Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті
Тақырыбы: «Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары».
Тобы: 512А
Орындаған: Уали Бекжан
Қабылдаған: Утебаева Жазира Алмасовна
Жоспары: 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім -Жыныс мүшелерінің қабыну аурулары -Жіктелуі; -Клиникасы -Диагностикасы -Емі,болжамы 3.Қолданылған әдебиеттер ЖІКТЕЛУІ ● Қабыну процесінің орналасуына байланысты: - Сыртқы жыныс мүшелерінің қабыну аурулары; - Ішкі жыныс мүшелерінің қабыну аурулары. ● Қабыну процесін туғыздыратын қоздырғыштарға байланысты: - Жыныс мүшелерінің спецификалық аурулары; - Жыныс мүшелерінің спецификалық емес аурулары. ● Жыныс мүшелерінің бейспецификалық аурулары: - Стафилококк; - Стрептококк; - Ішек таяқшасы; - Энтерококк; - Candida саңырауқұлағы; - Хламидия; - Микоплазма; - Уреаплазма; - Клабсиеллалар; - Протей; - Трихомонадалар және т.б. ЖЫНЫС ЖОЛДАРЫНЫҢ ТӨМЕНГІ БӨЛІКТЕРІНІҢ ҚАБЫНБАЛЫ АУРУЛАРЫ - Вульвит (vulvitis) – сыртқы жыныс ағзаларының (вульваның) қабынуы. Репродуктивті жастағы әйелдерде вульвит негізінен екіншілік болып, кольпит, эндоцервицит, аднекситпен бірге көрінеді. Біріншілік вульвит ересектерде гигенаны сақтамағанда, диабет, термиялық, механикалық, химиялық әсерлерден пайда болады.
К Л И Н И К А С Ы - Жедел вульвит кезінде, науқастардың негізгі шағымы сыртқы жыныс ағзасы маңындағы қышу, ашу (жжение). Кей жағдайларда жалпы әлсіздікке шағымданады. Ауру вульваның қызаруымен (гиперемия), іріңді немесе іріңді-серозды бөліністермен, шап лимфа түйіндерінің үлкеюімен көрінеді.
- Созылмалы түрінде жоғарыдағы клиникалық көріністері азайып, негізінен қышу мен ашыту сезімі ғана мазалайды.
ДИАГНОСТИКАСЫ - Анамнез,
- Анализ,
- Шағымы,
- Гинекологиялық тексеріс,
- Вульвитті анықтауда қосымша әдістерге сыртқы жыныс ағзасынан бактериологиялық және бактериоскопиялық зерттеу жасалады,
- Диагнозды дәлелдеу үшін кольпоскопия жасалады.
Е М І - Негізгі қабынуды шақырып тұран патологияны жою. Қынапты өсімдіктер жиынтығымен (түймедақ, календула, шалфей, зверобой) , антисептиктер ертінісімен (диоксидин, мирамистин, хлоргексидин, калий пермаганаты) шаю.
- Комплексті әсер көрсететін антибиотктерді пайдалану. Олар көптеген патогенді микроорганизімдерге, саңырауқұлақтарған, трихомонадаларға эффективті болып келеді. Оларға: полижинакс, тержинан, нео-пенотран, макмирор жатады. Бұларды жергілікті түрде тағайындайды. Қабыну көріністері азайғанда, репаративті процесстерді жылдамдату үшін А, Е витмамині бар майлар (мазь) тағайындалады. Олар: солкосерил, актовегин, итмұрын майы және т.б.
- Сыртқы жыныс мүшелері аумағында айқын қышу белгілері мазаласа, антигистаминді препараттарды тағайындайды. Олар: димедрол, супрастин, тавегил және т.б)
БАРТОЛИНИТ - Бартолинит (bartholinitis) –қынап кіреберісіндегі үлкен бездің қабынуы. Бұл аумақтағы қабыну тез арада бездің шығару өзгін бітеп, абсцесс дамуына алып келеді.
КЛИНИКАСЫ - Жалпы жағдайы төмендейді;
- Температураның жоғарылауы 39 С;
- Қалтырау;
- Бас ауру;
- Қараған кезде қынап кіріе берісі және үлкен, кіші жыныс еріндерінде қызару, ауырсынбалы түзіліс қынап кіреберісін жауып тұрғаны байқалады;
- Ірің көп жиналғанда – флюктуация байқалады.
