Главная страница
Навигация по странице:

  • Бейнефильм көрсетіледі. Бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздік!

  • Бейнефильм «Тәуелсіздік батырлары»

  • Тәуелсіздік - тірегім. Таырыбы Мгілік елімні баытын тербеткен Туелсіздік! Масаты


    Скачать 16.62 Kb.
    НазваниеТаырыбы Мгілік елімні баытын тербеткен Туелсіздік! Масаты
    Дата08.02.2023
    Размер16.62 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТәуелсіздік - тірегім.docx
    ТипДокументы
    #926259

    Тақырыбы: «Мәңгілік елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!»

    Мақсаты:

    1) еліміздің тарихы туралы түсінік беру, халқымыздың әдет –ғұрпын, салт – дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу, еліміздің Тәуелсіздік тарихына шолу жасау;

    2) оқушыларымызды ата – бабаларымыздың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлесінде халқына қызмет етуге тәрбиелеу;

    3) ұлттық сана, ұлттық болмысымызды және ар – намыс, ұлттық рухтық қасиеттерді қалыптастыру.

    Бейнефильм көрсетіледі. Бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздік!

    Мұғалім:

    Тыңда жолдас, тыңда далам, тыңда ел. Сөйлеп тұрған күн шығыстан, жомарт өңір Қазақстан!

    Жасыл шүйгін, кең жайлау, асқар тау, кербез орман, ерке жел. Жанға сая панамыз – Қазақстан көркем жер.

    Қазақстан салтанаты жарасқан! Бір отбасы, бір туысқан, бір –біріне қарасқан!

    Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты ұлыстар, бір кісідей маңдай терін төккен жер.

    Тарих еске алып отырғанды ұнатады. Ал біздің тарихымыз құдайға шүкір жетерлік. Тарихтың әлбетте қуанышпен еске алатын тұстары да, өкінішпен қарайтын кездері де болады.

    Маңызы зор біздің Тәуелсіздігіміздің тарих бетіне жазылғанына да біршама жылдар легі өтті.

    Біздің елдігіміздің белгісі Қазақстан Республикасының Гимні орындалсын.

    Бүгін міне, азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашатын,

    Ел мерейін асырды, егемен ел нұрландырды ғасырды.

    Олай болса ғасырлар мен жылдарға кезек беріп сөйлетейік.

    1-оқушы: Қазақ халқының XVIII ғасырдағы тарихы арпалысқа толы, жер бетінде бар болуы, не жоқ болу деген жанкешті тынымсыз заманы еді.

    2-оқушы: ХХ ғасырда ұлттың ұлт ретінде өзін тануы «Ұлттық болашағы не болады?» дегенге жауап іздеген ұлт зиялылары тарих сахнасына көтерілді.

    3 – оқушы: 1930-1933 жылдар – халқымыздың жартысынан көбін жалмаған ашаршылық жылдары.

    1 – оқушы:1936 – 1938 жылдары ұлт зиялыларына репрессия болды.

    2 – оқушы: 1941 – 1945 жылдары – КСРО-Германия соғысы.

    3 – оқушы: 1954 – 1956 жылдары өзге ұлт өкілдері Қазақстанға көптеп қоныстана бастады.

    Тәуелсіздік – қазақ халқының сан ғасырлық арманы. Біздің туысымыз – Тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік.

    Ендеше Тәуелсіздіктің тұлғаларымен таныс болайық. Ұлт зиялылары – Мұстафа Шоқай және Әлихан Бөкейхан

    (Мұстафа Шоқай кейпінде) Тәуелсіз Түркістанның рухымен жастар, сіздер осы қасиеттің қалай және қандай қиыншылықпен келгенін бара –бара білетін боласыңдар. Соны ешқашан ұмытпайық, балалар.

    (Әлихан Бөкейханов кейпінде) Бұл болып тұрған заман –алаштың азаматына зор жүк. Бірде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, алаштың басы бақыт жолына түсті. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс бере жүретін алдымызда зор шаралар бар. Осыны аңғар, жұртым қазақ!

    Орны ағалардың бізбен толсын,

    Сәбилер ағалардың жолын қусын.

    Бір минут үнсіздікпен еске алайық,

    Әруағы ағалардың ырза болсын!

    (Бір минут үнсіздік)

    Солып үміт көңілдің асқар бағы,

    Қазағымның мұң болып басты арманы

    Тұрған шақта еліме ұран болды

    Есенғали ағаның қасқалдығы.

    1986 жылы Қазақтың рухын құртпақшы болды. 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің бар –жоғы 18 минутқа созылған Пленумы болды. Пленумда Қазақстан басшысы Д.Қонаевты орнынан алып, республикаға мүлде белгісіз біреуді (Г.Колбинді) отырғызды.

    Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!

    Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,

    Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.

    Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

    Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

    1986 жылғы 16 желтоқсан Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды.

    Бейнефильм «Тәуелсіздік батырлары»

    9 – оқушы:

    1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялады.

    Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген аз ғана уақыт ішінде дамыған нарықтық экономикаға өтіп үлгерді, өзіндік даму жолын таңдап үлгерді. Елдің әлеуметтік саяси – экономикалық дамудағы табыстары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың есімімен байланысты.

    10 – оқушы:

    Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

    Алу мақсат Ел деп сауапты.

    Әр отбасы, әр қазақ, әр адам

    Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

    Мұғалім:

    Отан! Отан – адамның туып өскен жері, туған – туысқандары мен жақын тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.

    Адамның жақсы, бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты. Әрбір адам Отанын сүйе білуге тиіс.

    Хор:

    Дүбірлетсін өңірді,

    Дүбірлесін дүлдүлі.

    Қазақ деген елімнің

    Құтты болсын бұл күні!

    «Ақсу «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені»

    коммуналды мемлекеттік мекемесі

    Тәрбие сағаты

    «Қазақстанның Тәуелсіздігі – еліміздің басты бағыты»

    6-сынып

    Сынып жетекші: Атауоллина Г.С.


    2021-2022 оқу жылы


    написать администратору сайта