметте жалпы жне ксіби зырлыты алыптастыруда Сабаты зерттеу


    Скачать 313.46 Kb.
    НазваниеТАырыбы Ісрекетті зерттеу мектепті басты станымы масаты мен міндеті Кшбасшылы ызметте жалпы жне ксіби зырлыты алыптастыруда Сабаты зерттеу
    Дата06.10.2021
    Размер313.46 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлашебер сынып 2019 жыл карасай.docx
    ТипДокументы
    #242410


    ТАҚЫРЫБЫ: «Іс-әрекетті зерттеу – мектептің басты ұстанымы»

    МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ:

    • Көшбасшылық қызметте жалпы және кәсіби құзырлықты қалыптастыруда «Сабақты зерттеу» үдерісін қолдану туралы тәжірибе алмасу;

    • Сабақты зерттеу үдерісі туралы өз тәжірибемізбен таныстыру;

    • Қатысушылардың зерттеу сабақтары туралы кәсіби шеберліктеріне ой жүгірту

    • Оқу материалдарын тиімді меңгеру.

    КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ: қатысушылардың зерттеу сабақтары туралы тәжірибелері жинақталады, зияткерлік және шығармашылық әлеуеті ынталанады, қарастырылған тақырыпқа қызығушылығы туындайды, белсенділігі артады. Әдіс-тәсілдерді өмірде қолдана алады.

    МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: бірлескен зерттеу тобының мүшелері, мектеп басшылары

    ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ: миға шабуыл, «кроссенс» әдісі, «Хат жазу» әдісі, топқа бөлу, сұрақ-жауап

    ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: мәтіндер жазылған парақтар, А-3, А-4 парақтары, маркер, қалам, стикерлер, кері байланыс парақшалары
    Қайырлы күн, құрметті шебер-сынып қатысушылары. Бүгін сіздермен «Сабақты зерттеу – тәжірибені жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл» тақырыбында тәжірибе алмаспақшымыз. Шебер-сынып мақсаты: Көшбасшылық қызметте жалпы және кәсіби құзырлықты қалыптастыруда «Сабақты зерттеу» үдерісін қолдану туралы тәжірибе алмасу.

    Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин «Мектептер - қазақтарға білім берудің негізгі орталығы, оларда қазақ халқының болашағына деген үміт жатыр» деп айтқандай, біздің елдің болашақ иелері мектеп қабырғаларында білім алуда. Осы болашағымыздың іргесін тәжірибелі мамандармен ынтымақтаса отырып қалау – маңызды мәселе деп ойлаймын. Мектеп ұжымындағы мұғалімдердің тәжірибесін ынтымақтастықта шыңдауға бағытталған ұтымды тәсілдердің бірі – «Сабақты зерттеу» (Lesson study) үдерісі. Алайда осы «Сабақты зерттеу» үдерісін ұлттық педагогикамен ұштастыра жүргізсек, көпшіліктің түсінігіне сай келетін сияқты. Себебі бірде – бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буының ақыл – ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Бүгінгі біздің әңгімемізге арқау болар «Сабақты зерттеу» әдісі де ұлт ағартушыларымыздың тәжірибесінен көрініс тапқан. Бұған дәлел география пәнінің негізін қалаушы Әлихан Бөкейханның «Серуен жасап зерттеу әдісі» еңбегінде: «Шын білім тәжірибеде ғана туады. Білім жолының негізі – тәжірибе. Аңда жүріп кісі байлаған түлкі, өзің қуып алған түлкіге жетпейді» - деп, білімді игеруде ең бірінші кезекте тәжірибеге сүйену керек екендігін ескерткен. Сол сияқты мұғалімдер үшін педагогикалық теорияны тәжірибе жүзінде іске асырудың тиімді жолы – ол зерттеу сабақтары. «Сабақты зерттеу» (lesson study) десек ойымызға Тошио Чичибу мен Пит Дадли түсетіні даусыз. Себебі тәжірибені теория жүзінде жинақтап, білім беру саласына қолдануға бірден-бір ықпал еткен ғылым иелері. Сондықтан бүгін Сіздермен зерттеу сабағы туралы ұғымды заманауи және ұлттық педагогиканы ұштастыра отырып, қарастырып көрсек.


    Жұмыс кезеңі

    Мазмұны

    Іс-әрекет

    Уақыты

    Ресурстар


    Кіріспе бөлімі

    Топтастыру. (Қатысушыларды қағаз қиындыларда бейнеленген ұлт ағартушылары суреттерімен топтастыру)

    1-топ. Ы.Алтынсарин тобы

    Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. 1864 жылы Торғайда қазақ мектебінің ашылуына ықпал етіп, 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды.

