тәрбте сағаты. Ашық тәрбие сағаты_Мәңгілік ел-Мәртебелі тіл_. Таырыбы Мгілік ел мртебелі тіл Масаты
Скачать 22.46 Kb.
|
Тақырыбы: Мәңгілік ел – мәртебелі тіл Мақсаты: Жас өрендерді мәңгілік ел идеясымен таныстыру. Жолдауда қойылған мақсаттарды түсіндіру арқылы өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, Отанын сүюге, ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. Міндеті: оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу. Тәрбие сағатының көрнекілігі: Интерактивті тақта, газет,журнал қиындылары, кітаптар көрмесі, компьютер.Жолдау туралы слайд және Астана туралы слайд көрсету. Әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру. Барысы: 1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! Елбасымыз өз сөзінде «... Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік қазақтың перзенті. Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – «Мәңгілік Ел» - деп, қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген жиі талқыға түсіп жүрген сауалға нақты жауап берді. Сондықтан бүгінгі ұрпақ үшін ұлттық идея айқын, ендігі міндет болашағымызға бағдар ететін – «Мәңгілік Ел» идеясын қалыптастыру жолында қызмет ету. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.Ендігі ұрпақ Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы –Мәңгілік Ел Ана тілім, Жүрегісің анамның. Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым. Сағат сайын саулығыңды тілеймін, Сенсіз мынау керегі не ғаламның! Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем, Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. 1-жүргізуші: Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алды. Біз өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекетсіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Біз өзгенің қателігенен , өткеннің тағылымынан сабақ алуымыз тиіс.Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің қолымызда! Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек!Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Осы идеяның негізгі түп тамары тілде. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға анна сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – әрбір елдің жаны. 2-жүргізуші: Осыдан тура 26 жыл бұрын – 1989 жылы 22- қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда мемлекеттік тіл- қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.Тілді қадірлеп, қастерлеу әрбір адамның міндеті екенін түсіне білгеніміз жөн. 1-оқушы Тіл деген – алып мұхит түбі терең, Піспегі толқын шашқан күбі ерен. Қадірін тілдің сұра сақаулардан, Көзіне жасалып бір күбірлеген. Тілдеген – жарық жұлдыз аспандағы, Арманның қиял жетпес баспалдағы. Қадірін тілдің сұра мылқаулардан, Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы. Тілдеген – адастырмас темірқазық, Өрісі магнитінің өмірге азық. Қадірін тілдің сұра кереңдерден, Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып. Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңін қабыл алыңыздар. 2-жүргізуші: Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік! 2-оқушы: Қуатым – ана тілім Қазағым, қайда жүрсең біл тіліңді, Айтады ана тілсіз кім түбіңді? Қайсыбір қандастарым шүлдірлесе, Жүрегім біз сұққандай мың тілінді. Қуатым – ана тілім ақ сүт берген, Жан емен, сен бар кезде қаңсып көрген. Өлеңде топқа түссем, өзіңсің ғой, Әперген маған орын ашып төрден. Қалса егер, жалғыз сәтке қалғып тілім, Дей бергін ауа жетпей, қарлықты үнім. Сен барда терезем тең, еңсем биік, Қасында тұрсам-дағы қай мықтының! Ардағым, ана тілім - жан мерейім, (Жүзіңнен әрқашан да таң көрейін). Сен болсаң, көш бастаушым келешекке, Соңыңнан көзім жазбай, мәңгі ерейін. Төбемде тұса сенің жанып нұрың, Демеймін сөз сөйлеуден жалықты ұлың! Түсінгін ардақ тұтқан ана тілім, Екенін жан сырымның анық мұның! Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің. Тұнығым, рухани жан азығым Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім. Ана тілім, туған тілім,бал тілім Сен арқылы дүние танып талпындым. Сен арқылы әлемге аян бар ісім Сен өмірде таусылмайтын алтыным. 2– жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін, Қажеті не басқаның өлшемінің? Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын, Енді міне жетеді көпке үнім. 1-жүргізуші: ««Елім, менің!» әнін қабыл алыңыздар! 1-жүргізуші: Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Дүние жүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі. 2-жүргізуші: Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз. Сол қуанышымызды жақсы бір өлең шумақтарымен жалғауға рұқсат етіңіздер. 4-оқушы: Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Ал екінші бақытым – Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей – кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. Бақытым бар үшінші – Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. 1-жүргізуші: Тілі, ділі, халқы толассыз дамыхан халық, бақытты халық. Сол халықтың ажырамас бір бөлшегі ретінде біз өз тілімізді, елімізді үздіксіз қастерлеуіміз қажет. 1жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісе кеткеніміз жөн сияқты. 2-жүргізуші: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген. А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген. Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен. 1-жүргізуші: Қабыл алыңыздар хор, «Туған жер» әні. 1-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет. -Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. -Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. -Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. -Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. -Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! -Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымызды аяқтаймыз. 2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз. 1-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет! Қош, сау болыңыздар! |