Главная страница
Навигация по странице:

  • Жобаның мақсаты

  • Жобаның міндеттері

  • Өмірбаяны: Леонардо да Винчи

  • Өнертапқыштығы

  • Қызықты деректер

  • Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  • бейнелеу. Таырыбы нер алыбы Леонардо да Винчи зектілігі


    Скачать 61.98 Kb.
    НазваниеТаырыбы нер алыбы Леонардо да Винчи зектілігі
    Дата15.12.2020
    Размер61.98 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлабейнелеу.docx
    ТипДокументы
    #160682

    Тақырыбы: Өнер алыбы Леонардо да Винчи 

    Өзектілігі:.Леонардо да Винчи Ол мүсінші, суретші, математик, инженер, геолог, философ, ақын, физик т.б. болған. Сегіз қырлы, бір сырлы Леонардо да Винчи жайында ақпараттар білу. Оны болашаққа ұрпаққа таныстыру.

    Жобаның мақсаты:

    Ренессанс мәдениетінің өкілдерінің ішінде сол дәуірдің тынысын терең сезінген, сол бір аласапыран кезең мен жарық дүниенің әсемдігін, адамның жан-дүниесін өнер туындылары арқылы бере білген алып тұлғалар бірі Леонардо да Винчидің өмірімен,шығармашылық туындысымен,танысу.Оның сегіз қырлы, бір сырлы адам болғанын білу.

    Жобаның міндеттері:

    Леонардо да Винчидің өмірімен ; онын туындыларымен мен танысу; өнертапқыштығы жайында білу;ол туралы қызықты деректер.

    Өмірбаяны:

    Леонардо да Винчи  италияндық ұлы суретші әрі ғалым, «Әмбебап адам» италияндық Ренессанс мұратының жарқын үлгісі. Флоренцияның бір аймағындағы Пиеро да Винчи деген нотариус пен диқаншы отбасынан шыққан Катерина деген қыздың баласы, Вероккионың сурет өнері саласындағы шәкірті. Тез арада ұстазын басып озған Леонардо да Винчи бастапқыда Флоренцияда саудагершілікпен айналысады. Артынан княздер сарайларында шығармашылық ірі жоспарлар ұсынып, еш түсіністік таппайды. Әбден көңілі қалған ол 1516 жылы қаңтарда король Франсуа I ұсынысымен Францияға көшіп келіп, ғұмырының соңғы 4 жылын, осы жақта, Клу (Түрендегі) қамалында бастаған істерін аяқтаумен өткізеді.

    Леонардоның қазіргі біз атап жүрген мәнді тегі болмаған; «да Винчи» «Винчи қалашығынан шыққан» дегенді білдіреді. Оның толық есімі — итал. Leonardo di ser Piero da Vinci, яғни «Леонардо, Винчилік Пиеро мырзаның ұлы».

    Туындылары

    Леонардоның керемет ұлы туындысы және барлық замандардағы ең ғаламат суреттерінің бірі — «Ең соңғы қонақасы»Миландағы Санта-Мария-делле-Грацие шіркеуіндегі бұл сурет бізге жартылай бүлінген күйінде жетті. Бұл суретте Христос барлық сезімдер орталығына айналған, оның ішкі жан-дүниесі, қайғысы мен сабырлылығы — заңды құбылыс. Шығармада көрсетілген драманың терең мәні де осында болар, өйткені мұндағы сатқын, опасыз Иуданың сол бір құпия кештегі келбетінің өзі де үлкен шеберлікпен берілген. Жаугершілік, қиын-қыстау заманда салынған бұл сурет екінші жағынан заман талабынан туған, мәңгі өшпес тақырыпқа арналған патриоттық шығарма болып табылады.

    Дүниені дүр сілкіндірген, бұл күндері Париждегі Лувр музейінің інжу-маржаны болып отырған «Мона Лиза — Джоконда» туындысы ғасырлар бойы көрген адамды таңғалдырып келеді. Леонардо «Джоконданы» салуда ұзақ еңбектенді, қажымай-талмай жетілдіре түсудің нәтижесінде артына баға жетпес асыл мұра қалдырды. Оның көркем мұрасы сан жағынан алғанда онша көп болмаса да, оның бірде-бірін мыңмен айырбастауға болмайды, бәлкім оның қаламының құдіреті де осында болар.