    2-топ А.Байтұрсынұлы тобы

    Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Араб таңбалары негізінде 24 таңбадан қазақ графикасын жасайды. Өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды «Әліппе» құралы 1911-1912 жылдары жарық көрген. «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы шыққан үш бөлімді «Тіл – құрал» еңбегі қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды.

    Дәстүрлі қазақ қоғамында ошақ қасиетті де қастерлі дүние болып саналады. «Ошағы құлап, оты сөну» бір шаңырақтың тыныс-тіршілігі тоқтағандығын білдірген. Кез-келген елдің оттай жанып-жарқырауы білім саласының мықтылығының нәтижесінде көрінеді. Сондықтан да бүгінгі шарамызды қасиетті тарихи құндылығы жоғары тайқазанмен байланыстырып көрейік. Себебі «Сабақты зерттеу» әдісі мектеп қазанында ұзақ қайнайтын дәмді ас іспеттес. Ол, әрине, жалғыздың үнімен емес, көпшіліктің ынтымақтаса атқаратын бірлескен жұмыс нәтижесінде оң нәтиже беретін үдеріс


    Өздерінің қалауларына қарай қағаз таңдап, ағартушылар есімдеріне байланысты топқа жинақталады

    1-топ. Ы.Алтынсарин

    2-топ. А.Байтұрсынұлы


    3 мин

    қағаз қиындылары






    Негізгі бөлім

    1. Жалпы ұстаным

    «Сабақты зерттеу» үдерісінде ынтымақтаса атқарылатын жұмыс нәтижеге бағытталуы үшін, жалпы ұстаным туралы бірауызды келісімге келу өте маңызды. Себебі жалпы ұстаным – бірлескен жұмыстың жетіліп, қатысушылардың нақты мақсатпен алға жылжуына ықпал етеді. «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.» - ұлт жанашыры Мағжан Жұмабаев айтқандай, бүгінгі топтық жұмысқа негіз болар ұстанымды анықтап алайық. Ол үшін алдарыңызда тұрған қағаздарда жазылған ұлт ағартушыларымыздың қанатты сөздері арқылы топтың ұстанымын таңдаңыздар. Таңдаған нақыл сөзімізді тайқазанның тұғырына жапсырсақ.

    «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.» Әлихан Бөкейханов

    «Білген адамды білімді өмір бойы іздейді» Иүгінеки Ахмед

    «Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.»

    Ахмет Байтұрсынұлы

    «Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолымыз бір қазақ мұғалімдері!» Мағжан Жұмабаев


    1. «Мұғалім – өзгеріс тетігі». Кроссенс әдісі

    «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.» деп А.Байтұрсынұлы кез-келген өзгерісті енгізудің тиімді тетігі мұғалімдер екенін ескертіп өткен. Біздің қазіргі жүргізіп жатқан «Сабақты зерттеу» үдерісін нәтижелі етіп жүргізу – пән мұғалімдерінің жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сол себепті ынталы топ мүшелерінің жауапкершілігін арттыру үшін, ұлт ағартушыларымыздың еңбегін насихаттап отырамыз. Ағартушылық қызметтің дамуына ықпал еткен тұлғаларымыздың

    «Кроссенс» сөзі «мағыналардың қиылысуы» дегенді білдіреді. Мұғалім өздігінен кроссенс жасай алады немесе оқушыларды өз бетінше жасауға шақыра алады. Осылайша бұл әдіс шығармашылық қабілеттің артып, қиялды дамытуға ықпалын тигізеді. Біз бұл әдісті зерттеу сабақтарында оқиғаның желісін анықтауда, түсініктердің реттілігін шыңдауда, логикалық ойлауын арттыру мақсаттарында қолданамыз. Алдарыңыздағы анықтамаларға сай суреттерді тізбектеп қойып, жүйелілігін айқындасақ.



    Суреттердегі бейнеленген ағартушыларымыз тектен-тек назарларыңызға ұсынылған жоқ.

