Ата-аналар жиналысы 7 а. Таырыбы Не ексе, соны орасы. Масаты
Скачать 36.7 Kb.
|
«№ 57 «Сарыарқа жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі «Не ексең, соны орасың» тақырыбында ата-аналарға арналған тренинг- жиналысының жоспары Тақырыбы: «Не ексең, соны орасың». Мақсаты: Жас ұрпақты парасатты, ақылды, мейірімді жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі ата-ананың ролін көрсету. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптастасуына ата-ана беретін тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға оқытудағы жаңалықтар туралы мәлімет беру. Ата-аналардың мектеппен, сынып жетекшімен тығыз байланысын орнату. Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, ситуациялық тарсырмалар. Күтілетін нәтиже: Ата-аналар балаларының парасатты, ақылды, мейірімді т.б.жағымды қасиеттерге ие болуына өздері әсер ететіндігін мойындайды. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жаңа заманға сай жан-жақты білімді де тәрбиелі азамат қалыптасатындығын түсінеді. Мұғалім: Сәлемесіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі ата-аналар жиналысына хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі-баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгішті , оқу мен еңбектегі табыстары. Баяндама Құрметті ата-аналар! Біздер баламыздың алдында қанша міндеттеріміз бар екенін түсінеміз. Бала-ата-ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не басқа бір қатер төңгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімізді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі- баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бала тәрбиесі-қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Отбасы -адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың басты ұстазы-ата-ана. Береке, бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі бар. «Жас көңіл тың жер тәрізді, Не ексең сол шығады, әрі мол шығады» деп әйгілі, атақты Ғабиден Мұстафин айтқандай, отбасы- баланың тәрбиесінің айнасы. Демек, баланы отбасынан тануға болады, яғни ата-анасың бір- бірімен, ата-анасының баласымен қарым қатынасы қандай екенің өз көзқарасынды қалыптастыруға болады. Біздің еліміздің ертеңгі қожасы, иесі-балаларымыз. Ертеңгі азаматтарымыз заман талабына сай озық ойлы, тәрбиелі, жан-жақты білімді болуы үшін оқыту саласында, соның негізінде мектебімізде ұстаздар қауымы біздер және сіздер Ата-аналар болып балаларды жақсы да ,жарқын болашаққа бірге тәрбиелейік. Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата — ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала — ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» — демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата — ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата — аналар іс — жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат — әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан — жақты дамуына ата — ана, мектеп жағдай жасауы керек. Бізде көптеген ата — аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата — ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу — үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата — ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата — ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата — ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?Сонымен әрбір ата — ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі — өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата — ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата — ананың қолында. Сынып үлгерімі : 2-тоқсан Сыныптың үлгерімі 7-а, 2021 /2022 оқу жылы 2 тоқсан Сыныптың орташа жалпы баллы: 3,65 Сыныптың жалпы білім сап. %: 14,29
Ата-аналардан сауалнама алынады Ата-аналарға арналған сауалнама. 1).Балаңыздың аты-жөні.__________________________________________________________ 2).Балаңыздың туған жылы ,күні__________________________________________________ ______________________________________________________________________________ 3). Әкесінің аты-жөні.___________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ 4).Туған жылы,күні_____________________________________________________________ 5).Жұмыс орны_________________________________________________________________ 6).Анасының аты-жөні.__________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ 7).Туған жылы,күні._____________________________________________________________ 8).Жұмыс орны_________________________________________________________________ 9).