Е М І - Бартолинит кездінде қоздырғышқа сезімтал антибиотик тағайындайы;
- Жергілікті қабынуға қарсы майлар (левомеколь) жағып, мұз басып, қабыну белгілерін азайтуға болады;
- Қабынудың жедел түрінде физиоем арқылы (УВЧ) емдеуге де болады;
- Абсцесс болса, бартолин безін хирургиялық жолмен ашып, ішіндегі іріңдікті сыртқы шығару көрсетілген (марсупиализация).
КОЛЬПИТ - Кольпит (colpitis) – қынаптың шырышты қабатының қабынуы. Бұл репродуктивті жастағы әйел, қыздардағы ең жиі кездесетін қабыну ауруларының бірі.
КЛИНИКАСЫ - Аурудың жедел сатысында науқас қынаптағы қышу, ашыту, жыныс жолдарынан іріңді-серозды бөліністердің бөлінуіне, сонымен қатар жыныстық қатынас кезінде қынаптағы ауырсыну сезіміне (диспареуния) шағымданады;
- Гинекологиялық зерттеу кезінде қынаптың гиперемияланып қызаруын, бір затты тигізгенде қанап, іріңді бөліністерімен болатыны көрінеді;
- Дерттің ауыр түрінде шырышты қабаттың эрозиясы және жарасы (язва) пайда болады.
КЛИНИКАСЫ - Ауру созылмалы түріне өткенде қышу және ашу сезімдері аса мазаламай, науқасты тек периодты түрде қынаптан бөлінетін іріңді -серозды бөліністер ғана мазалайды. Кольпиттің диагностикасы үшін кольпоскопия арқылы зерттеу кезінде қабынудың белгілерін көреміз.
Е М І - кольпит емі комплексті түрде өту керек. Бір жағынан ем инфекцияға қарсы бағытталған болса, екінші жағынан қосымша аурулармен күресу болу керек. Негізгі орынды инфекцияға қарсы антибиотиктер тағайындау;
- Қынапты диоксидин, хлоргексидин ертінділерімен шаю күніне 2-3 реттен артық емес жүргізілуі керек. Ұзақ уақыт (3-4 күннен көп) шаю қынаптағы қалыпты микрофлораға кері әсерін тигізетінін ұмытпау керек;
- Антибиотик терді жергілікті вагинальді таблетка, жақпамай, гель түрінде қолданылады. Қазіргі уақытта кольпитті емдеуде кең қолданыс тапқан кең спекртлі әсер көрсететін (антимикробтық, саңырауқұлаққа қарсы) -тержинан, полижинакс, нео-пентран, макрирор секілді препараттар қолданылады.
БАКТЕРИЯЛЫҚ ВАГИНОЗ БАКТЕРИЯЛЫҚ ВАГИНОЗ – қынаптық флораның лактобацилладан шартты патогенді аэробты микроорганизмге ауысатын қабынбалық емес клиникалық синдром. - Гинекологиялық патологиясы бар репродуктивті жастағы әйелдердің 10-35% кездеседі;
- Бактериялық вагиноз кезінде лактобактериялардың саны күрт төмендейді;
- pH өседі 5,0- тен 7,5-ге дейін.
БАКТЕРИЯЛЫҚ ВАГИНОЗ - Бактериялық вагиноз – патогендік қоздырғыштар табылмаған жағдайда, туыт жасындағы әйелдерде қынап бөлінділерінің көп болуына жиі себеп болатын телімсіз үдеріс. Бұл қынап жүйесінің дисбиозы, ол лактобацилалардан емес, Mobilincus, микоплазма, гарнелл ассоциацияларынан тұратын аурудың түрі. Қоздырғыш – Gardnerella Vaginalis – қынапта көп шоғырланатын, қозғалмайтын ұсак көп түрлі бактериялар.
- Дені сау туыт жасындағы әйелдердің қынабындағы микроценозда лактобактериялар басты орын алады, олар әйелдің иммундык жүйесін ширықтырады, қынап эпителий жасушаларына жабысу үшін басқа микроорганизмдермен бәсекелес бола алады, қынап ішінде сүт қышқылының жоғары шоғырланған түрінің қышқыл ортасын кұрады, сутегі асқынтотығын түзу қасиеттеріне ие.
- Бактериялық вагиноз дамуының қауіп факторларына жыныстық серікті жиі ауыстыру, жатырішілік контрацептивтерді пайдалану, несеп-жыныс қабыну аурулары, ішек дисбиоценозы жатады.
КЛИНИКАСЫ - Біркелкі крем тәрізді сұр қынаптық сұйықтық бөлінеді, қынап қабырғасына жабысып, шіріген балық сияқты иіс шығады;
- қынап аймағында ашу,қышу;
- жыныстық қатынас кезінде жайсыздық орын алады.
