желбіре. «Желбіре Жеңіс жалауы ». Таырыбы Желбіре Жеіс жалауы мнерлеп оу сайысы
Скачать 420.53 Kb.
|
Тақырыбы: «Желбіре Жеңіс жалауы» мәнерлеп оқу сайысы. Мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау. Ұлы Отан соғысының батырларын, Отан қорғаушыларын құрметтеу, есте сақтау. Ұлы Отан соғысына қатысқандар батырларды еске алу. Сабаққа қажет құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: балалар ақын - жазушыларының кітаптарынан көрме, батырлардың суреттері. Сайыстың барысы: 1 - жүргізуші: - Армысыздар көрермен қауым. 5-9 сыныптар арасында «Желбіре Жеңіс жалауы » атты мәнерлеп оқу сайысына қош келіпсіздер. 1- Жүргізуші Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем, Жансыз өлең жанымды алды кілең. Бір ойым жүрегімде қаза болып, Бір ойым көмейімді қалды тіреп, Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем 1 - жүргізуші: Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының басты ережелеріне тоқталып өтсек, 1. Өлең бүгінгі тақырыпқа сай болу керек. 2. Өлең жатқа әрі мәнерлеп оқылуға тиісті (сахнаға кітап немесе қағаз - парақшалармен шығуға рұқсат етілмейді). 3. Өлең оқыған оқушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады. 1 - жүргізуші: Олай болса, сайыстың аты сайыс демекші, өлеңдерді мәнерлеп оқитын оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып қойғанымыз жөн болар. Сонымен, 1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – 2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – 3. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - 1 - жүргізуші:- Ендігі кезекте сайыскерлермен таныс болыңыздар 5а - сынып оқушылары ------------------------------- 5б - сынып оқушылары ------------------------------- 6а - сынып оқушылары ------------------------------- 6б - сынып оқушылары ------------------------------- 7- сынып оқушылары ------------------------------- 8а - сынып оқушылары ------------------------------- 8б - сынып оқушылары ------------------------------- 9- сынып оқушылары ------------------------------- Оқушылар кезекпен шығып, дайындаған өлеңдерін оқиды. 1 - Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын, Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын? Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген, Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық, сайыстың шешімін оқиды. 2 - жүргізуші: Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық Мезгілде біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше Осыменен байқауымыз аяқталды! Назарларыңызға көп рахмет! «Қаратөбе жалпы білім беретін мектебі» КММ «Желбіре Жеңіс жалауы» (5-9 сынып оқушылары арасында 9-мамыр күніне орай өткізілген мәнерлеп оқу сайысы) Әзірлеген: Ерғалиева Ж.С 2021-2022 оқу жылы «Қаратөбе жалпы білім беретін мектебі» КММ Д и п л о м 5-9 сыныптар арасында өткізілген «Желбіре Жеңіс жалауы» атты мәнерлеп оқу сайысында І орынға ие болған ------ сынып оқушысы м а р а п а т т а л а д ы Тілдер бірлестігі 2021-2022 оқу жылы |