Мекен жайыңыз,телефон_______________________________________________________ _______________________________________________________________________________ 10).Жанұядағы бала саны_________________________________________________________ 11).Балаңыз қай сабақтарды нашар меңгереді? _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ 12).Балаңыз қай сабақты сүйіп оқиды? _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ 13).Үйде балаңыздың сабағын қадағалайсызба? _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ 14).Балаңыздың қандай үйірмеге қатысқанын қалайсыз? _______________________________________________________________________________ Ата-ананың аты- жөні____________________________________________________________ Жауабыңызға рахмет. Ата-ана аты-жөні.___________________________________________________________ Ұстаз бен ата-ана арасындағы қарым – қатынасты анықтау сауалнамасы 1.Мектептегі ұстаздардың ата-аналарымен қарым – қатынасы жақсы деп ойлайсыз ба ? А) әрдайым өте жақсы Ә) жағдайға қарай Б) нашар 2. Мектепке сіз жиі келесіз бе ? А) иә Ә) жоқ Б) әрдайым емес 3. Мектеп басшысын, оқу тәрбие ісінің меңгерушілерін, ұстаздарды табу оңай ма ? А) иә Ә) жоқ 4. Сіздерді мектепке жылы жүзбен қарсы алама? А)иә Ә)жоқ, әрдайым емес Б)Білмеймін В)жоқ 5.Мектеп сізбен әрдайым жүздесуге дайын ба? А)иә Ә)жоқ 6.Мұғалімдер оқушылардың ата-анасымен телефон арқылы байланыс жасағанда сөйлесе біледі ме? А)иә Ә)жоқ Б)әрдайым емес 7.Барлық мектеп ұжымы ата-анамен жылы-шырайлы қарым-қатынаста болады ма? А)иә Ә)жоқ Б) барлығы емес 8.Оқыту тәрбиелеу жұмыстарына байланысты мұғалімдер ата-аналары хабардар етіп отырады ма? А)иә,ата-аналар жиналысында Ә)жекелеген әңгімелерде Б)иә,бірақ жиі емес В) жоқ 9. Ата-аналар арасында мектеп іс-әрекетін бақылайтын топ бар ма? А)иә Ә)жоқ 10.Қаржы мәселесі бойынша сұрақтарды талқылауға ата-аналар қатысады ма? А)иә Ә)жоқ 11.Әрбір ұстаз ата-аналардың мектепке жиі-жиі келуін қажет етеді деп ойлайсыз ба? А)иә Ә)әрдайым емес Б)еш қажеттігі жоқ Жауап бергеніңізге рахмет Педагог-психолог тренинг сабақ өткізеді Мектеп және ата-аналар арасында келісім шарт жасалады «№57 «Сарыарқа» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мектеп директоры: Моминов Ж.Д ___________ ДТІЖО: Акимбаев Қ.А ___________ Сынып жетекшісі: Қыстаубаев А.Б ___________ №1 Бала тәрбиесінің жауапкершілігі туралы мектеп және 7 «А» сынып ата - аналары арасында түзілген Келісім - шарт Төмендегі қол қойып шарт жасаушылар: Бірінші жағы жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы, екінші жағынан төменгі көрсетілген ата – ана болып келісім – шарт жасауының мазмұны: Жалпы орта білім беретін мектебі Қ.Р «Білім туралы Заңы» бойынша мектеп бағдарламасына сәйкес оқушыға білім береді және тәрбиелейді. Мектепте жүрген оқушыларға мектеп әкімшілігі сабақ уақытысында қандай жағдай болса да толық жауап береді. Жалпы орта мектеп оқушылары сабаққа бағалы заттар (сырға, сағат, әшекей бұйымдар) тағып келуіне және ұялы телефон алып келулеріне тыйым салынсын. Мектеп ауласында ұялы телефоны немесе бағалы заттары жоғалып, не жарамсыз болып қалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауап бермейтіндігі ескерілсін. Мектепте сабақ үстінде интернетке кіруге қатаң тыйым салынсын. 6. Ата – ана мектептен тыс уақытта, демалыс кезінде, түнгі мезгілде, жексенбі күндері , сабақ күндері сабақтан бос уақытында баланың жауапкершілігін толық өз мойнына алады. ( туған күн кештерін кафеде , үйде өткізуге , ойынханада ( компьютерлік клубтарда) ойнауға, кафе, базарда жұмыс істеуге болмайды) 7. Мектептен тыс уақытта тосын оқиғалар болған жағдайда, тәртіп бұзғанда баласына қарамағаны үшін жауапты болып табылады. 8. Оқушының мектепке кешікпей келуі мен себепсіз келмей қалу жауапкершілігі ата-анаға жүктеледі.Оқушы дәлелсіз,себепсіз екі тәулік сабаққа келмеген жағдайда ата-ана әкімшілік жауапқа тартылады. Келісім – шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және заң жүзінде күші бар құжат болып есептеледі. Оқушының аты – жөні:_____________________________________________ Ата – ананың аты – жөні:_______________________________________________Қолы:__________ Ата-аналар ой пікірлері: Қорытынды бөлім: Құрметті ата — аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық — қатыгездікке, жомарттық — тоғышарлыққа, адалдық — арамдыққа, парасаттылық — парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым демектің бәрі де-ақымақшылық» Ұл — қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз. Сынып жетекші : Қыстаубаев Абылай |