Әлеуметтану БӨЖ4. Таырыбы оамдаы урбандалу мен кшіон процестеріні зара байланыстарын бліп крсетінііз. Мысалдар келтірііз жне азастандаы спецификасын крсетііз (конспект)
Скачать 19.71 Kb.
|
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті БӨЖ №3 Пәні: Әлеуметтану Тақырыбы: Қоғамдағы урбандалу мен көші-қон процестерінің өзара байланыстарын бөліп көрсетініңіз. Мысалдар келтіріңіз және Қазақстандағы спецификасын көрсетіңіз (конспект) Дайындаған: Арзенов Асқар Тобы: Гео-21-1 Пән оқытушысы: Керимов.Б Ақтау-2021 Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы. "Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны"). Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр Мысалы: Қазір Қазақстанда 87 қала мен 200-ден аса қала типтес елді мекен бар. Республикада 3 миллионер қала бар: Алматы (1 854 556 адам), Нұр-Сұлтан (1 078 362 адам) және Шымкент (1 011 551 адам).Егер ХХ ғасырдың 20-жылдарында қалаларда халықтың 9%-ы ғана тұратын болса, қазір оның үлесі бүкіл қала халқының 57,8%-ын құрайды. Болжам бойынша жақын арада 60%-ға жетеді. Қала халқы Қарағанды (79,5%) және Павлодар сияқты өндірістік (70,7%) облыстарда басым. Бұл аталған аймақтарда қала халқының басым болуы өнеркәсіптің дамуымен тікелей байланысты. Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамының мәдени, саяси және әлеуметтік құрылымы нарықтық түрлену жағдайына байланысты үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер қоғамның барлық саларын қамти отырып, біздің алдымызға көптеген шешуін талап ететін мәселелерді әкелді. Олардың бірі ретінде XXI ғасырдың ерекшеліктерінің бірі ретінде урбанизацияны айтуға болады. Урбанизация үрдісі қандай халықтың болмасын басынан ерте ме, кеш пе өтетін құбылыс. Урбанизация – адамзатты таратып орналасудағы қалалардың рөлі мен ара салмағына байланысты қалалық өмір салтын орнату сипатындағы тарихи процесс болып табылады. Бұл әлеуметтік стратификациялық қоғамда жаңа түрлену, экономикалық таптардың деңгейі анықталуда. Бұл өз кезегінде, Қазақстандағы бірден бір маңызды әлеуметтік теңсіздік параметр ретінде байқала бастады. 2014 жылғы 1 шілдесінде еліміздегі халық саны 17 264,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 508,4 мың немесе 55,1%, ауылдықтар – 7 756,2 мың немесе 44,9% адамды құрап отыр. Осыған орай урбанизация процесі кезінде ауылға немесе қалаға алып келер оң және теріс жақтарын қарастырған жөн. Оң қөзқарас ретінде урбанизация үрдісі экономика дамуына үлесін қосады. Егер ауылдан адамдар келсе қала тұрғындарының саны артады. Ал тұрғындар санының артуы елге түсер қаражаттың өсуіне алып келеді. Ауылдан келген адамдар қаланың көркейуіне үлес қосар болса, онда тек экономика емес қаланың технологиялық, мәдени және саяси әл-ауқатыда өсіп өркендейді. Мысал ретінде америкалық ғалым Адам Аланның айтуы бойынша ауылда тұратын тұрғындардың тез үйреніп алу қабілеті қалалық тұрғындарға қарағанда 3 есе жоғары кетеді. 2004 жылы жүргізілген қала мен ауыл адамдарынан тест алу барысында ауыл тұрғындарының 42,5% қабілетті болып шыққан ал қала тұрғындары 39% құраған. Демек ауылдық адамдар жақсы дамыған, ол айтпаса да белгілі ауылдық жерлерде таза ауа, егін шаруашылығы, керемет табиғат, ауылдың экологиясы қаланың экологиясына қарағанда бірнеше есе таза. Бұл көзқарсымды қорытып кетер болсам әрине білімді адамдар қазіргі таңда өте қажет, әрине егер қала дамитын болса, онда біз ауылдық жерлерді де дамыта аламыз. Теріс көзқарас ретінде урбанизация үрдісінің адам өміріне алып келер кері әсерлерінде айта кеткен жөн. Яғни урбанизация экологияға зиян алып келеді. Урбанизация процесі кең ауқым алған жерлердің экологиялық жүйесі әлсірейді. Қала адамдарының саны артса адам әрекетінен шығатын антропогенді факторларда жылдам өседі. Демек экология ластанса адам денсаулығына алып келер әртүрлі зияны болады. Сонымен қатар жастар субмәдениетінің және қалалық ортаның әсері ауылдық жерде шектеулі болғандықтан ауыл жастары арасында жаға ұрпақтан жаттану, аполистік, агрессивтілік секілді процестердің дамуына кедергі келтіреді. Урбанизация үрдісі негізінен жастар категориясына әсері басқа топтарға қарағанда айтарлықтай, бұл ең алдымен модернизациялық дамуға орай олардың үлкен қалаларға жеке мақсаттарға байланысты (оқу, жұмыс т.б ) қоныс аударумен тығыз байланысты. Елдегі тұрғындар нарықтық қозқалыстарға бейімделе алмауына байланысты және жұмысқа деген бәсекелестік секілді әр түрлі мәселелер орын алып отыр. Бұл мәселелерге сонымен қатар «монетизация» түріндегі әлеуметтік қызметтер; жұмыссыздық және қайыршылық деңгейдің өсуі; өмір сүру жағдайы және халықтық бөлінуі, әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымының нашарлауы, ауылдық тұрғындар қалада жұмыс іздеу тапсырысының өсуі және басқада нарықтық қоғамда жарамсыз әрекеттер қосылды. Сонымен қатар мемлекеттік қаржыдан және қолдаудан айрылған аграрлық сектордың қызметі және инвестиция едәуір төмен болды. Бұл факторлардың барлығы жұмыссыздық деңгейiнің орын алуына және ауылдық тұрғындардың тұрмыс сапасының нашарлауына алып келді. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: Әлеуметтану негіздері. Д.Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері. Ш.Қарабаев https://e-history.kz/kz/seo-materials/show/28972/ https://referatikz.ru/load/aza_sha_referattar/leumettanu_sociologija/leumettanu_ylymyny_damu_tarikhy/6-1-0-36 https://student.zoomru.ru/soc/leumettanudy-negzg-damu-kezeder/198211.1635943.s1.html https://moluch.ru/archive/146/41713/ |