Жаңа жыл сенари. Айнұр жж. Таырыбы Жасыл шырша жанында Масаты
Скачать 50.5 Kb.
|
Келес ауданы Ошақты ауылы ЖШС «Сымбат» бөбекжай балабақшасы Бекітемін: ЖШС «Сымбат» б/бақшасы Меңгерушісі:Тажибаева Ш «Жасыл шырша жанында» «Бәйтерек тобы» Тәрбиеші: Өмірзақова А 2020-2021 Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында» Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру. Балалар: Қар жауғанда топ бала Соқтық міне, Аққала Ән «Аққала» орындалады. 1. Қыс қызығы тамаша Ойнаймыз біз таласа Думанымыз жалғассын Жаңа жылға тамаша! 1бала: Жаңа жылда жол болсын! 2 бала: Әрбір үйде той болсын! 3 бала: Берекелі жыл болсын! 4 бала: Ақ дастарқан мол болсын! Барлығы бірге: Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Тәрбиеші: Нұрландырып маңайды Шырша шамы жағылсын Жаңа жылдың құрметіне Ақ тілектер ағылсын! Шырша шамын жағу сәті Ән «Елочка» хор 1 бала: Аяз ата келе ме? Бізге сыйлық бере ме? 2 бала: Әрине, ата келеді Бізге көп сыйлық береді. Сықырлаған қардың дыбысы естіледі. Тәрбиеші тың-тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды.Қардың сықырын естідіңдер ме? Балалар: Иә, естіп тұрмыз. Тәрбиеші: Енді қарап тұрмайық Бәріміз бірге дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық! Балалар: Аяз ата, Ақшақар! Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады. Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым, Амансың ба, қыздарым Қандай әсем жүздерің Қандай мөлдір көздерің Керемет бір ән тыңдап, Келіп тұр-ау демалғым. Ән «Аяз ата» хор Аяз ата: Ой, айналайындарым-ай, сендерге келуін келдім, бірақ қапшық толы сыйлығым ұшты-күйлі жоқ болып кетті.Осында келе жатып, жоғалтып алдым. Енді не істесем екен? Осы кезде түлкінің соңынан кеткен екі бала түлкіні алдына салып, қапшық толы сыйлықты алып келеді. Аяз ата: Ә, енді есіме түсті, қу түлкі. Жолда бағана өлген боп жатып қапшығымды қымқырған екенсің ғой.Түлкінің мұнысы дұрыс па, балалар? Балалар: Жоқ. Түлкі: Қулық-сұмдықты жоямын Өнерге ден қоямын Аяз атам мені кешірсе Сыйлығына тоямын. Аяз ата: Онда, айыбыңды өтеп, өнеріңді көрсет. Түлкі: Достарым менің келіңдер, Бірге билеп көріңдер «Аңдар биі» орындалады. Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар.Билерің керемет екен. Тәрбиеші: Ал, балалар, тұрмайық Аяз атаға арнаған Тақпақтарымызды айтайық. Аппақ тонға оранып Базарлықты мол алып. Келді алыс сапардан Аяз ата оралып. Қалып едік сағынып Күтіп алдық жабылып. Аяз ата: Сағынғаныңнан айналдым! Азамат бол! Аққырауға малынған Ақша қардай сақалы Көптен күтіп сағынған Көрдік Аяз атаны Базарлықты баршаға Әкеліпті ол тағы Қарасын деп тамсана Безендірдік шыршаны. Тақпақтарды жаттадық. Би биледік көрсін деп. Аяз ата қуанып, Бізге риза болсын деп. Аяз ата: Қасымда бар Ақшақар Ол да ренжіп қалмасын Бүлдіршіндер балалар Би билеп, бірге ойнасын! Би «Ұлпақарлар биі» орындалады Жаңа жылды тойлайық Ойнап асыр салайық Атамыздың сиқырлы Қолғабымен ойнайық. Аяз ата: Балалар, шынында менің қолғабым сиқырлы. Қолғабымның сиқыры- ойын шарты бойынша қолғап кімнің қолында қалып қойса, сол бала бірден әнші болып шыға келеді. Тәрбиеші: Рас па, олай болса, біз әзірміз. «Қолғап» ойыны ойналады. 1.«Бәрін білгім келеді» 2. «Зырлайды шанамыз» 3.«Апатайым» ор Тәрбиеші: Қандай керемет, Шынымен де біздің балалар әнші жұлдыздардан кем түскен жоқ.Әншілерімізді қошеметтеп қояйық. Аяз ата, қолғабыңыз бізге қажет екен, бізге қалдырып кете алмайсыз ба? Аяз ата: Қалдырар едім, қарағым, бұл қолғап мен болмасам күшін жояды. Тәрбиеші: Өкінішті. Ескі жылмен қоштасып, жаңа жылмен достасатын кез келді. Тышқан шақырайық Тышқан: Мен тышқанмын тышқанмын Өзім сондай сұлумын Жаңа жыл кілтін табыстап, Сиырға енді берейін. Тәрбиеші: Жаңа жыл неге кешікті, Уақыт 12-ден асып кетіпті. Сиыр: Жеймін мен шөп Шөбім менің көп Жаңа жылға дайынмын Молшылыққа тайындым Қуантып елді Жаңа жыл келді Өсетін болдық Бір жасқа енді. Әкелсін жыл ырыс-құт Әлемде болсын тыныштық Жаңа жылым тамаша Ән салайық жаңаша! Бір топ қыздардың орындауында «Жаңа жыл» әні орындалады. Тәрбиеші: Қабағын еш түймейді, Аяғы жерге тимейді. Мерекеде шаттана Күлдіргіштер билейді Күлдіргіштерді қарсы алайық! «Күлдіргіштер биі» орындалады. Аяз ата: Ой, бәрекелді, балақайлар. Мен сендерге ризамын.Мені сендер сияқты басқа да балалар күтуде. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Келесі жылға дейін көріскенше, аман сау болыңдар! Балалар: Сау болыңдар! Тәрбиеші: Жаңа жылым төрле бізге нұр болып, Жақсылықтың жаршысы боп, бақ болып. Ән «Бізге жаңа жыл келді» хор |