    Леонардоның ең танымал суреті — көне аутомобиль жобасы. Өзін-өзі қозғалтатын арба, энергия шығаратын рөлмен жалғанған, арбалетті механизммен жүретін болған. Артқы дөңгелектері бір-біріне тәуелсіз айналдырыла алған. Рөлмен байланысқан төртінші дөңгелек арқылы арба бұрыла алған. Бастапқыда король ауласының көңіл көтеруіне арналған бұл көлік Қайта Өрлеу дәуірі мен орта ғасыр инженерлер өздігінен жүру көліктер қатарына жатқан.
    Ғалымның кейбір еңбектерін адамзаттың енді ғана сынақтан өткізуге батылдары баруда: мысалы, Леонардо да Винчидың жобасымен норвегиялық Ас қаласынды 2001 жылы 100-метрлік жаяушылар көпірі жасалды. Бұл оқиға — өз уақытын әлдеқайда басып озған шебер архитектуралық жобасының іске асуының 500 жыл ішінде алғашқысы.
    Леонардо да Винчи бұл көпірді түрік сұлтанына арнап жобалаған: көпір Ыстамбұлдағы Алтын Мүйіз шығанағы арқылы өтуі тиіс болғын. Егер бұл жобы сол кезде іске асса онда ол өз заманындағы ең ұзын көпір (ұзындығы 346 м) болар еді. Сұлтан Баязет II Леонардоның бұл жобасынан бас тартқандықтан көпір салынбай қалады. 2002 жылы Британияда ұлы Леонардо да Винчидың тағы бір ойы іске асады: Суррей графтігінде дәл соның сызбасы бойынша жасалған қазіргі дельтаплан бастапқы үлгісі сәтті ұшты.
    Суррей төбелерінде өткен сынақты дельтапланеризмнен екі дүркін әлем чемпионы Джуди Лиден жүргізді. Ол әйелге да Винчи «протодельтапланын» ең биік 10 м көтеріп, 17 секунд ауада ұшқан. Бұл аппараттың істейтіндігіне айқын дәлел болды. Леонардо да Винчи ойынша «егер екі жағы да 12 адам қолындай ұзын, ал биіктігі −12, болатындай тығыз матадан тұратын тент болса, онда адам кез келген кәдімгідей биіктен зақымсыз секіре алады». Бұны өзі сынап үлгермесе де, 2000 жылы британ парашютисті Адриан Николас Оңтүстік Африкада 3 мың метр биіктіктен әуе шарынан Леонардо да Винчи сызбасымен жасалған парашютпен секіреді. Сәтті қонады.

    • Өнертапқыштығы:

    • 2000 жылы британ парашютисті Адриан Николас Оңтүстік Африкада 3 мың метр
      биіктіктен әуе шарынан Леонардо да Винчи сызбасымен жасалған парашютпен секіреді.
      Қазіргі тікұшақтың «атасының» сызбанұсқасын жасағаны да баршаға мәлім.
      Қазылған заттарды көтеру, тасымалдау үшін экскаватор ойлап табады.
      Адамды жүзіп үйретуге керекті маңызды дүние — құтқару дөңгелегі.
      Су өткізбейтін теріден жасалатын сүңгуірлер костюмінің жобасын жасады
      Жүзу қарқынын үдету үшін ғалым өзіндік қолғап ойластырады, бұл біртіндеп бүгінгі
      ластыға айналады.

    Қызықты деректер:

    Леонардо да Винчи көз жұмардың алдында өзінің шәкірттеріне мұқият толтырылған 120 дәптерді мұраға қалдырған екен. Оның ішінде механика мен инженерлік саланы, әскери өнерді жан-жақты зерттеп жазылған дүниелер бар. Бір таңқаларлығы – Леонардо анатомия ғылымына да ден қойып, адам ағзасының ішкі құрылысын да тыңғылықты зеттеген көрінеді. XX ғасырдың орта шенінде суретшінің тарапынан жасалған зерттеулер медицина саласы мамандарының арасында талас-тартыс туғызды. Суретшінің шәкірті Паоло Джиово Винчидің мәйітханаларда өліктерді сойып, адам ағзаларын зерттеумен айналысқандығын нақтылы түрде дәлелдеді. Орыстың атақты ғалымы Павлов Леонардоны өзінің ұстазы санаған. Көркемсурет өнерінің хас шебері ХVI ғасырдың өзінде-ақ адамның ішкі ағза мүшелерінің құрылысын толық зерттеген көрінеді. Павловтың Винчидің теориясын дәлелдегенінен бергі аралықта 400 жылдай уақыт өтті. Алайда оның анатомия іліміне қосқан жаңалығы әлі де күшін жойған жоқ. Бірақ, дүние салардың алдында әйгілі қылқалам шебері анатомияға ден қоямын деп, көркемсуретті ақсатып алғанына үлкен өкініш білдіріпті.

    Қорытынды;

    Леонардо Да Винчи әдетте бірінші және ең алдымен суретші ретінде қарастырылады, бірақ ол Ренессанс кезінде маңызды гуманист, ғалым және натуралист болған. Леонардо жақсы суретші табиғатты жақсы түсіну және сипаттау үшін жақсы ғалым болуы керек деп санайды. Леонардоның өмірі мен шығармашылығының гуманистік, натуралистік және ғылыми аспектілері әрдайым айқын емес, себебі ол өзіндік Ренессанс адам болған: Леонардоның шығармашылығы, ғылыми зерттеулері, технологиялық өнертабысы және гуманистік философиясы бір-бірімен байланысты болды.

    Пайдаланған әдебиеттер тізімі

    Ұлы тұлғалар кітабы

    https://www.google.kz/search?q=леонардо+да+винчи+туралы+жоба+қазақша&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=2ahUKEwjCwK3-z-rsAhVDiYsKHZilCbIQ_AUoAXoECAUQ

    https://yandex.kz/images/search?text=леонардо%20да%20винчи%20туралы%20жоба%20қазақша&from=tabbar


    написать администратору сайта