Е М І - Метронидозол - 250 мг 2-3 рет күніне(7-10 дней);
- гиналгин, хлорхинальдин, клион Д – 1 свеча қынапқа;
- эубиотиктар (лактобактерин, бифидумбактерин, бифидин) –5мл қайнаған суға лактоза қосып ерітеді, 2,5-3 дозада қынапқа күніне 2 рет енгізеді.
ЭНДОЦЕРВИЦИТ - Эндоцервицит (endocerviicis) – жатыр мойынының цервикальді каналының қабынуы. Жатыр мойының травмасы кезінде, мысалы: босану, аборт, диагностикалық қыру жүргізгенде пайда болуы мүмкін.
КЛИНИКАСЫ - Ауру жедел сатысында науқас жыныс жолдарынан шырышты-іріңді, іріңді бөліністерге, кей кездерде іштің төменгі бөлігінің тартып ауруына шағымданады.
- Жатыр мойынын айнамен қарауда (гинекологиялық зерттеу кезінде) және кольпоскопия кезінде: сыртқы аран маңындағы қызару (гиперемия), кей кездерде эрозия пайда болуы, серозды іріңді бөліністерді байқауға болады.
- Созылмалы цервицит кезінде жатыр мойынының қатаюы, шамалы түрде кисталардың пайда болуымен сипатталады.
ДИАГНОСТИКА - Айнамен қарау
- Кольпоскопия
- Бөлінділерді бактериологиялық зерттеу
Е М І - Жедел сатыдағы эндоцервицитті емдеу микроорганизім сезімталдылығына байланысты антибиотик тағайындау болып табылады. Емдеу жалпы жүргізіледі. Бұл кезде жергілікті ем қолдануға болмайды. Себебі жатыр мойынындағы инфекция жатыр ішіне немесе одан жоғары көтеріліп кету қауіпі бар.
Жыныс мүшелерінің жоғары бөлімінің спецификалық емес этиологиялы қабыну аурулары. - Эндометрит.
- Эндометритке (жатырдың кілегей қабатының қабынуы) асқынған аборттар, босанулар, жатыр қуысын диагностикалық қыру, гистеросальпингография және басқа да жатыр ішілік араласулар дамуына бейімдейді. Эндометриттің дамуына бейімдеуші факторлар ішіндегі маңызды орынды жатыр ішілік контрацептивтер алады. Бұл жағдайда жатырдың кілегей қабатының функционалды және базальды қабаты зақымданады. Қабыну процесі бүткіл кілегей қабатқа тарауы мүмкін немесе ошақтық сипатта болады. Эндомертиттің ауыр түрінде процеске диффузды және ошақты түрдегі зақымдануы болып бұлшық етке тарайды.
- Клиника. Дене қызуының көтерілуі, іштің төменгі бөлігіндегі және шап аймағынағы ауырсынуға, кілегейлі-іріңді сұйық кейде жағымсыз иісті (ішек таяқшасы) бөлініске шағымдалады; эндометрийдің эпителиальды жабындысының кейбір аймактары десквамацияланып нәтижесінде іріңдіге қанды бөлініс қосылады. Патологиялық өзгерген эндометрийдің ажырауының бұзылысы менструация кезіндегі гиперполименорея симптомымен сипатталады. Қынап арқылы зерттегенде жұмсақ консистенциялы әлсіз ауырсынатын жатырды анықтаймыз.
- Диагностика. Ауруды анықтау қиындықтар тудырмайды. Анамнездік мәліметтер (жатыр ішілік араласулар, кілегей асты түйін некрозы), дене қызуының көтерілуі, зерттеу кезінде жатырдың ауырғандығы, іріңді бөліністер және менструальды циклдің бұзылысы дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді. Жатыр қуысындағы түзілісті бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеу микробтық флораны анықтауға мүмкіндік береді (антибиотикотерапия). Гемотологиялық көрсеткіштердің өзгеруі қабыну процесін көрсетеді
- Емі. Жедел эндометритте төсектік режим, іштің төменгі бөлігіне салқын қою, антибиотиктер мен сульфаниламидтер (дозасы индивидуалды процестің ауырлығына, аурудың ұзақтығына, антибиотикке сезімталдығына байланысты) ауырсынуды басатын (натрий салицилаты, ацетилсалицил қышқылы, амидопирин, анальгин және басқалар). седативті (пустырник тұнбасы, бром камфора, валериана экстрактісі және тұнбасы) және десенсибилизациялаушы (димедрол 0,05 г) заттар, қан тамыр қабырғасы өткізгіштігін қалыпқа келтіретін витаминдер (рутин 0,002 г 3 рет тәулігіне, аскорбин қышқылы 0,25 г 4 рет тәулігіне 3-4 апта бойы) тағайындалады; қанды бөліністерде жатырды жиырылтатындар (эрготал 0,001г тәулігіне 2-3 рет, хинин 0,15г тәулігіне 3 рет).
