Главная страница

ашык сабак. Ашық сабақ. Таырыбы Ойнап, дамыймыз


Скачать 17.29 Kb.
НазваниеТаырыбы Ойнап, дамыймыз
Анкорашык сабак
Дата13.09.2022
Размер17.29 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАшық сабақ.docx
ТипДокументы
#674262

Ашық сабақ
Тақырыбы: «Ойнап, дамыймыз».
Мақсаты:
- Көңіл – күйді бағалау;
- Психикалық процестерді дамыту;
- Артикуляциялық сергіту жаттығуларын көрсету;
- Ойлау және зейін қоюын дамыту;
- Ұсақ моториканы дамыту
Сабақтың барысы:
1. Көңіл – күй диагностикасы «Градусник».
Мынау балақайлар не? /градусник/. Дұрыс «Градусник». Бұл градусник жәй емес, ерекше. Ол біздің көңіл – күйді бағалайды. Градусниктің ішінде үш бақа отыр. Бірінші бақаның көңіл – күйі өте жақсы, екіншісінікі жақсы, үшіншісінікі орташа. Қанекей көңіл – күйімізді өлшейік.
2. Бүгін бізге сабаққа, бақа келді. Балалар бақаны білесіңдер ме? Бақаның түсі қандай? Ал көзі қандай, көрсетіңдерші? Қайда тұрады? Не жейді?
Кім бақалар туралы тақпақ біледі? «Бақа»
Тақпақ «Бақа»
Бақа, бақа, балпақ
Басың неге жалпақ?
Көзің неге тостақ?
Бұтың неге талтақ?
Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.
Көрінгенге көп қарап,
Көзім содан тостақ.
Су ішінде көп жүзіп,
Бұтым содан талтақ.
Міне бақалар туралы тақпақты айттық. Бүгінгі сабағымыз «Бақалар әлемі» туралы.
3. Эмоциялық тренинг «Бақалар»
Ал енді қазір эмоциялық ойын ойнаймыз. Ол үшін біз бір мезгілге бақа болайық. Қазір сендер күліп жатқан бақаларды көрсетіндер, енді секіріп жатқан бақаларды,ал енді жылап жатқан бақаларды, өлең айтып жатқан бақаларды көрсетіңдер. Бақалар шаршапты, ұйқыға батты. Оянып, беттерін жуыпты. Ал енді бақалар, көбелектерді ұстауға шығайық. Кім қанша, көбелек ұстады, қанеки, санайық.
4. «Көңілді тіл» ертегісі арқылы артикуляциялық және ерін жаттығуларын жасау.
«Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде кішкентай үйшіктің ішінде Тіл өмір сүріпті. (Балалар еріндерін үйшік қылып көрсетеді). Арайлап таң атқанда, ұйқысынан оянып, тіл тұрады. Есігін ашып, көзін уқалап, оңға – солға қарайды. (Сағат) Далаға шығып, таза ауада таңғы жаттығуын жасайды (Алтыбақан). Жаттығудан кейін Тіл таңғы асын ішеді (Тәтті шырын). Астан кейін Тіл атпен шауып ойнайды. Тілдің көңіл- күйі өте көңілді. (Ат шауып келеді). Содан кейін Тіл өлең айтуға кіріседі (-а; -о; -и; -у).»

5. «Әріптер әлемі» жаттығу.
Ал енді әріптерді есімізге алайық. Сіріңкеден әріптерді жасайық. /А,Б,Г,Н,И,Р,К т.ж.б./.
6. Арт-терапия /сүрет салу, мозайканы құрастыру, сүретті бояу, пластилинмен жұмыс жасау/
7. Музыкалық сергіту.
Шаршадыңдар ма, ал енді бәріміз ритмикалық би билейміз.
8. Көңіл – күй диагностикасы «Градусник».
9. Рефлексия сабағы.
/Көрнекіліктер: градусник, «бақалар» эмблемалар, көбелектер, сіріңке, әндер, сабақтың жоспары/.


написать администратору сайта