Тақырыбы:
| Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шығару
|
Күні,айы:
| Мұғалімнің аты-жөні: Уралбаева Дана
|
Мектеп:
| №1 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектеп
|
9 сынып
| Сабаққа қатысқан оқушылар саны:
| Сабаққа қатыспаған оқушылар
саны:
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 9.3.1.5 Қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолданып есептер шығару
|
Сабақ мақсаты
| Комбинаторика формулаларын қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандары үшін қолдану;
Қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қорытып, есептер шығаруда талдау.
|
Бағалау критерийлері
| Қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеудегі комбинаторика формулаларының ерекшелігін талдайды;
Өмірмен байланыстырып есептер құрастырады.
|
Тілдік мақсаттар
| Тілдік лексика және терминология:
Қазақ тілінде
| Орыс тілінде
| Ағылшын тілінде
| Комбинаторика
| Комбинаторика
| Combinatorics
| Алмастыру
| Перестановки
| Permutations
| Орналастыру
| Размещение
| Permutations
| Қайталанбайтын орналастыру
| Размещение без повторений
| Placement without repetition
| Теру
| Сочетания
| Combinations
| Қосу ережесі
| Правило суммы
| Rule of sum
| Көбейту ережесі
| Правило произведения
| Rule of multiply
| Факториал
| Факториал
| Factorial
|
|
|
Құндылықтарды
дарыту
| - Оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды және жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру;
- Ата – бабамыздан мұраға қалған ұлттық тіліміз, мәдениетіміз және тарихымызды, салт-дәстүрлерімізді оқушылардың ой санасына сіңіре отырып, патриоттық сезімдерін оятып, тәуелсіз еліміздің рухты азаматтарын тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
| Ықтималдықтар теориясы, физика, информатика, экономика, химия
|
АКТ қолдану дағдылары
| Интербелсенді тақтаны презентация және бейнероликтер көрсетуде қолдану:
www.bilimland.kz
|
Алдыңғы білім
| Комбинаторика элементтері, жиын, факториал, алмастыру, орналастыру, теру
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңдері
| Жоспарланған жұмыс
| Ресурс
|
Сабақтың басы
(2-5 мин) Топқа бөлу
Үй тапсырмасы
| Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу “Полиглот” әдісінде қоржында жасырылған үш тілде берілген сөздер арқылы 3 топқа бөлінеді: “ҚАЗАҚ ” “ОРЫС” “АҒЫЛШЫН” ҚБ. Үй тапсырмасын “Доп лақтыру’ әдісі арқылы сұрақтар қойып, оқушылардың дайындығын анықтау
| Слайд 1
Слайд 2
|
Сабақтың ортасы (6-35 мин)
Үйге тапсырма
|
Сабақтың барысында “SPIRO” әдісін пайдаланамыз
S (Specificity) – нақтылық
www.bilimland.kz сайтындағы комбинаторкатуралы видеороликтер көрсету арқылы оқушылардың теру, ауыстыру және қайталанбайтын орналастыру туралы нақты білімдерін бекіту
--- Қайталанбайтын орналастыру ---- Теру Pn = n! --- Алмастыру P (Performance) – орындау
Оқулықпен жұмыс
“Мозаика” әдісі бойынша топтарға алдын ала берілген оқулықта қамтылған тапсырмалар мен олардың жауаптарының қиындыларынан мозаиканы құрастырады. Тапсырманы орындап болған топ қол шапалақтау арқылы болғанын білдіреді.
ҚБ. Топтар бір – бірлерінің есептерін тексеріп
1 – есеп. Оқушы 2 дана ғылыми, 2 дана саяси және 3 дана әдеби кітаптардың ішінен 1 кітапты таңдап алуының неше тәсілі бар?
2 – есеп. 0-ден 9-ға дейінгі сандардан құралған цифрлары қайталанбайтын үшорынды неше сан жазуға болады?
3-есеп. Көкөніс дәндерінің 4 түрінен 3 түрін топтап алып, әр түрлі үш бөлек жерге жеке-жеке егіп тәжірибе жасаудың неше тәсілі болады?
I (Involvement) – қатысу
“Синектика ” әдісін пайдаланамыз. Мұнда әр топ бейнероликте көрсетілген мысалдардың және өмірдегі қолданыстар негізінде өз есептерін құрастырып, топта талқылайды. R (Realism) – шындық
“Жұбыңды тап” әдісінде жұптық жұмыс орындалады. Мұнда дарынды және үлгерімі нашар оқушылар жұптаса бірігіп, оқулықпен жұмыс жасайды.
