Әкеден ақыл, анадан мейірім. Алғыс айту күніне тарбие сагаты. Таырыбы кеден аыл, анадан мейірім!. 1жргізуші
Скачать 20.12 Kb.
|
Тақырыбы: «Әкеден ақыл, анадан мейірім!». 1-жүргізуші :Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! 2-жүргізуші : «Әкеден ақыл, анадан мейірім!» атты ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер! 1-жүргізуші Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер? 2-жүргізуші Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді? 1-жүргізуші Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?\ 2-жүргізуші Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер? 1-жүргізуші .–Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі 2-жүргізуші –Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. 1-жүргізуші. Алғыс айту күнінің тарихына тоқталсақ. Заманбек презентация арқылы әңгімелеп береді. 1-жүргізуші Балалар, жаңа бір - бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді. Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады. Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді. Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі. Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкеледі. Студенттердің алғыс айту күніне арналған өлең шумақтарын тыңдайық. 2-жүргізуші : Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. 2-жүргізуші : ----------------менің саған бір сұрақ қойғым келіп тұр. Алғысқа, рахметке тағы да кімдер және нелер лайықты деп ойлайсың? 1-жүргізуші : Тізімді бірге құрайық! 2-жүргізуші : Бастысы – алғыс айта білу... Анаға – өмір сыйлағаны үшін, 2. Әкеге – қорған болғаны үшін, 3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, 4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін, 5. Күнге – шуағы мен назары үшін, 6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, 7. Досқа – құшағы мен иығы үшін, 8. Әжеге – ыстық алақаны үшін, 9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, 10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, 11. Отқа – жылулығы үшін.. 1-жүргізуші: Ана- әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Олай болса дәл осы сәтте анамызға қоңырау шалып, алғысымызды айтайықшы! 2-жүргізуші : Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар! Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар. Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, Күндей боп күлімдеген жарықсыздар. 1-жүргізуші: Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады. 2-жүргізуші : Иә, колледжге келген сәттен бастап білімнің кәусар бүлағынан сусындататын асыл жандар-аяулы ұстаздар туралы қанша мақтау сөздер айтсақ та тауыса алмаспыз. 1-жүргізуші : Құрметті ұстаздар, тобымыздың атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рақметімізді айтамыз. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз. Арайлымның орындауындағы әсем әуенге кезек береміз. 1-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше, Осымен «Әкеден ақыл, анадан мейірім!» атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концертіміз аяқталды.Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет! 2-жүргізуші: – Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар |