Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырыбы

  • Көрнекілігі

  • Деп тұрғандай

  • 1 сұрақ: Бағдаршам дегеніміз неОның адам өмірі үшін қандай пайдасы барЖауап

  • 2 сұрақ

  • 3 сұрақ.

  • 5 сұрақ

  • Жауап

  • Ән: Біз жолаушы баламыз.

  • жжжжжжжжж. Таырыбы Жргіншілер тпелері


    Скачать 0.85 Mb.
    НазваниеТаырыбы Жргіншілер тпелері
    Дата16.10.2022
    Размер0.85 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлажжжжжжжжж.docx
    ТипДокументы
    #736713



    Тақырыбы:

    Жүргіншілер өтпелері




    Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова

    Тақырыбы: Жүргіншілер өтпелері.
    Мақсаты: Жолда жүру ережесінің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын

    білуге үйрету.

    Оқушыларды жауапкершілікке,сергектікке,жол ережесін

    бұлжытпай орындауға жол белгілерін есте сақтау дағдысын

    тәрбиелеу.

    Көрнекілігі: бағдаршамның суреті,әр түрлі жазылған сөздер.
    Барысы:

    Ұйымдастыру кезеңі.
    Көзін ашып жұмады

    Бағыт сілтеп тұрады

    / бағдаршам/
    Оқушылар жұмбақтың жауабын шешкеннен соң бағдаршам туралы өлеңдері оқылады.

    Бағдаршам қамқорыңдай жанашыр,

    Деп тұрғандай:

    «Адамдарға жол ашық!»

    Кезек ашып,жұмғанында үш көзің

    Қалт жібермей,орында дәл,тос өзін.
    2. Қызыл көзі жанғанда,

    Сары көзі жанғанда,

    Сақ абай бол барынша.

    Жасыл жарық жол ашық,

    Жүгіре бер бел асып.

    Бас аяқты ойлап,

    Бол ұқыпты жолда
    Топпен жұмыс. Әр топқа сұрақтар беріледі.сол сұрақтарға дұрыс жауап беру.

    1 сұрақ:

    Бағдаршам дегеніміз не?Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?

    Жауап: Бағдаршам-механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзі аспап.Ол жол бойын реттеуге адам өміріне апаттаан сақтандыратын көмекшіміз.Оның сырын біліп,тілін алу баршамыздың міндетіміз.

    2 сұрақ: Жолдағы қозғалыс бағдаршамның басқа қандай белгілермен реттеледі?

    Жауап: Арнайы бағанаға орнатылған жасыл-қызыл түсті, «жүріңіз,тұрыңыз» дегенді білдіретін адам кейпіндегі көрнекі белгілермен реттеледі.

    3 сұрақ. Жүргіншілерге қай жолмен жүру керек?

    Жауап. Жиек жолмен жүреміз.

    4 сұрақ. Жиек жол болмағанда ше?

    Жауап: Жер асты жолымен.

    5 сұрақ Жолдың қай жағынан жүру керек?

    Жауап: Жолдың он жағынан жүру керек.

    6 сұрақ. Ата-аналарға барғанда қоғамдық көлікке қай жерден отырасыз?

    Жауап: Аялдамадан отырамыз.

    Бағдаршам ойыны: Барлық оқушы билеп жүреді.қызыл жанғанда тоқтап қалады.Жасыл жанғанда билеп жүреді. Сары жанғанда 1 аяғын көтеріп тұра қалады.Шартты бұзғандар ойыннан шығып қалады.

    Ән: Біз жолаушы баламыз.

    1.Сапар шексек,сіз бен біз,

    Сан көлікке мінеміз.

    Троллейбус,трамвай

    Автобуспен жүреміз
    2.Көліктерге мінеміз

    Күнде тынбай жүреміз

    Жол жүрудің тәртібін

    Ережесін білеміз

    Қорытынды.

     Жолда жүру ережесі туралы ережелерді еске түсіреміз.

    1.Сен көшеге шықтың.Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жас амау үшін әуелі сол жағыңа,содан кейін оң жағыңа қара.

    2.Мектепке барар жолды,не көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап ал.

    3.Қала көшесімен келе жатқанда абай бол!Асықпа!Тек тротуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.

    4.Тар тротуармен келе жатқанығда алдыңнан қарсы келе жатқан үлкен кісіге жол бер!

    5.Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең күте тұр.
    Қай көше ,қалаға қарай барсаңыз да

    Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

    Жолда жүру ережесі заңды тәртіп


    написать администратору сайта