А-деңгей
№556. Бір жұмысты екі түрлі тәсілмен орындауға болады. 5 адам 1-тәсілмен , ал 4 адам 2-тәсілмен орындай алатын болса бұл жұмысты орындайтын бір адам таңдап алатындай неше тәсіл бар?
9 тәсіл
№559 a,b,c,d төрт элементтен үштен құралған барлық орналастыруларды жазыңдар.
24 орналастыру
№560 Оқушылар кездесіп бір – бірлерімен қол алысып амандасты. Олар барлығы қанша рет қол алысты. 10
В-деңгей
№559 5 мекемеде қызмет жасайтын 5 адам бір – бірімен айына бір реттен телефон шалып хабарласады. Олардың бір айдағы хабарласу санын табыңдар. 10
№570 6 оқушының ішіінен 2 оқушыны сынып бастығы және оның көмекшісі етіп неше тәслмен сайлауға болады?
30
№571 2,3,4,5,7 сандарының кез келген екеуінің көбейтінділерін жазамыз. Сонда алынған әр түрлі көбейтінділер санын табыңдар.
6
ҚБ. Оқушылар бір-бірін дескриптор негізінде бағалайды
O (Observability) – бақылау мүмкіндігі
“Әріптерді орналастыр” әдісінде дарынды және үлгерімі төмен оқушыларға арналған тест тапсырмалары орындалады.
1. 4 оқушыны 7 орындыққа неше түрлі тәсілмен отырғызып шығуға болады? А. 500 Т. 840 С. 850
2. Бес адамды кезекке неше түрлі тәсілмен тұрғызуға болады? Ә. 120 Е. 130 Ж. 140
3. Үш таңбалы саннан қанша әртүрлі цифрдан құрастырылған үш таңбалы сан алуға болады? Н. 7 И. 9 У. 6
4. Есептеңдер. А. 800 В.850 Е. 870
5. Есепте 0! Е. 0 И. 10 Л. 1
6. Есептеңдер.
А. 800 В.750 С. 600
7. Есепте 4! А. 80 І.24 Е. 70
8. 7; 8; 9 цифрларын пайдаланып қанша үш орынды сандар жазуға болады? З. 6 Д. 24 Е. 16
9. Комбинаторика терминін алғаш кім енгізді? А. Декарт Д. Лейбниц Е. Гаусс
10. Факториал терминін кім енгізді? А. Гаусс І. Л.Арбогаст Е. Р.Декарт
11. Комбинаторика неше бөлімнен тұрады? А. 5 В. 4 К. 3
Тесттің дұрыс жауабы: Тәуелсіздік №573-576 оқулықтағы есептер
| Бағалау критерийлері
| Дескриптор
| Қайталанбайтын орналастыру, алмастыру,теру сандары үшін комбинаторика формулалары
| Комбинаторика формулаларын алмастыру,қайталанбайтын орналастыру және теру сандарын есептеуде қолданады
| Қайталанбайтын орналастыру, алмастыру, теру формулаларының айырмашылығын талдайды
| Өмірмен байланыстыру
| Комбинаторика формулаларын өмірмен байланыстырып есептер құрастырады
|
|
Слайд 3
Интерактивті тақта www.bilimland.kz
бейнеролик және тест тапсырма
Слайд 4
Оқулық
Үлестірме материал
Оқулық
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
|
Сабақтың соңы (36-40 мин) Кері байланыс
|
Сабық соңында оқушылар рефлекция жүргізеді:
Менің оқуым қандай сатыда? Мен жоғары нәтижеге қалай қол жеткіземін? Білімімді толықтыру үшін не істеуім керек?
|
БББ кестесі
Слайд 8
|
Саралау
“Жұбыңды тап” әдісінде қабілеті жоғары және нашар оқушылар бірлесіп жұптық жұмыс атқарады.
“Синектика” әдісінде дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен топтық жұмыс жасалады, яғни ішкі уәжін арттыруға қажеттілік туады.
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін анықтайды.
Дескриптор арқылы бағалау
Доп лақтыру әдісі – үй тапсырмасын бағалау мақсатында,
Мозаика әдісі – топтық жұмыста топтар бір-бірін бағалауда,
Әріптерді орналастыр әдісі-тест тапсырмалары арқылы өзін-өзі бағалауды қолданылады.
Әуе шары әдісі арқылы кері байланыс жасау
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан, мадақтаудан тұрады.
|
Қосымша ақпарат
|
Қорытындылау
| Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
|
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?
2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?
|
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1.
2.
|