Сальпингоофарит. - Сальпингоофарит.
- Сальпингоофарит - жатыр қосалқыларының қабыну ауруы - жыныс жүйесінің қабыну аурулары ішіндегі ең жиі кездесетіні: өрлеме жол арқылы, инфекция қынаптан, жатыр қуысынан жиі асқынған босануда және аборттардан кейін тарайды, сонымен қатар құлдилау – көрші органдардан (сокыр ішек, тік және сигма тәрізді ішектен) немесе гематогенді жолмен.
- Қабыну процесі кілегей қабаттан басталып, жатыр түтігінің басқа қабаттарына да тарайды. Қабыну процесі әсерінен жиналған экссудат жатыр түтігі қуысында жиналып құрсақ қуысына төгіліп жиі түтік айналасында жабысқақ процесін тудырады, ол оның ампуласы мен түтіктің жатырлық бөлігінің тесігін бітеп тастайды. Түтік қуысында серозды сұйықтық жиналуын гидросальпинкс деп аталады. Гидросальпинкс бір жақты және екі жақты болады. Сальпингиттің ауыр ағымында және микроорганизмдердің вируленттігі жоғары болғанда түтікте іріңді түзіліс пайда болып түтікте іріңді түзіліс пайда болып пиосальпинкс пайда болады. Пиосальпинксте кіші жамбаста ішектермен, шарбы маймен, қуықпен жабысқақтар түзіледі. Науқастардың 2/3 қабыну процесі түтіктен аналық безге өтеді (сальпингоофарит).
Tuba Uterina Tuba uterina: Müllerian kanaldan gelişir.
1
2
3
4
İnterstisyel (intramural)
İsthmus
Ampulla
İnfundibulum
Fimbriyal
Ektopik gebeliklerin en sık geliştiği yer
Fertilizasyonun geliştiği yer
Tubal ektopik gebeliklerin
en erken rüptüre olduğu yer
En nadir tubal ektopik gebelik
En geç rüptür
En dar bölüm
Tuba uterina ektopik gebeliklerin en sık yerleşim yeri
Periton ile kaplı Клиника. Сальпингоофарит басталуы жедел, жеделдеу және созылмалы болады. Жедел сальпингоофаритке белдегі және іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, қандағы өзгерістер қабыну процесіне тән, жатыр жалғамалары, мен оны қоршаған тканьдердің инфильтрациясы және экссудация процесінің болуы тән. Жедел сальпингоофарит симптомдар әртүрлі дәрежеде байкалуы мүмкін, ол қоздырғыш вируленттілігіне және организм реактивтілігіне байланысты. Кейде сальпингоофарит клиникасы белгісі беткей етуі мүмкін, ал бұл кезде қосалқыларда айқын өзгерістер тіпті іріңдеуге дейін жүріп жатады. Жоғары температура, қалтырау, іштің төменгі бөлігіндегі қатты ауырсыну, іш перденің тітіркену симптомы, қан жағынан айқын өзгерістер болуы байқалады (лейкоциттер санының көбеюі, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарлауы). - Клиника. Сальпингоофарит басталуы жедел, жеделдеу және созылмалы болады. Жедел сальпингоофаритке белдегі және іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, қандағы өзгерістер қабыну процесіне тән, жатыр жалғамалары, мен оны қоршаған тканьдердің инфильтрациясы және экссудация процесінің болуы тән. Жедел сальпингоофарит симптомдар әртүрлі дәрежеде байкалуы мүмкін, ол қоздырғыш вируленттілігіне және организм реактивтілігіне байланысты. Кейде сальпингоофарит клиникасы белгісі беткей етуі мүмкін, ал бұл кезде қосалқыларда айқын өзгерістер тіпті іріңдеуге дейін жүріп жатады. Жоғары температура, қалтырау, іштің төменгі бөлігіндегі қатты ауырсыну, іш перденің тітіркену симптомы, қан жағынан айқын өзгерістер болуы байқалады (лейкоциттер санының көбеюі, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарлауы).
- Созылмалы сатыдағы процеске қабыну процесіне байланысты қосалқылардың ығысуынан олардың ауырсынуы, қозғалысының шектелуі, тығыздану тән. Жатыр қосалқыларының әсіресе рецедив беретін. Созылмалы қабынуында ереже бойынша нервті, эндокринді, қан тамыр, ас қорыту және зәр шығару жүйесінде функцияларының бұзылысымен жүреді. Созылмалы сальпингоофарит ұзақ етеді, жиі өршумен. Қабыну процесінің ұзақ уақыт болуына байланысты бұндай науқастарда түтіктік бедеулік пайда болады.
Емі. Аурудың жедел сатысында УВЧ-терапия, кальций, магний, цинкпен электрофорез жасалады. Организмнің қорғаныштық функцияларын күшейту үшін аутогемотерапия, алоэ, фибс инъекциясы, поливитаминдер жүргізіледі. Қажеті бойынша дезинтоксикациялық терапия тағайындайды (гемодез, реополиглюкин, 0,85 % натрий хлориді ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі, плазма). Жедел және жеделдеу қабыну процестерін стационарда емдейді. Созылмалы сальпингоофаритті саябыр сатысында емдеудің негізгі мақсаты жансыздандыру және фибринолитикалық әсерге жету, сонымен бірге эндокринді, нервтік, қан тамыр және басқа да жүйелер қызметін қалыпқа келтіру. Созылмалы сальпингоофаритті саябыр сатысында және басынан өткізілген қабыну белгілерінің қолдың белгілері аутоинфекция активтігі белгілері болмаса емді әйелдер консультациясында жүргізіледі. Аурудың клиникалық көрінуіне байланысты преформирленген физикалық факторлар тағайындалады. Сантиметрлік немесе дециметрлік диапазондағы микротолқындарды жиі өршуі болатын науқастарға тағайындаған тиімді, ал тұрақты ауырсынуы симптомы барларға - диадинамикалық немесе синусоидальды модулирленген тоқтарды, амидопиринмен электрофорез, ультрадыбыс қолданған тиімді. - Емі. Аурудың жедел сатысында УВЧ-терапия, кальций, магний, цинкпен электрофорез жасалады. Организмнің қорғаныштық функцияларын күшейту үшін аутогемотерапия, алоэ, фибс инъекциясы, поливитаминдер жүргізіледі. Қажеті бойынша дезинтоксикациялық терапия тағайындайды (гемодез, реополиглюкин, 0,85 % натрий хлориді ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі, плазма). Жедел және жеделдеу қабыну процестерін стационарда емдейді. Созылмалы сальпингоофаритті саябыр сатысында емдеудің негізгі мақсаты жансыздандыру және фибринолитикалық әсерге жету, сонымен бірге эндокринді, нервтік, қан тамыр және басқа да жүйелер қызметін қалыпқа келтіру. Созылмалы сальпингоофаритті саябыр сатысында және басынан өткізілген қабыну белгілерінің қолдың белгілері аутоинфекция активтігі белгілері болмаса емді әйелдер консультациясында жүргізіледі. Аурудың клиникалық көрінуіне байланысты преформирленген физикалық факторлар тағайындалады. Сантиметрлік немесе дециметрлік диапазондағы микротолқындарды жиі өршуі болатын науқастарға тағайындаған тиімді, ал тұрақты ауырсынуы симптомы барларға - диадинамикалық немесе синусоидальды модулирленген тоқтарды, амидопиринмен электрофорез, ультрадыбыс қолданған тиімді.
- Жабысқақ процесінің айқын болуы протеолитикалық ферментпен немесе медиймен электрофорез тағайындауға көрсеткіш. Ремиссия сатысындағы аналық бездердің гормональды активтігі бұзылысын гормональды немесе гормональды емес препараттармен коррекция жүргізіледі. Бұл сатыда антибактериальды ем жүргізілмейді, өйткені аурудың созылмалы түрінде микробтардың ролі минималды немесе болмайды
1. Проф. Г.М.Савельева, проф. В.Г. Бреусенко. Гинекология.- 2015. 2. ВОЗ. Глобальная стратегия профилактики инфекций, передаваемых половым путём, и борьбы с ними, 2006-2015 гг. — 2007. 3. Струков А. И., Серов В. В. Патологическая анатомия.— М., 1995. 4. Калитеевский П. Ф. Макроскопическая дифференциальная диагностика патологических процессов.— М., 1987. Пайдаланылған әдебиеттер: |