    Үлы ағартушыларымыздың ортақ негізгісі мəселесі — ол қазақ қоғамының прогреске бейімділігімен байланысты болды. Олар осы сұраққа жауап іздеу барысында, халқымыздың өзіндік дамуы үшін, дамыған елдердің мəдениетін бойларына сіңіру керек деген тұжырымды жасады. «Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді.» деп Әлкей Марғұлан айтқандай, әр заманның ағартушыларының өсиеті - жаңалықты танып, бейімделуге талпыну керектігімізді аманттаған. Сол сияқты бүгінгі «Сабақты зерттеу» тәсілі де жаңалықты білім саласындағы тәжірибеге ынтымақтаса отырып тиімді енгізудің бірден-бір тәсілі. Алайда кез-келген жаңалықты үлттық құндылығымызбен негіздесек, өз еліне жанашыр, қадір-қасиетін бағалар ұстаз қалыптасары сөзсіз. Бұл пікір өз тәжірибеміздің негізінде қалыптасқан. Зерттеу сабақтарын жоспарлау кезінде ынталы топ мүшелерімен бірге ұлт ағартушыларымыздың тәжірибелері мен ақыл-өсиеттерін зерделей отырып, сабақтың негізгі тақырыбын оқушылардың ұлттық дүниетанымын дамытатындай тақырыптармен ұштастырып отырдық. Бұл жерде, әрине, өзгеріс енгізу тетігі – ынталы топ мүшелерінің кәсіби біліктілігін көрсетуі үлкен рөл атқарды.


    1. «Ұлыларға хат»

    «Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр. Үйренгенді желге ұшырмай іске асыр» деп Махмұд Қашқари айтпақшы, Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынұлы сияқты ағартушылық қызметтегі шоқтығы биік тұлғалардың сөзін тыңдап, үйренгенімізді желге ұшырмай іске асырсақ зерттеу сабақтарымызда нәтижелі болмақ. Сабақты зерттеу үдерісінің де негізгі мақсаты да сол: мұғалімдердің кәсіби біліктілігін өзара сабақтастық арқылы арттыру. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, білгенімізбен бөлісіп, білмегенімізді зерттей жүрсек қазіргі замандағы ағартушылық қызмет ұлылар салған ізбен жүреді. Сол себепті әр топ қарсы топқа зерттеу сабақтарына байланысты түйткіл мәселелерге қатысты пікір мен сұрақ жазылған хат жазып, бір-біріміздің жауаптарымызды тыңдасақ. Себебі, зерттеу сабақтары әрқайсымыздың мектебімізде жүріп жатыр. Бір-бірімізбен тың тәжірибе мен құнды пікір алмасып, бүгінгі шарамызды қорытындылап, пікірлерімізді қазан үстіне жапсырсақ

    Ұлт ағартушыларының қанатты сөздері арқылы топтың ұстанымын нақтылап алады.

    «Кроссенс» әдісі арқылы екі топ ағартушылық қызметтің сабақтастығын анықтайды. Кешегі өткен ағартушыларымыздың зерттеу туралы тәжірибелеріне шолу жасайды.

    «Хат жазу» әдісі арқылы топ аралық байланыс жүреді. Екі топ пікірлермен алмасып, тәжірибе алмасады

    5 мин

    10 мин

    15 мин



    Қанатты сөздер жазылған парақшалар



    А4 форматындағы қағаз, сурет қиындылары


    Ой қорыту

    Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң,

    Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң,

    Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,

    Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң. - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, жалпы зерттеу сабақтары ізденіс пен оқушы жанына жол салар тәжірибенің қайнар көзі. Әр білім ошағы зерттеу сабақтарын ұлттық негізде жүргізетін болса, болашақ ұрпаққа ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, тәуелсіз еліміз әлемдік өркениет көшіне қосылып, дүниежүзілік білім қауымдастығынан өзіндік ерекшелігімен лайықты орын алары сөзсіз. Алдағы стикерлерге кері байланыс, ұсыныстарыңызды жазып, қазан үстіне жапсырсаңыздар. Ұсыныс – пікірлеріңізге ескеріп, алдағы уақытта тәжірибемізді одан әрі өз қазанымызда қайнатпақшымыз.

    Бүгінгі шебер-сыныпты ұлт ағартушыларымыздың еңбегімен ұштастыра көрсетуімнің тағы бір себебі: алда келе жатқан «Тәуелсіздік күні» мерекесіне аз да болса өз үлесімді қосқым келгені. Еркін елдің азат ойлы ұрпағын қалыптастырудағы еңбегіміз нәтижелі болсын!!! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Тілегімізді шарға жапсырып, ақ ниетпен білім шарын ұшырайық

    Шарларға ұсыныс жазылған стикерлер жапсырып, кері байланыс ұсынады.

    7 мин




    Қаулы:

    Баяндамада аталған мәселелерді назарға алып жұмыс жүргізу мектеп ұжымына жүктелінсін

    Үлестірмелі қағаздардағы анықтамалар:

    Қорқыт – қазақ даласының ұлы ойшылдарының бірі, Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген. Оның «Қорқыт Ата» кітабында жалпы этнос, Отан сүю, әдет-ғұрыпты сақтау, ізгілік орнату, өлім мен өмір проблемасы, өмір құндылығын бағалау сияқты әлеуметтік педагогиканың негізі қаланған.

    Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. «Хибатул хақайық» (Ақиқат сыйы) еңбегі барлық түркі тілдес халықтарға ортақ дүние болып табылады. 500-дей өлең жолынан тұратын шығармасының бірінші бөлімінде білімділіктің пайдасы, надандықтың зияны, екінші бөлімде сөйлеу мәдениетін дамыту, үшінші бөлімде өзгермелі дүние жайында тоқталған. Аталған еңбектің алғашқы екі бөлімінде жеке адамның қалыптасуындағы әлеуметтендірудің маңызы жайында ашып көрсеткен.

    Ш. Уəлиханов(1835–1865) - Қазақстандағы XIX ғ. қоғамдық-саяси, философиялық жəне ағартушылық ой-пікірінің бірінші өкілі өз дəуірінің белгілі ғалымы, ағартушы-демократы болды. Қазақстандағы ағартушылық ойдың басында тұрды. Ол бірінші болып ХІХ ғасырдың ортасындағы қазақ қауымның дамуына сəйкес ағартудың саяси, философиялық жəне социологиялық принциптерін негіздеді. Оны қазақ ағартушылық идеологиясының негізін салушы деп санауға болады. Ағартушылық көзқарастары бай мазмұнға толы. Жаңашылдықтың жақтасы ретінде, өз елінде білім мен ғылымның таралуын шын ниетімен қалады. Ресей мен еуропалық ғылым жəне адамгершілік жүйесіне негізделген тиянақты халықтық тəрбиені қалыптастыруға шықырды. Оның көмегімен қазақтардың дəуірлік артта қалушылықты жою мүмкіндігіне жəне дамыған елдердің қатарына қосылуына жол ашылады деп санайды атақты ойшыл.

    Ыбырай Алтынсарин (1841–1889) — қазақ мектептерін Еуропа жолына, өнер жолына бұрып бастаған ең тұңғыш жаңашыл оқытушы, тарихта өшпестей із қалдырған педагог, ақын, жазушы ағартушылық қызметке үлес қосқан қоғам қайраткері. XIX ғ. екінші жартысында Уəлихановтың ағартушылық дəстүрлерін əрі қарай дамытты. Білім берудің түпкілікті мақсаты ретінде өлкенің рухани дамуы ғана емес, экономикалық дамуын көрді. Осы мақсатта мектептерде тəжірибелік бау-бақша, əр түрлі құрал-жабдықтар жəне басқа да көрнектіліктер болуы тиіс деп санаған. Мектеп өз құрылымы бойынша жаңа мəдени өмірдің, жаңа дəстүрлердің, тəртіптің, өнердің үлгісі болуы тиіс деп қабылдаған. 1879 жылы шыққан атақты «Қазақ хрестоматиясы» оқушыларға оқу құралы ғана емес, халықтың оқуына арналған кітапқа айналды.

    Абай Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Білімді билеуші мен білімді халықтың концепциясын негіздеушілердің бірі. Прогреске жетуде ойшыл жас адамдарға, білімге, ғылымға құштар болуға кеңес береді. Өз шығармаларында этикалық идеалдарды көп қарастырған. Оның этикасының негізгі принципі: «Адам бол». Осыдан келіп оның көптеген шығармалары адамгершілік сипатта жазылған.

    Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858- 1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Абай бағытын ұстанды. Оның еңбегіндегі реализмнің айқын көрінген ендігі бір тұсы - оның ағартушылық тақырыптағы лирикасы. Ақынның бұл бағыттағы еңбегі 1879 ж. жазылған «Жастарға» атты өлеңінен басталған. Ағартушылық идея оның лирикасының алтын діңгегі болып табылады. Бұқараны оятуға ұмтылды, ғылымға жетелейді. Еңбек етуге, мәдениетті елдерден үлгі алуға шақырды

    Ахмет Байтұрсынұлы (1872–1937) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда оның «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген.

    Жауынбай Қараев 1956 жылы Бейнеу ауданы Тұрыш ауылында туған – ғалым, физикалық-математикалық ғылыми докторы (1995). Халыққа білім беру ісінің үздігі. Оның деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау.

    «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.» Әлихан Бөкейханов

    «Білген адамды білімді өмір бойы іздейді» Иүгінеки Ахмед

    «Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.» Ахмет Байтұрсынұлы

    «Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолымыз бір қазақ мұғалімдері!» Мағжан Жұмабаев

    «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.» Әлихан Бөкейханов

    «Білген адамды білімді өмір бойы іздейді» Иүгінеки Ахмед

    «Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.» Ахмет Байтұрсынұлы

    «Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолымыз бір қазақ мұғалімдері!» Мағжан Жұмабаев


    написать администратору сайта